- •Криминалистиканың пәндік сипаттамасы және әдістемелік негізі
- •§1. Криминалистиканың пәндік сипаттамасы
- •§ 2. Криминалистиканың жүйесі
- •§ 3. Криминалистиканың әдістері
- •Криминалистикалық идентификация және диагностика
- •§ 1. Криминалистикалық идентификацияның түсінігі
- •§2. Криминалистикалық идентификация объектілерінің ұғымы (түсінігі) Идентификациялық белгілер және оның классификациясы (топтастырылуы)
- •§3. Идентификация қорытындыларын процеске қатысушылардың бағалауы
- •§4. Диагностика криминалистиканың ілімi ретінде
- •Қазақстанда криминалистика ғылымының дамуы
- •§ 1.Криминалистикалық техниканың пәні және түсінігі
- •§2. Тергеуші мен криминалист-маманның қолданатын ғылыми-техникалық құралдары
- •§3. Сарапшылардың қолданатын ғылыми-техникалық құралдары
- •§1. Криминалистік-фотография, бейне - және дыбыс жазбаларының түсінігі, маңызы және жүйесі
- •§3. Тергеу әрекетін жүргізу барысында фотографияны қолданудың
- •§ 5. Бейне- және дыбысжазбаларын криминалистикада қолдану
- •§6.Криминалистикалық фото-, бейне- және дыбысжазбаларын
- •§1. Трасологияның түсінігі, ғылыми негіздері, жүйесі
- •§2. Адамның трасологиялық іздері
- •§3. Бұзу құралдарының іздері.
- •§4. Құлыптар мен бекітетін құрылғыларды зерттеу
- •§5. Көлік құралдарының іздері
- •§6. Бүтінді бөлшек бойынша идентификациялау
- •§2. Сот баллистика объектілерінің сипаттамасы
- •§3. Объектілерді табу және қарау
- •§1. Құжаттар криминалистикалық зерттеудің объектісі ретінде.
- •§2. Криминалистикалық қолжазбатану түсінігі, объектісі, ғылыми негіздері
- •§3. Қолжазба белгілерінің түсінігі
- •§4. Қолжазба үлгілерінің түсінігі
- •§5. Криминалистикалық автортанудың түсінігі, міндеттері және ғылыми негіздері
- •§6. Үлгілердің түсінігі
- •§1. Құжаттарды техника-криминалистикалық зерттеудің түсінігі және оның міндеттері мен түрлері
- •§ 2. Құжаттардың бастапқы мазмұнын өзгерту мен оларды қалпына келтірудің әдіс-тәсілдері
- •§3. Құжаттардың бастапқы мәтінін қалпына келтіру
- •§4. Техникалық жалған қол қоюды зерттеу
- •§6. Мөр және мөртаңбаларын зерттеу
- •§6. Баспа әдіспен жазылған құжаттарды зерттеу
- •§7. Баспаханалық өнімдерін зерттеу
- •§8. Құжат материалдарын зерттеу
- •§1. Заттар мен материалдарды криминалистикалық зертеудің түсінігі және оның міндеттері
- •§ 2. Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде заттар мен материалдарды табу, бекіту және алу
- •§ 4. Топырақтану
- •§ 5. Талшық заттарды зерттеу
- •Криминалистикалық габитоскопия
- •§1. Криминалистикалық габитоскопияның түсінігі және оның ғылыми негіздері
- •§2. Адамның сыртқы бейнесі элементтерінің жүйесі
- •§3. «Ауызша суреттеудің» әдістемесі, міндеттері және әдістері.
- •§4. Тергеу мен жедел-іздестіру тәжірибесінде «ауызша суреттеу» әдістемесін қолдану
- •§5. Адамды сыртқы бейне белгілері бойынша идентификациялау
- •Криминалистикалық тіркеу
- •§ 1. Криминалистикалық тіркеудің түсінігі, мазмұны және оның құқықтық негіздері
- •§ 2.Криминалистикалық тіркеудің түрлері
- •§ 3. Криминалистикалық тіркеудің объектілері мен мақсаттары
- •§4. Қылмыс болған жерден қашып кеткен айыпкерлерді, ұсталған және сотталған тұлғаларды, белгісіз қылмыскерлерді тіркеу
- •§5. Хабар-ошарсыз жоғалып кеткен адамдар және жеке басы анықталынбаған мәйіттерді тіркеу.
- •§6. Ұрланған, жоғалған, алынған, өз еркімен тапсырылған иір оқпанды атыс қаруларын, сонымен қатар ашылмаған қылмыстар жасалынған жерден табылған оқтарды, гильзаларды және патрондарды тіркеу.
- •§7. Ұрланған, табылған және алынған заттарды тіркеу.
- •Криминалистикалық тактика
- •Қарау тактикасы
- •§1. Тергеу қарауы, түсінігі, мәні, түрлері
- •§2. Оқиға болған жерді қараудың түсінігі, маңызы және міндеттері
- •§3. Оқиға болған жерді қарау алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары
- •§4. Оқиға болған жерді қарау кезеңдері және тәсілдері
- •§5. Куәландыру
- •Тергеу экспериментінің тактикасы
- •§1. Тергеу экспериментінің түсінігі, оның түрлері және міндеттері
- •§2. Тергеу экспериментіне дайындық жұмыстары
- •§3. Тергеу экспериментін жүргізгенде қолданылатын тактикалық тәсілдер
- •§4. Тергеу экспериментінің барысы және оның қорытындысын бекіту, нәтижелерін тексеріп, сынау
- •Тінту тактикасы
- •§1.Тінтудің криминалистикалық түсінігі, оның түрлері және міндеттері
- •§2. Тінту алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары
- •§3. Тінтудің тактикалық әдістері және оның қорытындысын бекіту
- •Жауап алу тактикасы
- •§1. Жауап алу, оның түсінігі мен міндеттері.
- •§2. Жауап алу алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары
- •§3. Жауаптың қалыптасу кезеңдері
- •§4. Жауап алғанда қолданылатын тактикалық әдістер
- •§5. Беттестіру тактикасы
- •Тану үшін көрсету тактикасы
- •§1. Тану үшін көрсетудің түсінігі, міндеттері және түрлері
- •§2. Объектілерді тану үшін көрсетер алдында жүргізілетін дайындық жүмыстары
- •§3. Адамдарды тану үшін көрсетудің процесуалдық тәртібі және тактикалық ерекшеліктері
- •§4. Мәйіттің жеке басын анықтау
- •§5. Жеке заттарды, бұйымдарды және басқа да объектілерді тану үшін көрсету ерекшеліктері
- •§6. Тұрғын-үй, бөлмені не жер учаскесін тану үшін көрсету ерекшеліктері
- •§7. Малды тану үшін көрсету ерекшеліктері
- •§8.Фотобейнелерді тану үшін көрсету ерекшеліктері
- •§9. Тану үшін көрсетудің нәтижелерін бекіту
- •Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау тактикасы
- •§1. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың түсінігі
- •§2. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың кезеңдері мен тәсілдері
- •VIII-тарау. Ұстау тактикасы
- •§1. Ұстау түсінігі және оның негіздері
- •§2. Ұстауға әзірлік
- •§3. Ұстаудың тактикалық әдістері
- •Сот сараптамасын тағайындау және жүргізу тактикасы
- •§1. Тергеу үстінде арнайы білім қолданудың түсінігі және оның түрлері
- •§2. Сот сараптамасының түрлері
- •§3. Сот сараптамалық мекемелер
- •§4. Сот сараптамасын тағайындау
- •§5. Сот сараптама жүргізу әдістемелері
- •§6. Сот сараптамасын бағалау және дәлелдеме есебінде пайдалану ерекшеліктері
- •Iy бөлім. Қылмыстың жекеленген түрлерін тергеу әдістемесі
- •Êриминалистикалық әдістеменің жалпы ережелері
- •§1 Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің ұғымы мен міндеттері.
- •§ 2. Қылмыстардың жеке түрлерін және топтарын тергеу әдістемесінің пәні мен қағидалары
- •§ 3. Криминалистикалық әдістеменің құрылымы мен негізгі ұғымдары
- •Қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы
- •§1 Криминалистикалық сипаттаманың түсінігі және оның тарихи аспектілері
- •§2. Криминалистикалық сипаттаманың элементтері
- •Қылмыскердің тұлғасы
- •Қылмыстың жәбірленушісі
- •Қылмыс жасау тәсілі
- •Қылмыс жасау механизмі
- •Бастапқы тергеу ситуациясы
- •Қылмыс жасау жағдайы
- •Қылмыстық қол сұғушылықтың заты
- •Қылмыстың материалдық іздері
- •Қылмыстың ниеті және мақсаты
- •10. Қылмыстың салдары
- •Қылмыс жасауға итермелейтін себептер мен жағдайлар
- •Қылмыс мән-жайлары бойынша көрсетпелерді қалыптастыруға әсер ететін факторлар
- •Қылмыс іздерін жасыруға бағытталуы мүмкін әрекеттер
- •Тергеу болжауы және тергеуді жоспарлау
- •§1. Тергеу болжауының және тергеу жоспарының түсінігі, олардың өзара байланысы
- •§2. Тергеу жоспарының негізгі қағидалары, элементтері және жоспар жасау техникасы
- •§3. Тергеушінің жедел-іздестіру, анықтама және басқа да органдармен байланысы
- •Адам өлтіру және дене жарақатын салу қылмыстарын тергеу әдістемесі
- •§1. Адам өлтіру қылмысын тергеу әдістемесінің теориялық алғышарты
- •§2. Адам өлтіру қылмысының криминалистикалық сипаттамасы.
- •§3. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулары және жоспары
- •§4 Күш қолдану белгілері бар мәйіт табылған жағдайларда жүргізілетін алғашқы тергеу әрекеттері
- •§5. Келесі тергеу кезеңдерінің міндеттері (мақсаты)
- •Ұрлық қылмыстарын тергеу әдістемсі
- •§1. Ұрлықтың криминалистикалық сипаттамасы
- •§2. Типтік ситуациялар, болжаулар және тергеудің алғашқы кезеңі
- •§3. Ұрлық істері бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •Тонау және қарақшылық жолымен жаса лған мүлікті талан-таражға салуды тергеу әдістемесі
- •§1. Тонау және қарақшылық шабуылдарының криминалистикалық сипаттамасы
- •§2. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулар және тергеуді жоспарлау
- •§3. Тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •Алаяқтық қылмысын тергеу әдістемесі
- •§1. Алаяқтық қылмысының криминалистикалық сипаттамасы.
- •§2.Алғашқы тергеу кезіндегі типтік ситуациялар және тергеу болжауы мен жоспары.
- •§3. Алғашқы тергеу әрекеттерінің тактикасы.
- •§4. Кейінгі тергеу әрекеттері
- •VIII-тарау. Қорқытып алушылық қылмыстарын тергеу әдістемесі
- •§1. Қорқытып алушылық қылмыстарын тергеу.
- •§2. Типтік ситуациялар, тергеу болжауы және алғашқы кезеңі.
- •§3. Кейінгі жүргізілетін тергеу әрекеттері.
- •Көліктегі қылмыстарды тергеу әдістемесі
- •§1. Көліктегі қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы
- •§2. Типтік ситуациялар мен болжаулар және тергеудің алғашқы қезеңі
- •§3. Тергеу әрекетінің тактикасы
- •Өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін қылмыстық бұзуды тергеудің әдістемесі
- •§ 1. Өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін қылмыстық бұзудың криминалистикалық сипаттамасы
- •§ 2. Тергеудің типтік ситуациялары, болжау және жоспарлау
- •§ 3. Тергеу әрекеттерінің тактикасы
§1. Трасологияның түсінігі, ғылыми негіздері, жүйесі
Трасология – криминалистік техниканың дәстүрлі саласы болып табылады. Трасология ілімін келесідей ғалымдар ғылыми еңбектерінде жете зерттеген – Б.И. Шевченко, Г.Л. Грановский, Ю.Г. Корухов, Ю.Г. Василевский, М.В. Салтевский, С.И. Поташник, Ю.П. Голдованский, В.М. Прищепа, Я. Бергер, Л.Н. Мороз, Г.А. Мозговых, А.А. Исаев, А.Г. Скоморохова және т.б. Сонымен қатар, И.Ф. Крылов, Ф.П. Сова, В.И. Шикановтардың трасология іліміне қатысты еңбектері бар. Трасологияның ғылыми негізде қалыптасуының өзіндік тарихы бар.
Ең алғаш 1938 жылы «трасология» терминін И.Н. Якимов: «Заттай дәлелдемелер мен іздерді оқу», – деген атаумен трасологияны криминалистиканың жеке бір бөлімі ретінде бөліп қарастыруды ұсынған. Оның берген «іздер» жөніндегі ұғымы кең мағынада қарастырылып, қылмыстардың барлық іздерін қамтыған. Дегенімен де ізді ортақ өңдеп жетілдірудің ғылыми негізі трасологиялық зерттеу объектілердің нақты анықтамасын талап етті.
1945 жылы С.М. Потапов іздер туралы ұғымдардың әртүрлі болуына байланысты іздің трасологиялық түсінігін бөліп көрсетуге мүмкіндік беретіндей белгілерді ұсынды. Із – тергелетін оқиғамен себепті байланыста болатын құбылыстардың материалдық заттардан көрініс табатын белгілері. Мұнда С.М. Потапов із ұғымын анықтауда: «ізді қылмыстың жалпы материалдық жағдайының өзгеруі ретінде емес, ол белгілердің көрініс табуы» - деп іздер туралы ұғымды (түсінікті) шектейді.
1942 жылы және кейіннен де Б.И. Шевченко із жөніндегі ұғымдарды «заттардың басқа да бір материалдық заттарға сыртқы көрініс бейнесін қалдыру (түсіру) трасологияның объектісі болып табылады» – деп толықтырады. Трасология үшін маңызы бар төмендегідей тәртіп ережелерін ұсынған:
1. трасологияның объектісі болып қатты денелердің табылуы;
2. іздің – активті және пассивті іздердің өзара байланысқа түсуі арқылы пайда болуы;
3. қатты денелердің сыртқы құрылысының жекелілігі, олардың сыртқы көрінісінің бедерінен тұрады, бұл қатты дененің жалпы және қажетті қасиетіне жатуы;
4. объектілердің сыртқы құрылысы ішкі факторлардың – заттың өзіндік қасиеті және қоршаған ортадағы заттардың сырттай әсер етуі арқылы қалыптасуы;
5. объектінің сыртқы құрылысы үздіксіз қозғалыстағы және өзгерістегі қасиеттер ретінде қарастырылуы;
6. трасологиялық идентификация процесі объектінің сыртқы құрылысының қайталанбайтын жеке белгілерінің жиынтығын анықтаудан тұруы;
7. із қалдырушы объектінің сыртқы құрылысының пайда болу процесін зерттеу және де оларды табу, бекіту, алу әдістерін типтендіру үшін, сондай-ақ идентификациялау мақсатында зерттеу әдістемесі мен техникасын өңдеу үшін топтастырулар жасалуы қажет.
Іздердің көмегімен шешілетін мәселелерді идентификациялық және идентификациялық емес деп екі топқа бөлуге болады. Іздер бойынша анықталатын идентификациялық емес сұрақтарды негізінен тергеуші мен криминалист-маман оқиға болған жерде, тінту кезінде шешеді. Идентификациялық сипаттағы мәселелер әдетте трасологиялық сараптама шеңберінде анықталады. Іздердің көмегімен анықталынатын нақты жағдайларды (идентификациялық және идентификациялық емес) төменде көрсетеміз.
Іздерді криминалистикалық зерттеудің негізінде пайда болған негізгі қағидаларға мыналар жатады:
материалдық дүниедегі объектілердің жекелілігі, соның ішінде объектінің сыртқы құрылысының жекелілігі. Бір топтық объектілердің сыртқы құрылысы жалпы белгілері бойынша сәйкес келуі мүмкін, бірақ олар жеке белгілері (формасы, көлемі, түрі және т.б.) бойынша ерекшеленеді. Трасологиялық жеке белгілерге – іздің сыртқы қабаты бедерінің (ерекшеліктері) немесе із өрнегінің («суретінің») детальдары жатады. Шабу іздеріндегі бедер детальдары балта қырының тегіс емес кедір-бұдыр жерлерімен қалдырылған қыртыс пен көтеріңкі шыққан, арасы шұңқырланған сызықтардан тұрады; қол саусағынан қалған іздерде папиллярлы өрнектің детальдары қалады, автокөлік дөңгелектерінің протектірлерінен қалған іздерде жекеленген ақау белгілері (мысалы: дөңгелек резенкелерінің жырылуы) қалады;
объектілердің сыртқы құрылысының салыстырмалы тұрақтылығы – бұл белгілі бір уақыт аралығында объектінің өз формасы мен басқа объектілерден бөліп қарастыруға мүмкіндік беретін айрықша белгілерін сақтау қасиеті. Трасологиялық зерттеудің объектісіне тек қана қатты заттар, яғни қасиеттері салыстармалы түрде өзгермейтін объектілер жатады. Із қалдырған объектінің белгілері және ізде көрініс тапқан белгілер белгілі бір уақыт аралығында өзгеріске ұшырамаған жағдайда ғана трасологиялық идентификацияны жүзеге асыруға болады. Қатты заттардың сыртқы құрылысы салыстырмалы тұрақты болғандықтан, олардың іздері ұзақ уақыт аралығында өзгеріске ұшырамайды және зерттеу жүргізу үшін қажетті ақпаратты сақтай алады. Бұл қасиет із қалдырушы мен із қабылдаушы объектілерде әртүрлі көрініс табуы да мүмкін. Мысалы, бұзу құралының бөгетте қалдырған ізі уақыттың өтуіне қарамастан өзгеріске ұшырамайды, ал тістің тағамда (алма, алмұрт) қалдырған ізі аз уақыттың ішінде де өзгеріске ұшырайды.
объектілердің сыртқы құрылысы, соның ішінде оның жеке белгілері (детальдары), белгілі бір жағдайларда басқа бір объектілерде өз бейнесін дәлме-дәл түсіру қабілетіне ие жеке белгілердің дәлме-дәл, әрі толық көрініс табуы. Жеке белгілердің толық және дәлме-дәл көрініс табуы іздің пайда болу жағдайларына байланысты. Олардың негізгісіне – із қалдырушы мен із қабылдаушы объект материалдарының физикалық қасиеті жатады. Сонымен қатар, объектілердің қарым-қатынасқа түсу механизмі де жатады. Із қабылдаушы объект неғұрлым иілімгіш (созылмалы), құрамдық құрылысы ұсағырақ болса, пайда болатын іздің детальдары соғұрлым нақтырақ, айқынырақ көрініс табады;
пайда болатын ізде объектінің сыртқы құрылысының көрініс табуы айналы түрде кері жүретін процестің нәтижесі түрінде қарастыруға болады. Мысалы: дөңес (шығыңқы) объектілер (аяқ киім ұлтаны (табаны) жұмсақ материалдарда: құмда, лай-батпақтарда) көлемді іздерді қалдырады. Іздің пайда болу кезіндегі жағдайларға қатысты басқа да өзгешеліктерді байқауға болады. Мысалы: беткі қабаттың бедерлі болуынан із тырналып түседі.
Сонымен, трасологиялық зерттеудің негізгі объектісі болып табылатын із-бейнелеуші объектілер екі объектінің өзара қарым-қатынасқа түсу нәтижесінен пайда болады. Із қалған объект – із-қабылдаушы, ал із қалдырған объект – із-қалдырушы деп аталады. Із пайда болған кезде қарым-қатынасқа түсетін беткі қабаттар – түйісу қабаттары деп аталады.
Іздердің түйісуі кезінде объектілер физикалық, химиялық және биологиялық әсерге түседі. Физикалық әсер ету механикалық және жылулық болуы мүмкін.
Трасология – механикалық әсерге түсетін іздерді зерттейді. Трасологиялық зерттеудің мәнін – түйісетін (контактілі) объектілерге механикалық жағынан әсер етудің ерекшеліктерін және осының нәтижесінде пайда болатын іздерді зерттеу құрайды.
Қалыптасу жағына байланысты іздерді келесідей топтарға жүйелеуге болады: статикалық және динамикалық; көлемді және беткі қабатты; локальды және перифериялық.
Статикалық іздер дегеніміз – із қалдырушы объектінің әрбір бөлігінің (нүктесінің) із қабылдаушы объектіде дәлме-дәл бейнеленуі нәтижесінде пайда болатын іздер. Мұндай іздер қозғалыста болған объектінің тоқтауы кезінде пайда болады. Із пайда болған кезде объектілер салыстырмалы түрде (тыныштық) қимылсыз (статика) күйде болады. Мысалы: адамның тұрған кездегі аяқ киімінің ізі, қолдың папиллярлы өрнектері бар ізінің қалуы, есікте бұзу құралының басылып-жаншылған ізі.
Динамикалық іздер дегеніміз – із қалдырушы объект нүктелерінің із қабылдаушы объект бетінде сырғу-жылжу нәтижесінде пайда болған іздер. Объектінің дөңес жерлері ойыс іздерін, ал ойыс жерлері томпақ (жұмыр) іздерін қалдырады. Динамикалық іздерге кесілген, шабылған, үйкелген және т.б. іздер жатады.
Көлемді іздер дегеніміз – із қалдырушы объектінің із қабылдаушы жұмсақ объектіде шұңқыр түрінде қалуы, яғни қабылдаушы объектінің деформацияға түсу (өз қалпын өзгерту) нәтижесінде пайда болған іздер. Мұндай іздерде ұзындығы, енімен қатар үшінші өлшем – тереңдігі көрсетіледі. Сондықтан осы іздерді зерттеу арқылы мәліметтерді көлемдірек түрде алуға болады. Мысалы: лайлы жерде қалған көлік құралының протекторларының іздері және т.б.
Беткі қабатты іздер дегеніміз – тығыздығы жағынан шамамен бірдей (немесе із қабылдаушы объектінің тығыздығы көбірек) объектілердің бір-бірімен қатынасқа түсу нәтижесінде пайда болған іздер. Бұл іздер көлемді емес, беткі қабатты болып табылады. Мысалы: қол саусақтарының шыны бетіндегі майлы іздері, протектордың асфальтта қалған іздері, бояу жағылған еден бетіндегі аяқ киімнің іздері.
Беткі қабатты іздердің өзі екі топқа бөлінеді: қабатсыздану (отслоение) және қабатталу (наслоение) іздері. Қабатталу іздері – із қалдырушы объекті бөліктерінің із қабылдаушы объекті бетінде қалып қою нәтижесінде пайда болады. Байланысқа түскен объект беткі қабатта өз белгілерін қалған бөлшектері арқылы бейнелейді. Мысалы: қол саусақтарының майлы іздері, қанаған қолымен – есік, терезе бетін ұстау нәтижесінде қанға боялған іздердің қалуы және т.б. Қабатсыздану іздері – із қалдырушы объектінің із қабылдаушы объектінің беткі қабатынан бөліктерін өзімен алып кету нәтижесінде пайда болатын іздер. Мысалы: бояуы кеппеген еден бетінде аяқ киімнің қалған іздері және т.б.
Локальды іздер дегеніміз – объектілердің беткі қабатының байланысқа түсуі нәтижесінде пайда болған іздер. Мысалы: аяқ киім ізі (көлемді немесе беткі қабатты) мен жер (топырақ) бетінің байланысқа түсуі кезінде өзгеріске ұшырауынан пайда болады, бірақ іздің жан-жағындағы беткі қабат өзгерісіке ұшырамайды.
Перифериялық іздер – керісінше байланысқа (контактіге) түсетін объект жиектерінің сыртындағы өзгерістердің нәтижесінде пайда болған іздер. Мысалы: сыртқы беті шаң болған аяқ киімнен таза еден бетінде қылмыскердің жүруі кезінде шаң аяқ киімнен сырғып түсіп, аяқ киім жиектерінің сыртындағы табан конфигурациясын қайталайтын із еден бетінде қалуы арқылы пайда болады.
Көріну дәрежесіне байланысты іздер: көрінетін, әлсіз көрінетін (нашар) және көрінбейтін болып бөлінеді. Көрінетін іздер арнайы әдістерді қолданбай-ақ қарапайым көзге көрінеді. Әлсіз көрінетін іздер немесе көрінбейтін іздер – із қабылдайтын объектінің түсі тасаланып өзгеруі (қолайсыз жағдайлар) немесе түскен із көлемінің шағын көлемді (микро іздер, микро бөлшектер) болуы негізінде пайда болады.
Нашар көрінетін немесе көрінбейтін іздерді арнайы жарықтандыру әдістерін қолданып немесе іздің түсуі мүмкін беткі қабатқа әртүрлі заттармен механикалық немесе химиялық зерттеу арқылы тауып айқындауға болады. Іздерді табу, бекіту және алу әдіс-тәсілдер іздердің қай категорияға (яғни көлемді немесе беткі қабатты ма, көрінетін немесе көрінбейтін бе) жататындығына байланысты таңдап алынады. Оқиға болған жерде ізді іздеп таппас бұрын оның жағдайымен танысу керек. Ол үшін оқиға болған жердегі жекеленген заттардың жағдайы мен орналасуын анықтап зерттеу қажет; қылмыскердің келуі мен кетуі мүмкін жолдарын анықтау керек; қандай заттарды қолмен ұстағанын, орнын ауыстырғанын және т.б. мәселелерді шешу қажет. Осы мақсатта көзімен көрушілер мен жәбірленушілердің жауаптарын оқиға болған жерді шолып қарауының нәтижесінде қолданылады.
Іздерді табу, бекіту және алудың жалпы ережелері. Көптеген іздер, мысалы: аяқ киімнің көлемді немесе боялған іздері, бұзу құралдарының іздері, көлік құралдарының іздері жәй қарау кезінде анықталады. Ал ұсақ іздерді табу үшін әртүрлі үлкейткіш шынылар (лупалар) қолданылады. Егер із түсі бойынша қабылдау объектісінің түсімен бірдей болып бірлесіп жатса, оны айқындап табу үшін жарықфильтрлері, ултракүлгін жарықтандырғыштар қолданылады.
Табылған іздерді ең алдымен фотосуретке түсіреді. Ізді табылған объектімен бірге, содан соң іздің өзін жеке (детальды, масштабты) түсіріп алады. Түсірілімді масштабты фотосуретке түсіру ережесін қолдану арқылы жүзеге асырады. Бекіту әдісі ретінде ізді суретке салып алу әдісі қолданылады. Салынып алынған схемада маңызды белгілерді көрсетуге мүмкіндік береді. Оқиға болған жерді қарау хаттамасына тіркелетін жоспарда іздердің орналасуы көрсетіледі.
Іздерді бекітудің бірден-бір негізгі әдісі тергеу әрекетінің хаттамасында сипаттау болып табылады. Ең алдымен із табылған тұрғын-үй, ғимарат, ашық жерлер, заттар сипатталады, содан соң іздің бейнеленуіне, табылуына, сақталуына әсер ететін ізді тікелей қабылдаған объектілердің беткі қабатының қасиеті мен жағдайы көрсетіледі. Сонымен қатар, хаттамада объектіде іздердің орналасу жағдайы (бірнеше іздер болса, өзара орналасу жағдайын), іздердің белгілері: пішіні, өлшемі, детальдары сипатталады. Әсіресе, ерекше белгілеріне көңіл бөлінеді. Хаттамада ізді табу, бекіту және алу әдіс-тәсілдері мен құрал-жабдықтары көрсетіледі. Хаттаманың қорытынды бөлімінде қандай іздер алынғаны, олардың қалай буып-түйілгені және қайда жіберілгені сипатталынады.
Ізді объектімен бірге алу мүмкін болмаған жағдайларда (үлкен қолайсыз болуына, ерекше құнды болуына байланысты) іздің көшірмесі, құймасы алынады.
Ізі бар объектілер немесе із көшірмелері буып-түйю орауыштары ізге тимейтіндей етіп орналастырылады. Әсіресе, қол саусақтарының іздері бар тез сынып қалатын заттарды (бөтелке, стакан және т.б.) мұқият буып-түйю қажет. Оралынған объектіге мөр қойылып, түсіндірме жазбалар жазылады. Онда: кім, қашан, қандай іс бойынша заттай дәлелдемелер алынғаны көрсетіледі.
