- •1. Биофизика пәні және оның мақсаты мен міндеттерін түсіндіріңіз?
- •2. Биофизиканың негізгі тарауларын атап, қысқаша сипаттама беріңіз?
- •3. Биофизиканы не себепті пәнаралық ғылымға жатқызады?
- •4. Термодинамика ұғымына анықтама беріңіз ?
- •5.Термоднамикалық жүйелер?
- •6.Термодинамиканың і заңы?
- •7. Термодинамиканың і заңының биологияда және медицинада қолданылуы.
- •8. Термодинамикалық жүйе ұғымына анықтама бер.
- •9. Термодинамикалық жүйенің қандай түрлерін білесіз, оларға мысал келтіріңіз.
- •10. Оқшауланған термодинамикалық жүйеге мысал келтіріңіз.
- •11. Тұйық термодинамикалық жүйеге мысал келтіріңіз.
- •12. Биологиялық жүйелерден тұйық термодинамикалық жүйеге мысал келтіріңіз. Оның не себептен тұйық жүйеге жатқызылатынын түсіндіріңіз.
- •13. Ашық термодинамикалық жүйеге анықтама беріп, мысал келтіріңіз.
- •14.Биологиялық жүйелердің алуантүрлілігі.
- •15. «Жүйе энергиясы» ұғымына анықтама беріңіз.
- •16.Жүйенің ішкі энергиясы: бос және байланысқан энергия
- •17. Термодинамиканың бірінші бастамасы қалай тұжырымдалады?
- •18. Энергияның сақталу заңы және олардың биожүйелердегі көрінісі.
- •19.Биологиялық жүйелер үшін термодинамиканың бірінші заңының қолданылуын сипаттаңыз.
- •20.Термодинамиканың бірінші заңының биологиялық жүйелер үшін қолданылуын дәлелдеңіз
- •21. Лазер сәулесі және оның практикалық маңызы.
- •22. Лазердің медицинада қолданылуы. Лазерлік терапия және лазерлік хирургия
- •23 Лазердің косметологияда қолданылуы.
- •24 Лазер сәулелерінің клетка және организм денгейіндегі әсері.
- •25.Акупунктураға әсер ету механизмдері:ұлпалық терапия теориясын түсіндіріңіз
- •26.Акупунктураға әсер ету механизмдері:каппилярлық қан ағысын қалыптастыру теориясын түсіндіріңіз
- •27. Акупунктураның әсер ету механизмдері:гистаминді реттеу теориясын түсіндіріңіз
- •28.Акупунктураның әсер ету механизмдері:электрлік теория
- •29.Акупунктураға әсер етудің рефлекторлық механизмдерін түсіндіріңіз
- •30. Биологиялық активті нүктелерге әсер ету жолдары.
- •32.Бан бойынша жасалған зертханалық тәжірибеден алынған нәтижелер қорытындысын түсіндіріңіз.
- •33.Меридиан дегеніміз не?
- •34. Лазер типтерін (түрлерін) түсіндіріңіз
- •35. Лазердің құрылысын сызып, сипаттаңыз
- •Сурет 8.3 - Газды лазердің ісурылым схемасы
- •36.Лазердің қасиеттерін түсіндіріңіз
- •37. Лазер сәулесін алудың қандай шарттарын білесіз?
- •38. Лазердің қолданылуын сипаттаңыз
- •39. Лазердің зиянды әсерлерін түсіндіріңіз. (техника қауіпсіздігі бойынша)
- •40.Электрокардиография деген не?
- •41.Жүректің электрлік систолын есептеудің формуласын жазып, түсіндіріңіз.
- •42.Жүректің электрлік осін анықтауды сипаттаңыз.
- •43.Экг тісшелерін түсіндіріңіз.
- •44. В.Эйтховеннің ұсынысын түсіндіріңіз
- •45. Физикалық жүктемеге дейінгі және кейінгі электрограмма өзгерісін түсіндіріңіз.
15. «Жүйе энергиясы» ұғымына анықтама беріңіз.
Ішкі энергия–дененің (жүйенің) тек ішкі күйіне байланысты энергия. Ішкі энергияға дененің барлық микробөлшектерінің (молекулалардың, атомдардың, иондардың, т.б.) ретсіз (хаосты) қозғалыстарының энергиясы, микробөлшектердің өзара әсерлесу энергиясы, атомдар мен молекулалардың ішкі энергиясы, т.б. жатады. Ішкі энергия ұғымын 1851 жылы У.Томсон енгізген.
Дененің бір күйден екінші күйге ауысу барысындағы Ішкі энергиясының өзгерісі (ΔU) мынаған тең: ΔU=ΔQ–A, мұндағы Q – жүйенің қоршаған ортамен алмасқан жылу мөлшері, А – істелген жұмыс. Бұл теңдеу жылу алмасу процесі басты рөл атқаратын жүйелердегі энергияның сақталу және айналу заңын (термодинамиканың бірінші бастамасын) өрнектейді. Энергияның сақталу заңына сәйкес Ішкі энергия физикалық жүйе күйінің, яғни осы күйді анықтайтын тәуелсіз айнымалылардың (мысалы, температура, көлем не қысым), бір мәнді функциясы болады. Q және А шамаларының әрқайсысы жүйені Ішкі энергиясы U1-ге тең күйден U2-ге тең күйге ауыстыратын процестің сипатына тәуелді болады, ал ΔU=U2–U1.
Жүйе бастапқы күйіне қайтып келетін (U2-U1) кез келген тұйық процесс үшін Ішкі энергияның өзгерісі (ΔU) нөлге тең және Q=A (қ. Дөнгелек процесс). Адиабаттық процесте (қоршаған ортамен жылу алмасу болмаған, яғни Q=0 жағдайда) жүйенің Ішкі энергияның өзгерісі жүйенің істеген жұмысына не жүйеге жасалған жұмысқа тең. Газдардың кинетикалық теориясы бойынша идеал газдар Ішкі энергиясының өзгеруі нәтижесінде, температураға байланысты молекулалардың кинетикалық энергиясы өзгереді. Сондықтан идеал газдың (немесе қасиеттері сол идеал газға жуық газдардың) Ішкі энергиясының өзгерісі тек оның температурасының өзгерісімен анықталады (Джоуль заңы). Бөлшектері өзара әсерлесетін физикалық жүйелерде (реал газдарда, сұйықтықтарда, қатты денелерде) молекулааралық және молекула ішіндегі өзара әсер энергиялары да Ішкі энергияға жатады. Мұндай жүйелерде Ішкі энергия температурамен қатар қысым мен көлемге де тәуелді болады. Абс. нөлге жуық (–273,16°С) төмен температуралар аймағында конденсацияланған жүйелер (сұйық және қатты дене) Ішкі энергиясының температураға тәуелділігі жойылып, ол белгілі бір тұрақты мәнге (U0) – “нөлдік энергия” дейтін мәнге ұмтылады (термодинамиканың үшінші бастамасы). Ішкі энергия негізгі термодинамиқалық потенциалдардың бірі болып есептеледі.
16.Жүйенің ішкі энергиясы: бос және байланысқан энергия
Жүйенің ішкі энергиясы молекулалардың ретсіз қозғалысының кинетикалық энергиясы, молекулалардың өзара әсерлесуінші потенциялық энергиясы және ішкі молекулалық энергиясы кіреді. Ішкі энергия жүйе күйінің функциясы болып табылады.
Жүйеге істелген жұмыс (А) сыртқы денелердің жұйеге берген энергиясы.
Жылу мөлшері (Q) жылу алмасу процесінде сыртқы денелерді жүйеге беретін энергиясы.
Ішкі энергия негізінен екі түрлі процесте өзгереді: дененің немесе денеге қарсы сыртқы күштің А жұмыс істеуімен және денеге беретін немесе алынатын Q жылу мөлшері есебінен.
Термодинамиканың бірінші бастамасы жүйеге берілген жылу мөлшері жүйенің ішкі энергиясының өсімшесіне және жүйенің сыртқы денелерде атқаратың жұмысына тең.Егер Q>0 жылу беріледі,Q<0 жүйеден жылу алынады,Q=0 адибаталық процесс.
Жүйе параметрлерінің аз ғана өзгерісіне сәйкес келетін термодинамиканың І бастамасы мынадай түрде жазылады. .
Мұндағы элементар жылу мен жұмысы.dU жүйенің ішкі энергиясының өсімшесі.
