Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қаршығаева УМКД Бакалавр1-курс (1) (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.03 Mб
Скачать

Мүмкіндіктері

Пәннің оқу-әдістемелік кешені оқулықтағы лексика-грамматикалық тақырыптарымен сәйкес жасалған. Тиісті бөлімдерде СӨЖ мен СОӨЖ арналған сұрақтар құрастырылған. Практикалық сабақтардың тақырыптары бойынша берілген сұрақтар мен тест тапсырмаларының жауаптарын алуға мүмкіндік қарастырылған.

Берілген оқу-әідістемелік кешенінің ерекшелігі жазбаша лексикалық, грамматикалық жаттығуларды орындау, хабарлама құрастыру, сипаттау, сұхбаттар жүргізу, мазмұндау, рөлдік ойындар, жалпы курс бойынша ұсынылатын тақырып бойынша тестілер арқылы материалды едәуір тереңдетіп оқуға мүмкіндік бар.

Пәннің оқу-әдістемелік кешенімен жұмыс жасау тәртібі

Пәннің оқу-әдістемелік кешенімен жұмыс жасауда ең алдымен оның мазмұны мен оқулық бағдарламасымен танысу керек. Бұл тіл үйренушілерге материалды оқуға ұсынылатын көлемін білуге, оның қиындық деңгейін түсінуге және кешен құрамына енген барлық ресурстарды толық пайдалану дағдыларын меңгеруге мүмкіндік туғызады.

Тақырыппен таныстыруда сөйлеу әрекетін дамыту үшін алдымен жаңа сөздер мен грамматикалық конструкцияларды үйрену керек. Содан кейін мәтіндік материал оқылып, аудиоматериал тыңдалады, бейнематериалдар көрсетіледі. Сабақ тақырыбы мен міндеттеріне сәйкес жазу дағдыларын қалыптастыру керек.

Барлық тапсырмаларды орындағаннан кейін тақырыпты игеру деңгейін анықтау үшін айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым және бақылау тапсырмалары мен тест сұрақтары қолданылады.

Аталған пәннің оқу-әдістемелік кешенінің жұмыс жасау тәртібі үйренушінің жеке-психологиялық ерекшелігіне және оның оқу деңгейіне қарай қажет жерінде өзгертіліп, қысқартылып отырады.

БЕКІТЕМІН

«Тұран» Университеті мекемесі

«Тілдер» кафедрасы

Хаттама № __ «____»________ 2013 ж.

Кафедра меңгерушісі

__________Р.К.Бедельбаева

«ҚАЗАҚ ТІЛІ»

Пәні бойынша үйренушінің өздік жұмысына арналған материалдар

Қазақ тілінен студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ) жоғары оқу орынында білім беру үдерісіне кіретін, ажырамас бөлігі болып табылады. СӨЖ қазақ тілін үйренуде оқытудың барлық аспектілерін қамтиды және белгілі бір дәрежеде «Қазақ тілі» жоғары кәсіптік білім С1 деңгейі пәнін меңгеру сапасы мен нәтижелерін анықтайды. Осыған байланысты, берілген курс бойынша жоспарлау, ұйымдастыру және СӨЖ бақылау жұмыстары ерекше мәнге ие болып, әдістемелік жетекшілік пен қамтамасыз етуді қажет етеді. Өздік жұмыстың мақсаты – қиындықтары бар кәсіби бағытталған мақсатты шешу үшін білім алу мен оны шығармашылық тұрғыда пайдалану қабілеттері бойынша дағды, машық пен студенттердің өз бетінше іздену-зерттеу қызметінің құзіретін қамтасыз ету.

Әдістемелік нұсқауларды пайдалана отырып, студенттер төмендегідей дағды мен машықтарды үйренуі тиіс:

- қазақ тілінде дұрыс сөйлей білуі мен сауатты жаза білуі;

- қазақ тілінің лексикасын меңгеруі;

- қазақ тілінің грамматикалық құрылымын меңгеруі;

- оқытуда қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу (сөздіктер мен анықтамалар);

- оқытылатын тақырыптар бойынша қазақ тілінде ауызша дайындалған монологтық ой-пікірін жеткізуі;

- қазақ тіліндегі жазбаша жұмыстардың орындалуы.

Студенттердің өздік жұмыстары аудиториядан тыс (кітапханаларда, мультимедиялық және компьютерлік сыныптарда және т.б.) және аудиторияда жүргізіледі. Практикалық тілдік пәндер бойынша СӨЖ-ге арналған тапсырмалар мәтінді тыңдап, оқып, фонетикалық, грамматикалық немесе лексикалық бағыттағы практикалық тапсырмаларды орындағаннан соң шығармашылық сипатта коммуникативті тапсырмалармен байланысты болуы мүмкін. Студенттің орындайтын өздік жұмысы келесідей талаптарға сай болуы тиіс: студент жеке өзі орындауы тиіс, аяқталған жұмыс болуы керек, қарастырылатын сұрақ жеткілікті дәрежеде студенттің құзіретін көрсетуі керек.

Қазақ тілі сабағында өздік жұмыс түрінің бірі – мәтінді мазмұндау. Мәтінді мазмұндау – үйренушінің монологтық сөйлеу дағдысын қалыптастыруға бағыттайтын мәтінмен жұмыс істеудің ерекше бір түрі. Өздік жұмыстың нәтижелі түрі жобалық оқыту болып табылады. Ол өздік, креативтік қызметті қалыптастыруға көмектеседі. Алған білімді бекітуге нақты практикалық мақсатта қолданылады. Әдіс жобасы тілді оқытуда коммуникативтік тәсілінің екі негізгі қағидасын толық айқындайды: үйренушінің ықыласы мен қызығушылығын.

Келесі тиімді жұмыс түрі – рөлдік ойындар. Оның мақсаты – студент имитациялық жағдайда өз бетінше жұмыс істеп, шешім қабылдай білуі қажет. Сабақта топтық, жұптық және жеке жұмыс түрлерін үйлестіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, рөлдік ойын, білімді қорытындылап, тереңдетуге, тілдік машықты дамытуға көмектеседі, оқу үдерісін белсендіруге, студенттің бойындағы шығармашылық қабілетін оятуға, өз бетінше жұмыс істеуіне және бар білімін түрлі жағдайларда тілдік қарым-қатынас жасауда қолдануға мүмкіндік береді.

СӨЖ сапасын бақылау ауызша және жазбаша түрде жүзеге асырылады. СӨЖ нәтижелігі оны бақылаудың белсенді әдістерінің болуымен анықталады. Рейтингтік жүйені пайдалану білімді меңгеру сапасын және оқу үдерісіндегі машықтарын байқауға, өздік жұмыстың жоспарлық көлемін орындауға мүмкіндік береді. Оқытудың рейтингтік жүйесі үлкен ақпараттық, үдерістік және жеке бағытталған оқыту технологиясы арқылы оны жүзеге асыру жағдайында студенттердің өздік танымдық қызметінің шығармашылық нәтижелерін қамтамасыз етеді. СӨЖ кезінде оқыту үдерісінде тестті қолдану едәуір тиімді. Бұл жағдайда студент алған білімін өзі тексереді.