- •Метрологияның негізгі түсініктері мен терминдерінің анықтамасын беріңдер.
- •Шкала оның түрлері
- •3 Физикалық шаманың өлшем бірліктер жүйесі деген не?
- •4.Физикалық шаманың размері мен размерлігі деген түсініктердің айырмашылығы қандай?
- •5.Қателер оның түрлері
- •6.Интегралдық және дифференциалдық таралу функцияларды сипаттаңдар.
- •7.Чебышев теңсіздіктері және 3δ ережесі кездейсоқ қатені бағалауда қалай қолданылады?
- •9.Өлшеу нәтижелерін және кездейсоқ қателердің математикалық күтімі мен дисперсиясын сипатаңдар.
- •10.Нүктелі бағалау
- •11.Аралық бағалау
Метрологияның негізгі түсініктері мен терминдерінің анықтамасын беріңдер.
Метрология – өлшеу туралы, өлшеу бірегейлігін және дәлдігін қамтамасыз етудің жолдары мен тәсілдері туралы ғылым.
Өлшеу деп тәжірбие жолымен,өлшем құралдарының көмегімен физ.шаманың сандық мәнін анықтауды айтады.
Өлшем бірлігі(шама бірлігі)1-ге тең сандар мәні, шартты түрде берілген белгіленген мөлшерде физиканың шамасы.
Өлшем бірегейлігі – өлшеу нәтижелерін заңдастырылған бірліктермен көрсетілуін және өлшем дәлдігінің белгілі ықтималдылықпен анықталуын айтады.
Өлшем дәлдігі – өлшенетін шаманың мәні оның шын мәніне жақын болуын айтады.
Метрологияның басты мақсаты өлшемнің бірегейлігі мен дәлдігін қамтамасыз ету.
Физикалық шама – сапа жағынан көптеген физикалық объектілерге ортақ, ал сан жағынан әр объект үшін әртүрлі мәні бар қасиетті айтады.
Физикалық шаманы сандық жағынан сипаттау үшін размер, ал сапа жағынан размелік деген ұғымдар пайдаланылады.
Шкала оның түрлері
ФШ шкаласы –Физ.шамалардың шкалалары - өлшенбейтін шамаларды бағалайды. Бағалау үшін шкалаларды пайдаланады.
Шаманың шкаласы деп – шаманың мәндерін дәл өлшемдерге негізделген нәтижелердің реттелген қатарын айтады.
3 Физикалық шаманың өлшем бірліктер жүйесі деген не?
Физикалық шамалардың өлшем бірлік жүйесі
1. К.Гаусс (CGS). 1832ж Карл Гаусс бірінші рет өлшем бірліктердің жүйе принциптерін құрастырған және ұсынған:
1) Негізгі ф.ш таңдау керек: l,m,t
2) Негізгі ф.ш. өлшем бірліктерін таңдайды: см, г, секунд
3) негізгі өлшем бірліктердің байланысын пайдаланады. Туынды ф.ш. өлшем бірліктерін анықтау керек: v=l/t=|мм/с|
2. МКСА (метр, кг, с, Ампер)
3. СИ 1960 ж. қабылданды:
1) 7-негізгі: l, m, t, I, ν, T, ω
2) м,кг,с,А,моль,К,кд,рад,стр
3) 2-туынды: көлемдік бұрыш, жазықтық бұрыш
4.Физикалық шаманың размері мен размерлігі деген түсініктердің айырмашылығы қандай?
Физикалық шаманың размері және размерлігі – белгілі бір объектідегі физикалық шаманың сандық мөлшерін көрсету қажет болса, онда размер дейтін термин қолданылады, ал физикалық шаманың мәні деп шаманың бірлік бойынша есептелінген сандық мәнін айтады.
Метрологияның негізгі постулаты деп:
Q
= q [Q]
ФШ сандық мәні
размері
Мысалы: m = 15 кг
Өлшем бірлігі (шама бірлігі) – 1-ге тең сандық мән шартты түрде берілген, белгіленген мөлшердің физикалық шамасы.
Өлшеу – физикалық шаманың мәні оның өлшем бірлігімен салыстыру әрекеті.
1)ФШ сапа жағынан сипаттау үшін размерлік деген терминді пайдаланады.
dimensinon
dimƖ = L dim m = M dim t = T
2)теңдеудің оң және сол жағындағы размерліктері бірдей болу керек. Себебі размерлігі бірдей шамаларды қосамыз.
3)мультипликативті
Q=A*B*C
dimQ=dimA*dimB*dimC
Q=A/B
dimQ=dimA/dimB
5.Қателер оның түрлері
Ф.ш. шын мәні – өлшенетін қасиетін сандық жағынан ж/е сапа жағынан берілген объектіні дәл, яғни идеал түрде көрсететін қасиетін айтады. Ф.ш. шын мәні белгісіз болып қалады. Өйткені, өлшем нәтижесінде әр уақытта қателер болады.
Өлшем қатесі – ф.ш. өлшенген мәні мен оның шын мәнінің арасындағы айырымын айтады:
∆ = х – Q
Ф.ш. шын мәні белгісіз болғандықтан оның орнына нақты мәнін қолданамыз.
Ф.ш. нақты мәні – шын мәніне өте жуық болатын, тәжірибе жолымен анықталатын және оның орнына қолданылатын шаманы айтады.
Пайда болуына қарай өлшем қателері 3-ке бөлінеді:
Жүйелі қате
Кездейсоқ қате
Өрескел қате
Ж.қ. – бірнеше рет бірдей жағдайда қайталап өлшеген кезде тұрақты болып қалатын н/е белгілі заңдылықпен өзгеретін қатенің бөлігін айтады. Ж.қ. жалпы алдын ала жорамалданып, оның мәнін анықтап, тауып, ескеруге н/е жоюға болады.
К.қ. – ф.ш. бірнеше рет өлшегенде бірдей жағдайда сақтап, қайталап өлшегенде саны да, мәні де,таңбасы да кездейсоқ өзгеретін қатенің бөлігі айтады. К.қ –нің өзгеруінде ешқандай заңдылық сақталмайды. К.қ-ні жоюға болмайды. Демек, барлық өлшеулерде к.қ. болады. Бірақ, к.қ. жоймасақта, оны кемітуге болады. Ол үшін өлшеу санын өсіру керек.
∆ = δ + θ
∆-жалпы қате, δ-кездейсоқ қате, θ-жүйелі қате
Ө.қ. –өлшем қатарындағы басқа мәндерінен көп артық не көп кем болатын ерекше өлшемнің қатесін айтады.
Жүйесі қатесі ескеріліп жойылған өлшем нәтижелерін – түзетілген өлшемнәтижелері дейді.
Көрсету жағынан қателерді 3 түрге бөлуге болады.
Абсолюттік
Салыстырмалы
Келтірілген
А.қ. – өлшенген шама мен шын мәні арасындағы айырымды айтады. Өлшем бірлігі өлшенетін шаманың мәнімен бір: ∆ = х – Q
А.қ. –нің өлшем бірлігі – өлшенетін шаманың өлшем бірлігімен бірдей болады. Ол өлшем дәлдігін дәл көрсетпейді. А.қ-лікті пайдаланып өлшенетін шаманың дәлдігін бағалай алмаймыз.
С.қ. – а.қ-нің шын мәніне қатынасын айтады: δ =
Дәлдік мәнге жақын болады. Өлшемсіз болады. Кейде пайызбен көрсетіледі.:
δ = *100%
К.қ. – өлшем құралдарының қатесін анықтауда қолданылады:
QN – өлшем құралдардың барлық диапозонындағы өзгермейтін тұрақты мәнді алады.
*100%
