Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
псих 1-аралық билет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
71.99 Кб
Скачать

10. Сезгіштіктің өзгеруінің негізгі формалары: адаптация, синестезия. Сенсебилизация

Ескертетін жайт, біздің сезім мүшелеріміздің сыртқы әсерлерге жауабы, оларды қабылдау мүмкіндігі өзгермелі, сондықтан жоғарыда әңгіме еткен сезу табалдырықтары өте кең шектерде ауысып отырады. Мысалы, қараңғылықта біздің көру сезіміміз әсерлене түседі де, ал күшті жарықта оның сезгіштігі бәсеңдейді. Мұны қараңғы бөлмеден жарыққа, жарықтан күңгірт жайға енгенде байқаймыз. Бірінші жағыдайда көз қамасып, түк көрмей қалады, көздің күшті жарыққа үйренісуі үшін біраз уақыт қажет болады, ал екінші жағыдайда – керсінше, аса жарық жерден солғые бөлмеге кірген адам алғашқыда көруден қалып, енді осы жағыдайға икемделуі үшін оған 20-30м. уақыт керек. Бұл келтірілген мысалдарымыз біздің көру сезіміміздің қоршаған орта жағыдайына орай өзгеріске енетінінің дәлелі. Мұндай құбылыс сезім органдарымыздың бәріне де тән. Осыдан, сезім мүшелерінің тітіркендіргіштерге біртіндеп икемделуін адаптация дейміз. Басқа сезу мүшелеріне түсіп жатқан әсерлерден түйсік анализатроларының өзгеріске келуі – түйсіктердің өзара ықпалы деп аталады. Мысалы: күшті дыбыстық әсер (ысқырық) көру түйсігін арттырады. Кейбір иістердің көру мен есту сезімдерін көтеруі не әлсіретуі ғылымда дәлелденген. Түйсікке байланысты талдағыштар жоғары немесе төменгі деңгейде бір-біріне жүйелі ықпал жасап отырады.Талдағыштардың өзара ықпалды әсерінен сезгіштіктің артуы – сенсибсилизация деп аталады. Сезгіштік сипатының жоғарылауы екі сипатта көрніс береді. (А.Р. Лурия):

ұзаққа созылған, тұрақты ағзадағы қалыпты өзгерістерге байланысты уақытша субъект кейпіне, физиологиялық немесе психологиялық себептерге орай тосыннан болған әсерлерден туындайды. Көзге түскен жарық мөлшері оның көру қаблетімен қатар, есту түйсігінің де сезімталдығын арттыруға себеп болады. Әдетте қызыл түс адамға ақ, қара түстерді дұрыс ажыратуға жәрдемдеседі.Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына да жағдай жасайды, яғни қосарласқан түйсік пайда болады. Бұл құбылыс психологияда синестезия деп аталады. Мысалы, кейбір адамдар біреудің ас, тағам жөнінде әңгімесін ести отырып, бұған қоса түрлі түстерді де сезінуі мүмкін.

11. Түйсік түрлері.

Түйсіктер сезім мүшелерімізге байланысты көру түйсігі, дәм түйсігі, иіс түйсігі, тері түйсігі, кинестетикалық, вибрациялық және органикалық болып бірнеше түрге бөлінеді. Ежелден – ақ адам өзінің сыртқы сезім мүшесіне орай көру, есту, сипау, иіс және дәм түйсіктерінен ажыратқан. Қазіргі кезде сыртқы және ішкі отаны рецепторда бейнелейтін 20 дан астам түрлі талдағыштар бары белгілі.А.Р.Лурияның пайымдауынша түйсіктер негізгі екі принцип бойынша жіктеледі. а)жүйелі-генетикалық (қызметіне орай), б) құрылым күрделілігі деңгейіне байланысты.Көру түйсіктері – біздің көзімізге электормагнит толқандарының әсер етуінің нәтижесінде пайда болады. Көру мүшесі –көз. Оның негізгі бөлімі – көз алмасы. Көз алмасы үш түрлі қабықпен (ақ түсті, тамырлы және торлы) қапталған шар тәріздес нәрсе.Ақ қабықтың түсі пісірілген жұмыртқаның ағына ұқсас. Мұның алдыңғы жағы аздап дөңестелген түссіз мөлдір қасаң қабыққа (роговица) айналады. Мөлдір қасаң қабық арқылы көз алмасының ішіне жарық сәулесі енеді.Тамырлы қабы қақ қабықтың астында жатады. Қасаң қабықтың артқы жағы, тамырлы қабықтың алдыңғы бөлігі нұрлы қабық деп аталады. Көздің түсі осы нұрлы қабықтағы пигментке байланысты түрліше болады. Нұрлы қабықтың ортасында қарашық орналасқан. Ең ішкі үшінші қабықты торлы қабық дейді. Мұнда жарық сәулесінің сезімтал таяқшасы және шақша деп аталатын фоторецепторлары орналасқан. Таяқшаның клеткаларында көру пурпуры (зрительный пурпур) деген зат болады, бұл жарықтың әсерінен химиялық жолмен бөліну арқылы көру нервтерін қоздырып отырады.Есту түйсіктері – дыбыс толқындарының есту рецепторларына әсер етуінің нәтижесінде пайда болады. Есту мүшесі құлақ 3 бөлімнен тұрады. Оның біріншісі – сыртқы құлақ, сыртқы құлаққа дыбыс түтігімен құллақ қалқаны жатады. Ортаңғы құлаққа балғашық, төстік, үзеңгі кіреді. Есту мүшесінің үшінші бөлігі- ішкі құлақ. Ішкі құлақтың бітісі өте күрделі. Оның өзі 3 бөліктен: босағадан, иірім түтіктен және жартылай имек каналдардан тұрады. Бүкіл негізгі жарғақты бойлай корти мүшесі орналасқан. Оның құрылысы да күрделі. Корти мүшесінің аса маңызды бөлігі - өте жіңішке талшықтары бар сезімтал клеткалардан тұрады. Ол клеткалар дыбыс қабылдайтын рецепторлар деп аталынады.Терілік түйсік – тактилді температуралық (жанасу және қысым), ауырсыну. Сенсопатия – ағза ішіндегі ұдайы жағымсыз түйсік.Иіс сезу түйсігі – химиялық сезгіштіктің әртүрлілігі болып табылады. Көру, есту, сипап сезуге қарағанда қоршаған ортаны тануда аз рөл атқарады.Дәм сезу - түйсігі де заттардың химиялық қасиеттеріне негізделген, сілекейде немесе суда еріген химиялық заттардан туындайды.Дәм сезу түйсігінің негізгі 4 қасиетін бөліп көрсетуге болдаы – тәтті, қышқыл, тұзды, ащы. Оны негізгі түйсіктердің байланысы және иіс, сипап сезу түйсіктері бірігіп бізге дәмді береді. Кинестезиялық түйсік (қозғалыс) – бұл бұлшық еттік түйсік. Ағзаның жеке бөлшектерінің қозғалысын түйсіну. Олар орналасқан буындарда, бұлшық еттер мен будаларда, проприорецепторларынан келетін қозғыштардан тұрады. Кинесезия көрумен өте тығыз байланысқан. Кинестетикалық түйсік, сонымен қатар, кеңістікті қабылдау мен елесте , дағдыны қалыптастыруға қатысады.Статикалық түйсік – ағзаның кеңістіктегі күйін түйсіну. Тепе-теңдік түйсігі. Бұл түйсіктің рецепторлары ішкі құлақта орналасады. Ағзаның кеңістіктегі күйін реттеудегі негізгі мүше болып лабиринттік апппарт табылады. Ағзаның кеңістіктегі тепе-теңдігін реттейтін, орталық мүше – сезім мүшелері аппараты. Тепе-теңдікті бақылаушы жоғарғы мүше – мишық, ол сезім мүшелері аппаратымен тығыз байланысты.