- •1. Психология және психика туралы жалпы түсінік. Психиканың ғылыми түсінігі.
- •2. Сана және психиканың даму кезеңдері.
- •3. Физиологиялық және психикалық бейнелеу. Психикалық бейнелеудің ерекшеліктері. Белсенділік – психикалық бейнелеудің маңызды ерекшелігі ретінде.
- •4. Сананың нейрофизиологиялық механизмдері
- •5. Психикалық құбылыстардың классификациясы: психикалық процестер, психикалық қасиеттер, психикалық кейіп.
- •6. Түйсік туралы түсінік. Анализатор түйсіктің мүшесі ретінде.
- •7. Анализаторлардың құрылымы.
- •8. И. Шеррингтон бойынша түйсіктің жүйелі жіктелуі.
- •9. Түйсіктердің жалпы қасиеті. Түйсік табалдырығы.
- •10. Сезгіштіктің өзгеруінің негізгі формалары: адаптация, синестезия. Сенсебилизация
- •11. Түйсік түрлері.
- •12. Қабылдау заттар мен құбылыстардың тұтас бейнесі ретінде және оның физиологиялық негізі.
- •13. Қабылдаудың қасиеттері: заттылығы, тұтастығы, мағыналылығы, апперцепция константтылығы, қабылдаудың таңдамалылығы.
- •14. Қабылдаудың күрделі формалары: Кеңістікті қабылдау, қозғалысты қаблдау, уақытты қабылдау.
- •15. Елес, оның түрлері. Елестің зейінге, еске, тұлғаның ерекшеліктеріне тәуелділігі
- •16.Қиял туралы ұғым, оның физиологиялық негіздері
- •17. Қиялдың түрлері: пассивті (енжар), активті (белсенді). Эмпатия
- •18. Антициптрлік қиял. Фантазия мен арман
- •19. Қиялдың жас ерекшелігіне байланыстылығы. Қиялдың клиникалық-психологиялық мәні.
- •20. Ес туралы жалпы түсінік. Ес теориялары: ассоциативті, нейрондық, биохимиялық
- •21.Естің типтері: (бейнелік, логикалық, механикалық т.Б.).
- •22. Естің түрлері: жедел, қысқа мерзімді, аралық мерзімді, ұзақ мерзімді, мәңгілік мерзімді.
- •23.Естің негізгі процестері және олардың ағымдарының заңдылықтары.
- •24. Зейіннің анықтамасы. Зейіннің физиологиялық механизмі.Зейіннің түрлері: ырықты, ырықсыз және үйреншікті.
- •25. Зейіннің негізгі қасиеттері: тұрақтылығы, шоғырлануы, бөлінушілігі, ауысуы, көлемі. Зейіннің алаңдаушылығы және шашыраңқылық
- •26. Ойлау туралы жалпы түсінік. Ойлаудың физиологиялық механизмі.
- •27.Ойлау мен сөздің байланысы. Сөз және оның қызметі.
- •28.Ойлаудың негізгі операциялары: анализ, синтез, салыстыру, жалпылау, абстракция, клиникалық ойлауды қалыптастырудағы олардың бірлігі мен маңызы.
- •29. Ойлаудың формалары: ұғым, пікір, ой қорытынды (индукция, дедукция, аналогия).
12. Қабылдау заттар мен құбылыстардың тұтас бейнесі ретінде және оның физиологиялық негізі.
Қабылдау әр түрлі деңгейде пайда болатынын айта кету керек.Сенсорлы деңгей (көру, есту, иіс, сипап сезу түйсіктері). Перцептивті деңгейде (адамның өткен тәжірибесіне, қызығушылығына, біліміне, қажеттілігіне, ерекшелігіне байланысты). Опретивті деңгейде (адамның іс -әрекетіне байланысты). Оның әрекеті неге бағытталғанына, оның қызығушылығы мен қажетсінуніне байланысты. Қабылдау –заттар мен құбылыстардың санада тұтас түрде бейнеленуін қамтамасыз ететін психикалық процесс.
Қабылдау – аса көп талдап, біріктіру қызметін керек ететін құрылымды әрі белсенді әрекет. Бұл күрделілік пен белсенділік келесі жәйттерден көрінеді. Ең алдымен ақпарат ағымы – бұл сезім мүшелері жәй тітіркенудің нәтижесінде қозулардың шеткі қабылдаушы мүшелерден миға жетуі ғана емес. Қабылдау қызметіне қозғалыс әрекеттері де қосылады (мәнді тетіктерін байқастыру үшін заттарды түртіп көру мен көзбен шолып шығу; дауыс ағымындағы мәнді ерекшеліктерді анықтау мақсатында тиісті дыбыстарды әуендеп немесе күбірлей қайталау). Сондықтан да, психикалық қабылдау процесін субъектінің затты тануға ағытталған тікелей іс- әрекеті деп қарастырған жөн.
Қабылдау да түйсік секілді рефлекторлы процесс. Оның негізінде қоршаған орта заттары мен құбылыстарының рецепторларға әсер етуінен үлкен ми сыңарлары қабығында пайда болған шартты рефлекстер мн уақытша жүйке байланыстары жатыр. Ми қабығы бөліктеріне келіп түскен құрамды тітіркендіргіштер күрделі талдаудан өтіп, бірігіп жатады. Қабылдау нысаны талдау арқылы жалпы ортадан (фон) бөліп алынады, сонымен бірге оның барша қасиеттері біртұтас сапалық бейнеге біріктіріледі.
Түйсікпен салыстырғанда қабылдау процесі ми қызметінің ең жоғарғы талдау – бірігу формасы. Талдау болмай, қабылданатын зат не құбылыстың мән жайына жету мүмкін емес.
Ары қарай қабылдаудың жалпы қасиеттеріне мінездеме берейік, олар: заттық тектілігі, қабылдау тұтастығы, қабылдау тұрақтылығы (константтығы), қабылдаудың мағыналылығы, апперцепция.
Қабылдаудың заттық тектілігі. Қабылдаудың бұл қасиеті оның объектив болмыстық көрнісімен түсіндіріледі, яғни сыртқы дүниеден алынатын ақпарат көзі осы объектив дүниенің өзінде болуы. Заттай қабылау адамның тума қасиеті емес, ол өмір бойы қалыптасып, іс-әрекеттің барша саласында бағыттау – реттеу қызметін атқарады. Қоршаған дүниені заттай тану сол затпен жанасу барысындағы қозғалыс процестерінің негізінде орнығады.
Қабылдау тұтастығы. Түйсік жоғарыда айтқанымыздай, заттардың жеке қасиеттерінен ақпарат жинауға қажет, ал қабылдауда сол заттардың қарапайым бөлшектері жөніндегі біліктерді біріктіру арқылы тұтастай бейне жаратамыз .
Қабылдау тұрақтылығы (константтығы). Қабылдау тұрақтылығы деп өзгерген жағдайларға қарамастан заттың кейбір қасиеттерінің бір текті сақталуын айтамыз.
Қабылдаудың мағыналылығы. Қабылданған нысан тұтас, оның мәні сөзбен беріледі, мазмұны тұжырымдалады. Қабылдау мағынасының қарапайым түрі – тану. Тану жалпылап тану немесе талғаусыз тану және даралап тану болып бөлінеді. Жалпылап тануды нәрселердің жай жапсары терең біліне бермейді, ал даралап тануды заттар мен құбылыстарды айырыу анық әрі толық түрде жүреді.
Апперцепция. Қабылдау нәтижесінің жеке адам психикалық өміріне, оның тұлғалық ерекшеліктеріне тәуелділігі апперцепция деп аталады. Қабылдау барысында адамның өткен өмір тәжрибесі үлкен рөл ойнайды. Сондықтан да бір заттың өзін әрқилы адамдар (біліміне, тәжрибесіне, тәрбиеленген ортасына, жасына, ұлтына, қызметтік дәрежесіне, т.т. орай) әрқилы қабылдайды.
Қабылдаудың түрлері:
Кеңістікті қабылдау – күрделі процесс. Дүниедегі заттардың барлығы кеңістікте орналасқан.Олардың әрқайсысының белгілі түр-тұрпаты бар: ұзын-қысқа, енді-енсіз, биік-аласа, үлкен-кіші. Олар бізден түрлі қашықтықта орналасқан.
Тек адамның нақтылы тәжрибесі, жан-жақты білімі арқылы ғана кеңістікті дұрыс қабылдауға болады. Адам заттардың бірінен бірінің қашықтығын, бет алысын, көлемін, рельефін, бағдарын және формасын қабылау арқылы ғана кеңістікті дұрыс қабылдайды.
Уақытты қабылдау – уақыт та материя өмір сүруінің объектив формасы. Дүниедегі материя мен заттардың бәрі де кеңістік пенуақыт ішінде қозғалыста болып, оларда бірнеше қабылдау бірліктері арқылы, құбылыстың белгілі бір ырғағымен өтеді, қарқын дәрежесімен өлшенеді. Қарқын – уақыттың бірізді тездігінің не баяулығының көрсеткіші.
Уақыт пен кеңістікті қабылдау екеуі қосылып қозғалысты қабылдауды береді. Қозғалысты қабылдау өте күрделі процесс, оның табиғаты әлі де түсініксіз. Қозғалысты қабылдауды 2 түрге бөлуге болады.
1.Салыстырмалы. 2.Қатыссыздық.
