Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
псих 1-аралық билет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
71.99 Кб
Скачать

27.Ойлау мен сөздің байланысы. Сөз және оның қызметі.

Сөйлеумен тығыз байланыста болып отыратын ойлау процесі тек адам баласының психикасына ғана тән процесс болып табылады. Адамның ойы әрқашан сөз арқылы беріледі. Ой толық сөз күйінде білдіргенде ғана айқындалып, дәйектелініп дәлелдене түседі. Ойлау мен сөйлеу бірдей нәрсе деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес.Ой- сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы, сөз- ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал. Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында адам өзінен бұрынғы ұрпақтр жинаған тәжрибе мен білімді сақтап қала алады, ойды өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланады.Сөйлеумен тығыз байланыста жүріп отыратын ойлау процесі тек адам баласының психикасына ғана тән процесс болып табылады. Ойлау адамның сыртқы дүниеме қарым-қатынас жасау процесінде туындап отырады. Сөз бен ойдың бірлестігі алғашқы адамдардың психикасында да үлкен орын алған. Сөзбен ойлаудың арқасында ғана олар бірінің білмегендігін екіншісі біліп, ақыл-ойын молайта түседі. Тіл мен ойдың тығыз байлансыта екенін халық ертеден –ақ байқаған. Мәселен, халқымыздың «Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түімде» деген мақалды басындағы ойы тілінен көрінетінін, ал тілдің өзі адам психологиясын байқататын тамаша құрал екендігін жақсы көрсетеді. Сөйтіп, ойдың дамуы адамның нақтылы іс-әрекетімен шарттас болумен қатар, оның сөйлеу мәдениетін меңгере білумен де, сөз өнеріне жетілуімен де тығыз байланысты.

Сөйлеу туралы түсінік.Сөйлеу – басқа адамдар мен қарым-қатынас жасау үшін адамның тілді практикада қолдануы.Тіл – қарым-қатынас құралы.

Сөйлеудің қасиеттері:

  • Мазмұндылығы-шындықпен байланысы;

  • Түсініктілігі- сөйлемнің дұрыс болуы;

  • Әсерлігі-эмоцияға байланысты ;

  • Ықпалдылығы–бұйрық, өтініш, кеңес, нұсқау түрінде көрінеді.

Сөйлеудің қызметтері:

  1. Көрсету функциясы-өзнің адамға сезімін, эиоциясын т.б. көрсету.

  2. Әсер ету функциясы-;

  3. Тағайындау функциясы-ат қою;

  4. Ақпараттау функциясы

Сөйлеудің түрлері:

  • Монологты сөйлеу бір адамның сөзі, жүйелі, мақсатты, жоспарланған.

  • Диалогты сөйлеу;

  • Ауызша сөйлеу;

  • Жазбаша сөйлеу;штей сөйлеу

28.Ойлаудың негізгі операциялары: анализ, синтез, салыстыру, жалпылау, абстракция, клиникалық ойлауды қалыптастырудағы олардың бірлігі мен маңызы.

Анализ дегеніміз- ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу.Синтезде ой арқылы заттың, құбылыстың барлық элементтері біріктіріледі. Анализ бен синтез бір-бірімен тығыз байланысты, бірінсіз-бірі болмайтын құбылыс. Бұл екеуі – бірінен-бірі ажырамайтын ой процесінің негізгі компоненттерінің бірі. Анализ бен синтездің негізінде салыстыру деп аталатын ой операциясы пайда болады. Салыстыруда заттардың ұқсастық, айырмашылық қасиеттері айқындалады. Бұл операция салыстыратын заттардың бір түрлі белгілерін көрсетумен қабат, басқа белгілеріндегі айырмашылықтарын да айырып көрсетеді.

Ойлау операциясының күрделі түрі – абстракция мен жалпылау.Шындықтағы затар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция дейді. Мәселен, квадрат, трапеция, параллелограмма деген сөзді «төрт бұрыш» деген сөзбен белгілесек, соңғысы абстракция болады. Абстракцияға қарама-қарсы процесті нақтылау деп атайды. Нақтылау- абстракциялық ұғымды соған сәйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру, яғни жеке заттар мен нәрселер туралы ой. Нақтылау абстракцияға қарағанда ұғымды, көрнекі етіп түсіндіруге мүмкіндік береді. Жалпылау дегеніміз- бір текті заттардың, құбылыстардың ортақ қасиеттерін оймен біріктіру. Жалпылау үшін заттардың ерекше маңызды белгілерін таба білу керек. Мәселен, алма, өрік, жүзім т.б. ұқсас белгілері жиналып келіп, «жеміс» деге жалпы ұғымды береді. Жалпылау арқылы шындықтағы затар мен құбылыстарды белгілі бір принцип бойынша орналастыруды жүйелеу дейді. Жүйелеудің жоғарғы түрі – классификация. Мәселен, жануарлар – типке, типтен класқа, кластан отрядқа, оьтядтан- отбсына, отбасына текке, тектен түрге бөлінеді жүйеленеді.