Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психолингвистика (бадарлама).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
158.21 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СҮЛЕЙМАН ДЕМИРЕЛ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ

ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТИКА КАФЕДРАСЫ

Бекітемін

Бірінші проректор

ф-м.ғ.д., профессор Әмірғалиева С.Н.

«........»........................2012 жыл

ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Пәні: Психолингвистика негіздері

Мамандығы: 6N011700 - қазақ тілі және әдебиеті

АЛМАТЫ – 2012

«6N011700 - қазақ тілі және әдебиеті» мамандығына арналған «Психолингвистика негіздері» арнаулы курсы бойынша оқу жұмыс бағдарламасы (силлабусы) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен типтік бағдарлама (), халықаралық стандарт негізіндегі АИСО 9001 Түркия стандарттау институтының жоспары (SDU-PL-ML, 02.06.2004, Rev. №00) және Сүлейман Демирел атындағы университеттің оқу жоспары негізінде дайындалды.

«Психолингвистика негіздері» курсы бойынша оқу жұмыс бағдарламасын дайындаған – ф.ғ.к., доцент Ордабекова Хафиза Арысбайқызы

«Психолингвистика негіздері» курсы бойынша оқу жұмыс бағдарламасы (силлабусы) Қазақ филологиясы және қоғамдық ғылымдар кафедрасының мәжілісінде талқыланып бекітілді.

Хаттама № 1, 27 тамыз 2010 жыл.

«Психолингвистика негіздері» курсы бойынша оқу жұмыс бағдарламасы (силлабусы) Сүлейман Демирел атындағы университеттің оқу-әдістемелік Кеңес мәжілісінде талқыланып бекітілді.

Хаттама № 1, 28 тамыз 2010 жыл.

Кафедра меңгерушісі ф.ғ.к. Еркінбаев Ұ.

Факультет деканы Рһ.D Гайпов Д.

Оқу бөлімінің бастығы Галиева Ф.Р.

Курс атауы – Психолингвистика негіздері

Кредит саны – 2

Оқытушы – ф.ғ.к., доцент Ордабекова Хафиза Арысбайқызы.

Курстың жалпы сипаттамасы: Тіл ғылымындағы психологизм бағытының қалыптасу кезеңдерінен бастап, ХХ ғ. психолингвистикалық мектептердің ұсынған концепцияларына шолу жасай отырып, сөйлеу әрекетін қалыптастыру фазалары, олардың өзіне тән белгілерін, психолингвистикалық бірліктер (когнитивтік, дискурстық); тіл және ойлау; тіл және сана; ауыспалы мағынаның жасалу жолдарының адам психикасының қызметіне байланыстылығы; психологиядағы ассоциация заңының тіл ғылымындағы қолданысы; сөздің ішкі формасы, мотивация, сөйлеу коммуникациясы, қолданбалы психолингистика, яғни адамның қоғамдың өміріндегі психолингвистикалық зерттеулердің теориялық және практикалық жақтан қолданысы (БАҚ-ы, жарнама, сот, синхронды аударма т.б.) сияқты мәселелерге ерекше назар аударылады.

Курстың мақсаты мен міндеті: Соңғы жылдары тілші ғалымдардың назары адамдардың әлеуметтік, қоғамдық ортадағы тілдік қарым–қатынас орнатуына себеп болатын сөйлеу әрекетін жүзеге асыру процестері, атап айтқанда, айтылған хабарды тез қабылдауда, оны түсініп, оған жауап қайыруда адам жадында сақталған лексикалық бірліктердің (лексикон) ішінен айтылатын ойға сәйкес келетін сөзді дәл табуы сияқты мәселелердің шешімін табуға бағытталып отыр. Психолингвистика пәні жоғарыда айтылғандарды басты назарда ұстай отырып, мынадай міндеттерді көздейді:

- тіл тарихында психолингвистикалық теорияның қайнар көздерін қарастыру;

- антропоөзектік парадигма негізінде қалыптасқан пәндер ішінде алатын орнын;

- психолингвистикалық зерттеулердің негізгі бағыттарын меңгеруі;

- психосемантика, психопоэтика, этнопсихолингвистика туралы тыңдаушыларға

жүйелі ғылыми-теориялық білім беру;

- алған білімдерін практикалық және эксперименттік дәрежеде пысықтай білуі

тиіс.

Күтілетін нәтижелер:

- адамның сөйлеу әрекетін, сөйлеу коммуникациясы мен индивидуалды сөйлеу,

сөйлесу, ойлау әрекеттерін психологиялық және лингвистикалық аспект

тұрғысынан қарастыру;

- оның психологиялық мазмұнын, құрылымын, әдіс–тәсілдерін жүзеге

асырудың жолдарын меңгере білуі;

  • сөйлеу коммуникациясы процесіндегі тілдік таңбалардың қызметін негізге

ала отырып, ондағы өзгерістердің (сөз) ішкі формасы мен уәжі, уәждемелік

белгілері тұрғысынан талдай білуді;

  • сондай–ақ белгілі бір ойды білдіруде тілдік элементтер мен құрылымдардың арасындағы байланысты анықтай білуге;

  • ПЛ-дан алған теориялық білімдерін күнделікті өмірде іске асыра білу жолдарын меңгеруге тиісті.

Пәннің пререквизиттері: Тіл біліміне кіріспе, Психология, Логика, Қазақ тілінің грамматикасы, Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі, Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы.

Пәннің постреквизиттері: Жалпы тіл білімі, Когнитивті лингвистика, Лингвомәдениеттану, Әлеуметтік лингвистика.

Тірек сөздер: ойлау, пайымдау, түйсік, сана, семиотика, тілдік таңба, сөйлеу, сөйлеу әрекеті, сөйлеу коммуникациясы, ішкі форма, тілдік сана, ғаламның тілдік бейнесі, когнитивті психология, символ, категрия және т.б.

Магистранттарға қойылатын талаптар:

  • міндетті түрде сабаққа қатысу;

  • сабақта белсенділік таныту;

  • сабаққа үнемі дайындықпен келу, үй жұмысын, МОӨЖ және МӨЖ тапсырмаларын уақытында өткізу.

Сондай-ақ:

  • сабаққа кешігуге, сабақтан рұқсатсыз кетуге (студенттің сабақтан себепсіз кетуі бір жіберілген сабаққа есептеледі);

  • сабақ үстінде ұялы телефонды пайдалануға;

  • сабақ үстінде сағыз шайнауға тыйым салынады

Магистрант білімін бағалау:

Барлық оқу уақыты – 15 апта

Аралық бақылау мерзімдері – 7, 15 апта

Бағалау шарттары:

І аралық бақылау – 30 % (ағымдық және аралық бақылауды қоса есептегенде)

ІІ аралық бақылау – 30 % (ағымдық және аралық бақылауды қоса есептегенде)

Емтихан – 40 %

Барлығы - 100%

Аралық бақылаудың қорытындылары деканаттағы ведомосқа қойылып отырады және ол емтиханға жіберуге негіз болады.

Бағалау шкаласы:

Жұмыс түрі

Қойылатын балл

1

Аудиториялық сабақтарда тақырыпты меңгеруі және т.б.

15 балл

2

МОӨЖ тапсырмаларын орындауы

10 балл

3

МӨЖ

10 балл

4

І - аралық бақылау жұмысы (7 апта)

15 балл

5

ІІ - аралық бақылау жұмысы (15 апта)

15 балл

6

Емтихан

40 балл

Барлығы

100 балл

LETTER

Out

Out of 4

A

93-100

4

A-

90-92

B+

87-89

3

B

83-86

B-

80-82

B-

80-82

C+

77-79

C

73-76

2

C-

70-72

D+

67-69

D

63-66

1

D-

60-62

F-

0-59