- •«Тұран» УниверситетІ» мекемесі
- •«Тілдер» кафедрасы
- •Пәні бойынша
- •Алматы, 2013 мазмұны
- •«Тұран» университеті мекемесі
- •Пәні бойынша силлабус
- •(Жоғары оқу орындарының орыс бөлімі студенттеріне арналған)
- •Жұмыс бағдарламасы бойынша жалпы мәліметтер
- •Жалпы білім беру блогындағы қазақ тілі пәнінің мақсаты мен міндеттері
- •Тіл үйренушінің деңгейін анықтау критерийлері
- •Қазақ тілі курсы бойынша меңгерілетін грамматикалық құзыреттілік
- •6. Пәннің оқыту-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілуі
- •Қазақ тілі пәні бойынша сабақ түрлері мен сағаттары
- •I кезеңдегі оқу жоспары
- •II кезеңдегі оқу жоспары
- •Практикалық сабақтардың тақырыптары
- •1 Семестр – 3 кредит
- •2 Семестр – 3 кредит
- •1 Семестр – 3 кредит
- •2 Семестр – 3 кредит
- •I кезең
- •II кезең
- •Сөж тапсырудың графигі мен кеңес беру мерзімі
- •I кезең
- •II кезең
- •Бақылау жүргізудің сұрақтары
- •Білімді бағалау жөнінде ақпараттар
- •Аралық бақылау
- •Бағалау критерилері
- •Қорытынды баға
- •Пәнді оқытуға қойылатын талаптар мен оларды орындау түрлері
- •Пән бойынша тапсырмалардың орындау және тапсыру графигі
- •Соөж тапсырудың графигі
- •I кезең
- •II кезең
- •2. Сөж тапсырудың графигі мен кеңес беру мерзімі
- •I кезең
- •II кезең
- •Пәні бойынша практикалық сабақтардың дәрістер жиынтығы - контент
- •Алматы, 2013
- •Практикалық сабақтардың жоспары
- •Мүмкіндіктері
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешенімен жұмыс жасау тәртібі
- •Пәні бойынша үйренушінің өздік жұмысына арналған материалдар
- •Әдебиет
- •Үйренушінің оқу жетістіктерін бақылау және бағалауға арналған материалдар
- •Оқытуда бағдарламалық және мультимедиалық құралдарды пайдалану
- •Арнайы жабдықталған аудиториялар мен кабинеттер
- •Пәннің оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы
Пәні бойынша силлабус
B1-негізгі жеткілікті деңгей, B2 – негізгі стандартты деңгей
Мамандықтар: : 5В051300 әлемдік экономика, 5ВО50600 экономика,
5В070300 ақпараттық жүйе, 5В030200 халықаралық құқық, 5В030100 заңтану,
5В090200 туризм, 5В090400 әлеуметтік-мәдени сервис, 5В090800 бағалау,
5В090900 логистика, 5В091200 мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі,
5В050300 психология, 5В050400 журналистика, 0В50207 – аударма ісі,
5В050500 аймақтану, 5В050700 менеджмент, 5В050800 есеп және аудит,
5В050900 қаржыгер, 5В051000 мемлекеттік жергілікті басқару ісі, 5В051100 маркетинг,
5В051400 қоғаммен қатынас, 5В020200 халықаралық қатынастар (бакалавриат).
Автор (оқытушы): «Тілдер» кафедрасының аға оқытушысы, филол..ғ.к. А.Сейтбекова
Оқыту түрі: күндізгі
Барлық кредит саны: 6 (3+3)
Курс: 1
Семестр: 1, 2
Практикалық: 90 (45-+45)
Аралық бақылау саны: 2
СОӨЖ: 30 (15+15)
СӨЖ: 150 (75+75)
Емтихан: 1, 2 семестр
Сағат көлемі: 270 (135+135)
Алматы, 2013
Құрастырушы: ф.ғ.к., аға оқытушысы А.Сейтбекова
Силлабус қазақ тілі курсының (B1-негізгі жеткілікті деңгей, B2 – негізгі стандартты деңгей) типтік бағдарламасы негізінде құрастырылған.
Типтік бағдарламаның авторлары: ф.ғд, профессор А.Б. Салқынбай, ф.ғ.к., аға оқытушы С.М. Иманқұлова.
Силлабус 1-курстың негізгі пәні тілдер емес барлық мамандықтарға арналған.
Силлабус «Тілдер» кафедрасы мәжілісінде талқыланған
«_____» __________ 2013 ж. Хаттама № ______
«Тілдер» кафедрасының меңгерушісі,
филолог.ғыл.канд. доцент ____________________ Р.К.Бедельбаева
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Типтік оқу бағдарламасынан көшірме
ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
ҚАЗАҚ ТІЛІ
(Жоғары оқу орындарының орыс бөлімі студенттеріне арналған)
Енгізу күні: 3.011.2010
Типтік оқу бағдарламасы «Жоғары білім беру. Негізгі ережелер» 5.04.019-2008
ҚР МЖМБС-на сәйкес әзірленген.
ТҮСІНІК ХАТ
Тәуелсіз Қазақ елінің соңғы он жылдағы қарқынды даму үрдісі мен әлеуметтік жағдайы шетелдермен халықаралық байланысының нығаюы, әлемдік қауымдастықтағы беделінің нығаюы, әлемдік стандарттарға сәйкес келетін, бәсекеге қабілетті жоғары білімді сапалы мамандарды даярлаудың қажеттігін туғызып отыр. Мамандардың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі – олардың мемлекеттік тілді толық меңгеруі мен оны тәжірибе жүзінде қолдана алуы.
Ұсынылып отырған типтік оқу бағдарламасы ЖОО-дағы қазақ тілінің қолданыс аясын барынша кеңейтіп, мелекеттік тіл ретінде өмірлік қажеттілікке айналдыру мақсатында білім беру жүйесінде жасалып жатқан реформаларды басшылыққа алып, бүгінгі күннің талаптарына толық жауап беруді нысан етіп отыр. Осы ретте жоғары оқу орындарына арналған типтік бағдарламада студенттердің бойында мелекеттік сана мен отансүйгіш сезімін нығайту, қазақ елінің рухани-мәдени жетістіктерін насихаттауға ықпал ету арқылы қоғамда қазақ тілін білушілердің артықшылықтарын орнықтыру тетіктерін жетілдіру көзделеді.
Бағдарламаның мазмұны тіл үйренушінің қарым-қатынасқа түсу салаларын ескере отырып, сөйлеу әрекетінің 4 қағидатына (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) негізделген тіл үйренушінің мақсаты, тілді қолдану саласы, коммуникативтік жағдаяттар компоненттері, контекспен байланыстылығы тіл бірліктерінің қолданыстағы қызметіне сай анықталады. Модульде тілдік құзіреттілікті қалыптастыру коммуникативті-функционалдық грамматикаға негізделеді. Осы тұрғыдан алғанда, ең басты мақсат – тұрмыстық, әлеуметтік тақырыптардағы мәтіндер негізінде тіл үйренушілердің сөйлеу біліктілігін жетілдіру, лексикалық қорын, грамматикалық білік-дағдыларын қалыптастыру, қазақ тілі грамматикасы туралы білімін дамыту.
Міндеттері:
тілдік білім берудің негізгі құзіреттілігі және оның нәтижелі болуы;
коммуникативті-функционалдық бағыт;
пән мазмұны мен оның нәтижесінің белгіленген типтік стандарт бойынша оқытылуы мен тілді меңгертуі;
пән мазмұнының сала, тақырып, шағын мәтін және қатысымдық типтік жағдаяттарынан құралған когнитивті-лингвомәдени кешен түрінде берілуі;
тілдік құзіреттілікті анықтаудың параметрлік өлшем бірліктерін көрсету.
