- •1. Психология және психика туралы жалпы түсінік. Психиканың ғылыми түсінігі.
- •2. Сана және психиканың даму кезеңдері.
- •3. Физиологиялық және психикалық бейнелеу. Психикалық бейнелеудің ерекшеліктері. Белсенділік – психикалық бейнелеудің маңызды ерекшелігі ретінде.
- •4. Сананың нейрофизиологиялық механизмдері
- •5. Психикалық құбылыстардың классификациясы: психикалық процестер, психикалық қасиеттер, психикалық кейіп.
- •6. Түйсік туралы түсінік. Анализатор түйсіктің мүшесі ретінде.
- •7. Анализаторлардың құрылымы.
- •8. И. Шеррингтон бойынша түйсіктің жүйелі жіктелуі.
- •9. Түйсіктердің жалпы қасиеті. Түйсік табалдырығы.
- •10. Сезгіштіктің өзгеруінің негізгі формалары: адаптация, синестезия. Сенсебилизация
- •11. Түйсік түрлері.
- •12. Қабылдау заттар мен құбылыстардың тұтас бейнесі ретінде және оның физиологиялық негізі.
- •13. Қабылдаудың қасиеттері: заттылығы, тұтастығы, мағыналылығы, апперцепция константтылығы, қабылдаудың таңдамалылығы.
- •14. Қабылдаудың күрделі формалары: Кеңістікті қабылдау, қозғалысты қаблдау, уақытты қабылдау.
- •15. Елес, оның түрлері. Елестің зейінге, еске, тұлғаның ерекшеліктеріне тәуелділігі
- •16.Қиял туралы ұғым, оның физиологиялық негіздері
- •17. Қиялдың түрлері: пассивті (енжар), активті (белсенді). Эмпатия
- •18. Антициптрлік қиял. Фантазия мен арман
- •19. Қиялдың жас ерекшелігіне байланыстылығы. Қиялдың клиникалық-психологиялық мәні.
- •20. Ес туралы жалпы түсінік. Ес теориялары: ассоциативті, нейрондық, биохимиялық
- •21.Естің типтері: (бейнелік, логикалық, механикалық т.Б.).
- •22. Естің түрлері: жедел, қысқа мерзімді, аралық мерзімді, ұзақ мерзімді, мәңгілік мерзімді.
- •23.Естің негізгі процестері және олардың ағымдарының заңдылықтары.
- •24. Зейіннің анықтамасы. Зейіннің физиологиялық механизмі.Зейіннің түрлері: ырықты, ырықсыз және үйреншікті.
- •25. Зейіннің негізгі қасиеттері: тұрақтылығы, шоғырлануы, бөлінушілігі, ауысуы, көлемі. Зейіннің алаңдаушылығы және шашыраңқылық
- •26. Ойлау туралы жалпы түсінік. Ойлаудың физиологиялық механизмі.
- •27.Ойлау мен сөздің байланысы. Сөз және оның қызметі.
- •28.Ойлаудың негізгі операциялары: анализ, синтез, салыстыру, жалпылау, абстракция, клиникалық ойлауды қалыптастырудағы олардың бірлігі мен маңызы.
- •29. Ойлаудың формалары: ұғым, пікір, ой қорытынды (индукция, дедукция, аналогия).
19. Қиялдың жас ерекшелігіне байланыстылығы. Қиялдың клиникалық-психологиялық мәні.
Қиялдың жас ерекшелік өзгерісі.Қиялдың бірінші формасы балаларда 2 жастан бастап пайда болатынына көңіл аудару керек және бұл еріксіз сипатта болады. Үш жастың соңында төрт жастың басында балаларда қайта жасалу қиялы пайда болады. Мұны бөбектерді қызықты ертектерді шын ықыласымен тыңдаудан, ертегілердегі оқиғаны шые көріп, бар ынтасымен берілуінен көреміз. Бір қарағанға жас бала қиялға бай сияқты болып көрінгенмен, ондағы образдар шындықтан өте алыс жатады. Себебі бала санасында кез келген нәрсенің бейнесі оңай тоғысады да, бұдан керемет қиял көрністері құралады. Баланың өмір тәжрибесі өсе келе қиялы да шындыққа бір табан жақындап отырады. Мәселен, бала шимайлап қағазға бір нәрсе салады да, осыны шындыққа бір нәрсеге ұқсайды деп ойлайды. Мектеп – бала қиялын дамытуда үлкен роль атқарады. Мұндағы оқылатын сабақтардың мәніне түсіну қиялсыз мүмкін емес. Қиял арқылы бала ондағы жанды бейнелерді көз алдына елестеткендей, қолымен ұстағандай, құлағымен «еститіндей» күйге түседі. Өмір тәжрибесінң артуы, білім қорының молая түсуі балалардың қиялын да дамыта түседі. Бала қиялы әрекет үстінде дамитындықтанне нәрсеге болмасын өзін қатыстырып, оның икемділігі мен дағдысын қалыптастырып отыруы қажет. Төменгі сынып оқушыларының қиялын дамыту – олардың эстетикалық сезімдерін оятады. Оқушылардың жас, дара ерекшеліктерін ескеріп отыру, қиялы күшті дамыған балалармен дербес жұмыс жүргізу, табиғатқа, өндіріс орнындарында экскурциялар жасау, түрлі тапсырмаларды оқушыларға дербес орындатып отырғызу, оқу барысында кездескен қиыншылықтарды жеңе алуға баулу т.б. осындай әдістер бала қиялын тәрбиелеудің түрлері болып табылады. Көптеген тәжрибелердің көрсетуінше қиял арқылы ағзада әртүрлі физиологиялық өзгерістер туғызуға болады. Сонымен қатар, қан қысымының жоғарлағанын, пульстің жиілегенін байқауға болады. Ауырсынуды елестеткен кезде кардиограмма өзгереді, терінің гольванилік рефлексі, электрокардиограмма өзгереді.Қиял түрлі елестетулердің өзгеріп, өңделуінің арқасында жасалып отырады. Қиялда анализ, синтез әдістері, агглютинация, схематизация түрлі схемалар мен суреттердің акцентировка (образдың типтік бастыбелгілерін жасау) тәсілдері жиі қолданады. Қиялдаға елестерді топтастырудың қарапайым түрі агглютинация деп аталады. Агглютинация – латынның аггллютинаре деген сөзі, қазақша желімдеу деген мағына білдіреді.осы әдіс арқылы мифологиялық бейнелер мен түрлі механизмдер машина конструкциялары жасалады.Гипербола деп бұл нәрсенің еке сипаттары,белгілері улкейтіп көрсетілуін айтады.Схематизация бұнда егер заттың айырмашылықтарын ескермей,оның ұқсастықтарына көбірек көңіл бөлсе.суретшінің өсімдіктер дүниесінің элементтерінен ою қиыстырып жасауы.Типтік образдар жасау бұл тұтас\ бірқатар обьектілердің барлығына бірдей ортақ белгілері бар бір образ жасап жанастыру.
20. Ес туралы жалпы түсінік. Ес теориялары: ассоциативті, нейрондық, биохимиялық
Ес дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмтылуын бейнелейтін процесс. Сонымен ес – бір-бірімен ұштасқан дара бөлектенген күрделі психикалық процесс. Ес адамға өте қажет жан құбылысы. Оның арқасында субъект жеке басының өмірлік тәжрибесін жинақтап, сақтап, соңғы пайдасына жаратады ЕСТІҢ АССОЦИАТИВТІК ТЕОРИЯСЫ Дүние заттары мен құбылыстарының есте орнығуы мен қайта жаңғыруы бірінен бірі бөлектенген күйде емес, өзара байланысты “топталған не тізбектелген” қалыпта жүреді. Осы процеске тәуелді мида есте қалдыру мен қайта жаңғыртудың физиологиялық негізі- уақытша жүйке байланыстары түзіледі. Мұндай байланыстар психологияда ассоциациациялар деп аталған. Ассоциациалардың бірі заттардың уақыт пен кеңістіктегі қатынас бейнесінен, яғни жанасу ассоциациясы, екіншісі- олардың ұқсастығынан туған бейнеден, яғни ұқсастық ассоциациясы, үшіншісі – қарама- қарсылыққа негізделген контрастық ассоциациясы, төртіншісі себеп- салдарлы қатынастардан туындайтын каузальдық ассоциацияАссоциация латын тілінен аударғанда (байланыс) яғни елес пен зейіннің бірінің пайда болуына екіншінің әсер етуі. Егер бұрын бірнеше объектіні бір мезгілде немесе бірінен соң бірін елестетсек, не ойласақ, бұлардың арасында байланыс пайда болады. Кейін объектінің біреуін ғана елестетсек миымызда оның қалған бөлегін тудыруға себеп болады. Ассоциациялық принципті алғаш рет ойлап тапқан ежелгі грек ойшылы Аристотель (б.э.д. 384-322) болды. Аристотель ассоциацияларды тек тікелей елестетумен байланыстырып, психикалық әрекеттің қалаған түрлерін (ойлау, қиял, ерік т.б.) түсіндіріуге бұл принципті қолданбады. ЕСТІҢ НЕЙРОНДЫҚ ТЕОРИЯСЫ Есте қалдыру мидың электрлік белсенділігімен, яғни мидағы химиялық не құрылымдық белсенділік қандай да бір жолмен ағзадағы электр қуатын арттырады Естің нейрондық теориясы. Нейрондық теорияның қалыптасуы Дж. Хеббаның жұмысымен байланысты (1974ж), ол қысқа және ұзақ мерзімді естің қызметтерін, мидың жүйке құрылымдарының белгілі нейрофизиологитялық өзгерістерімен түсіндіреді. (қысқа және ұзақ мерзімді). Естің нейрондық теориясы бас мидың органикалық зақымдардан кейін пайда болатын бұзылыстарын жақсы түсіндіреді. Естің биохимиялық теориясы олар ес процестерін бас мидың әртүрлі биологиялық активті заттарымен байланыстырады. Негізінен РНК (ХХғ.50ж). Соңғы 10 жылдарда ұзақ мерзімді естің пайда болуына РНК-ның өзі емес, ерекше милық пептидтер ерекше орын алады деген ақпараттар бар.
