- •Криминалистиканың пәндік сипаттамасы және әдістемелік негізі
- •§1. Криминалистиканың пәндік сипаттамасы
- •§ 2. Криминалистиканың жүйесі
- •§ 3. Криминалистиканың әдістері
- •Криминалистикалық идентификация және диагностика
- •§ 1. Криминалистикалық идентификацияның түсінігі
- •§2. Криминалистикалық идентификация объектілерінің ұғымы (түсінігі) Идентификациялық белгілер және оның классификациясы (топтастырылуы)
- •§3. Идентификация қорытындыларын процеске қатысушылардың бағалауы
- •§4. Диагностика криминалистиканың ілімi ретінде
- •Қазақстанда криминалистика ғылымының дамуы
- •§ 1.Криминалистикалық техниканың пәні және түсінігі
- •§2. Тергеуші мен криминалист-маманның қолданатын ғылыми-техникалық құралдары
- •§3. Сарапшылардың қолданатын ғылыми-техникалық құралдары
- •§1. Криминалистік-фотография, бейне - және дыбыс жазбаларының түсінігі, маңызы және жүйесі
- •§3. Тергеу әрекетін жүргізу барысында фотографияны қолданудың
- •§ 5. Бейне- және дыбысжазбаларын криминалистикада қолдану
- •§6.Криминалистикалық фото-, бейне- және дыбысжазбаларын
- •§1. Трасологияның түсінігі, ғылыми негіздері, жүйесі
- •§2. Адамның трасологиялық іздері
- •§3. Бұзу құралдарының іздері.
- •§4. Құлыптар мен бекітетін құрылғыларды зерттеу
- •§5. Көлік құралдарының іздері
- •§6. Бүтінді бөлшек бойынша идентификациялау
- •§2. Сот баллистика объектілерінің сипаттамасы
- •§3. Объектілерді табу және қарау
- •§1. Құжаттар криминалистикалық зерттеудің объектісі ретінде.
- •§2. Криминалистикалық қолжазбатану түсінігі, объектісі, ғылыми негіздері
- •§3. Қолжазба белгілерінің түсінігі
- •§4. Қолжазба үлгілерінің түсінігі
- •§5. Криминалистикалық автортанудың түсінігі, міндеттері және ғылыми негіздері
- •§6. Үлгілердің түсінігі
- •§1. Құжаттарды техника-криминалистикалық зерттеудің түсінігі және оның міндеттері мен түрлері
- •§ 2. Құжаттардың бастапқы мазмұнын өзгерту мен оларды қалпына келтірудің әдіс-тәсілдері
- •§3. Құжаттардың бастапқы мәтінін қалпына келтіру
- •§4. Техникалық жалған қол қоюды зерттеу
- •§6. Мөр және мөртаңбаларын зерттеу
- •§6. Баспа әдіспен жазылған құжаттарды зерттеу
- •§7. Баспаханалық өнімдерін зерттеу
- •§8. Құжат материалдарын зерттеу
- •§1. Заттар мен материалдарды криминалистикалық зертеудің түсінігі және оның міндеттері
- •§ 2. Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде заттар мен материалдарды табу, бекіту және алу
- •§ 4. Топырақтану
- •§ 5. Талшық заттарды зерттеу
- •Криминалистикалық габитоскопия
- •§1. Криминалистикалық габитоскопияның түсінігі және оның ғылыми негіздері
- •§2. Адамның сыртқы бейнесі элементтерінің жүйесі
- •§3. «Ауызша суреттеудің» әдістемесі, міндеттері және әдістері.
- •§4. Тергеу мен жедел-іздестіру тәжірибесінде «ауызша суреттеу» әдістемесін қолдану
- •§5. Адамды сыртқы бейне белгілері бойынша идентификациялау
- •Криминалистикалық тіркеу
- •§ 1. Криминалистикалық тіркеудің түсінігі, мазмұны және оның құқықтық негіздері
- •§ 2.Криминалистикалық тіркеудің түрлері
- •§ 3. Криминалистикалық тіркеудің объектілері мен мақсаттары
- •§4. Қылмыс болған жерден қашып кеткен айыпкерлерді, ұсталған және сотталған тұлғаларды, белгісіз қылмыскерлерді тіркеу
- •§5. Хабар-ошарсыз жоғалып кеткен адамдар және жеке басы анықталынбаған мәйіттерді тіркеу.
- •§6. Ұрланған, жоғалған, алынған, өз еркімен тапсырылған иір оқпанды атыс қаруларын, сонымен қатар ашылмаған қылмыстар жасалынған жерден табылған оқтарды, гильзаларды және патрондарды тіркеу.
- •§7. Ұрланған, табылған және алынған заттарды тіркеу.
- •Криминалистикалық тактика
- •Қарау тактикасы
- •§1. Тергеу қарауы, түсінігі, мәні, түрлері
- •§2. Оқиға болған жерді қараудың түсінігі, маңызы және міндеттері
- •§3. Оқиға болған жерді қарау алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары
- •§4. Оқиға болған жерді қарау кезеңдері және тәсілдері
- •§5. Куәландыру
- •Тергеу экспериментінің тактикасы
- •§1. Тергеу экспериментінің түсінігі, оның түрлері және міндеттері
- •§2. Тергеу экспериментіне дайындық жұмыстары
- •§3. Тергеу экспериментін жүргізгенде қолданылатын тактикалық тәсілдер
- •§4. Тергеу экспериментінің барысы және оның қорытындысын бекіту, нәтижелерін тексеріп, сынау
- •Тінту тактикасы
- •§1.Тінтудің криминалистикалық түсінігі, оның түрлері және міндеттері
- •§2. Тінту алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары
- •§3. Тінтудің тактикалық әдістері және оның қорытындысын бекіту
- •Жауап алу тактикасы
- •§1. Жауап алу, оның түсінігі мен міндеттері.
- •§2. Жауап алу алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары
- •§3. Жауаптың қалыптасу кезеңдері
- •§4. Жауап алғанда қолданылатын тактикалық әдістер
- •§5. Беттестіру тактикасы
- •Тану үшін көрсету тактикасы
- •§1. Тану үшін көрсетудің түсінігі, міндеттері және түрлері
- •§2. Объектілерді тану үшін көрсетер алдында жүргізілетін дайындық жүмыстары
- •§3. Адамдарды тану үшін көрсетудің процесуалдық тәртібі және тактикалық ерекшеліктері
- •§4. Мәйіттің жеке басын анықтау
- •§5. Жеке заттарды, бұйымдарды және басқа да объектілерді тану үшін көрсету ерекшеліктері
- •§6. Тұрғын-үй, бөлмені не жер учаскесін тану үшін көрсету ерекшеліктері
- •§7. Малды тану үшін көрсету ерекшеліктері
- •§8.Фотобейнелерді тану үшін көрсету ерекшеліктері
- •§9. Тану үшін көрсетудің нәтижелерін бекіту
- •Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау тактикасы
- •§1. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың түсінігі
- •§2. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың кезеңдері мен тәсілдері
- •VIII-тарау. Ұстау тактикасы
- •§1. Ұстау түсінігі және оның негіздері
- •§2. Ұстауға әзірлік
- •§3. Ұстаудың тактикалық әдістері
- •Сот сараптамасын тағайындау және жүргізу тактикасы
- •§1. Тергеу үстінде арнайы білім қолданудың түсінігі және оның түрлері
- •§2. Сот сараптамасының түрлері
- •§3. Сот сараптамалық мекемелер
- •§4. Сот сараптамасын тағайындау
- •§5. Сот сараптама жүргізу әдістемелері
- •§6. Сот сараптамасын бағалау және дәлелдеме есебінде пайдалану ерекшеліктері
- •Iy бөлім. Қылмыстың жекеленген түрлерін тергеу әдістемесі
- •Êриминалистикалық әдістеменің жалпы ережелері
- •§1 Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің ұғымы мен міндеттері.
- •§ 2. Қылмыстардың жеке түрлерін және топтарын тергеу әдістемесінің пәні мен қағидалары
- •§ 3. Криминалистикалық әдістеменің құрылымы мен негізгі ұғымдары
- •Қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы
- •§1 Криминалистикалық сипаттаманың түсінігі және оның тарихи аспектілері
- •§2. Криминалистикалық сипаттаманың элементтері
- •Қылмыскердің тұлғасы
- •Қылмыстың жәбірленушісі
- •Қылмыс жасау тәсілі
- •Қылмыс жасау механизмі
- •Бастапқы тергеу ситуациясы
- •Қылмыс жасау жағдайы
- •Қылмыстық қол сұғушылықтың заты
- •Қылмыстың материалдық іздері
- •Қылмыстың ниеті және мақсаты
- •10. Қылмыстың салдары
- •Қылмыс жасауға итермелейтін себептер мен жағдайлар
- •Қылмыс мән-жайлары бойынша көрсетпелерді қалыптастыруға әсер ететін факторлар
- •Қылмыс іздерін жасыруға бағытталуы мүмкін әрекеттер
- •Тергеу болжауы және тергеуді жоспарлау
- •§1. Тергеу болжауының және тергеу жоспарының түсінігі, олардың өзара байланысы
- •§2. Тергеу жоспарының негізгі қағидалары, элементтері және жоспар жасау техникасы
- •§3. Тергеушінің жедел-іздестіру, анықтама және басқа да органдармен байланысы
- •Адам өлтіру және дене жарақатын салу қылмыстарын тергеу әдістемесі
- •§1. Адам өлтіру қылмысын тергеу әдістемесінің теориялық алғышарты
- •§2. Адам өлтіру қылмысының криминалистикалық сипаттамасы.
- •§3. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулары және жоспары
- •§4 Күш қолдану белгілері бар мәйіт табылған жағдайларда жүргізілетін алғашқы тергеу әрекеттері
- •§5. Келесі тергеу кезеңдерінің міндеттері (мақсаты)
- •Ұрлық қылмыстарын тергеу әдістемсі
- •§1. Ұрлықтың криминалистикалық сипаттамасы
- •§2. Типтік ситуациялар, болжаулар және тергеудің алғашқы кезеңі
- •§3. Ұрлық істері бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •Тонау және қарақшылық жолымен жаса лған мүлікті талан-таражға салуды тергеу әдістемесі
- •§1. Тонау және қарақшылық шабуылдарының криминалистикалық сипаттамасы
- •§2. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулар және тергеуді жоспарлау
- •§3. Тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •Алаяқтық қылмысын тергеу әдістемесі
- •§1. Алаяқтық қылмысының криминалистикалық сипаттамасы.
- •§2.Алғашқы тергеу кезіндегі типтік ситуациялар және тергеу болжауы мен жоспары.
- •§3. Алғашқы тергеу әрекеттерінің тактикасы.
- •§4. Кейінгі тергеу әрекеттері
- •VIII-тарау. Қорқытып алушылық қылмыстарын тергеу әдістемесі
- •§1. Қорқытып алушылық қылмыстарын тергеу.
- •§2. Типтік ситуациялар, тергеу болжауы және алғашқы кезеңі.
- •§3. Кейінгі жүргізілетін тергеу әрекеттері.
- •Көліктегі қылмыстарды тергеу әдістемесі
- •§1. Көліктегі қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы
- •§2. Типтік ситуациялар мен болжаулар және тергеудің алғашқы қезеңі
- •§3. Тергеу әрекетінің тактикасы
- •Өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін қылмыстық бұзуды тергеудің әдістемесі
- •§ 1. Өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін қылмыстық бұзудың криминалистикалық сипаттамасы
- •§ 2. Тергеудің типтік ситуациялары, болжау және жоспарлау
- •§ 3. Тергеу әрекеттерінің тактикасы
§6. Бүтінді бөлшек бойынша идентификациялау
Оқиға болған жерде қалған заттардың іздерінің әртүрлі болуына байланысты бүтінді оның бөлшегі бойынша зерттеу механоскопиялық идентификациялау арқылы анықталады.
Бүтін объект ретінде жеке заттар қарастырылады. Мысалы: куртка матасының бөлігі одан ажыратыла отырып жыртылған. Заттарды ортақ пайдаланудан қалған іздері бар заттардың жиынтығы да бүтінді бөлшек бойынша анықтаудың объектісіне жатады; сондай-ақ бір агрегаттың жартысы (бөлігі де) да объект болып табылуы (мысалы: құралының деталі одан бөлініп оқиға болған жерде қалып қойуы) мүмкін.
Бұл объектілерді қарау және сараптық зерттеулер арқылы келесідей жағдайларда: өзара байланысатын бөлшектің бір бүтінге жататындығы туралы мән-жайларды; олардың бөлшекке бөлінуінің себебін (тәсілін); заттардың топтық тиістілігін анықтауға болады. Мұндай зерттеу нәтижелері – қылмысты ашу мен тергеуге маңызды өзара байланысатын мән-жайларды анықтауға мүмкіндік береді.
Тергеуші оқиға болған жерден табылған және алынған заттардың бөлшектеріне аса көңіл бөле отырып, олар (бөліктері, детальдары, сынықтары) қандай заттың бөлшектері болуы мүмкін екендігі жөнінде болжамдар жасаулары тиіс. Бұл мәселелерді шешу үшін тергеуші оқиғаның механизмін толық, әрі жан-жақты талдауы қажет. Соның нәтижесінде тергеуші әртүрлі заттардың өзіндік топтық қасиеттерін анықтап алып, ары қарай іздестіру жұмыстарын жүргізу керек. Іздестіру процесінде бөлшектерді, сынықтарды, ұсақ үгінділерді табу мен алу үшін қажетті техникалық құрал-жабдықтар қолдануы тиіс. Бұзу құралдарынан бөлініп қалған металл үгінділерін табу мен алу үшін магнит қолданған жөн. Ал арнайы прототипті шаңсорғышты пайдалана отырып, әртүрлі тор-фильтрлері арқылы көлік құралдарынан бөлініп қалған бояу бөліктерін, үгінділерін жинап алуға болады.
Табылған заттардың топтық қасиеттерін анықтау негізінде олардың жалпы белгілерін зерттеу – табылған бөлшектерді қараудың негізгі мәселесі болып табылады. Мысалы: жол-көлік оқиғасы болған жерден табылған деталь қандай көлік деталіне жатады. Мұндай жағдайларды анықтау кезінде іздестіру жұмыстарын жеңілдету үшін қарастыратын топ құрамын мүмкіндігінше азайтқан жөн. Қараудың бұл кезеңінде мамандармен (товароведтер, инженер-технолог, көлік инженерлері мен т.б.) кеңесу қажет.
Оқиға болған жерден табылған бүтіннің бөлшектері (оның формасы, өлшемі, заттардың сыртқы белгілері мен олардың жасалған материалдары т.б.) масштабты фототүсірілім тәртібі қолданыла отырып фотосуретке түсіріледі. Әсіресе заттардың ұсақ бөлшектері (фардың сынықтары, автокөлік бояуының бөлшектері) өте көп мөлшерде табылған және оны оқиға болған жерде сипаттап суреттеуге немесе бейнелеуге мүмкіндік болмаған жағдайларда, оны міндетті түрде фотосуретке түсіру керек. Табылған бөлшектердің шеткі жақтары (жиектері) сынып қалмас үшін оған ерекше көңіл бөле отырып, аса сақтықпен буып-түйіледі. Бұл кейіннен табылған бөлшектердің жиектері арқылы салыстырып сәйкестендіру үшін өте қажет.
Сараптамаға әртүрлі жерлерден табылған заттардың бөлшектері немесе заттар және олардан бөлініп қалған бөлшектер жіберіледі. Трасологиямен төмендегідей сұрақтар шешіледі:
екі (немесе бірнеше) объект бір бүтін затты құрайды ма?
ұсынылып отырған объект (деталь, бөлшек) нақты бір механизмге (агрегатқа және т.б.) жатады ма?
ұсынылып отырған заттар белгілі бір комплектіні құрайды ма?
бұл заттар бір жерде (бір қорапта) бірге сақталды ма, жоқ па?
Бүтінді бөлшек бойынша анықтау кезінде жүргізілетін трасологиялық зерттеулер материалтанушылық: объект жасалған заттардың, лакпен боялған қабаттардың құрамын зерттеумен; объектінің физикалық қасиетін: бейнелеу, электроөткізгіштік қасиеттерін, беріктілігін, құрылысын зерттеумен және т.б. зертеулерімен толықтырылады.
4-ТАРАУ
КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ (СОТ) БАЛЛИСТИКА
§1. Сот-баллистикасының түсінігі мен мақсаты
Сот баллистикасы криминалистикалық техника бөлімінің біріне жатады.
Баллистика (гр. сөз. «balle» – «лақтырамын») – оқ және бытыраның қозғалысы мен жылдамдығын зерттейтін ғылым. Баллистика сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді. Ішкі баллистика қару оқпанындағы оқтың қозғалысы. Сыртқы баллистика кеңістіктегі оқтың қозғалысы.
Сот баллистикасының теориялық және әдістемелік мәселелері В.Х. Черваков, С.Д. Кустанович, Ю.М. Кубицков, Б.Н. Ермоленко, А.П. Вакуловский, В.С. Аханов, Ю.Г. Корухов, Б.И. Шевченко, Л.Н. Мороз, Г.А. Мозговых, А.А. Исаев және т.б. ғалымдардың бірқатар еңбектерінде қарастырылған.
Көптеген авторлар сот баллистикасын зерттеу объектісі бойынша қарастырған.
В.Ф. Черваков сот баллистикасын қылмыстық-техниканың көлемді бөлімі ретінде қарастыра отырып, атыс қару-жарақтарын, оқ-дәріні, гильзаларды, оқты және оқ-дәрі жабдықтарын материалдық құрамы жағынан, сондай-ақ, әртүрлі заттар мен киімдерден табылған порохтар мен өзге де іздерді, атыс қаруларын криминалистика және сот-медицина тарапынан зерттеу қажеттілігін көрсетті.
А.П. Вакуловский сот баллистикасын криминалистикалық техниканың бір саласына жатқызып, қылмысты ашу мен тергеу мақсатында қолданылатын атыс қаруларын, оқ-дәрі жабдықтары мен олардың іздерін табу, бекіту, алу және зертеу әдіс-тәсілдерін оқытатын ілім деп көрсеткен.
Б.И. Шевченко сот баллистикасы анықтамасын сот баллистикалық зерттеу арқылы шешілетін мәселелермен толықтырады. Ол, сот баллистикасын криминалистикалық техниканың бір саласы ретінде қарастыра отырып, атыс қаруларын, ату кезінде пайда болған құбылыстарды, қылмыскерлер қолданған қару-жарақтар мен оқ-дәрілердің қай топқа жататындығын анықтау және идентификациялау мақсатында ату іздерін зерттеу қажеттілігін, сондай-ақ атылған және оқ-дәрі жабдықтары арқылы зақым келтірудің техникалық жағдайын анықтау қажеттілігін көрсеткен.
Ұзақ жылдар бойы жинақталған тәжірибелік материалдарға байланысты сот баллистикасының теориялық мәселелерін зерттеу қажеттілігі туындады. Атап айтқанда: оқтың атылу заңдылықтары, қылмыс жасау мақсатында қолданылған қару-жарақтар мен оны қолдану нәтижесінде пайда болған соттық дәлелдемелер.
Осы заңдылықтарды түбегейлі танып (зерттеп) білу, атыс қаруларын пайдалану арқылы заттай дәлелдемелерді іздеп табу, бекіту, алу және зерттеу мәселелерін барынша тиімді шешуге мүмкіндік береді.
Сот баллистикасы өзінің жеке теориялық негіздерінің қалыптасуына байланысты криминалистикалық техниканың бір саласы ретінде қарастырылады. Оның мазмұнына ату заңдылықтары мен қару-жарақтың тигізетін әсерін зерттеу және осылардың негізінде атыс қаруларының, оқ-дәрі жабдықтарының ату кезінде пайда болған іздері мен құбылыстарын табу, бекіту, алу және зерттеу кезінде қолданылатын ғылыми-техникалық әдіс-тәсілдер мен құрал-жабдықтарды өңдеп шығару жатады.
Сот баллистикасының ғылыми негізін диалектикалық материализмнің жалпы әдістемесі мен ғылыми-техникалық білім салаларының ғылыми ережелері құрайды.
Атап айтқанда, оларға: атыс қарулары мен оның оқ-дәрінің құрылысын, оқтың бөгетке тигізетін әсерін; қару оқпанындағы ату кезіндегі пайда болған құбылыстарды және оқтың оқпаннан шыққаннан кейінгі қозғалысын зерттейтін әскери-техникалық ғылым салалары жатады.
Б.И. Ермоленко өз тарапынан сот баллистикасына қатысты келесідей: «оқ және гильзамен байланысқа түсетін қару-жарақ бөлшектерінің өзіндік бедері, қару-жарақ бөлшектері бедерлерінің тұрақтылығы (идентификациялық кезең); оқ-дәрі мен гильзада пайда болған іздердің механизмі; оқ және гильзадағы іздерде қару-жарақ бөліктері белгілерін бейнеленуіне әртүрлі факторлардың әсер етуі; сот баллистикасы объектілеріндегі іздерді бекіту жөнінде ғылыми мәліметтер; сарапшы қорытындысын шығару кезінде объектілердің әртүрлі қасиеттері мен белгілерін бағалаудың тәртіптері туралы» ілімдерді көрсетті.
Ғылыми зерттеудің әдістемесін дәстүрлі зерттеу әдістері құрайды: бақылау, өлшеу, эксперимент, салыстыру, бейнелеу және т.б.. Сонымен қатар, сот баллистикалық зерттеудің арнайы әдістемесі – оқтар мен гильзалардағы іздерді микро- және макрофотографиялық әдістермен бекіту, экспериментальды оқтар мен гильзаларды алу әдісі, шашыраған бытыра бойынша ату арақашықтығы экспериментальды түрде анықтау әдістемесі; ату қару-жарағының жағдайын анықтаудың әдістемесі және т.б.
Сот баллистикалық зерттеулер екі түрлі процесуалдық нысанда жүргізіледі:
1. тергеуші (кейбір жағдайларда маманның қатыстырылуымен) жүргізілетін тергеу әрекеті ретінде – оқиға болған жерді қарау, атыс қару-жарағын, оқ-дәрі жабдықтарын, ату іздерін қарау, атыс қару-жарағы немесе оқ-дәрі жабдықтарымен тергеу экспериментін жүргізу;
2. зерттеуді сот баллистикалық сараптама нысанында жүргізу.
Тергеу әрекеттері мен баллистикалық сараптама шеңберінде жүргізілетін баллистикалық зерттеулер қылмыстың объективтік және субъективтік жағынан тұратын жағдайларды анықтауға мүмкіндік береді. Осы жағдайларды екі топқа бөліп қарастыруға болады: идентификациялық; идентификациялық емес.
Идентификациялық мәселелерге: оқиға болған жерден табылған немесе мәйіттен алынған оқтар сезіктіден алынған қару-жарақтан атылған ба? Оқиға болған жерден табылған оқ (гильза) пен ашылмаған қылмыстар бойынша алынған оқ (гильза) бір қару-жарақтан атылған ба? Оқиға болған жерден және мәйіттен алынған бытыра (картечь) мен сезіктіден алынған бытыра (картечь) бір металдан жасалынған ба немесе бір қоспаны құрай ма? Оқиға болған жерден табылған тығын мен сезіктіден алынған тығын бір материалдан жасалынған ба? Қолдан жасалынған қару-жарақ сезіктіден алынған құрал-жабдықтар мен материалдардан жасалынған ба?
Идентификациялық емес мәселелерге (классификациялық, диагностикалық, ситуациялық): қылмыстың жасалу уақыты мен орны, қылмыс жасау кезінде қандай ату құралы қолданылған, атудың арақашықтығы мен бағыты, атқан адамның және жәбірленуші мен басқа да оқиғаға қатысушылардың орналасу жағдайы, қылмыскердің ниеті, оқтың ұшу бағыты, атылған оқтың саны мен кезектілігі, қарудың жарамдылығы, өздігінен атылып кету мүмкіндігі туралы мәселелерді, сондай-ақ қаруды, оқ-дәрі жабдықтарын жасау әдісін, қандай материалдар қолданғандығы, қарумен атылған-атылмағандығы, калибр жүйесінің қандай да бір бөлшегі ауыстырылған ба, жоқ па, ауыстырылса қандай түрімен ауыстырылды, сезікті жейдесінің қалтасында металл іздерінің бар-жоқтығын және т.б. анықтау жатады.
Сот баллистикалық зерттеу объектісі болып негізінен ату және атылу мүмкіндігімен байланысты заттай дәлелдемелер табылады. Зерттеу объектілері келесідей топтарға бөлінеді:
1. атыс қарулары;
2. оқ-дәрі жабдықтары (патрондар), шикі заттары (сырье), материалдары, қару-жарақ пен оқ-дәріні дайындау кезінде қолданылған құралдар;
3. ату құралдарын қолдану іздері.
