Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД — Сұлбатехника каз для АЖ-201.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.5 Mб
Скачать

12.2. Электрондық кілттер мен импульстік сигналдардың қарапайым қалыптаушылары

10.2.1. Электрондық кілттердің жалпы сипаттамасы

Электрондық кілттер көптеген импульстік құрылғылардың құрамына кіреді. Кез келген электрондық кілттер кілттік режімде жұмыстайтын активтік элементтерге ( шала өткізгіш диод, транзистор, тиристор және т.б. электрондық аспаптар) негізделеді. Кілттік режімнің негізгі екі күйі болады: «Қосу»  «Ажырату». Төмендегі 12.3суретте идеал кілттің қарапайым сұлбасы және уақыттық диаграммасы көрсетілген.

Егер кілт ажыратылған болса, онда уақыттық диаграмманың сипаттамасы , күйде, ал егер кілт қосылса, онда , күйде болады (12.3ә,бсурет). Сөйтіп, ажыратылған кілттің кедергісі  шексіз үлкен, ал қосылған кілттің кедергісі  нөлге тең.

Электрондық кілттердің сапасы мына негізгі параметрлері арқылы сипатталады:

  1.  жабық, яғни қосылған күйдегі кілтке түсетін кернеу;

  2.  ажыратылған күйдегі кілт арқылы жүретін ток;

  3.  бір күйден екінші күйге өту (ажыратыпқосу) уақыты.

, және шамалардың мәндері неғұрлым кіші болған сайын

кілттің сапасы да соғұрлым жақсы болады.

12.3  Сурет

12.2.2 Диодтық кілттер

Электрондық кілттердің ең қарапайым түрлері  диодтық кілттер. Олардың активтік элементтері ретінде шала өткізгіш немесе электрвакуумдық диодтарды қолданады. Диодтық кілттерді активтік элементтерінің сұлбаға қосылу ерекшеліктеріне байланысты тізбекті және параллель деп аталатын екі топқа, ал олар өз ішінен тағы да кернеуді қосу деңгейлеріне байланысты нөлдік және нөлдік емес деп аталатын екі түрге бөлінеді. Нөлдік деңгейлі тізбекті диодтық кілттің сұлбасы мен оның диаграммалық сипаттамасы 12.4а және 12.4әсуретте, ал нөлдік емес деңгейлі тізбекті диодтық кілттің сұлбасы мен оның диаграммалық сипаттамасы 12.4б және 12.4всуретте көрсетілген.

12.4  сурет

Кіріске оң кернеу берілген кезде диод ашылып,

, (12.1)

ток жүреді, мұндағы диодтың тура кедергісі.

Шығыс кернеуі:

. (12.2)

Жалпы , олай болса . Кіріске теріс кернеу берілген кезде диод арқылы жүретін кері токтің шамасы:

, (12.3)

мұндағы диодтың кері кедергісі.

Енді шығыс кернеуін есептейтін болсақ, онда

. (12.4)

Жалпы және болатыны белгілі. Демек, диодты қосу полюсі өзгерсе, онда функциялық графигі координатың басы арқылы 1800қа бұрылады.

Қосу деңгейін өзгерту үшін 12.4асуретте берілген кілттің сұлбасындағы кедергіге ығыстырушы кернеу көзін тізбектей қосады (12.4бсурет). Мұндай жағдайда, болған кезде диод ашылады да, оның шығыс кернеуі , ал болса, онда диод жабылады да шығыс кернеуі болады. Егер ығыстырушы кернеу көзінің полюсін өзгертсе, онда функциясының графигін 10.4всуреттегі ұзік сызық сипатайды.

Нөлдік деңгейлі параллель диодтық кілттің сұлбасы мен оның диаграммалық сипаттамасы 12.5а және 12.5әсуретте, ал нөлдік емес деңгейлі параллель диодтық кілттің сұлбасы мен оның диаграммалық сипаттамасы 12.5б және 12.5всуретте көрсетілген.

Кіріске оң кернеу берілген кезде диод ашылып, кілт қосылады, ал теріс кернеу берісе, онда диод жабылып, кілт ажыратылады. Қосу деңгейін өзгерту үшін 12.5асуретте берілген кілттің сұлбасындағы диодқа ығыстырушы кернеу көзін тізбектей қосады (12.5бсурет). Егер ығыстырушы кернеу көзінің полюсін өзгертсе, онда функциясының графигін 12.5всуреттегі үзік сызық сипаттайды.

12.5сурет

Диодтық кілттердің басты кемшілігі, кейде қажет болған жағдайда ондай кілт басқарушы және басқарылушы тізбектің электрлік байланысын