- •1. Психология және психика туралы жалпы түсінік. Психиканың ғылыми түсінігі.
- •2. Сана және психиканың даму кезеңдері.
- •3. Физиологиялық және психикалық бейнелеу. Психикалық бейнелеудің ерекшеліктері. Белсенділік – психикалық бейнелеудің маңызды ерекшелігі ретінде.
- •4. Сананың нейрофизиологиялық механизмдері
- •5. Психикалық құбылыстардың классификациясы: психикалық процестер, психикалық қасиеттер, психикалық кейіп.
- •6. Түйсік туралы түсінік. Анализатор түйсіктің мүшесі ретінде.
- •7. Анализаторлардың құрылымы.
- •8. И. Шеррингтон бойынша түйсіктің жүйелі жіктелуі.
- •9. Түйсіктердің жалпы қасиеті. Түйсік табалдырығы.
- •10. Сезгіштіктің өзгеруінің негізгі формалары: адаптация, синестезия. Сенсебилизация
- •11. Түйсік түрлері.
- •12. Қабылдау заттар мен құбылыстардың тұтас бейнесі ретінде және оның физиологиялық негізі.
- •13. Қабылдаудың қасиеттері: заттылығы, тұтастығы, мағыналылығы, апперцепция константтылығы, қабылдаудың таңдамалылығы.
- •14. Қабылдаудың күрделі формалары: Кеңістікті қабылдау, қозғалысты қаблдау, уақытты қабылдау.
- •15. Елес, оның түрлері. Елестің зейінге, еске, тұлғаның ерекшеліктеріне тәуелділігі
- •16.Қиял туралы ұғым, оның физиологиялық негіздері
- •17. Қиялдың түрлері: пассивті (енжар), активті (белсенді). Эмпатия
- •18. Антициптрлік қиял. Фантазия мен арман
- •19. Қиялдың жас ерекшелігіне байланыстылығы. Қиялдың клиникалық-психологиялық мәні.
- •20. Ес туралы жалпы түсінік. Ес теориялары: ассоциативті, нейрондық, биохимиялық
- •21.Естің типтері: (бейнелік, логикалық, механикалық т.Б.).
- •22. Естің түрлері: жедел, қысқа мерзімді, аралық мерзімді, ұзақ мерзімді, мәңгілік мерзімді.
- •23.Естің негізгі процестері және олардың ағымдарының заңдылықтары.
- •24. Зейіннің анықтамасы. Зейіннің физиологиялық механизмі.Зейіннің түрлері: ырықты, ырықсыз және үйреншікті.
- •25. Зейіннің негізгі қасиеттері: тұрақтылығы, шоғырлануы, бөлінушілігі, ауысуы, көлемі. Зейіннің алаңдаушылығы және шашыраңқылық
- •26. Ойлау туралы жалпы түсінік. Ойлаудың физиологиялық механизмі.
- •27.Ойлау мен сөздің байланысы. Сөз және оның қызметі.
- •28.Ойлаудың негізгі операциялары: анализ, синтез, салыстыру, жалпылау, абстракция, клиникалық ойлауды қалыптастырудағы олардың бірлігі мен маңызы.
- •29. Ойлаудың формалары: ұғым, пікір, ой қорытынды (индукция, дедукция, аналогия).
3. Физиологиялық және психикалық бейнелеу. Психикалық бейнелеудің ерекшеліктері. Белсенділік – психикалық бейнелеудің маңызды ерекшелігі ретінде.
Психикалық бейнелеу айналадағы затар мен құбылыстардың адам миында бейнеленуі жануарлардан бөлек, өзгеше жолмен, белсенді түрде сөздің көмегімен жүреді. Адам қоғамдық-әлеуметтік өмірдің жемісі болғандықтан, оның бейнеленуі ұғым, пікір, ой қорытындысы түрінде көрінеді. Ол белсенді әрекеттені негізінде, әр түрлі объектілермен қатынас жасап, өзі солардың бейнеленуіне мүмкіндік туғызады. Бейнелеу- заттың миға әсер етуінен болатын бір жақты құбылыс емес, адам мен сыртқы орта байланысының нәтижесі. Бейнелеу ми қабаты жықрылдарында адамның жас мөлшері, білім, дағды, икемі, тәжірибесіне орай түрлі деңгейде көрініп отырады. Бұл теория бойынша сыртқы дуние біздің сезім мүшелеріміз (көз құлақ тері) арқылы миға әсер етеді де, мида түйсік,қабылдау,елестеу,ой,сезім түрінде бейнеленеді.бұлардың барын адамның санасы деп атауға болады.сана сыртқы дуниенің бейнесі дегенді қалай түсінуге болады? Біздің миымыз сыртқы әсерлердің бәрін қабылдауға,бейнелеуге қаб ілетті.мидағы бейне,образ сол бейнеленген затпен құбылысқа дәл келеді.заттың айнадағы сәулесінен біз оның суретін көреміз.ал егер затты алып кетсек,оның суреті де айна бетінен жоғалады.психикалық бейне де сол сияқты, яғни сыртқы орта әсер етпейінше,мида ешқандай псих құбылыс пайда больмайды.айна бетіндегі бейне де,адам миындағы бейне де бейнелену деген бір сөзбен аталғанымен бұл екеуінің арасындағы айырмашылық жермен көктей.айна бетіндегі сәуле жансыз сәуле болып табылады.ал адам миында болатын бейнелеу процесінің айна бетіндегі сәуледен ерекшелігі бұл бейне өте күрделі,ол нерв процестерінің жұмысынан туады.
4. Сананың нейрофизиологиялық механизмдері
Орталық жүйке жүйесі арқа және бас миынан тұрады. Ми бөліктері сан алуан жүйке қызметін орындайды. Олардың орындалу деңгейі жоғарылаған сайын, оның қызметі де күрделене түседі. Бәрінен төмен жайласқан арқа миы, оның қызметі – бұлшық ет топтары мен ішкі мүшелер қызметін реттеу. Оның үстінде мишықпен бірге сопақша ми орналасқан. Сопақша ми дененің күрделі қызметтерін орайластыра басқарады. Бұлардан жоғарылау орталық жүйке бөлігінің күрделі қозғалыстар мен бүкіл дене қалпын реттеуге қатысатын – орта ми жайғасқан. сопақша ми мен орта ми бас миының бағаналы бөлігін құрайды. ОЖЖ ең жоғарғы бөліктері бас миының үлкен жарым шарларына біріккен. Үлкен жарым шарлар құрамына қабық асты түйіндер деп аталатын тереңдегі жүйке клеткаларының тұтас жиынтығы кіреді. Жарым шарлардың үстіңгң бетінде жүйке жасушалар қабаты – бакс миы қабығы көмкерілген. Жүйке жүйесінің барша бөлімдері өзара тығыз байланыста. Бірақ олардың әрқайсысынң ролі бірдей емес. арқа миы мен мидың бағаналы бөлігі – сопақша ми, орта мимен қосыла тума рефлестер орталығына бірігеді. Бас миының бағаналы бөлігі мен арқа мидың рефлекторлық қызметі организмнің жауап әрекеттерінің біршамасын қамтиды. Адамның саналы әрекетін реттеп, басқарушы орган – үлкен ми сыңарларының қабығы, сондықтан да адам психикасы мен үлкен ми сыңарлары арасындағы байланыс, қатынас мәселесі – маңызды мәселелерден, осыдан ғылымда психикалық қызметтердің ми қабығында мекендеуі болу теориясы көтеріліп жүр. Жан процестерінің миға қатынасы психикалық әрекеттердің заттасқан негізі болған мидың жұмыс принциптеріғылым дамуының әр кезеңінде әрқилы сипатталады. Мұның себебі адамның психикалық процестеріне, олардың негізі – миға деген түсінік, көзқарастардың біркелкі болмауынан еді.
