- •1. Психология және психика туралы жалпы түсінік. Психиканың ғылыми түсінігі.
- •2. Сана және психиканың даму кезеңдері.
- •3. Физиологиялық және психикалық бейнелеу. Психикалық бейнелеудің ерекшеліктері. Белсенділік – психикалық бейнелеудің маңызды ерекшелігі ретінде.
- •4. Сананың нейрофизиологиялық механизмдері
- •5. Психикалық құбылыстардың классификациясы: психикалық процестер, психикалық қасиеттер, психикалық кейіп.
- •6. Түйсік туралы түсінік. Анализатор түйсіктің мүшесі ретінде.
- •7. Анализаторлардың құрылымы.
- •8. И. Шеррингтон бойынша түйсіктің жүйелі жіктелуі.
- •9. Түйсіктердің жалпы қасиеті. Түйсік табалдырығы.
- •10. Сезгіштіктің өзгеруінің негізгі формалары: адаптация, синестезия. Сенсебилизация
- •11. Түйсік түрлері.
- •12. Қабылдау заттар мен құбылыстардың тұтас бейнесі ретінде және оның физиологиялық негізі.
- •13. Қабылдаудың қасиеттері: заттылығы, тұтастығы, мағыналылығы, апперцепция константтылығы, қабылдаудың таңдамалылығы.
- •14. Қабылдаудың күрделі формалары: Кеңістікті қабылдау, қозғалысты қаблдау, уақытты қабылдау.
- •15. Елес, оның түрлері. Елестің зейінге, еске, тұлғаның ерекшеліктеріне тәуелділігі
- •16.Қиял туралы ұғым, оның физиологиялық негіздері
- •17. Қиялдың түрлері: пассивті (енжар), активті (белсенді). Эмпатия
- •18. Антициптрлік қиял. Фантазия мен арман
- •19. Қиялдың жас ерекшелігіне байланыстылығы. Қиялдың клиникалық-психологиялық мәні.
- •20. Ес туралы жалпы түсінік. Ес теориялары: ассоциативті, нейрондық, биохимиялық
- •21.Естің типтері: (бейнелік, логикалық, механикалық т.Б.).
- •22. Естің түрлері: жедел, қысқа мерзімді, аралық мерзімді, ұзақ мерзімді, мәңгілік мерзімді.
- •23.Естің негізгі процестері және олардың ағымдарының заңдылықтары.
- •24. Зейіннің анықтамасы. Зейіннің физиологиялық механизмі.Зейіннің түрлері: ырықты, ырықсыз және үйреншікті.
- •25. Зейіннің негізгі қасиеттері: тұрақтылығы, шоғырлануы, бөлінушілігі, ауысуы, көлемі. Зейіннің алаңдаушылығы және шашыраңқылық
- •26. Ойлау туралы жалпы түсінік. Ойлаудың физиологиялық механизмі.
- •27.Ойлау мен сөздің байланысы. Сөз және оның қызметі.
- •28.Ойлаудың негізгі операциялары: анализ, синтез, салыстыру, жалпылау, абстракция, клиникалық ойлауды қалыптастырудағы олардың бірлігі мен маңызы.
- •29. Ойлаудың формалары: ұғым, пікір, ой қорытынды (индукция, дедукция, аналогия).
5. Психикалық құбылыстардың классификациясы: психикалық процестер, психикалық қасиеттер, психикалық кейіп.
Жан қуаттарының күрделі ағымын аңғару үшін алдымен оларды белгілі топтарға жіктеуіміз керек. Мұны жан қуаттарының топтастырылуы дейді. Бұл топтастыру бойынша психика бір –бірімен байланысты үш топқа бөлінеді. Олардың бірі психикалық процестер дер аталса, екіншісі психикалық қалып, үшінші лері психикалық қасиеттер деп аталады. Психикалық кейіп – адамның түрлі көңіл күйінің (шабыт, зерігу, үрейлену, абыржу, сергектік, белсенділік т.б.) тұрақты компоненттері. Психикалық қасиеттер - бір адамды екінші бір адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктер. Бұған әрбір адамның мінезі мен темпераменті, қабілеті мен дүние танымы, сенімі мен талғамы, қызығуы жатады..Психикалық процестер – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы түрлі бейнелері.
6. Түйсік туралы түсінік. Анализатор түйсіктің мүшесі ретінде.
Түйсік – танымның және адамның психикалық дамуының негізгі көзі болып табылады. Ол жүйке жүйесінің қандай да бір тітіркендіргішке реакциясы ретінде пайда болып және рефлекстік сипаттамаға ие.Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды. Түйсіктің физиологиялық мезанизмі анализаторлар деп аталатын арнайы жүйке аппараттарының әрекеті болып табылады. Әрбір анализатор – бұл арнайы жасушалардың жүйесі, және мынандай қабілетттері бар.
- тек белгілі бір энергия түрін қылғу.
- өзінің физика-химиялық күйін өзгерте алуы.
- пайда болған химиялық энергияны электрлік потенциялға айналдыру.
Сонымен, түйсік – біздің барша білімдеріміздің бастау көзі. Сезім мүшелеріне әсер етуші объектив заттар мен құбылыстар тітіркендіргіштер деп аталады да ал олардың әсерінен сезім мүшелерінде туындайтын құбылыс – тітркену деп қабылданған. Тітіркенуден, өз кезегінде, жүйке тарамдарында қозу пайда болады. Түйсік жүйке жүйесінің қандай да тітіркендіргішке жауапты реакциясы ретінде туындап, әрқандай психикалық құбылыс секілді сипатқа ие. Түйсік – ақпараттарды миға жеткізетін негізгі канал. Ерте бала жастағы ақпараттарды жинауының бұзылуы, яғни саңыраулық және соқырлықтың болуының арқасында психиканың дамуында тежеулер болады.
Түйсік – танымның және адамның психикалық дамуының негізгі көзі болып табылады. Ол жүйке жүйесінің қандай да бір тітіркендіргішке реакциясы ретінде пайда болып және рефлекстік сипатқа ие.
7. Анализаторлардың құрылымы.
Түйсіктің физиологиялық механизмі – арнайы жүйке тетігі талдағыш ( анализатор) қызметі. Әр талдағыш үш бөліктен тұрады. сыртқы энергияны жүйке процесінде қосушы дененің шеткі бөліктерінде жайласқан рецепторларқозуды орталық жүйке бөлігіне жеткізуші афференттік немесе сезімтал жүйкелер шеткі бөліктен жеткен жүйке импульстарын өңдеуші талдағыштың ми қабығындағы бөліктері.Анализаторлардың ми қабығы аймағындағы нақты рецепторлар жасушаларына сай арнайы мекендері болады. Түйсік пайда болуы үшін барша талдағыштардың тұтастай, бірлікті қызметі қажет. Сонымен бірге олар енжар қабылдаушы ғана емес, тітркендіргіштердің әсеріне орай икемді өзгеріске келе беретін мүше, мұндай өзгерістерге қажет талдағыштар өз құрылымында қозғаушы тетіктерге ие. Мысалы, тері қабатына инемен әсер етілсе, ол жер діріл қағатыны байқалады, осындай тітіркендіргіштерден тамыр тартылуы, тері жиырылуы, ал кей кездерде көз аудару, мойын бұру, қол қағыстары және т.б. бәрі де түйсік реакцияларына байланысты туындайтыны белгілі.
