- •Криминалистиканың пәндік сипаттамасы және әдістемелік негізі
- •§1. Криминалистиканың пәндік сипаттамасы
- •§ 2. Криминалистиканың жүйесі
- •§ 3. Криминалистиканың әдістері
- •Криминалистикалық идентификация және диагностика
- •§ 1. Криминалистикалық идентификацияның түсінігі
- •§2. Криминалистикалық идентификация объектілерінің ұғымы (түсінігі) Идентификациялық белгілер және оның классификациясы (топтастырылуы)
- •§3. Идентификация қорытындыларын процеске қатысушылардың бағалауы
- •§4. Диагностика криминалистиканың ілімi ретінде
- •Қазақстанда криминалистика ғылымының дамуы
- •§ 1.Криминалистикалық техниканың пәні және түсінігі
- •§2. Тергеуші мен криминалист-маманның қолданатын ғылыми-техникалық құралдары
- •§3. Сарапшылардың қолданатын ғылыми-техникалық құралдары
- •§1. Криминалистік-фотография, бейне - және дыбыс жазбаларының түсінігі, маңызы және жүйесі
- •§3. Тергеу әрекетін жүргізу барысында фотографияны қолданудың
- •§ 5. Бейне- және дыбысжазбаларын криминалистикада қолдану
- •§6.Криминалистикалық фото-, бейне- және дыбысжазбаларын
- •§1. Трасологияның түсінігі, ғылыми негіздері, жүйесі
- •§2. Адамның трасологиялық іздері
- •§3. Бұзу құралдарының іздері.
- •§4. Құлыптар мен бекітетін құрылғыларды зерттеу
- •§5. Көлік құралдарының іздері
- •§6. Бүтінді бөлшек бойынша идентификациялау
- •§2. Сот баллистика объектілерінің сипаттамасы
- •§3. Объектілерді табу және қарау
- •§1. Құжаттар криминалистикалық зерттеудің объектісі ретінде.
- •§2. Криминалистикалық қолжазбатану түсінігі, объектісі, ғылыми негіздері
- •§3. Қолжазба белгілерінің түсінігі
- •§4. Қолжазба үлгілерінің түсінігі
- •§5. Криминалистикалық автортанудың түсінігі, міндеттері және ғылыми негіздері
- •§6. Үлгілердің түсінігі
- •§1. Құжаттарды техника-криминалистикалық зерттеудің түсінігі және оның міндеттері мен түрлері
- •§ 2. Құжаттардың бастапқы мазмұнын өзгерту мен оларды қалпына келтірудің әдіс-тәсілдері
- •§3. Құжаттардың бастапқы мәтінін қалпына келтіру
- •§4. Техникалық жалған қол қоюды зерттеу
- •§6. Мөр және мөртаңбаларын зерттеу
- •§6. Баспа әдіспен жазылған құжаттарды зерттеу
- •§7. Баспаханалық өнімдерін зерттеу
- •§8. Құжат материалдарын зерттеу
- •§1. Заттар мен материалдарды криминалистикалық зертеудің түсінігі және оның міндеттері
- •§ 2. Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде заттар мен материалдарды табу, бекіту және алу
- •§ 4. Топырақтану
- •§ 5. Талшық заттарды зерттеу
- •Криминалистикалық габитоскопия
- •§1. Криминалистикалық габитоскопияның түсінігі және оның ғылыми негіздері
- •§2. Адамның сыртқы бейнесі элементтерінің жүйесі
- •§3. «Ауызша суреттеудің» әдістемесі, міндеттері және әдістері.
- •§4. Тергеу мен жедел-іздестіру тәжірибесінде «ауызша суреттеу» әдістемесін қолдану
- •§5. Адамды сыртқы бейне белгілері бойынша идентификациялау
- •Криминалистикалық тіркеу
- •§ 1. Криминалистикалық тіркеудің түсінігі, мазмұны және оның құқықтық негіздері
- •§ 2.Криминалистикалық тіркеудің түрлері
- •§ 3. Криминалистикалық тіркеудің объектілері мен мақсаттары
- •§4. Қылмыс болған жерден қашып кеткен айыпкерлерді, ұсталған және сотталған тұлғаларды, белгісіз қылмыскерлерді тіркеу
- •§5. Хабар-ошарсыз жоғалып кеткен адамдар және жеке басы анықталынбаған мәйіттерді тіркеу.
- •§6. Ұрланған, жоғалған, алынған, өз еркімен тапсырылған иір оқпанды атыс қаруларын, сонымен қатар ашылмаған қылмыстар жасалынған жерден табылған оқтарды, гильзаларды және патрондарды тіркеу.
- •§7. Ұрланған, табылған және алынған заттарды тіркеу.
- •Криминалистикалық тактика
- •Қарау тактикасы
- •§1. Тергеу қарауы, түсінігі, мәні, түрлері
- •§2. Оқиға болған жерді қараудың түсінігі, маңызы және міндеттері
- •§3. Оқиға болған жерді қарау алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары
- •§4. Оқиға болған жерді қарау кезеңдері және тәсілдері
- •§5. Куәландыру
- •Тергеу экспериментінің тактикасы
- •§1. Тергеу экспериментінің түсінігі, оның түрлері және міндеттері
- •§2. Тергеу экспериментіне дайындық жұмыстары
- •§3. Тергеу экспериментін жүргізгенде қолданылатын тактикалық тәсілдер
- •§4. Тергеу экспериментінің барысы және оның қорытындысын бекіту, нәтижелерін тексеріп, сынау
- •Тінту тактикасы
- •§1.Тінтудің криминалистикалық түсінігі, оның түрлері және міндеттері
- •§2. Тінту алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары
- •§3. Тінтудің тактикалық әдістері және оның қорытындысын бекіту
- •Жауап алу тактикасы
- •§1. Жауап алу, оның түсінігі мен міндеттері.
- •§2. Жауап алу алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары
- •§3. Жауаптың қалыптасу кезеңдері
- •§4. Жауап алғанда қолданылатын тактикалық әдістер
- •§5. Беттестіру тактикасы
- •Тану үшін көрсету тактикасы
- •§1. Тану үшін көрсетудің түсінігі, міндеттері және түрлері
- •§2. Объектілерді тану үшін көрсетер алдында жүргізілетін дайындық жүмыстары
- •§3. Адамдарды тану үшін көрсетудің процесуалдық тәртібі және тактикалық ерекшеліктері
- •§4. Мәйіттің жеке басын анықтау
- •§5. Жеке заттарды, бұйымдарды және басқа да объектілерді тану үшін көрсету ерекшеліктері
- •§6. Тұрғын-үй, бөлмені не жер учаскесін тану үшін көрсету ерекшеліктері
- •§7. Малды тану үшін көрсету ерекшеліктері
- •§8.Фотобейнелерді тану үшін көрсету ерекшеліктері
- •§9. Тану үшін көрсетудің нәтижелерін бекіту
- •Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау тактикасы
- •§1. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың түсінігі
- •§2. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың кезеңдері мен тәсілдері
- •VIII-тарау. Ұстау тактикасы
- •§1. Ұстау түсінігі және оның негіздері
- •§2. Ұстауға әзірлік
- •§3. Ұстаудың тактикалық әдістері
- •Сот сараптамасын тағайындау және жүргізу тактикасы
- •§1. Тергеу үстінде арнайы білім қолданудың түсінігі және оның түрлері
- •§2. Сот сараптамасының түрлері
- •§3. Сот сараптамалық мекемелер
- •§4. Сот сараптамасын тағайындау
- •§5. Сот сараптама жүргізу әдістемелері
- •§6. Сот сараптамасын бағалау және дәлелдеме есебінде пайдалану ерекшеліктері
- •Iy бөлім. Қылмыстың жекеленген түрлерін тергеу әдістемесі
- •Êриминалистикалық әдістеменің жалпы ережелері
- •§1 Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің ұғымы мен міндеттері.
- •§ 2. Қылмыстардың жеке түрлерін және топтарын тергеу әдістемесінің пәні мен қағидалары
- •§ 3. Криминалистикалық әдістеменің құрылымы мен негізгі ұғымдары
- •Қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы
- •§1 Криминалистикалық сипаттаманың түсінігі және оның тарихи аспектілері
- •§2. Криминалистикалық сипаттаманың элементтері
- •Қылмыскердің тұлғасы
- •Қылмыстың жәбірленушісі
- •Қылмыс жасау тәсілі
- •Қылмыс жасау механизмі
- •Бастапқы тергеу ситуациясы
- •Қылмыс жасау жағдайы
- •Қылмыстық қол сұғушылықтың заты
- •Қылмыстың материалдық іздері
- •Қылмыстың ниеті және мақсаты
- •10. Қылмыстың салдары
- •Қылмыс жасауға итермелейтін себептер мен жағдайлар
- •Қылмыс мән-жайлары бойынша көрсетпелерді қалыптастыруға әсер ететін факторлар
- •Қылмыс іздерін жасыруға бағытталуы мүмкін әрекеттер
- •Тергеу болжауы және тергеуді жоспарлау
- •§1. Тергеу болжауының және тергеу жоспарының түсінігі, олардың өзара байланысы
- •§2. Тергеу жоспарының негізгі қағидалары, элементтері және жоспар жасау техникасы
- •§3. Тергеушінің жедел-іздестіру, анықтама және басқа да органдармен байланысы
- •Адам өлтіру және дене жарақатын салу қылмыстарын тергеу әдістемесі
- •§1. Адам өлтіру қылмысын тергеу әдістемесінің теориялық алғышарты
- •§2. Адам өлтіру қылмысының криминалистикалық сипаттамасы.
- •§3. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулары және жоспары
- •§4 Күш қолдану белгілері бар мәйіт табылған жағдайларда жүргізілетін алғашқы тергеу әрекеттері
- •§5. Келесі тергеу кезеңдерінің міндеттері (мақсаты)
- •Ұрлық қылмыстарын тергеу әдістемсі
- •§1. Ұрлықтың криминалистикалық сипаттамасы
- •§2. Типтік ситуациялар, болжаулар және тергеудің алғашқы кезеңі
- •§3. Ұрлық істері бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •Тонау және қарақшылық жолымен жаса лған мүлікті талан-таражға салуды тергеу әдістемесі
- •§1. Тонау және қарақшылық шабуылдарының криминалистикалық сипаттамасы
- •§2. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулар және тергеуді жоспарлау
- •§3. Тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •Алаяқтық қылмысын тергеу әдістемесі
- •§1. Алаяқтық қылмысының криминалистикалық сипаттамасы.
- •§2.Алғашқы тергеу кезіндегі типтік ситуациялар және тергеу болжауы мен жоспары.
- •§3. Алғашқы тергеу әрекеттерінің тактикасы.
- •§4. Кейінгі тергеу әрекеттері
- •VIII-тарау. Қорқытып алушылық қылмыстарын тергеу әдістемесі
- •§1. Қорқытып алушылық қылмыстарын тергеу.
- •§2. Типтік ситуациялар, тергеу болжауы және алғашқы кезеңі.
- •§3. Кейінгі жүргізілетін тергеу әрекеттері.
- •Көліктегі қылмыстарды тергеу әдістемесі
- •§1. Көліктегі қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы
- •§2. Типтік ситуациялар мен болжаулар және тергеудің алғашқы қезеңі
- •§3. Тергеу әрекетінің тактикасы
- •Өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін қылмыстық бұзуды тергеудің әдістемесі
- •§ 1. Өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін қылмыстық бұзудың криминалистикалық сипаттамасы
- •§ 2. Тергеудің типтік ситуациялары, болжау және жоспарлау
- •§ 3. Тергеу әрекеттерінің тактикасы
І-БӨЛІМ. КРИМИНАЛИСТИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1-ТАРАУ
Криминалистиканың пәндік сипаттамасы және әдістемелік негізі
§1. Криминалистиканың пәндік сипаттамасы
Соңғы жылдарда елімізде қылмыстың өршуі, оның ішінде аса қауіпті қылмыстардың жасалу саны одан әрі өсуде.
Бұл жай құқық қорғау, атап айтқанда, тергеу органдарының жұмысын одан әрі жақсартылуын, олардың қылмысты ашуда, тергеудің нәтижелі және тиімді тәсілдерді жан-жақты пайдаланылуын талап етеді.
Жасалған қылмысты тез арада ашып, қылмыс жасаған адамдарға тиісті жаза тағайындау, қылмысқа қарсы күрестің нәтижелілігін арттырады, қылмыс жасаудан кейбір адамдарды сақтандырады.
Криминалистика тергеу және басқа құқық қорғау органдарының жұмысының іскерлігін арттыруға үлкен әсер етеді, өйткені криминалистика тергеу тәжірибесін талдап, қорыту арқылы, қылмысты ашуға бейім тәсілдерді тауып, оларды қолдану үшін керекті техникалық құралдарды тергеу қызметкерлеріне дайындап береді.
Қылмысты оқиға бір адамның, немесе бірнеше адамдардың белгілі бір әрекет қимылдарынан тұрады. Сондықтан қылмыс қандай жедел жасалса да ол айналадағы ортаға әсер етіп, сол қылмыс жасалған жерде көптеген іздер қалдырады.
Криминалистикада іздер деген түсінік екі мағынада қолданылады. Тар мағынада із деп бір объектінің таңбасы, келбеті айтылады (қолдың ізі, аяқтың ізі т.с.с.). Ал жалпы криминалистикалық мағынада қылмыстың ізі деген ұғымға оқиға болған жерде қалған жеке заттар, қираған, сынған нәрселер және қылмысқа байланысты айналада болған өзгерістердің бәрі жатады. Мысалы: жол-көлік оқиға болған жерде көліктің, әлде басқа бір көліктің аварияға ұшырауына (соқтығысу, аударылу) байланысты көліктің жеке бөлшектері, авариядан сынып, опырылып қалған детальдар оқиға болған жерде қалса, олардың бәрін жалпы криминалистикалық мағынада іздер деп атаймыз.
Осы іздерді, оқиға болған жерден табылған заттай дәлелдемелерді салыстырып талдау, тексеру арқылы қылмыстың қалай жасалғанын анықтап оның механизмін болжап білуге болады.
Әрине қай тергеуші болса да, жасалған қылмысты өз көзімен көруі мүмкін емес. Бірақ болған оқиғаны жан-жақты және объективті түрде анықтау үшін тергеуші өткен оқиғаны дұрыс болжап, жасалған қылмыс әрекетінің механизмін онымен модельдеуі тиіс. Ал жасалған қылмыстың үлгісі тергеушінің ойында дұрыс қалыптасуына қажет заттай дәлелдемелердің толық табылуы оларды терең талдауға үлкен әсер етеді.
Бірақ заттай дәлелдемелерді, іздерді (әсіресе көзге көрінбейтін) іздеп табу өте қиын, әрі күрделі жұмыс. Оларды іздеп тауып, дұрыс бекіту үшін арнаулы әдістер мен құралдарды пайдалану қажет. Осы іздерді, заттай дәлелдемелерді іздеу, бекіту, алу мен зерттеу әдістерінің және ол үшін керекті техникалық құралдардың қолдану тәсілдерін криминалистика пәні оқытады.
Осы жоғарыда айтылғандарды тұжырымдайтын болсақ, криминалистика адамдардың іс-әрекетін зерттейді. Ол қылмыс жасаған адамның криминалдық қылмысты іс-әрекетін және тергеушінің қылмысты ашуға байланысты жүргізетін криминалистикалық тәсілдер мен әдістерді қолдануға байланысты жұмысы.
Заң әдебиеттерінде криминалистикаға әртүрлі пәндік сипаттама беріледі. Көп жылдар бойы бұл мәселеге үлкен назар аударылып, көп пікір таластар болды. Олай болуы орынды да, әр пәннің мағынасын терең түсіну арқылы ғана оның маңызын біліп, негізгі қағидаларын дұрыс және орынды пайдалануға болады.
Авторлардың криминалистикаға берген пәндік сипаттамаларын қорыта келгенде, оларда негізінен тек редакциялық өзгерістердің бар екені аңғарылады.
Қай автор болса да, криминалистиканың қылмысты ашуға және тергеуге керекті деректерді, заттай дәлелдемелерді іздеп тауып, бекіту, алу және зерттеу үшін пайдаланатын әдістер мен тәсілдер, оған қажет техникалық құралдарды оқитын ғылым екенін баяндайды.
Сонымен қатар, криминалистикада пайдаланатын техникалық құралдар, әдістер мен тәсілдер тек қылмыстық-процесуалдық заңға сәйкес болуы атап айтылады.
Кейбір авторлар криминалистикалық әдістер мен тәсілдер тек қылмысты ашуда ғана емес, қылмысты болдыртпауға бағытталғанын да айта кетеді.
Авторлардың бір тобы криминалистикалық әдістер мен тәсілдер, тек алдын ала тергеуде ғана емес, сот мәжілісінде, кейбір сот әрекетін жүргізгенде пайдалануға болатынын баяндайды.
Осы жоғарыда айтылғандарды тұжырымдай келіп, криминалистикаға мына төмендегідей пәндік сипаттама беруге болады.
Криминалистика – қылмысты ашуға және тергеуге керекті заттай дәлелдемелерді процесуалдық заңға сүйене отырып, іздеп табу, алу, бекіту, зерттеу үшін пайдаланатын техникалық құралдар, тактикалық тәсілдер мен тергеу әдістемелері жөніндегі ғылым.
Қылмысқа қарсы күрестің нәтижелігі және табысы тергеуші мен тергеу мекемесінде (бөлімінде) жедел-іздестіру органдарының өзара қарым-қатынасының дұрыс қалыптасуына да көп байланысты. Бұл көрсетілген екі органның өзара қарым-қатынасы Қылмыстық Іс Жүргізу кодексінің тиісті баптарына негізделеді. Атап айтқанда, жүргізіліп жатқан іс бойынша тергеуші анықтама жүргізетін органдарға, (былайша айтқанда жедел-іздестіру органдары) іздестіру және тергеу әрекеттерін жүргізу туралы тапсырмалар мен нұсқаулар беруге, кейбір тергеу әрекеттерін жүргізген кезде анықтама жүргізетін органдардан қолқабыс талап етуге құқылы. Тергеушінің мұндай тапсырмалары мен нұсқаулары анықтама жүргізетін органдарға міндетті болып табылады. Осы келтірген заңның мазмұнына қарағанда, тергеуші мен анықтама жүргізуші органның арасында қарым-қатынас тергеу жүру үстінде қалыптасады. Бірақ тергеу тәжірибесіне қарасақ, кейде бұл екі органның арасындағы қарым-қатынас іс қозғалмай тұрып-ақ қалыптасады, себебі істі қозғауға керекті деректер мен кейбір жағдайларды жедел жолмен табуға болады.
Қозғалған іс бойынша анықтама жүргізуші орган тергеушіге мына төмендегідей жағдайларды анықтауға жәрдемдеседі: іс бойынша керекті куәлерді тауып алуға, ұрланған заттардың тығылған жерін анықтап және ол заттарды дер кезінде алуға, қылмыс жасаған адамды іздеуге және оны ұстауға, тінту жүргізілетін объект жөнінде алдын-ала мәлімет жинауға т.б.. Сонымен қатар анықтама жүргізуші органдардың қызметкерлері тергеушіге аса ауыр және күрделі тергеу әрекеттерін жүзеге асыруға жәрдемдеседі.
Криминалистика басқа да өзі тектес заң ғылымдарымен тығыз байланысты, өйткені криминалистиканың көп тәсілдері мен әдістері осы ғылымдардың қағидаларына негізделеді.
Криминалистика ең алдымен Қылмыстық Іс Жүргізу заңымен тығыз байланысты. Себебі криминалистиканың зерттеп дайындаған тәсілдері мен әдістері қылмысты ашуға, тергеу әрекеттерін тиімді жүргізуге негізделсе, Қылмыстық Іс Жүргізу заңы осы тергеу әрекеттерінің жүргізілу тәртібін заңды түрде реттейді. Атап айтқанда екі пәннің де зерттейтіні бір объект – тергеу әрекеті. Бірақ олардың осы процесуалдық әрекеттерді оқып, тексеру аспектісінің мазмұны әр түрлі. Криминалистикалық тәсілдер мен әдістер тергеу әрекеттерінің тиімді және нәтижелі жүруіне бағытталған. Олар қылмыстық процесуалдық заңда көрсетілмеген, заң қалпының мазмұнымен қамтылмаған. Бірақ криминалистика ұсынған қандай әдіс, тәсіл, не құрал болса да ол Қылмыстық Іс Жүргізу заңының шеңберінен шықпауға тиісті және заңға қайшы болмауы керек.
Криминалистиканың қылмыстық құқық ғылымымен де тығыз байланысы бар. Қылмыстық құқық ғылымында қоғамға қауіпті қандай әрекеттердің қылмыс қатарына жататынын көрсетіп, әр қылмыстың құрамындағы белгісін талдап баяндайды. Бұл қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының белгілерін негізге ала отырып, криминалистикалық талдау жүргізіп, қылмысты ашуға керекті белгілерді нақтылап, қылмыстық іс бойынша дәлелденуге тиісті мән-жайларды, шешетін сұрақтарды белгілеп және қылмыстарды тергеу тәсілдерін ұсынады.
Криминалистикаға тектес ғылымдардың бірі – криминология. Бұл ғылым қылмыстың болу себептерін, оның әлеуметтік негіздерін және белгілі жерде тарауын, оған қарсы сақтандыру шараларының қолдану тәсілдерін зерттейді. Криминологияның осы қағидаларын негізге ала отырып, криминалистика тергеушінің жеке істерді жүргізгенде қылмыстың болуына ықпал еткен жағдайларды толық тауып, бұл себептер мен жағдайларды жою жөнінде қандай әрекеттер жүргізу керектігін айтады.
Криминалистиканың келтірілген ғылымдар мен пәндерден басқа да криминалдық ұғымға кіретін сот-медицинасы, сот-психиатриясы, сот-психологиясы пәндерімен де көп байланысы бар, өйткені қылмысты ашу, оны тергеуге арналған криминалистикалық тәсілдер, тергеу әрекетін жүргізу әдістері осы жоғарыда айтылып отырған пәндердің қағидаларын пайдаланады.
Криминалистика тек заң ғылымдары ғана емес, басқа ғылымдармен де, атап айтқанда: физика, химия, математика, педагогика, психология ғылымдарымен де байланысы бар, себебі криминалистика қылмысты тез арада ашу үшін, өз тәсілдерінің нәтижелігін арттыру үшін, жоғарыда айтылған ғылымдарда қолданылатын тәсілдер мен әдістер, техникалық құралдарды өз қажетіне бейімдеп пайдаланады.
Криминалистикада қолданылатын тәсілдер мен әдістер, заттай дәлелдемелерді іздеп табу, оларды бекіту, алу, зерттеуге бағытталады. Сондықтан криминалистикада жиі қолданылатын іздеп табу, бекіту, алу және зерттеу деген ұғымдардың мазмұнын талдап оларға түсінік беру қажет.
Заттай дәлелдемелерді іздеп табу дегеніміз – ол тергеу органдарының қылмысты ашуға, керекті дәлелдерді іздеуге байланысты жүргізілетін жұмыс әрекеті. Заттай дәлелдемелерді іздеуге арнаулы әдістер мен тәсілдер жеке криминалистикалық құралдар қолданылады, себебі кейбір іске қажет дәлелдер, атап айтқанда: іздер, өте кішкентай заттарды жай көзбен қарап тауып алуға болмайды (мысалы, майлы тер шығу арқылы пайда болатын қол іздерінің үлгісі).
Бекіту және алу дегеніміз – криминалистикалық аспектіде іздеп тауып алынған заттай дәлелдемелерді, іздерді сол күйінде сақтап қалу үшін, оларды арнайы криминалистикалық тәсілдермен белгілеу және алу. Тауып алынған заттай дәлелдемелер, іздер іс жүргізу құжатында толық сипатталып жазылады, суретке түсіріледі, арнаулы жабыстыру пасталарын дактопленкаларын, гипс қолдану арқылы үлгісі алынады т.б., іс бойынша жиналып, заңды түрде бекітілген заттай дәлелдемелер жан-жақты зерттеледі. Криминалистикалық зерттеу үстінде заттай дәлелдемелерді қалайша пайда болғанын, оның тергеліп отырған қылмыстық оқиғаға қандай қатысы бар екендігі анықталады. Сонымен қатар жеке іздерді, кейбір заттай дәлелдемелерді тексеруге арнаулы білім қажет болған кезде, олар күрделі криминалистикалық техниканы қолдану арқылы сараптамалық зерттеуден өткізіледі. Сараптамалық зерттеуде дәстүрі басқа да күрделі физикалық, химиялық әдістер (спекторлық талдау, газды хромотографиялық зерттеу), оған сәйкес техникалық құралдар пайдаланылады.
Әр ғылымның пәндік сипаттамасы, мазмұны ол ғылымның міндеттерімен тығыз байланысты. Жоғарыда талданған криминалистиканың пәндік сипаттамасы оның арнаулы міндеттерін көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен криминалистиканың мына төменде көрсетілгендей негізгі міндеттері бар:
1. криминалистиканың ғылым ретінде дамуы;
2. заттай дәлелдемелерді, іздерді тауып, бекіту, алу және зерттеу үшін керекті жаңа криминалистикалық әдістер мен тәсілдерді одан әрі өңдеп жетілдіру және осы әдістерді пайдалануға лайықты техникалық құралдар жасау;
3. алдын ала тергеудің ұйымдық, тактикалық негіздерін жетілдіру. Әрбір тергеу әрекетінің тактикалық әдістерін өңдеу арқылы оның нәтижелігін арттыру;
4. жекелеген қылмыстарды тергеу әдістемелерін өңдеп жетілдіру үшін жаңа ұсыныстар енгізу;
5. қылмысты болдыртпау үшін криминалистикалық сақтық шараларды құқыққорғау органдарына ұсыну.
