- •1. Психология және психика туралы жалпы түсінік. Психиканың ғылыми түсінігі.
- •2. Сана және психиканың даму кезеңдері.
- •3. Физиологиялық және психикалық бейнелеу. Психикалық бейнелеудің ерекшеліктері. Белсенділік – психикалық бейнелеудің маңызды ерекшелігі ретінде.
- •4. Сананың нейрофизиологиялық механизмдері
- •5. Психикалық құбылыстардың классификациясы: психикалық процестер, психикалық қасиеттер, психикалық кейіп.
- •6. Түйсік туралы түсінік. Анализатор түйсіктің мүшесі ретінде.
- •7. Анализаторлардың құрылымы.
- •8. И. Шеррингтон бойынша түйсіктің жүйелі жіктелуі.
- •9. Түйсіктердің жалпы қасиеті. Түйсік табалдырығы.
- •10. Сезгіштіктің өзгеруінің негізгі формалары: адаптация, синестезия. Сенсебилизация
- •11. Түйсік түрлері.
- •12. Қабылдау заттар мен құбылыстардың тұтас бейнесі ретінде және оның физиологиялық негізі.
- •13. Қабылдаудың қасиеттері: заттылығы, тұтастығы, мағыналылығы, апперцепция константтылығы, қабылдаудың таңдамалылығы.
- •14. Қабылдаудың күрделі формалары: Кеңістікті қабылдау, қозғалысты қаблдау, уақытты қабылдау.
- •15. Елес, оның түрлері. Елестің зейінге, еске, тұлғаның ерекшеліктеріне тәуелділігі
- •16.Қиял туралы ұғым, оның физиологиялық негіздері
- •17. Қиялдың түрлері: пассивті (енжар), активті (белсенді). Эмпатия
- •18. Антициптрлік қиял. Фантазия мен арман
- •19. Қиялдың жас ерекшелігіне байланыстылығы. Қиялдың клиникалық-психологиялық мәні.
- •20. Ес туралы жалпы түсінік. Ес теориялары: ассоциативті, нейрондық, биохимиялық
- •21.Естің типтері: (бейнелік, логикалық, механикалық т.Б.).
- •22. Естің түрлері: жедел, қысқа мерзімді, аралық мерзімді, ұзақ мерзімді, мәңгілік мерзімді.
- •23.Естің негізгі процестері және олардың ағымдарының заңдылықтары.
- •24. Зейіннің анықтамасы. Зейіннің физиологиялық механизмі.Зейіннің түрлері: ырықты, ырықсыз және үйреншікті.
- •25. Зейіннің негізгі қасиеттері: тұрақтылығы, шоғырлануы, бөлінушілігі, ауысуы, көлемі. Зейіннің алаңдаушылығы және шашыраңқылық
- •26. Ойлау туралы жалпы түсінік. Ойлаудың физиологиялық механизмі.
- •27.Ойлау мен сөздің байланысы. Сөз және оның қызметі.
- •28.Ойлаудың негізгі операциялары: анализ, синтез, салыстыру, жалпылау, абстракция, клиникалық ойлауды қалыптастырудағы олардың бірлігі мен маңызы.
- •29. Ойлаудың формалары: ұғым, пікір, ой қорытынды (индукция, дедукция, аналогия).
21.Естің типтері: (бейнелік, логикалық, механикалық т.Б.).
Қозғалысты ес - түрлі әрекеттерді есте қалдырып, сақтап, қайта жаңғырту. Онсыз біз әрекеттерді жаңадан үйреніп отыруымыз керек. Жақсы дамыған қозғалысты ес адамның еңбектегі шеберлігінен көрінеді.
Сезімдік ес – бұл біздің сезімімізді есте қалдыру мен жаңғырту қабілеттілігімізге байланысты. Эмоция есі адам өмірі мен іс-әрекетінде маңызды болып табылады.
Бейнелі ес – елестерге, табиғат көріністеріне, дәмге, дыбыстарға негізделген. Жад іздері оның мәні бұрын қабылданған нәрсені елес түрінде жаңғыртады. Егер көру, есту естері әрбір жете дамыған адамның өмірлік бағыт-бағдарына қалыптасатын болса, онда сезімдік, иістік пен дәмдік естер адамның кәсіптік қасиетеріне жатады. Сәйкес түйсіктер сияқты мұндай ес түрлері іс-әрекет шарттарына орай қарқындыдамып, кейде кемістігі болған ес түрлерін орнын толықтыруда керемет деңгейлерге көтерілуі мүмкін, мысалы, соқырдың денесімен сезінуі, естігіштігі, ал кереңнің көргіштігі, иіскей, жанаса сезгіштігі ж.т.б Сөздік логикалы ес – мазмұнына біздің ойымыз кіреді. Ой тілсіз өрнектелмейді. Сондықтан ой тек мағыналық болмай, сөзді-логикалы болады. Сөздік-логикалық мағыналы есте басты мән екінші сигналдық жүйеде. Сондықтан қарапайым түрдегі қозғалыс, бейнелі және эмоционалды елестер жануарда болса, мағыналы ес адамға тән. Сөздік-логикалық ес басқа ес түрлерінің дамуына көмектесіп, олардың жоғарғы деңгейге көтерілуіне ықпал етеді. Нақты қызметтік ес – адамның нақты іс-әрекеті. мезеті мен қажетіне орай қозғалыстарды орындауына байланысты іске қосылады. Қандайда бір әрекетті орындау үшін оны бөлшектеп алуымыз керек, кейін әрекеттің әр бөлігі бойынша нәтижеге келіп, екіншісіне өтеміз. осы екі арадағы нәтиже сол кездегі қажеттілігімен есте тұрады. Ал көзделген мақсатқа жақындаған сайын алдыңғы нәтиже ұмтылып келесі әрекет ақпаратына орын босатқандай болады.
22. Естің түрлері: жедел, қысқа мерзімді, аралық мерзімді, ұзақ мерзімді, мәңгілік мерзімді.
Көзіңізді біраз жұмып тұрып, кейін сәл мезетте ашумен, қайта жұмыңыз. Ашып – жұму арасында қас-қағымда көрген заттарымыздың бейнесі нақ күйінде көз алдымызда біраз сақталып, кейін жаймен жойыла бастайды.Қысқа мерзімді есте жоғарыда баяндалған жүйеге қарағанда материал басқаша тұрақтайды. Бұл жағдайда есте қалған бейне сезімдік деңгейдегі толық көрністей болмай, оқиғаның қандай да бір шағын баламасына сәйкес келеді. Мысалы, сізге қаратылған ақпарат оны құрайтын дыбыстар жүйесінде қабылданбай, біртұтас сөздер қалпында еске алынады. Әдетте, ұсынылған материалдың ең мәнді деген 3-4 бірлігі немесе кейінгі элементтері ғана қабылданады. Саналы, ерік күшін қосумен сол қабылданған сөздік материалды бірнеше рет қайталай отырып, оны есте біршама ұзақ мерзім сақтауға болады. Ал сезімдік естегі нақты бейне қайталанбайды, ол секундқа жетпей, жойылады да, ұзарта сақтауға келмейді.Ұзақ мерзімді ес. Ұзақ мерзімді естің уақыты да, қамту көлемі де шексіз. Бірнеше минуттан артық сақталғанның бәрі ұзақ мерзімді еске кіреді.Ұзақ мерзімді еске байланысты қиыншылық – бұл санадағы ақпаратты іздестіріп, таңдап, қажеттісін таба білу. Ал есіміздегі мәліметтің көптігі соншалықты, оны санмен айғақтау мүмкін емес. Сола болса да, санамыздан қажетті дерек дер кезінде шыға келетініне таңданбасқа болмайды. Бірақ ұзақ мерзімді естің де аймақ көлемін мойындамасқа болмайды, себебі ол өлшем мимен байланысты. Ғылымда дәлелденгендей, ми 10 млрд. нейроннан тұрады, ал әрбір нейрон аса көп санды ақпарат жинауға қаблетті. Бірақ әрбір жеке адам миының есте қалдырып, сақтау мүмкіндігі оның биологиялық, әлеуметтік дамуына тәуелді.Ұзақ мерзімді ес – бұл ес ақпараттарды жылдап, айлап, күндеп, сағаттап сақтауға қабілетті. Ол ешқандай шығынсыз адам қай кезде болса да қолдана береді. Гендік ес – ақпарат генотипте сақталады және мұра арқылы беріледі.Ғұмырлық ес –қандай да бір ерекше оқиғаларды өмір бойы есте сақтау. Естің бұл түрі тек психологиялық ауытқу жағдайларында ғана бұзылады.Екінші жағдайда – қозғалыс, көру, есті, иіс сезу, дәм сезу, сипап сезу, эмоцианалды.Еріктің қатысуымен ес процестерін ырықты, ырықсыз зейін деп екіге бөлуге болады. Бұдан кейін естің негізгі түрлері қысқа және ұзақ мерзімді естердің өзара байланысын қарастыру керек.Оперативті ес – ақпаратты алдын ала белгіленген және қойылған мерзімге сақтауға есептелген. Қысқа уақыттық естің әрекеттің нақтылы міндеттерін орындауға байланысты көрінетін түрін оперативтік ес деп атаймыз. Мәселен, оқушы тақырыпты көшіріп жазғанда, мұны түрліше жолдармен (жеке әріптер, буындар, сөздер, сөз тіркестерін көшіру) орындайтын болса, бұл оперативік ес деп аталады.
