- •1. Психология және психика туралы жалпы түсінік. Психиканың ғылыми түсінігі.
- •2. Сана және психиканың даму кезеңдері.
- •3. Физиологиялық және психикалық бейнелеу. Психикалық бейнелеудің ерекшеліктері. Белсенділік – психикалық бейнелеудің маңызды ерекшелігі ретінде.
- •4. Сананың нейрофизиологиялық механизмдері
- •5. Психикалық құбылыстардың классификациясы: психикалық процестер, психикалық қасиеттер, психикалық кейіп.
- •6. Түйсік туралы түсінік. Анализатор түйсіктің мүшесі ретінде.
- •7. Анализаторлардың құрылымы.
- •8. И. Шеррингтон бойынша түйсіктің жүйелі жіктелуі.
- •9. Түйсіктердің жалпы қасиеті. Түйсік табалдырығы.
- •10. Сезгіштіктің өзгеруінің негізгі формалары: адаптация, синестезия. Сенсебилизация
- •11. Түйсік түрлері.
- •12. Қабылдау заттар мен құбылыстардың тұтас бейнесі ретінде және оның физиологиялық негізі.
- •13. Қабылдаудың қасиеттері: заттылығы, тұтастығы, мағыналылығы, апперцепция константтылығы, қабылдаудың таңдамалылығы.
- •14. Қабылдаудың күрделі формалары: Кеңістікті қабылдау, қозғалысты қаблдау, уақытты қабылдау.
- •15. Елес, оның түрлері. Елестің зейінге, еске, тұлғаның ерекшеліктеріне тәуелділігі
- •16.Қиял туралы ұғым, оның физиологиялық негіздері
- •17. Қиялдың түрлері: пассивті (енжар), активті (белсенді). Эмпатия
- •18. Антициптрлік қиял. Фантазия мен арман
- •19. Қиялдың жас ерекшелігіне байланыстылығы. Қиялдың клиникалық-психологиялық мәні.
- •20. Ес туралы жалпы түсінік. Ес теориялары: ассоциативті, нейрондық, биохимиялық
- •21.Естің типтері: (бейнелік, логикалық, механикалық т.Б.).
- •22. Естің түрлері: жедел, қысқа мерзімді, аралық мерзімді, ұзақ мерзімді, мәңгілік мерзімді.
- •23.Естің негізгі процестері және олардың ағымдарының заңдылықтары.
- •24. Зейіннің анықтамасы. Зейіннің физиологиялық механизмі.Зейіннің түрлері: ырықты, ырықсыз және үйреншікті.
- •25. Зейіннің негізгі қасиеттері: тұрақтылығы, шоғырлануы, бөлінушілігі, ауысуы, көлемі. Зейіннің алаңдаушылығы және шашыраңқылық
- •26. Ойлау туралы жалпы түсінік. Ойлаудың физиологиялық механизмі.
- •27.Ойлау мен сөздің байланысы. Сөз және оның қызметі.
- •28.Ойлаудың негізгі операциялары: анализ, синтез, салыстыру, жалпылау, абстракция, клиникалық ойлауды қалыптастырудағы олардың бірлігі мен маңызы.
- •29. Ойлаудың формалары: ұғым, пікір, ой қорытынды (индукция, дедукция, аналогия).
17. Қиялдың түрлері: пассивті (енжар), активті (белсенді). Эмпатия
Әрекет дәрежесіне орай қиял енжар (пассив) және белсенді (актив) болып, екіге бөлінеді. Енжар қиялдан тұрмысқа аспайтын, қажетсіз не болуы мүмкін емес бейнелер қалыптасады. Қиял мұндайда адамды толық баурап, шын әрекет қажеттігінен ажыратады..Енжар қиял ниеттелген не ниетсіз болуы мүмкін. Ниеттелген енжар қиял ерік күшімен байланыспаған бейнелер пайда етеді. Мұндай бейнелер әлі болары не болмасы белгісіз армандаудан келіп шығады, ол жеке адамның қажетсінуіне байланысты. Мысалы емтиханға бара жатқан студент не армандайтыны не айтпаса да түсінікті. Енжар қиялдауда адам, әдетте, тек өзіне жағымды, ұнамды арманға түседі. Ал егер мұндай арманшылдық өнімді іс-әрекетпен ұштаспай, адамның психикалық өмірінде басымдау келсе, онда тұлға дамуының қандай да кесапатқа ұшырағаны. Ниетсіз енжар қиял сана қызметьінің босаңсып, не зақымдануынан, мүлгіген хәлде, ұйқыда және т.б. жағыдайларда белгі береді. Ниетсіз қиялдың аса жарқын көрінісі галлюцинациялық кейіпте, адамның жоқ затты бар етіп, одан шошынып, не қорқып, күйзеліске түскенінен байқауға болады. Енжар қиялға қарағанда белсенді қиял жасампаз және шығармашыл келеді. Жасампаз қиял негізінде алдын ала берілген көрсетпелерді басшылыққа ұстаумен қандайда бейнелерді түзу жатады. Бұл қиял түрі қалған оқу жұмысының тірегі ретінде көркем әдебиет оқығанда, сызылмалар мен іс жобаларын оқығанда өте қажет. Жасампаз қиял бейнелерін жазба не заттық құжаттар күйінде берілген басқа адамдар сөзінен тұрғызуға болады. Қайта жасау барысында адам таңбалық жүйедегі (сөз, сан, сызылма, нота және т.б.) іздерді өзінде бұрыннан қорытылған білімдерімен толықтырып отырады. Қандай да бейне, кейіпкерді жасауда автордың көркемдік шеберлігі, образ құрудағы әдістері мен тәсіл байлығы үлкен роль ойнайды.
Шығармашыл қиял жаңа, қайталанбас бейнелер мен идеялардың қайнар көзі. Мұндағы "жаңа" – түсінігі екі талай мәнге ие: объективті жаңалық және субъективті жаңалық. Объективті жаңа бейне – бұл заттық не идея күйінде дүниеде бұрын соңды болмаған бейне; ал субъектив жаңа бейне - әрбір жеке адамның оқу, тәрбие, күнделікті тұрмыс жағыдайында өз басы үшін ашатын жаңалығы. Қажеттіктерді қанағаттандыру жолында көрнекі елес туындыларын белсенді, мақсат бағдарлы пайдалану – шығармашыл қиялдың негізгі қасиеті.
Шығармашыл қиялдың ерекше сипаты: түзіліп жатқан бейне нысаны (объект) болмыс дүниеде әлі жоқ, ол енді ғана ғайыптан пайда болған сияқты. Шығармашыл қиялсыз өнер салаларындағы, ғылым мен техникадағы жаңалықтардың болуы мүмкін емес.
Жасампаздық және шығармашылық қиялдар арасындағы айырмашылықты салыстырмалы сипатта деп түсіндірген жөн. Жасампаз қиялда да шығармашыл қиялдағыдай нысан бейнелері жасалып, жаңаланады.
Эмпатия- Басқа адамды түсініп бірге сезіну . Қуанышын , қайғысын бөлісу.
18. Антициптрлік қиял. Фантазия мен арман
Қиялдың ерекше түрі – арман. Армандау өзімізге ұнаған болашақ бейнелерді қиял ету, әзірге қол жетпес, бірақ келешекте орындалса деген адамның өмірлік мүддесін қанағаттандыруға қажет зат не әрекет. Арман – өз қалауымызша жаңа образдар жасау.Арман өзіміздің тілеген келешекке бағытталған қиял процесі. Арманды сөз еткенде оның іске асатынын не аспайтынын ескерген жөн. Болар арман сол арманға жету әрекетінен ажырамайды, оның мақсаты анық, мазмұны мен орындау жолдары қиялдаушыға толық түсінімді. Ал болымсыз арманның мазмұны анық болғанымен, іске асу жолдары белгісіз. Көп жағыдайда мұндай арман қиял бейнелері дәрежесінен аспай, адамды әрекетке ынталандырмайды. Болымды арман әрдайым белсенді келеді, боларына сенген адам дегеніне жетпей, тыным таппайды. Адам еңбегінен туындаған қалаған зат (қағаз, қалам, машина және т.б.) көптеген ұрпақтар арманының жемісі емес пе?. Осы қиялдың негізі болып фантазия мен арман жатыр. Олар адамның іс-әрекетінің идеясы мен көздеген мақсатына жетуге бағыттайды. Сонымен қатар адамның психикасын оятатын күш болып табылады.Антицепторлық қиял бұл өз өзінің іс әрекетінің нәтижесін алдын ала болжау.
