Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
псих 1-аралық билет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
71.99 Кб
Скачать

8. И. Шеррингтон бойынша түйсіктің жүйелі жіктелуі.

Түйсіктің 5 негізгі түрлері бар: сипап сезу, иіс сезу, дәм, есту, көру

Шерингтон бойынша түйсікті 3 топқа бөлетін түйсіктің жүйелік талдануы бар:

Интероцептік – түйсіктер дененің ішкі процестеріне байланысты, яғни, ішек, қарын, жүрек, қан тамырлары ме басқа да ішкі құрылым қатпарларындағы тітіркенулерді миға жеткізіп отырады. Түйсіктердің бұл тобы тірі ағзаларда пайда болу жағынан ең ежелгілерден, әрі өте қарапайым түрі. Интероцептік түйсіктердің пайда болуымен олардың жүрісін түсіндіріп білу өте қиын, сонымен бірге нақты қозу нүктесіне ие емес, яғни диффуздық күйде болады, осыдан бұлар адамның көңіл –күй қалпына жақындау келеді.

Проприоцептік - түйсіктер дененің кеңістіктегі қалпы жөніндегі ақпараттармен қамтамасыз етіп, адам қозғалысының сезімдік негізін құрап, оларды реттеп отырады. Бұл түйсіктер тобының шеткі (перифериялық) рецепторлары бұлшық еттер мен буындарда ерекше жүйке тәндері формасында берілген (тельца Паччини). Осы жүйелік тәндерде болатын қозулар бұлшық еттер созылғанда, буындар қалпы өзгергенде туындайтын түйсіктерді бейнелейді. Аталған топқа, сонымен бірге, ерекше қасиеттерге ие теңдестік және тұрақтылық түйсіктері де кіреді. Олардың перифериялық рецепторлары ішкі құлақтың шеңберлі сайларында жайласқан.

Экстроцептік – түйсіктер ең үлкен түйсіктер тобын құрайды. Бұл түйсіктердің қызметі сыртқы дүние ақпаратын адам сезіміне жеткізу және қоршаған ортамен үздіксіз байланысты орнату. Барша экстроцептік түйсіктер тобы шартты түрде аралық және түйісу түйсіктері деп аталған екі бөлікке жіктеледі.

Түйісу – түйсіктерді әсерлердің дене бетіне немесе сезім мүшелеріне тікелей жанасуынан іске қосылады. Мұндай түйсіктердің, мысалы ретінде тері сезуі мен дәм сезуін келтіруге болады.

аралық – түйсіктері тітіркендіргіштердің сезімтал мүшелерге біршама қашықтықтан әсер етуінен туындайды. Бұл топқа жататындар: иіс сезу, есту, көру иүйсіктері.

генетикалық жіктеуге байланысты түйсіктерді екі топқа бөлу көзделген:

протопатикалық - өте қарапайым, шарпулы, толық жіктеліп, мекенделмеген органикалық сезімдер;

эпикритикалық – жоғары дәрежеде жіктеуге келетін, себеп-салдарлы және рационалды яғни адамның негізгі сезім мүшелерінде пайда болатын түйсіктер.

9. Түйсіктердің жалпы қасиеті. Түйсік табалдырығы.

түйсіктің әр түрлері жалпы қасиеттерімен сипатталатынына тоқтала кетуіміз жөн, бұған жататындар: түйсік сапасы, түйсік қарқыны, түйсік ұзақтығы, кеңістіктік мекендігі.

Түйсік сапасы – нақты түйсік түрінің оны басқа түйсіктерден ажырататын және сол түйсік шеңберінде көрніс беретін дара негізгі ерекшелігі. Түйсіктердің осы сапалық көп түрлілігі материя қозғалыс формаларының шексіз сан алуандығын дәлелдейді.

Түйсік қарқыны - түйсіктің сандық сипатын білдіре отырып, өз кезегінде, әсер етуші тітіркендіргіштің күші және рецептордың қызметтік жағыдайымен анықталады.

Түйсік ұзақтығы - түйсіктің уақыт аралығына байланысты сипаты. Бұл қасиет сезім мүшесінің қызметке жарамдылық қалпымен анықталады да, негізінен, тітіркендіргіш әсерінің уақыт созыңқылығы мен қарқынына байланысты келеді. Тітіркендіргіштердің сезімдік мүшеге әсер етуімен түйсік пайда бола қалмайды, ол үшін біршама жасырын уақыт өтуі қажет. Әртүрлі түйсіктің латенттік уақыты әрқилы: мысалы, сипай сезу түйсіктері үшін 130 мс, ауырсыну түйсіктеріне - 370, ал дәм сезу түйсіктері үшін 50мс өзі де жеткілікті. Түйсіктің тітіркендіргіш әсерінің басталуымен бірге туындайтындай, оның сөнуі де әсер аяғына тура келмейді. Түйсіктің мұндай инерциясы әсерден соң да біршама уақыт өз жалғасын тауып жатады. Қарсыда жарқырап тұрған шам кенеттен сөне қалса көз алдыңызғы шам орнындағы жарқылдың біраз уақыт елестеуі осы құбылыстан.

Түйсік табалдырықтары. Сезімталдық. Бұл психологиялық түсініктер түйсіктердің сандық өлшемдеріне байланысты қасиеттерінен. Адамның сезім мүшелері - өте нәзік қызмет тетіктері. Мысалы: адам көзі бір шақырымнан 1/1000 шамаға тең жарық сигналын байқайды. Ал осы бізді тітіркендіруге келтіретін энергияның соншалықты аздығын мынадан сезуге болады, онымен 1 куб. см. суды 1 градусқа көтеру үшін 60000 жыл қажет екен. Алайда көрінген тітіркендірігш түйсік туындатпайды. Оның пайда болуы үшін тітіркендіргіш белгілі бір сандық деңгейге көтерілуі керек. Түйсік пайда етуші тітіркендіргіш әсердің ең аз мөлшері түйсіктің табалдырық шыңы деп аталады. Осындай әсер деңгейіне жетпеген тітіркендіргіштер түйсік табалдырығынан тыста қалады.Табалдырық шыңы деңгейі сезімталдық шың шамасын көрсетеді. Түйсік тудырушы тітіркендіргіш неғұрлым әлсіз келсе, яғни түйсік табалдырығы төмен болса, сезім мүшелдің бұл әсерлерді қабылдауы соғұрлым жоғары болады. Сезімталдық шың тек төмен табалдырықпен ғана шектелмейді, оған түйсіктің жоғары табалдырығы да маңызға ие. Сезімнің жоғары табалдырығы деп әліде өзіне сай сезім туғыза алатын тітіркендіргіштің ең шекке жеткен күшін айтамыз. Біздің рецепторларымызға әсер етуші сол күштердің одан ары көтерілуі дене мүшелерінде ауырсыну пайда етеді. Табалдырық шың шамасы жағыдайларға байланысты өзгеріп отарады: қызмет түрі, адамның жасы, сезім мүшелерінің қызметтік қалпы, тітіркендіру күші мен уақыт арасы және т.б.