- •1. Психология және психика туралы жалпы түсінік. Психиканың ғылыми түсінігі.
- •2. Сана және психиканың даму кезеңдері.
- •3. Физиологиялық және психикалық бейнелеу. Психикалық бейнелеудің ерекшеліктері. Белсенділік – психикалық бейнелеудің маңызды ерекшелігі ретінде.
- •4. Сананың нейрофизиологиялық механизмдері
- •5. Психикалық құбылыстардың классификациясы: психикалық процестер, психикалық қасиеттер, психикалық кейіп.
- •6. Түйсік туралы түсінік. Анализатор түйсіктің мүшесі ретінде.
- •7. Анализаторлардың құрылымы.
- •8. И. Шеррингтон бойынша түйсіктің жүйелі жіктелуі.
- •9. Түйсіктердің жалпы қасиеті. Түйсік табалдырығы.
- •10. Сезгіштіктің өзгеруінің негізгі формалары: адаптация, синестезия. Сенсебилизация
- •11. Түйсік түрлері.
- •12. Қабылдау заттар мен құбылыстардың тұтас бейнесі ретінде және оның физиологиялық негізі.
- •13. Қабылдаудың қасиеттері: заттылығы, тұтастығы, мағыналылығы, апперцепция константтылығы, қабылдаудың таңдамалылығы.
- •14. Қабылдаудың күрделі формалары: Кеңістікті қабылдау, қозғалысты қаблдау, уақытты қабылдау.
- •15. Елес, оның түрлері. Елестің зейінге, еске, тұлғаның ерекшеліктеріне тәуелділігі
- •16.Қиял туралы ұғым, оның физиологиялық негіздері
- •17. Қиялдың түрлері: пассивті (енжар), активті (белсенді). Эмпатия
- •18. Антициптрлік қиял. Фантазия мен арман
- •19. Қиялдың жас ерекшелігіне байланыстылығы. Қиялдың клиникалық-психологиялық мәні.
- •20. Ес туралы жалпы түсінік. Ес теориялары: ассоциативті, нейрондық, биохимиялық
- •21.Естің типтері: (бейнелік, логикалық, механикалық т.Б.).
- •22. Естің түрлері: жедел, қысқа мерзімді, аралық мерзімді, ұзақ мерзімді, мәңгілік мерзімді.
- •23.Естің негізгі процестері және олардың ағымдарының заңдылықтары.
- •24. Зейіннің анықтамасы. Зейіннің физиологиялық механизмі.Зейіннің түрлері: ырықты, ырықсыз және үйреншікті.
- •25. Зейіннің негізгі қасиеттері: тұрақтылығы, шоғырлануы, бөлінушілігі, ауысуы, көлемі. Зейіннің алаңдаушылығы және шашыраңқылық
- •26. Ойлау туралы жалпы түсінік. Ойлаудың физиологиялық механизмі.
- •27.Ойлау мен сөздің байланысы. Сөз және оның қызметі.
- •28.Ойлаудың негізгі операциялары: анализ, синтез, салыстыру, жалпылау, абстракция, клиникалық ойлауды қалыптастырудағы олардың бірлігі мен маңызы.
- •29. Ойлаудың формалары: ұғым, пікір, ой қорытынды (индукция, дедукция, аналогия).
25. Зейіннің негізгі қасиеттері: тұрақтылығы, шоғырлануы, бөлінушілігі, ауысуы, көлемі. Зейіннің алаңдаушылығы және шашыраңқылық
Зейін сананың белгілі нысанмен байланысын байқатып, оған бағытталуын білдіреді. Осы бағытталу ерекшеліктері зейін қасиетерін айқындайды. Бұл қасиеттер тобына зейіннің тұрақтылығы және шоғырлануы, ауысуы, бөлінуі, көлемі кіреді.
Адамның зейіні бір объектіге немесе бір жұмысқа ұзағырақ тұрақтай алса, оны зейіннің тұрақтылығы дейді. Мысалы хирург дәрігердің жұмысын осыған жатқызуға болады.
Зейінді бір жерге тұрақтатып, жинақтай алу арқасында адам істеп отырған ісін тереңнен түсініп, оның әртүрлі байланыстарын анықтай алады. Зейінді тұрақтата алушылық саналы әрекетке өзіңді жеге алудың басты белгісі болып табылады.
Зейіннің шоғырлануы – оның белгілі бір нысанға бағытталып, онда топталу күші мен дәрежесі, яғни психикалық немесе саналы іс-әрекеттің толығымен қажетті нүктеге шөгуі. Шоғырлану ми қабығындағы қозу ошағының доминанттық қызметімен тікелей байланысты(Н.А.Ухтомский).
Зейіннің ауысуы деп – бір объектіден екінші объектіге саналы және байыпты өтуін айтады. Физиологиялық тұрғыдан мидағы оптималдық қозудың ауысуы. Зейінді тез аудара білу қабілеті көбінесе жүйке процестерінің өзгермелілігіне байланысты.
Адам санасының бір мезгілде бірнеше қызметті атқара білу мүмкіншілігін зейіннің бөлінушілігі дейді. Адам зейінін екі-үш нәрсеге бөле алады.
Зейінді бір уақытта түрлі объектіге бөлуге болатынын арнаулы зерттеулер көрсетіп отыр. Мысалы, студенттер бір мезгіл ішінде дәріс тыңдайды, түсінгенін жазып отырады., кітап оқып отырып, конспект жазады.
Зейіннің көлем деп – бір уақыттың ішінде оның қамтитын объектілерінің санын айтады. Зейін көлемін анықтауға байланысты жасалған тәжрибелер тахитаскоп деген аспаппен тексеріледі. Адам бір мезгілде орта есеппен әр түрлі 5-9 әріпті қамти алатынын, 12-14 әріптен тұратын мағыналы сөзді де осы мерзімде қамтитыны көрініп тұр.
Бірден біраз нәрсені қамти алатын зейінді көлемі кең зейін дейді де, объектілерді жөндеп қамти алмайтын зейінді көлемі тар зейін дейді.
Зейіннің алаңдушылығы – бұл зейіннің бір нысанан екіншісіне ырықсыз ауысуы. Мұндай ауысу қандай да іспен шұғылданып отырған адамға тыс тітіркендіргіш әсерлердің ықпал етуінен туындайды. Алаңдау сыртқы және ішкі болып бөлінеді.
Зейіннің шашыраңқылығы – деп адамның ұзақ уақыт аралығында өз зейіні мен назарын нақты затқа бағыттай алмауын айтамыз.
Шашыраңқылықтың екі түрі белгілі: жалған жане шын
26. Ойлау туралы жалпы түсінік. Ойлаудың физиологиялық механизмі.
Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние затары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойлау сөздік мағұлыматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш элементтер көп болғанымен, оның таным мүмкіндігі ойлаудан әлде қайда төмен. Ойлаудың шеңбері өте кең. Бала тілі шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Нәресте айналасындағы дүниені бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы танып біледі. Тек онтогенез процесінде ойлаудың қалыптасуының жекелей қабілеттерінің бірнеше фазалары болады.
екі жасқа дейін сенсоматорлық сызбаның құрылуы, яғни таламокартикалды жүйелермен қамтамасыз етілетін тура бағытталған қозғалыс белсенділігінің тууы.
үш жастан жеті жасқа дейін – сенсоматорлық сызбаның ойлау активациясы, яғни қандай да бір іс-әрекеттің нәтижесін алдын-ала болжай білу.
8 жастан 10 жасқа дейін –логикалық талдауға қабілеттілігі.
11 жастан 15 жасқа дейін – формалды операцияларға қабілеттілігі.
Ойлаудың физиологиялық негізі И.П.Павловтың Жоғары жүйке жүйесі іліміне байланысты түсіндіріледі.Ойлау – ми қабығының күрделі формадағы анализдік – синтездік қызметінің нәтижесі, мұнда екінші сигнал (сөйлеу) жүйесінің уақытша нерв байланыстары жектеші рөл атқарады.
