- •1. Биофизика пәні және оның мақсаты мен міндеттерін түсіндіріңіз?
- •2. Биофизиканың негізгі тарауларын атап, қысқаша сипаттама беріңіз?
- •3. Биофизиканы не себепті пәнаралық ғылымға жатқызады?
- •4. Термодинамика ұғымына анықтама беріңіз ?
- •5.Термоднамикалық жүйелер?
- •6.Термодинамиканың і заңы?
- •7. Термодинамиканың і заңының биологияда және медицинада қолданылуы.
- •8. Термодинамикалық жүйе ұғымына анықтама бер.
- •9. Термодинамикалық жүйенің қандай түрлерін білесіз, оларға мысал келтіріңіз.
- •10. Оқшауланған термодинамикалық жүйеге мысал келтіріңіз.
- •11. Тұйық термодинамикалық жүйеге мысал келтіріңіз.
- •12. Биологиялық жүйелерден тұйық термодинамикалық жүйеге мысал келтіріңіз. Оның не себептен тұйық жүйеге жатқызылатынын түсіндіріңіз.
- •13. Ашық термодинамикалық жүйеге анықтама беріп, мысал келтіріңіз.
- •14.Биологиялық жүйелердің алуантүрлілігі.
- •15. «Жүйе энергиясы» ұғымына анықтама беріңіз.
- •16.Жүйенің ішкі энергиясы: бос және байланысқан энергия
- •17. Термодинамиканың бірінші бастамасы қалай тұжырымдалады?
- •18. Энергияның сақталу заңы және олардың биожүйелердегі көрінісі.
- •19.Биологиялық жүйелер үшін термодинамиканың бірінші заңының қолданылуын сипаттаңыз.
- •20.Термодинамиканың бірінші заңының биологиялық жүйелер үшін қолданылуын дәлелдеңіз
- •21. Лазер сәулесі және оның практикалық маңызы.
- •22. Лазердің медицинада қолданылуы. Лазерлік терапия және лазерлік хирургия
- •23 Лазердің косметологияда қолданылуы.
- •24 Лазер сәулелерінің клетка және организм денгейіндегі әсері.
- •25.Акупунктураға әсер ету механизмдері:ұлпалық терапия теориясын түсіндіріңіз
- •26.Акупунктураға әсер ету механизмдері:каппилярлық қан ағысын қалыптастыру теориясын түсіндіріңіз
- •27. Акупунктураның әсер ету механизмдері:гистаминді реттеу теориясын түсіндіріңіз
- •28.Акупунктураның әсер ету механизмдері:электрлік теория
- •29.Акупунктураға әсер етудің рефлекторлық механизмдерін түсіндіріңіз
- •30. Биологиялық активті нүктелерге әсер ету жолдары.
- •32.Бан бойынша жасалған зертханалық тәжірибеден алынған нәтижелер қорытындысын түсіндіріңіз.
- •33.Меридиан дегеніміз не?
- •34. Лазер типтерін (түрлерін) түсіндіріңіз
- •35. Лазердің құрылысын сызып, сипаттаңыз
- •Сурет 8.3 - Газды лазердің ісурылым схемасы
- •36.Лазердің қасиеттерін түсіндіріңіз
- •37. Лазер сәулесін алудың қандай шарттарын білесіз?
- •38. Лазердің қолданылуын сипаттаңыз
- •39. Лазердің зиянды әсерлерін түсіндіріңіз. (техника қауіпсіздігі бойынша)
- •40.Электрокардиография деген не?
- •41.Жүректің электрлік систолын есептеудің формуласын жазып, түсіндіріңіз.
- •42.Жүректің электрлік осін анықтауды сипаттаңыз.
- •43.Экг тісшелерін түсіндіріңіз.
- •44. В.Эйтховеннің ұсынысын түсіндіріңіз
- •45. Физикалық жүктемеге дейінгі және кейінгі электрограмма өзгерісін түсіндіріңіз.
1.Биофизика пәні және оның мақсаты мен міндеттерін түсіндіріңіз?
2.Биофизиканың негізгі тарауларын атап, қысқаша сипаттама беріңіз
3.Биофизиканы не себепті пәнаралық ғылымға жатқызады??
4.Термодинамика ұғымына анықтама беріңіз ?
5.Термоднамикалық жүйелер
6.Термодинамиканың І заңы?
7.Термодинамиканың І заңының биологияда және медицинада қолданылуы.
8.Термодинамикалық жүйе ұғымына анықтама бер
9.Термодинамикалық жүйенің қандай түрлерін білесіз, оларға мысал келтіріңіз.
10.Оқшауланған термодинамикалық жүйеге мысал келтіріңіз.
11.Тұйық термодинамикалық жүйеге мысал келтіріңіз.
12.Биологиялық жүйелерден тұйық термодинамикалық жүйеге мысал келтіріңіз. Оның
не себептен тұйық жүйеге жатқызылатынын түсіндіріңіз.
13.Ашық термодинамикалық жүйеге анықтама беріп, мысал келтіріңіз
14.Биологиялық жүйелердің алауантүрлілігі
15.”Жүйе энергиясы” ұғымына анықтама беріңіз
16.Жүйенің ішкі энергиясы: бос және байланысқан энергия
17.Термодинамиканың бірінші бастамасы қалай тұжырымдалады?
18.Энергияның сақталу заңы және олардың биожүйелердегі көрінісі.
19.Биологиялық жүйелер үшін термодинамиканың бірінші заңының қолданылуын сипаттаңыз. 20.Термодинамиканың бірінші заңының биологиялық жүйелер үшін қолданылуын дәлелдеңіз
21.Лазер сәулесі және оның практикалық маңызы.
22.Лазердің медицинада қолданылуы. Лазерлік терапия және лазерлік хирургия
23.Лазердің косметологияда қолданылуы.
24.Лазер сәулелерінің клетка және организм денгейіндегі әсері.
25.Акупунктураға әсер ету механизмдері: ұлпалық терапия теориясын түсіндіріңіз
26.Акупунктураға әсер ету механизмдері: каппилярлық қан ағысын қалыптастыру теориясын түсіндіріңіз
27.Акупунктураның әсер ету механизмдері: гистаминді реттеу теориясын түсіндіріңіз
28.Акупунктураның әсер ету механизмдері: электірлік теория (электірлік және биоэлектірлік теория)
29.Акупунктураның әсер етудің рефлекторлық механизмдерін түсіндіріңіз
30.Биологиялық активті нүктелерге әсер ету жолдары.
31.БАН-дің биофизикалық қасиеттері.
32.БАН бойынша жасалған зертханалық тәжірибеден алынған нәтижелер қортындысын түсіндіріңіз
33.Меридиан дегеніміз не?
34.Лазер типтерін (түрлерін) түсіндіріңіз
35.Лазердің құрылысын сызып, сипаттаңыз
36.Лазердің қасиеттерін түсіндіріңіз
37.Лазер сәулесін алудың қандай шарттарын білесіз?
38.Лазердің қолданылуын сипаттаңыз
39.Лазердің зиянды әсерлерін түсіндіріңіз. (техника қауіпсіздігі бойынша)
40.Электрокардиография деген не?
41.Жүректің электрлік систолын есептеудің формуласын жазып, түсіндіріңіз.
42.Жүректің электрлік осін анықтауды сипаттаңыз
43.ЭКГ тісшелерін түсіндіріңіз.
44.В.Эйтховеннің ұсынысын түсіндіріңіз
45.Физикалық жүктемеге дейінгі және кейінгі электрограмма өзгерісін түсіндіріңіз.
1. Биофизика пәні және оның мақсаты мен міндеттерін түсіндіріңіз?
Биофизика – биологиялық жүйелердің түрлі деңгейлерінде жүретін физикалық және химиялық процестерді зерттейтін ғылым саласы. Биофизика биологиялық құбылыстарды классикалық биологиямен салыстырғанда тереңірек түсіндіруге мүмкіндік береді, осы арқылы физиологияға физикалық және химиялық базис жасайды. Биофизиканың негізгі міндеті тірі организмдерде физикалық, физико – химиялық және химиялық процесстердің қалай жүретіндігін нағыз биологиялық материалдар негізінде көрсету. Биофизика дербес ғылым ретінде физиология, биохимия, физикалық химия, физика сияқты пәндерден айырмашылықтары болғанымен, биофизикамен олардың арасындағы шекара шартты түрде ғана. Биофизиканың негізгі нысаны – организмдегі физикалық және физика – химиялық процестерді зерттеу. Осыған байланысты биофизикалық зерттеулерде, негізінен, физикалық және физико – химиялық әдістер қолданады. Бұл әдістемелер биофизикалық зерттеулердің мақсатына сәйкес өзгертіліп, жаңартылып отырады. Биофизиканың биохимиядан айырмашылығы – биофизика жүйелерді олардың жекелеген компоненттеріне бөлшектемей тұтастай қарастырады. Мұның өзі клеткалардың оптикалық қасиеттерін зерттегенде сәуле бөлудің әлсіз көздерін, электр параметрлерін өлшегенде әлсіз электр тоқтарын және әлсіз техникалық күшейткіштерді қолдануға мүмкіндік береді. Бұл әдістердің барлығы да жақсы нәтиже береді, мұның өзі тірі жүйелердің түрлі физикалық – химиялық параметрлердегі өзгерістер арасындағы сандық тәуелділіктерді анықтауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты биофизика талдаудың математикалық әдістерін, физикалық және математикалық модельдеу әдістері мен есептеу техникаларын кеңінен қолдана алады. Соның нәтижесінде биофизика биологияны нақты ғылым деңгейіне дейін көтере алады.
Биофизиканың негізгі міндеттерінің бірін – бірі организмдерге тән физикалық және физико – химиялық параметрлерді зерттеу. Тірі клеткаларға тән қасиеттердің бірі – сыртқы орта мен клеткадағы потенциалдар айырмашылығы; калий мен натрий иондары бойынша клетканың іші мен сартындағы иондық градиентті ұстап тұру қабілеті мен электр өсін поляризациялау мүмкіндігі.
2. Биофизиканың негізгі тарауларын атап, қысқаша сипаттама беріңіз?
Биофизика бірнеше ғылымдардың жиынтығы. Ол физика математика , жалпы биология, физиология , биохимия, генетика ғылымдарының негізін біріктіре отырып , биофизиканы терең түсінуге септігін тигізіп қана қоймай биология ғылымдарының бір- бірінен айырмашылығын түсіндірді. Халықаралық ассоциация шешеіміне сәйкес , жалпы және қосымша биофизика салаларына: кванттық биофизика, молекулалық биофизика, жасуша биофизикасы, сезім мүшелерінің биофизикасы мен күрделі жүйелердің биофизикасы жатады, сонымен қатар мембрана биофизикасы, биологиялық жүйелердің термодинамикасы, биологиялық жүйелердің электрөткізгіштігі, биологиялық үрдістердің кинетикасы, фотобиология, радиациялық биофизика, қосымша биофизика бөлімдері де кіреді.Кванттық биофизика электронды энергетикалық атомның, иондардың, молекулалардың құрылым деңгейін, донор -акцепторлы құрамын, кванттық жарықтың электрондық құрамын, жарықтың электондық ауысуы кезіндегі сіңуі мен дезактивация жолындағы энергияның жұтылуын, электронды қоздырушы молекулаларының химиялық айналуын, фотоөнімнің түзілуін және молекула арақатынастарын, фото-биологиялық үрдістердің негізінде зерттейді.Молекулалық биофизика биополимерлердің ( ақуыз, нуклеин қышқылы, көмірсу, липид, олардың жиынтығы, жоғары молекулалық құрылуы ) кеңістік құрылымын зерттейді. Физиологиялық үррдістер негізінде жатқан макромолекуланың жеке бөліктерінің молекулалішілік қатынасын электронды – конформациясының қатынасын ескере отырып макромолекулалардың қызметінің механизміндерін зерттеу биофизиканың бір бөлігі болып табылады.Жасуша биофизикасы жасушаның ультрақұрылымын, оның физика- химиялық ерекшеліктерін , сонымен қоса жасушаның физика- химиялық функцияларының белсендірілуі; биоэлектрлік потенциялы, мембарананың электрөткізгіштігін зерттейді.
Сезім мүшелерінің биофизикасы рецепцияның молекулалық физика – химиялық механизмдерін, нерв жасушалары стимулдайтын спецификалық реакциялардың сыртқы энергияның трансформациялық үрдісін және сезім мүшелеріндегі ақпараттардың кодталу механизмдерін зерттейді.Радиациялық биофизика биоөнімдердегі иондану сәулелеріндегі үрдістердің арақатынасын, энергия иондаушы сәулелердің радияция- химиялық биожүйесіндегі реакцияларын, молекулалық, субжасушалық және ағзалық деңгейіндегі сәулелердің жиналуы мен жұмсалуыы радиобиологиямен тығыз байланыстырылып зерттелінеді
