Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
учебник Криминалистика.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
697.85 Кб
Скачать

§2. Сот баллистика объектілерінің сипаттамасы

I. Атылатын қару-жарақ құралы төмендегідей әртүрлі негіздер бойынша топтастырылады:

1.Атыс-қарулары қолдануына байланысты:

Жауынгерлік – нақты күшпен соғыс техникасын жою үшін пайдаланатын қару жарақ; Оқулық – қару-жарақтың құрылысын білу үшін және ешқандай ату әрекеттерін жүргізбестен, қалай ату қажеттігін оқып үйренуге арналған; Спорттық – арнайы жарыс спорттарында қолданылатын ату құралы; Аңшылық – аң-құс аулау үшін қолданылатын кәсіптік және әуестік қару-жарақ құралдары.

2.Ату кезінде қаруды ұстау мен басқару әдісі бойынша:

-тапанша; -револьвер; -винтовка; -карабин; -автомат; -тапанша-пулемет; -мылтық.

3.Автоматтану дәрежесі бойынша:

-автоматтандырылмаған; -жартылай автоматтандырылған; -автоматтандырылған.

4.Оқты ату сипаты бойынша:

-бірақ рет атылатын қару құралы; -аралас – АКМ (Калашниковтың модерленілген автоматы), ППС (Стечкиннің тапанша-пулеметі), АВС (Симоновтың автоматты винтовкасы) қару-жарағы; -үзіліссіз – РПД (Дягтеревтің қол пулеметі) атылатын қару-жарақ; -оқтың үзіліссіз атылуын автоматты түрде шектейтін (автоматты үзіліспен атылатын) қару-жарақ.

5.Оқпан саны бойынша және ұзындығына байланысты:

-жалғыз оқпанды; -қос оқпанды; -көп оқпанды;

-ұзын оқпанды (мылтық, карабин, винтовка); -орташа (автоматтар); -қысқа оқпанды (тапанша, револьверлер);

6.Калибрі бойынша:

-иір оқпанды: кіші калибрі (6,5мм-ге дейін); орта калибрі (6,5мм-ден 9мм-ге дейін); ірі калибрі (9мм-ден жоғары); -тегіс оқпанды-12, 16, 20, 24, 28, 32 аңшы мылтығы.

7.Оқпанның шкі құрылысының құрастырылу ерекшелігі бойынша:

-иір оқпанды винтовкада иірілудің болуы; -тегіс оқпанды.

8.Дайындау тәсіліне байланысты:

-өндірістік (зауыттық, фирмалық және т.б.); -қолдан жасалған: толығымен жасалған; зауыттан шыққан қарулардың бөлшегін қолдана отырып құрастырылып жасалған; зауыттан шыққан қаруды өзгертіп жасаған немесе арнайы құралдар мен жабдықтарды өзгерте отырып жасалынған (құрылыс-монтажды тапаншалар, газ тапаншалары); -атиптік (қалыптан тыс).

Әртүрлі үлгідегі қару-жарақтың түрін ажырату үшін оның жүйесі, құрылымы және моделі қолданылады.

Атыс құралының жүйесі – атыс құралының жеке құрылысы, ол көбінде конструктордың аты-жөнімен немесе кәсіп орынның атымен байланысты болады. Моделі – өндірістік кәсіпорын өнімдері конструкцияның нақты өзгеруіне байланысты ерекшеленеді. Кейбір түрлері 19-20 суреттерде көрсетілген.

Атыс қаруларынан снарядтар мен гильзаларда әртүрлі іздер қалады. Оқтағы іздер қаруды оқтау мен ату нәтижесінде пайда болады. Оқтау кезінде пайда болған іздердің идентификациялық маңызы болмағандықтан, олар жарамсыз болып табылады. Ату кезінде оқпанның ішіндегі оқтың ойық жиектерімен байланысқа түсуі арқылы оның сыртқы қабатында шұңқыр-сызық іздер пайда болады. Осы іздерді қолдана отырып идентификация жүргізіледі.

Тегіс оқпанды қарулардың бытыраларында (картечьтерінде) көбінде елеусіз іздер қалады, сондықтан да қару идентификациялауға жатпайды. Қару жүйесінің барлық түрлерінен ату кезінде гильзаларда іздер қалады. Ал автоматты және жартылай автоматты қарулардан ату кезінде гильзаларды лақтырудан іздер қалады.

Оқтау кезінде гильза түбінің жоғарғы жағында магазин аузынан шығудың сызықты іздері және гильза корпусында патронник жиегінің іздері қалады. Ал ату кезінде соққыш пен патронник құрылысынан гильзаның капсюлі мен түбінде шұңқырланған іздер қалады. Гильзаны лақтыру кезінде қарудың қайтарғыш (отражатель) пен лақтырғыш бөліктерінен гильзаның корпусында, қалпағында, шеңберлі ойығында шұңқырланған және сызықты іздер қалады. Осы гильзамен оқтағы іздер жекеленген және тұрақты болғандықтан, олар идентификация үшін маңызды.

Криминалистикалық тәжірибеде зауытта өндірілгенмен қатар, қолөнерлік және қолдан жасалған атыс қаруларының әртүрлі түрлері кездеседі. Мысалы, сыртқы көрінісі жағынан атыс қаруына ұқсағанымен де, олар атыс қаруына жатпайды. Сондай-ақ, керісінше, сыртқы көрінісі басқа заттар мен бұйымдар сияқты болса да олар атыс қаруы тобына жатады (автоқалам, қолшатыр және т.б.).

Осындай заттарды атыс қаруына жатқызудың криминалистикалық белгілері (критерийлері) әскери-техникалық критерийлерден ерекшеленеді. Жалпы белгісі – белгілі бір мақсатта қолдануға арналуымен қатар, атыс қаруына жатқызу үшін арнайы белгілері де болуы керек. Олар: снарядтың лақтырылуы үшін жарылғыш заттар газының энергиясын қолдану; снарядтың қозғалысын бағыттайтын оқпанның болуы; оқ-дәрінің (зарядтың) от алуы үшін арнайы құрылғының болуы; конструкцияның жеткілікті беріктілігі және қауіпсіздігі; снарядтың жеткілікті әсерінің болуы.

Затты ату құралы қатарына жатқызу үшін соңғы белгісі сандық мағынаға ие болу керек. Криминалистикада осы белгілерді бағалау критерийлері әскери-техникалық талаптарға қарағанда көрсеткіштері минимальды болады. Қару-жарақтың конструкциясы атыстың бірнеше рет болуын қамтамасыз етуі керек. Снарядтың зақымдау әсерін (қирату күшін) бағалаудың ғылыми критериі 0,05 кгм/мм 2 тең минимальды меншікті кинетикалық энергия болып табылады. Бұл көрсеткіш әртүрлі калибрлі снарядтардың 1,1 – 3,0 кгс.м бастапқы кинетикалық энергиясына сәйкес келеді (қирату күшінің әскери-техникалық критерийі 8 кгс.м құрайды).

II. Барлық оқ-дәрі жабдықтарын келесідей топтарға бөліп көрсетуге болады:

Сот баллистикалық зерттеудің келесі объектілеріне оқ-дәрі жабдықтары жатады. Оқ-дәрі жабдықтары бірнеше құрама бөліктерден тұратын күрделі түсінікті көрсетеді. Оқ-дәрі жабдықтары ұғымы патрон ұғымына тепе-тең.

Қолданылатын оқ-дәрі жабдықтарының мынандай түрлерін көрсетуге болады: әскери, аңшылық, спорттық, оқытуға арналған.

Патрон – деп әдетте, гильза арқылы бір бүтінді құрайтын оқты (бытыра, картечь), порохты, капсюльді айтамыз.

Патрон жабдықтарының қалған барлық элементтерін гильза құрайтын (біріктіретін) болғандықтан мұндай патрондар унитарлы деп аталады;

Патрондарды төмендегідей бірқатар топқа бөлуге болады:

1. конструкциясы бойынша: -унитарлы – барлық элементтері гильза арқылы біріктелінген; -унитарлы емес – оқ гильзаға орнықтырылмайды, оқпан ұңғысына орналастырылады; -гильзасыз патрондар – автоматтандырылған әскери қару-жарақ үлгілерінде ғана болады – винтовка С 11 (ФРГ);

2. қолданатын қару-жарақ оқпан ұңғысының сипатына байланысты: -иір оқпанды; -тегіс оқпанды; -аралас оқпанды болып бөлінеді.

3. қару-жарақты қолдану орны (мақсаты) бойынша: -жауынгерлік; -спорттық; -аңшылық қару-жарақ, (аң аулау мақсатында қолданылады);

4. қолданылатын қарудың түрі бойынша: -тапаншалық; -револьверлік; -аралас; -винтовкалық; -мылтыққа арналған.

5. дайындап шығару әдісі бойынша: -зауыттық; -қолдан жасалған; -қайтадан жасалған.

6. қолданылған қару жарақтың сипатына байланысты: -штаттық; -патронды алмастырушы;

7. калибрі бойынша: -кіші калибрлі (6,5 мм дейін); -орташа калибрлі (6,5мм-ден 9мм-ге дейін); -ірі калибрлі ( 9мм ден жоғары).

Элементтердің саны бойынша патрондар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ – гильзадан, капсюльден, порохтан және оқтан тұрады. Екінші топқа – гильзаны, капсюльді, порохты, тығын және бытыра немесе картечь немесе оқты жатқызамыз.

Аталған компоненттерді жеке-жеке қарастырып өтейік.

Порох – түтінді (қара), аз түтінді (механикалық араласқан түтінді және түтінсіз), түтінсіз болып келеді. Түтінсіз порохтар кең тараған, олар пішіні мен түсі бойынша ерекшеленеді.

Капсюль – оқ-дәрінің тұтандырғышы.

Снаряд – дегеніміз оқ-дәрі (патронның) лақтырғыш элементі, оған: бытыра немесе картечь, оқтар жатады. Бытыра мен картечь зауытта немесе қолдан жасалуы мүмкін. Өндірісте бытыраның үш тобы (ОМ, ОТ, СТ) және аңшылық картечь (КО) кең түрде шығарылады. Бытыра диаметрі өлшеміне байланысты (1,5-тен 5,0 мм-ге дейін) нөмір бойынша ерекшеленеді (11-ден 1-ге дейін). Картечьтің нөмері болмайды, ол тек қана диаметрі арқылы ерекшеленеді (5,25-тен 10,00 мм-ге дейін) бытыра мен картечь зауытта қорғасыннан жасалады. Зауытта жасалған бытыра шар тәрізді болып келеді, оның беті тегіс және жылтырап тұруы мүмкін. Қолдан жасалған бытыра немесе картечь – қорғасыннан, шегеден, темірден және басқа да қолда бар материалдардан жасалынуы мүмкін. Қолдан жасалған бытыра мен картечь форма жағынан әртүрлі болып келеді.

Оқтар келесідей түрде бөлініп топтастырылады: калибрі бойынша (кіші, орташа, ірі); құрылысы бойынша (қабықты, қабықсыз, жартылай қабықты); басқа бөлігінің формасы бойынша (үшкір қырлы, дөңгеленген, доғал, басы үшкір емес, бас бөлігі тегіс ұшты). Сонымен қатар, сауыт бұзар (бронебойная), сауыт бұзар-өртегіш, өртегіш (зажигательный), жарылғыш түріне (разрывной) топтастырылады.

Әдеттегі оқтар – олардың болаттан жасалған өзегі (сердечник) болады, бұл өзекті қорғасын жабылғысы қаптан тұрады, ал қорғасын жабылғысы болатпен қапталады.

Тығын – қолдан немесе зауытта жасалынуы мүмкін.

Зауыттан шығарылатын тығындар киізден жасалынады. Кейінгі кездерде патронға тығынның орнына ішіне бытыра немесе картечь салынған полиэтилендік контейнерлер қолданылады. Ал қолдан жасалған тығындар қолға түскен кез-келген материалдардан, атап айтқанда: картоннан, қағаздан, матадан, киізден және т.б. жасалады.

Гильзалар – аңшы мылтығына арналған гильзалар: металдан, картоннан немесе қағаздан, пластмассадан жасалған гильзалардың төменгі жағы міндетті түрде металмен қапталады. Бұл гильзалардың формасы цилиндрлі болып келеді. Автоматтандырылған немесе жартылай автоматтандырылған қарулардың гильзалары тек қана металдан жасалады, ол пішіні жағынан: цилиндрлі, шөлмекті, конусты болады.

Гильза құрылысының негізгі бөлшектері – қалыптан (корпус), түпкі қалпақшадан (донышка гильзы), қалпақшаның жиегінен (фланец), капсюль ұяшығынан (түпкі қалпақшаның ортасындағы) тұрады.

Гильзалардың түпкі қалпақшаларында – шығарылған зауыттың белгісі, калибрі, шығарған жылы және т.б. белгілер көрсетілуі мүмкін.

III. Сот-баллистикалық зерттеу объектілерінің біріне бөгеттен қалған ату іздерін де жатқызып, оларды екі топқа бөліп жіктеуге болады:

-атудан қалған негізгі іздер;

-атудан қалған қосымша іздер.

Атудың негізгі іздеріне – снарядтан (оқтан, бытырадан, картечьтен) пайда болған зақымдар жатады. Снарядтың энергиясына, бөгеттің қаттылығына және қалыңдығына, олардың кездесу бұрышына байланысты зақымдар өтетін және өтпейтін болып бөлінеді.

Өтетін зақымдар снарядтың бөгеттен өту нәтижесінен пайда болады. Олар тесіп өтетін және өтпейтін “соқыр” болып келеді. Өтпейтін зақымдар снаряд бөгетке енбеген жағдайларда пайда болады. Оларға үлкен емес шұқырлар, жанама зақымдар (снаряд объектінің тек шетін немесе беткі қабатымен өтеді), тайып кету іздері (рикошет) (снарядтың бөгет бетімен жанасып ұшу бағытын өзгертуі). Рикошеттің бөгет бетіндегі ізі тырналып (бороздка түрінде) ең жіңішке және ұзын жағы оқтың ұшып шығу жағына қарай бағытталады.

Атудың қосымша іздеріне – атумен қатар жүретін құбылыстың әрекеттері нәтижесінде пайда болатын іздер. Жақын арақашықтықтан ату кезінде пайда болатын қосымша іздер жақыннан ату іздері деп аталады. Қосымша іздердің пайда болуында порохтық газдардың, оқпан ауызының жалынының, порохтың өртенбеген түйірлері, капсюльдік құрамның ыдыраған бөлшектерінің, майлау бөлшектерінің және басқа да заттардың атқаратын рөлі үлкен. Атумен қатар жүретін құбылыстардың нәтижесінде келесідей іздер пайда болады:

 түйісу белбеуі (поясок обтирания) – оқтың кіретін жері жиектерінің ластануы, ол күйеден, металл бөлшектерінен, майдан тұрады. Түйісу белбеуі ату арақашықтығына байланыссыз пайда болады. Шыны, керамика, кафель, пластмасса және басқа да үгілетін бөгеттерде түйісу белбеуі байқалынбайды, өйткені мұндай бөгет бөлшектері оқпен түйісу кезінде бұзылып ұшады, оны жұмсақ заттар, маталардың бетінен көре аламыз.

 майлану қыртыстары (шөгінділер): оқпанның майлауымен байланысты, онда тапаншадан майлар 150 см-ге дейін ұшады. Бірінші атыстан кейін майдың болмауы да мүмкін;

 күйе қыртыстары (шөгіндері) кіретін саңылаудың жан-жағында орналасып, жақыннан ату нәтижесінде пайда болады. Мысалы: «Макаров» тапаншаларының жүйесінде 40 см-ге дейін). Егерде бөгет 0,5-тен 5 см-ге дейін арақашықтықтағы бірнеше қабаттардан тұрса, ату қашықтығы 1000 м болса да күйенің екінші қабатта пайда болуын көре аламыз. Бірінші қабатта күйе іздері болмайды;

 бөгетте порох түйірлерінің қыртыстануы мен енуі. Бұл белгі жақыннан ату нәтижесінде пайда болады;

 күйіп қалу – бұл жылулық жағынан жалынның бөгетке әсер етуі. Ол өте жақыннан және нысанаға тақап атудан пайда болады;

 бөгеттің ішін-ара қирауы порохтық газдардың әсерінен болады және нысанаға тақап және өте жақыннан атудан байқалады;

 қару-жарақ бөлшектерінің іздері. Адамға тақап атудан денесінде, маталарда оқпан ұңғысының іздері пайда болады – штанцмарка.

Атқан кезде пайда болған зақымданудың формасы, өлшемі және солардың кіру және шығу іздерінің және де каналдардың ерекшеліктері зерттеледі.

Кіру саңылауы сыртқы келбеті жағынан домалақ, оқтың бойлық кескініне дейін болады. Бірақ көбінесе бұл зақым домалақ, ал жиектері оқтың қозғалу бағытына қарай шеңберленіп келеді.

Оқ бөгетпен соғылу нәтижесінде бөгеттің бөлшектерін ұшырып түсіреді, «минус материал» атты құбылыс пайда болады. Егер бөгет осал болса радиалды және концентрлік сызықтарды байқауға болады.

Кіру саңылауының бірден-бір белгісі болып жан-жағында күңгірт түсті жиектің - түйісу белбеуі болып табылады.

Шығу саңылауы әдетте қисық пішінді болып кіру саңылауынан бірнеше есе үлкенірек болады. Оның шеттері оқтың ұшу бағытымен бағытталады. Саңылаудың жанында бөгет болуы мүмкін. Ату жарақатының каналы барлық жерінде бір диаметрлі немесе шығу саңылауына қарай бара-бара үлкеуі мүмкін.

Бөгеттегі талшықты материалдардың талшықтары снарядтың қозғалысына қарай бағытталады.

Ату жарақаты құрғақ ағашта әдетте домалақ пішінді, ал дымқыл ағашта – сопақша немесе саңылау тәрізді болып келеді. Дымқыл ағаштағы саңылау оқтан гөрі кішірек болып келеді. Шығу саңылауы әдетте дұрыс емес пішінді болып, талшықтары оқтың қозғалысына қарай бағытталады және де бұл ағаштың жаңқалары да байқалады.

Шыныда болатын ату жарақатының пішіні оқ калибрінің диаметрінен үлкенірек болады. Қозғалыс барысында шыны үгітіліп сынықтарға айналады. Егер атыс жақыннан болса, онда шыны порохтық газдың күшімен ұшырылып кетеді. Оқ өткен шыныда иреленген радиалды және концентрлік саңылаулар байқалады. Баяу жылдамдықтағы снарядтан пайда болған саңылау снаряд диаметрінен кішірек, ал радиалды саңылаулар тік сызықты болады.

Трикотажды материалдардағы зақымдар әдетте домалақ пішінді болады, ал басқа материалдарда жіпшелер негізі мен арқауы тік бұрышта қиылысса, саңылау төртбұрышты болады. Матаның шыныдан айырмашылығы, матада түйісу белбеуі байқалынады және жіпшелері оқтың қозғалыс бағыты бойында орналасады. Егер мата оқпен емес шегемен тесілсе, онда «минус материал» құбылысы болмайды.

Оқ арқылы тесілген металдың жиектерін тегістеу кезінде «минус материал» құбылысы көрінеді. Жиектері оқтың қозғалыс бағытына қарай бүгіледі, ал саңылау оқтың өлшеміне қарай сәйкес келеді.