Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
псих 1-аралық билет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
71.99 Кб
Скачать

15. Елес, оның түрлері. Елестің зейінге, еске, тұлғаның ерекшеліктеріне тәуелділігі

Дәл қазір қабылданбайтын заттар мен құбылыстардың миға түскен бейнесі елес деп аталады.

Елес заттың бейнелерін есте сақтауға, сол заттардың типік, басты белгілерін көрсететін ой –тәсілдеріне (анализ, синез, салыстыру т.б.) көшуге, оның мәнін танып білуге көмектеседі. Елестердің түрлері де түйсіктер мен қабылдаудың бөлінісіне ұқсас. Мысалы, адам заттың түсңн, пішінін, көлемін көру елестері арқылы, музыкалық шығармаларды, таныс адамның дауысы, т.б. есту арқылы елестетсек, тікенек шөпті т.б. сипап сезу арқылы елестетміз . Біздің елестеріміз – жеке қабылдаулардың жалпылауының нәтижесі. Елестер жалпылау дәрежесінің әр түрлі болғандығына қарай жалпы, жеке болып бөлінеді. Көп жалпыланған елестерді жалпы елестер дейді. Мысалы, адамның өзен туралы елесі жалпы елес. Ертіс өзені- жеке елес. Қызметіне байланысты: ес елесі және қиял елесі болып екіге бөлінеді. Ес елесі бұрынғы өткен оқиғаны елестету. Қиял елесі болашақта болатын образ. Елес зейінге тәуелді, яғни елемтің зейінмен де тығыз байланысы бар. Елес тұлғаның ерекшелігіне тәуелді. Елестердің ерекшеліктері:

-елестер қабылданудағы көрнекі келеді, бірақ мұндағы бейне күнгірт

-елеске түскен бейнеде заттың бөлшектері мен жеке бітістерін ажыратып болмайды.

-елесте әрдайым жалыпланған бейне сақталады.

Кейбір кездерде елес өте жарқын анық есте сақталады. Оны эйдетизм дейді.(бейне гр) эйдетизм көру, есту, тактильді болады. Ондай адамдар эйдетик адамдар.

16.Қиял туралы ұғым, оның физиологиялық негіздері

Қиял дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өңдеп, бейнелеуде көрінетін тек адамға ғана тән процесс Қиялдың қабылдаудан ерекшелігі оның бейнелері әрқашан шындықпен сәйкес келе бермейді. Қиял басқа да психикалық процестер сияқты үлкен жарты шарлар қыртысының қызметі болып тапбылады. Негізінен қиял оң жарты шарлардың қыртысымен тығыз байланысты, бірақ екі жарты шардың да қызметі өте маңызды. өйткені олардың әр қайсысы өз қызметін атқарады. Оң ми сыңары дүние көрністерін қарапайым түрге келтіріп, олардың біртұтастығы мен үйлесімділігінен, композициялық бірлестігінен хабар береді, осыдан адамда әр қиды бейнелер негізінде эстетикалық сезімдер өрістейді. Ал сол тараптағы ми сыңары келіп түскен ақпараттарды реттеп, оларды сөзбен өрнектеу қызметін атқарады, осыдан бейне мен ой ажырамас бірлікте екенін байқаймыз. "Ақылдан ажыралған фантазия құбыжық тудырады, ақылды арқау еткен фантазия - өнер атасы, ғажайыптар бұлағы" (Ф.Гойя).

Қиялдың физиологиялық негізі жүйке байланыстарының іске қосылуы, бұзылуы, қайта түзілуі мен жаңа жүйелерге бірігуі. Осының арқасында бұрынғы тәжрибеден өзгеше, бірақ одан мүлде ажырап кетпеген, жаңа бейнелер келіп шығады. Қиялдың осынша күрделі болуы, алдын ала оның мазмұндық сипатын болжастырудың қиындығы, қиял жасаушы тетіктердің тек ми қабығында ғана емес, мидың тереңғ тар бөліктерінде жайғасатынын пайымдады. Сонымен бірге мида пайда болған бейнелер шеткі (перифериялық) процестердің қызметтерін өзгертумен, оларға реттеу ықпалын жасайды. Бұл тұрғыдан барша психикалық процестердің арасында қиял денедегі органикалық процестермен аса тығыз байланысқан әрі оларды әсерлі өзгерістерге келтіріп отырады. Қапелімде қиялына бірдеме түсіп кетіп, адамның өзіне-өзі шошынып, терге малынып, қызарып- бозарып, дірілдей қалатынын байқаған боларсыз. Осындай қиялдың әсеріненкей кезде адам өзін сырқатқа да ұрындырады.