- •Криминалистиканың пәндік сипаттамасы және әдістемелік негізі
- •§1. Криминалистиканың пәндік сипаттамасы
- •§ 2. Криминалистиканың жүйесі
- •§ 3. Криминалистиканың әдістері
- •Криминалистикалық идентификация және диагностика
- •§ 1. Криминалистикалық идентификацияның түсінігі
- •§2. Криминалистикалық идентификация объектілерінің ұғымы (түсінігі) Идентификациялық белгілер және оның классификациясы (топтастырылуы)
- •§3. Идентификация қорытындыларын процеске қатысушылардың бағалауы
- •§4. Диагностика криминалистиканың ілімi ретінде
- •Қазақстанда криминалистика ғылымының дамуы
- •§ 1.Криминалистикалық техниканың пәні және түсінігі
- •§2. Тергеуші мен криминалист-маманның қолданатын ғылыми-техникалық құралдары
- •§3. Сарапшылардың қолданатын ғылыми-техникалық құралдары
- •§1. Криминалистік-фотография, бейне - және дыбыс жазбаларының түсінігі, маңызы және жүйесі
- •§3. Тергеу әрекетін жүргізу барысында фотографияны қолданудың
- •§ 5. Бейне- және дыбысжазбаларын криминалистикада қолдану
- •§6.Криминалистикалық фото-, бейне- және дыбысжазбаларын
- •§1. Трасологияның түсінігі, ғылыми негіздері, жүйесі
- •§2. Адамның трасологиялық іздері
- •§3. Бұзу құралдарының іздері.
- •§4. Құлыптар мен бекітетін құрылғыларды зерттеу
- •§5. Көлік құралдарының іздері
- •§6. Бүтінді бөлшек бойынша идентификациялау
- •§2. Сот баллистика объектілерінің сипаттамасы
- •§3. Объектілерді табу және қарау
- •§1. Құжаттар криминалистикалық зерттеудің объектісі ретінде.
- •§2. Криминалистикалық қолжазбатану түсінігі, объектісі, ғылыми негіздері
- •§3. Қолжазба белгілерінің түсінігі
- •§4. Қолжазба үлгілерінің түсінігі
- •§5. Криминалистикалық автортанудың түсінігі, міндеттері және ғылыми негіздері
- •§6. Үлгілердің түсінігі
- •§1. Құжаттарды техника-криминалистикалық зерттеудің түсінігі және оның міндеттері мен түрлері
- •§ 2. Құжаттардың бастапқы мазмұнын өзгерту мен оларды қалпына келтірудің әдіс-тәсілдері
- •§3. Құжаттардың бастапқы мәтінін қалпына келтіру
- •§4. Техникалық жалған қол қоюды зерттеу
- •§6. Мөр және мөртаңбаларын зерттеу
- •§6. Баспа әдіспен жазылған құжаттарды зерттеу
- •§7. Баспаханалық өнімдерін зерттеу
- •§8. Құжат материалдарын зерттеу
- •§1. Заттар мен материалдарды криминалистикалық зертеудің түсінігі және оның міндеттері
- •§ 2. Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде заттар мен материалдарды табу, бекіту және алу
- •§ 4. Топырақтану
- •§ 5. Талшық заттарды зерттеу
- •Криминалистикалық габитоскопия
- •§1. Криминалистикалық габитоскопияның түсінігі және оның ғылыми негіздері
- •§2. Адамның сыртқы бейнесі элементтерінің жүйесі
- •§3. «Ауызша суреттеудің» әдістемесі, міндеттері және әдістері.
- •§4. Тергеу мен жедел-іздестіру тәжірибесінде «ауызша суреттеу» әдістемесін қолдану
- •§5. Адамды сыртқы бейне белгілері бойынша идентификациялау
- •Криминалистикалық тіркеу
- •§ 1. Криминалистикалық тіркеудің түсінігі, мазмұны және оның құқықтық негіздері
- •§ 2.Криминалистикалық тіркеудің түрлері
- •§ 3. Криминалистикалық тіркеудің объектілері мен мақсаттары
- •§4. Қылмыс болған жерден қашып кеткен айыпкерлерді, ұсталған және сотталған тұлғаларды, белгісіз қылмыскерлерді тіркеу
- •§5. Хабар-ошарсыз жоғалып кеткен адамдар және жеке басы анықталынбаған мәйіттерді тіркеу.
- •§6. Ұрланған, жоғалған, алынған, өз еркімен тапсырылған иір оқпанды атыс қаруларын, сонымен қатар ашылмаған қылмыстар жасалынған жерден табылған оқтарды, гильзаларды және патрондарды тіркеу.
- •§7. Ұрланған, табылған және алынған заттарды тіркеу.
- •Криминалистикалық тактика
- •Қарау тактикасы
- •§1. Тергеу қарауы, түсінігі, мәні, түрлері
- •§2. Оқиға болған жерді қараудың түсінігі, маңызы және міндеттері
- •§3. Оқиға болған жерді қарау алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары
- •§4. Оқиға болған жерді қарау кезеңдері және тәсілдері
- •§5. Куәландыру
- •Тергеу экспериментінің тактикасы
- •§1. Тергеу экспериментінің түсінігі, оның түрлері және міндеттері
- •§2. Тергеу экспериментіне дайындық жұмыстары
- •§3. Тергеу экспериментін жүргізгенде қолданылатын тактикалық тәсілдер
- •§4. Тергеу экспериментінің барысы және оның қорытындысын бекіту, нәтижелерін тексеріп, сынау
- •Тінту тактикасы
- •§1.Тінтудің криминалистикалық түсінігі, оның түрлері және міндеттері
- •§2. Тінту алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары
- •§3. Тінтудің тактикалық әдістері және оның қорытындысын бекіту
- •Жауап алу тактикасы
- •§1. Жауап алу, оның түсінігі мен міндеттері.
- •§2. Жауап алу алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары
- •§3. Жауаптың қалыптасу кезеңдері
- •§4. Жауап алғанда қолданылатын тактикалық әдістер
- •§5. Беттестіру тактикасы
- •Тану үшін көрсету тактикасы
- •§1. Тану үшін көрсетудің түсінігі, міндеттері және түрлері
- •§2. Объектілерді тану үшін көрсетер алдында жүргізілетін дайындық жүмыстары
- •§3. Адамдарды тану үшін көрсетудің процесуалдық тәртібі және тактикалық ерекшеліктері
- •§4. Мәйіттің жеке басын анықтау
- •§5. Жеке заттарды, бұйымдарды және басқа да объектілерді тану үшін көрсету ерекшеліктері
- •§6. Тұрғын-үй, бөлмені не жер учаскесін тану үшін көрсету ерекшеліктері
- •§7. Малды тану үшін көрсету ерекшеліктері
- •§8.Фотобейнелерді тану үшін көрсету ерекшеліктері
- •§9. Тану үшін көрсетудің нәтижелерін бекіту
- •Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау тактикасы
- •§1. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың түсінігі
- •§2. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың кезеңдері мен тәсілдері
- •VIII-тарау. Ұстау тактикасы
- •§1. Ұстау түсінігі және оның негіздері
- •§2. Ұстауға әзірлік
- •§3. Ұстаудың тактикалық әдістері
- •Сот сараптамасын тағайындау және жүргізу тактикасы
- •§1. Тергеу үстінде арнайы білім қолданудың түсінігі және оның түрлері
- •§2. Сот сараптамасының түрлері
- •§3. Сот сараптамалық мекемелер
- •§4. Сот сараптамасын тағайындау
- •§5. Сот сараптама жүргізу әдістемелері
- •§6. Сот сараптамасын бағалау және дәлелдеме есебінде пайдалану ерекшеліктері
- •Iy бөлім. Қылмыстың жекеленген түрлерін тергеу әдістемесі
- •Êриминалистикалық әдістеменің жалпы ережелері
- •§1 Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің ұғымы мен міндеттері.
- •§ 2. Қылмыстардың жеке түрлерін және топтарын тергеу әдістемесінің пәні мен қағидалары
- •§ 3. Криминалистикалық әдістеменің құрылымы мен негізгі ұғымдары
- •Қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы
- •§1 Криминалистикалық сипаттаманың түсінігі және оның тарихи аспектілері
- •§2. Криминалистикалық сипаттаманың элементтері
- •Қылмыскердің тұлғасы
- •Қылмыстың жәбірленушісі
- •Қылмыс жасау тәсілі
- •Қылмыс жасау механизмі
- •Бастапқы тергеу ситуациясы
- •Қылмыс жасау жағдайы
- •Қылмыстық қол сұғушылықтың заты
- •Қылмыстың материалдық іздері
- •Қылмыстың ниеті және мақсаты
- •10. Қылмыстың салдары
- •Қылмыс жасауға итермелейтін себептер мен жағдайлар
- •Қылмыс мән-жайлары бойынша көрсетпелерді қалыптастыруға әсер ететін факторлар
- •Қылмыс іздерін жасыруға бағытталуы мүмкін әрекеттер
- •Тергеу болжауы және тергеуді жоспарлау
- •§1. Тергеу болжауының және тергеу жоспарының түсінігі, олардың өзара байланысы
- •§2. Тергеу жоспарының негізгі қағидалары, элементтері және жоспар жасау техникасы
- •§3. Тергеушінің жедел-іздестіру, анықтама және басқа да органдармен байланысы
- •Адам өлтіру және дене жарақатын салу қылмыстарын тергеу әдістемесі
- •§1. Адам өлтіру қылмысын тергеу әдістемесінің теориялық алғышарты
- •§2. Адам өлтіру қылмысының криминалистикалық сипаттамасы.
- •§3. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулары және жоспары
- •§4 Күш қолдану белгілері бар мәйіт табылған жағдайларда жүргізілетін алғашқы тергеу әрекеттері
- •§5. Келесі тергеу кезеңдерінің міндеттері (мақсаты)
- •Ұрлық қылмыстарын тергеу әдістемсі
- •§1. Ұрлықтың криминалистикалық сипаттамасы
- •§2. Типтік ситуациялар, болжаулар және тергеудің алғашқы кезеңі
- •§3. Ұрлық істері бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •Тонау және қарақшылық жолымен жаса лған мүлікті талан-таражға салуды тергеу әдістемесі
- •§1. Тонау және қарақшылық шабуылдарының криминалистикалық сипаттамасы
- •§2. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулар және тергеуді жоспарлау
- •§3. Тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •Алаяқтық қылмысын тергеу әдістемесі
- •§1. Алаяқтық қылмысының криминалистикалық сипаттамасы.
- •§2.Алғашқы тергеу кезіндегі типтік ситуациялар және тергеу болжауы мен жоспары.
- •§3. Алғашқы тергеу әрекеттерінің тактикасы.
- •§4. Кейінгі тергеу әрекеттері
- •VIII-тарау. Қорқытып алушылық қылмыстарын тергеу әдістемесі
- •§1. Қорқытып алушылық қылмыстарын тергеу.
- •§2. Типтік ситуациялар, тергеу болжауы және алғашқы кезеңі.
- •§3. Кейінгі жүргізілетін тергеу әрекеттері.
- •Көліктегі қылмыстарды тергеу әдістемесі
- •§1. Көліктегі қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы
- •§2. Типтік ситуациялар мен болжаулар және тергеудің алғашқы қезеңі
- •§3. Тергеу әрекетінің тактикасы
- •Өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін қылмыстық бұзуды тергеудің әдістемесі
- •§ 1. Өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін қылмыстық бұзудың криминалистикалық сипаттамасы
- •§ 2. Тергеудің типтік ситуациялары, болжау және жоспарлау
- •§ 3. Тергеу әрекеттерінің тактикасы
§ 2. Криминалистиканың жүйесі
Криминалистика ерекше, дербес ғылым бола тұра, өзі жеке бөлімдерден құралады: криминалистиканың теориялық және әдістемелік негіздері, криминалистикалық техника, тергеу тактикасы, жекеленген қылмыстарды тергеу әдістемесі.
Сонымен қатар, криминалистер кейінгі жылдары криминалистика жүйесінде қылмысты ашу мен тергеуді ұйымдастыруға арналған тағы бір бөлімді бөліп көрсетеді.
Олардың пікірлері бойынша бұл бөлімнің ұғымына криминалистикалық болжаулар, сондай-ақ, тергеу процесіндегі тергеушінің әртүрлі қызметпен өзара байланысын жоспарлау жөніндегі ілімдер кіруі қажет.
Бірінші бөлімде криминалистиканың пәндік сипаттамасы беріледі, оның жеке бөлімдерінің қысқаша мазмұны мен бөлімге жіктеу. Осы бөлімде криминалистикада пайдаланылатын жалпы ғылымдық және арнаулы әдістер көрсетіле отырып, идентификация мен диагностика ілімдері теориялық жағынан қарастырылады.
Екінші бөлімде заттай дәлелдемелерді және іске керек деректерді іздеп табуға, бекітуге, алуға зерттеуге керекті тәсілдер мен әдістер, осыған байланысты қолданылатын техникалық құралдар жөнінде айтылады.
Бұл бөлімнің жеке тарауларында криминалистика техникасында қолданылатын тәсілдер мен құралдар көрсетіледі. Атап айтқанда: микроскопиялық зерттеу тәсілі, өлшеу техникасы, спектордың көзге көрінбейтін сәулелерінде (инфрақызыл, ультракүлгін) зерттеу люминесценттік талдау тағы басқа да криминалистикалық зерттеу тәсілдері мен әдістері баяндалады.
Криминалистикалық техниканың күрделі де, негізгі тарауларының бірі – сот фотографиясы. Бұл бөлімде жедел-соттық және сот-зерттеу фотографиясының заттай дәлелдемелерді бекіту, зерттеу үшін пайдаланылатын тәсілдері мен әдістері айтылады. Бөлімнің жеке тарауларында іздерді, мылтық пен оқ дәрілерді т.б. объектілерді зерттеудің тәсілдері көрсетіледі.
Үшінші бөлімде криминалистикалық тактика тергеу әрекеттерін жүргізгенде қолданылатын тиімді, нәтижелі әдістері, оларды қолдану қағидалары баяндалады.
Тергеу тәжірибесінде әр тергеу әрекетін жүргізуге бейімделген арнайы тактикалық әдістер көрсетіледі. Тактикалық әдіс – ол тергеу әрекеттерін жүргізудің неғұрлым ұтымды және нәтижелі жолдары. Әр тергеу әрекетінің ерекшелігіне байланысты осы тергеу әрекетіне оңтайлы, тиімді, пайдалы тактикалық әдістер ұсынылады. Мысалы: оқиға болған жерді қарауға ұсынылатын тактикалық әдіс, ол заттай дәлелдемелерді, іздерді, оқиға болған ортаны рет-ретімен, жүйелі түрде дәйекті қарау, тінтуге ұсынылатын тактикалық әдіс – ол тінту жүріп жатқанда тергеуші үй иесінің мінез-құлқына, қисынға келмейтін әрекет-қимылына назар аудару, логикаға сәйкес алып қарағанда, іздеп жатқан заттың қай жерге тығылғанын болжау; жауап алу тактикалық әдісі – ол тергеушінің жауап беруші адаммен (куә, жәбірленуші, айыпкер) психологиялық жағынан дұрыс қатынас жасап, істегі деректерді жауап алу үстінде орынды, ретті пайдалану, т.б.
Бұл көрсетілген тактикалық әдістер мен басқа да тергеу әрекеттерінде қолданылатын әдістер мен тәсілдер процесуалдық жағынан заңға қайшы келмей, тек тергеу әрекетінің нәтижелі және тиімді өтуіне бағытталады.
Тергеу тактикасы криминалистикалық техникамен тығыз байланысты. Егер криминалистикалық техника техникалық тәсілдер мен құралдарды пайдалану жөніндегі жалпы ұғым берсе, тергеу тәжірибесі бұлардың тергеу әрекетінің ерекшелігіне байланысты қолдануға болатынын айтады. Мысалы: оқиға болған жерді қарау тактикасында айтылғандай, бұл тергеу әрекетін жүргізгенде қандай техникалық тәсілдер, құрал-саймандар қолданылатыны, олардың пайдалану әдісі баяндалады.
Бір пәннің жеке бөлімдері болғандықтан криминалистикалық техникамен, тактика бірімен-бірі ұштаса отырып, олар криминалистиканың келесі, төртінші бөлімі жекеленген қылмыстарды тергеу әдістемесімен де тығыз байланысты.
Бұл бөлімде жекеленген қылмыстар бойынша жүргізілетін тергеудің әдістемелік тәртібі көрсетіледі және криминалистикалық тергеу болжауларының теориялық негіздері, анықтама органдары, тергеушінің қылмыстық іс жүргізгендегі қарым-қатынас қағидалары сипатталады.
Әр қылмысты тергеудің өзінше ерекшеліктері бар. Осыған байланысты жеке бір істі тергегенде қолданылатын техникалық және тактикалық тәсілдер мен әдістер тергеліп жатқан қылмыстың ерекшеліктеріне бейімделеді.
Сондықтан техникалық тәсілдер, әр тергеу әрекеттерінің техникалық әдістері осы ерекшелікке байланысты қолданылады және осы қылмысты ашуға, іс бойынша дәлелденетін барлық мәселелерді шешуге бағытталады.
Қай қылмысты болса да тез арада ашып, оны толық тергеу үшін оны криминалистикалық тұрғыдан талдап, оған криминалистикалық сипаттама беру керек.
Мұндай талдауда осы тергеп отырған қылмыс әдеттегідей қандай әдістермен жасалады, қылмыскерлер қылмыстың ізін жасыру үшін қандай әрекеттер қолданып және осыған байланысты айналада қандай іздер қалуға тиісті екені көрсетіліп белгіленеді. Криминалистикалық сипаттамада қылмыскердің мінез-құлқы және басқа типологиялық қасиеттері баяндалады, жәбірленушінің қарсылық әрекеттері және осыған байланысты қылмыс жасалған жерде қалатын іздер белгіленіп көрсетіледі.
