Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД — Сұлбатехника каз для АЖ-201.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.5 Mб
Скачать

12.6  Сурет

ажыратпайды. Мұндай жағдайда транзисторлық кілтті қолданады. 12.6суретте биполярлық транзисторға негізделген транзисторлық кілттің сұлбасы көрсетілген. Мұнда кіріс (басқарушы) тізбегі мен шығыс (басқарылушы) тізбегінің арасында тура электрлік байланыс жоқ. Транзисторлық кілттің сұлбасы ортақ эмиттерлі күшейткішке өте ұқсас. Бірақ мұндағы транзистор екі күймен сипатталатын кілттік режімде жұмыстайды.

Бірінші күйін транзистордың шығыс сипаттамасындағы А1 нүкте анықтайды, оны тыйылу (отсечка) режімі деп атайды.

Тыйылу режімінде базаның тогі , коллектордың тогі бастапқы мәніне тең, ал коллектордың кернеуі . Тыйылу режімі базаның потенциалы теріс болған кезде басталады. Осы кезде коллекторлық ауысу жабылады.

Екінші күйін транзистордың шығыс сипаттамасындағы А2 нүкте анықтайды, оны қанығу режімі деп атайды. Қанығу режімі базаның потенциалы оң болған кезде басталады. Ал базаның тогі тек резистор арқылы ғана анықталады, оның себебі транзистордың ашық эмиттерлік ауысуының кедергісі өте аз. Осы кезде коллектордың тогі және кернеуі болады да, ал коллекторлық ауысу ашылады.

Кіріс кернеуі оң болған жағдайда транзистор тыйылу режімінен қанығу режіміне көшеді. Кіріс кернеуінің мәні (базаның потенциалы) артқан сайын шығыс кернеуі (коллектордың потенциалы) кемиді, ал керісінше шығыс кернеуінің мәні артқан сайын кіріс кернеуі кемиді. Мұндай кілт инвертор деп аталады. Транзисторлық кілттің тыйылу және қанығу режімдеріне сәйкес келетін шығыс кернеуінің деңгейлері температураға тәуелсіз тұрақты сақталады.

12.2.3 Электрондық кілттердің импульсті қалыптаушы, импульстің амплитудасын шектеуші және селекциялық әрекеттері

Электрондық кілттерді импульстерді қалыптаушы, яғни олардың формасын реттеп, шектеп өзгертуші жүйе ретінде жиі қолданады. Ең қарапайым және ең кең таралған импульсті қалыптаушы құрылғыларға импульстің амплитудасын шектеушілер, сонымен қатар электрондық кілттің шығысына қосылған сызықты тізбектер де жатады.

Импульсті жоғары жағынан шектеу үшін, біз жоғарыда қарастырған, бірақ тек тыйылу немесе қанығу режімінде ғана жұмыстайтын тізбекті немесе параллель кілттер, сондай-ақ тразисторлық кілттер қолданылады.

12.7  Сурет

Жоғарыдағы 12.7суретте параллель диодтық кілттің (12.5бсурет) көмегімен жоғары жағынан шектелген синусойдалы кернеу көрсетілген.

Мұндағы импульстің шектеу деңгейі кілттің қосу деңгейіне тең. Осыған ұқсас импульсті төменгі жағынан да шектеуге болады. Ол үшін 12.5бсуретте көрсетілген диод пен ток көзінің полюстерін керісінше өзгерту керек.

12.8  Сурет

Импульсті екі жағынан да шектеу (12.8асурет) үшін 12.8бсуретте көрсетілген қос кілтті пайдаланады.

12.9  сурет

Шектеуші кілттерді әртүрлі мақсатпен қолдануға болады. Мысалы синусоидалық сигналды трапециалық пішінді кернеу етіп қалыптауға (12.8асурет), бұрмаланған импульстердің төбесін тегістеуге (12.9асурет), қандай бір берілген деңгейден амплитудалары төмен немесе жоғары импульстерді бөліп алуға (амплитудалық селектор) (12.9әсурет) болады. Егер кіріс сигналының амплитудасы шектеу деңгейінен неғұрлым жоғары ( ) болса, онда шығыс кернеуінің пішіні соғұрлым тік бұрышты импульске ұқсайды.