Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД — Сұлбатехника каз для АЖ-201.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.5 Mб
Скачать

17.2. Шифраторлар

Шифратор, ондық сандары 0 және 1 симболдары арқылы кодалайды, оны кейде кодер немесе кодалаушы құрылғы деп те атайды.

17.3а суретте 0 ден 9 – ға дейінгі ондық сандарды төрт разрядты екілік санға түрлендіретін матрицалық шифратордың құрылымдық сұлбасы, 17.3б суретте оның шартты белгісі келтірілген. Шифрлеу әрекеті сандық клавиштерді саусақпен басу арқылы жүзеге асады. Мысалы, 5 клавишін саусақпен басатын болсақ, онда кернеу горизонталь өткізгіштің 0101 ұшына беріледі. Осы кезде горизонталь өткізгіштің бойынан алынған екі диодтың сол жағындағысы арқылы кернеу бірінші вертикаль өткізгіштің ұшына, ал оң жағындағысы арқылы тағыда вертикаль орналасқан төртінші өткізгіштің ұшына беріледі. Сөйтіп, шифратор 5 санын + =5 осылайша кодалайды.

17.3 сурет

17.1кестеден әртүрлі кодалық комбинациялар кезінде 10нан 1 (бұлай аталуының себебі дешифратордың шығысындағы 10 симболдың тек біреуі ғана «1» , ал қалған 9 симболы «0» арқылы белгіленген) дешифратор қандай күйде болатындығын көруге болады. Мәселен ондық санау жүйесі бойынша берілген 983 саны төрт разрядты екілік кодалау бойынша 1001 1000 0011 сандары арқылы белгіленеді.

Дешифраторлар көптеген интегралдық микросұлба түрінде жасалады: К500ИД162М – екілік коданы сегіздікке түрлендіруші үш разрядты дешифратор, К176ИД1 және К155ИД1 – екілік коданы ондыққа түрлендіруші төрт разрядты дешифратор. К155ИД1 – дешифратор ИН–16 (ИН–4, ИН–12, ИН–14) цифрлік газразрядтық индикатордың шығысына тура қосуға арналған. К176ИЕ3 – микросұлба дешифратор мен санауышты біріктіреді және К176ИЕ4 – дешифраторы жеті сегментті цифрлік индикаторды басқаруға арналған.

17.1 кесте

К іріс саны

0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

0 0 0 0

0 0 0 1

0 0 1 0

0 0 1 1

0 1 0 0

0 1 0 1

0 1 1 0

0 1 1 1

1 0 0 0

1 0 0 1

0 0 0 0 0 0 0 0 0 1 0 0 0 0 0 0 0 0 1 0

0 0 0 0 0 0 0 1 0 0 0 0 0 0 0 0 1 0 0 0 0 0 0 0 0 1 0 0 0 0

0 0 0 0 1 0 0 0 0 0

0 0 0 1 0 0 0 0 0 0 0 0 1 0 0 0 0 0 0 0 0 1 0 0 0 0 0 0 0 0

1 0 0 0 0 0 0 0 0 0

13-дәріс: Жадылы логикалық жүйелер. Еске сақтау құрылғылары

Дәрістің мақсаты: Ақпараттарды еске сақтайтын жадылы логикалық құрылғыларының жұмыс принципімен танысу.

Түйін сөздер: - тұрақты еске сақтау құрылғысы - ақпаратты ұзақ уақытқа өзгеріссіз сақтайды, тіпті ақпарат құрылғыны тоқ көзінен ажыратқаннан кейін де сақталады; – оперативтік еске сақтау құрылғысы ОЕҚ) - ақпаратты жұмыс жасау барысында ғана уақытша сақтайды.