Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Модульное задание.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
218.56 Кб
Скачать

1.2.Тілдік бейненің әлеуметтік-философиялық аспектісі

Тілдік бейне – көрсетілген тілдік ұжымның күнделікті санасында тарихи түрде қалыптасқан және тілде бейнеленген әлем туралы түсініктердің жиынтығы, шындықты концептуализациялаудың белгілі бір тәсілі. Әлемнің тілдік бейнесі туралы ұғым .Фон Гумбольдт және жаңа гумбольдтшылдықтың (Вайсгербер т.б.) тілдің ішкі формасы туралы айтылған ойларына қатысты және американдық этнолингвистиканың идеяларына, негізінен Сепир-Уорфтың лингвистикалық салыстырмалылық гипотезасына қатысты. Э.Сепир мен Б.Уорф «адамзат әлемді өз ана тілінің призмасы арқылы көреді» деген гипотезаны ұсынады. Олар тілдер өз «әлемдік тілдік бейнесі» арқылы өзгешеленетінін көрсетеді. Олардың пайымдауынша түрлі тілдерде сөйлейтін адамдардың ойлау типі әр түрлі және де осының бәрі жай ғана тілмен байланысты ғана емес, оған себепті болады. Б.А.Серебринников Сепир- Уорф гипотезасын сынап, әлемнің тілдік бейнесін қалыптастыруда тіл өзіндік қысымы бар күшке иелене алмайтындығын айтады. Түрлі тілдер өз иелерінде түрлі әлемнің тілдік бейнесін құрайды деп айтуға болмайды, олар тек халықтың ұлттық мәдениеті мен өмір сүру салты, қызметінің ерекшелігімен анықталатын заттар, құбылыстар, процестердің мәнділігі себеп болатын ерекше «реңкті» үстейді деп көрсетеді. В.Фон Гумбольдттың тілдік философиясы мен лингвистикалық теориясы – ХІХ ғасырдағы беделді лингвофилософиялық концепциялардың бірі екені сөзсіз. Гумбольдт тілді «рухтың тоқтаусыз жұмысы» деп сипаттады. Мұнда ол өз заманының философиялық терминологиясына сай, рух (Giest) деп бір мистикалық болмысты емес (көптеген оның интерпретаторлары көрсеткендей), қазіргі күнгі түсінік бойынша «когнитивті қабілеттілік» деп аталатынды түсінген болар. Тіл мен ойлаудың бірлігі туралы ұстанымнан (положение) бірте-бірте әлем моделін қалыптастырудағы нақты тілдердің актив рөлі немесе «тілдік әлемді қабылдау» (языковое мировидение) деп Гумбольдт атаған ұстаным шығады. Егер тіл о бастан-ақ ойдың қалыптасуына қатысса, онда ой осыған сай тілдік сипаттан еркін бола алмайды. Әр тіл әлемді өзінше ерекше қайталанбас түрде концептуализациялағандықтан, әр тілде қалыптасқан, жасалған ойлар толықтай тепе-тең болмауы мүмкін. Бірақ осы ұстанымнан түрлі тілдерде сөйлейтін, ойлайтын адамдар арасында түсінбестік болады немесе олардың ойлары бір тілден екінші тілге аударылмайды деген түсінік туындамауы керек. Нақты тілдерде бекітілген түрлі әлем модельдері – бұл түрлі болмыстан гөрі, «әлемнің ойға айналуының» жүзеге асыратын түрлі тәсілдер мен жолдар деу дұрысырақ. Гумбольдтың әйгілі ойын: «Язык народа есть его дух, и дух народа есть его язык, и трудно представить себе что-либо более тождественное» – деп айтқанын да осы тұрғыдан түсіну қажет. Яғни белгілі бір халықтың барлық болмысы, танымы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ішкі әлемі, қоршаған ортамен қарым-қатынасы тіл арқылы ғана толықтай қою түрінде таныла алады.

2. Казгюу Университеті студентінің тілдік бейнесі

Адам баласының сана-сезімінің дамуына дыбыстың пайда болуының маңызы зор.Сөйлеудің пайда болуы нәтижесінде адам организмі анатомиялық өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу апараты жасалды.Осының арқасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мәр-мағынасы бар сөздерді айта алатын қабілетке ие болды.Сөйлеу адам баласының басты белгісі.Ол бізді жануарлар дүниесінен ерекшелендіріп тұратын негізгі жан қуаты болып табылады.Сана мен тіл, адамзат қоғамының тарихи дамуын,ың, олардың іс-әрекетпен айналасуынын, еңбек құралдарын жасап, пайдалана білу нәтижесіне жетті.

Тіл, сөйлеу ежелден жеке адамның да, қоғымның да ой-санасын дамытып жетілдіруде аса маңызды рөл атқарады.Сөз ойлы да, мәнерлі болуы тиіс.Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды.Халқымыз мәнді сөйлейтіндері «сөзі мірдін оғын - дай екен» дейді.Қазақ жұртының ғұлама ғалымы Жүсіп Баласағүн атамыз айтып кеткендей «Ақылдың көркі тіл, тілдің көркі сөз».Тіл адамды қимыл, іс-әрекетке де итермелейді.

Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу дейді.Сөйлеу-пікір алысу процесінде жеке адамның белгілі тіілді пайдалануы болып табылады.Бір тілдің өзінде сөйлеудің әр алуан формалары болуы мүмкін.Сөйлеу жеке адамдардың арасынлағы өзара түсінуді реттеу үшін, пікір алысу үшін қызмет етеді.Сөйлеу арқылы адам өзінің білімін, практикалық тәжірибесін байытып қана қоймай, сонымен қатар ғасырлар бойы жинақталған қоғамдық тәжірбие алуға да мүмкіндік береді.Ойдың тілі сөз.Біз сөз арқылы ғана ойымызды білдіре аламыз.

Сөз-әдеби тілдің ауызша түрлеріне тән нормаларын игеру, тілдік амал-тәсілдерде айтылатын ойдың мақсатына сай орнымен қолдана білу, сөйлеуде мәдениеттілік, әдептілік таныту.

Күнделікті тіршілік барысында адам әр алуан адамдармен кездесіп, сөйлесіп, пікір алысып, тәжірибе алмасады.Олар болса адамдардың өзін-өзі ұстауы, мінез-құлық, жүріс-тұрыс, киім киюі, сөйлеуі арқылы жүзеге асады.Адамдар арасындағы қарым-қатынас моральдік нормалармен реттеледі.Қоғамдық ортада адамның мәдениеттілігі, өресі көбіне оның сөйлеуінен байқалады.

Тіл мәдениеті дегеніміз – сөздерді дұрыс, орнымен қолдану (лексикалық), дұрыс құрастыру (синтаксистік), дұрыс қиюластыру (морфологиялық), сауатты жазу (орфографиялық), дыбыстарды сауатты дыбыстау (орфоэпия) тілді әсерлі етіп жұмсау (лингвостилистикалық) нормаларын ұстану, орнықтыру, жетілдіру. «Тіл мәдениеті» негізінен «сөз мәдениеті», «сөзді орынды қолдану» деген ұғымды білдіреді, өйткені тіл мәдениетінің негізгі зерттейтін нысаны – сөз, сөздің дұрыс айтылуы, дұрыс жазылуы, дұрыс қолданылуы, сол арқылы ойдың айқын, әсерлі жетуі, екіұштылықтың, күңгірттіктің болмауы.Әсерлі сөйлеу, ойлау, тыңдау мәдениетімен бірге, жазу мәдениетін меңгеру – негізгі шарттың бірі. Ол стильдік элементтерді ажыратып қолдану керектігін, сөздердің, сөйлем мүшелерінің орналасу заңдылығын сақтауды, орфографиялық, синтаксистік норманы білуді, қазақ тілінің табиғи қалпын сақтап, үндестік заңы бойынша жазуды т.б. заңдылықтарды тиянақты меңгеруді талап етеді.  Бұл талап заңгер мамандарға да қатысты. Осыған орай заңгер мамандарын дайындайтын жоғары оқу орнымызда оқу жоспарына «Қатысым мәдениеті және іскерлік қарым-қатынас» пәні енгізілген. Студенттерді ауызша сөйлеуге дағдыландыру, соған орай тіліміздің бағзы заманнан бері қалыптасқан сөйлеу нормасынан мағлұмат беру, одан ауытқулардың сырын ашу, себебін түсіндіру; студенттерден сауатты жазуды талап ету, емле ережелеріндегі өзгерістер мен толықтыруларға тоқталу, екіұдайы жазуға жол бермеу; ауызша және жазбаша жұмыстарды орындау үстінде студенттердің тіл тазалығын, анықтығын, дәлдігін сақтап, әр сөз, сөйлемді өз орнымен жұмсап, тіл мәдениетін дамыту; сөйлеу, тіл мәдениеті машықтарын меңгерген, коммуникативтік біліктілігі артқан, логикалық ойлауы өз деңгейіне сәйкес дамыған, мәдениетті сөйлеуге бейімделген студентті тәрбиелеу және олардың ақпараттық, қарым-қатынас құзыретін дамытып, тіл мәдениетін сапалы меңгерген тұлға қалыптастыру осы пәннің негізгі мақсаты болып табылады. Өз ойын дұрыс жеткізе білу тек сөйлем құрай салу ғана емес, онда айтайын деген ойдың екінші адамға түсінікті, әсерлі, дәлелді болуына мән беріледі. Ондай нәтижеге жету үшін, біріншіден, тілдің қалыптасқан жүйесін, соған негізделген өзіне тән заңдылықтарын, яғни әдеби тілдің мәдениетін сақтауға тура келсе, екіншіден, сөйлеушінің айтайын деген ойының қарым-қатынасының мақсатына сай тілдік құралдарды, амал-тәсілдерді орынды, талғап қолдану мәдениеті болуы, жетілуі керек. Демек пәннен берілетін теориялық білім қатысымдық әрекетте ойдың түсінікті, әсерлі берілуінің құралына айналуы тиіс.

Тілдік ортаның қалыптасуына әртүрлі экстралингвистикалық факторлар әсер етеді. Соның негізгісі тілді қолданушылардың тікелей рухани таным түсінігіне байланысты. «Ана тілінде сөйлейтіндер көбеймей, қанша жерден ұрандатқанымызбен, ойдағыдай тілдік орта қалыптаса қоймаса керек. Баяғы даурыққан қалпымызбен, әлдекімдерді кінәлап, әлдекімдермен айтысып-тартысып шуласқанмен іс бітпейді. Басқаны былай қойғанда, ана тілімізге арашашы болып, шырылдап жүрген, таным-түсінігі бар деген зиялыларымыздың өзінің кейбірі отбасында әлі күнге бала-шағасымен орысша шүлдірлеседі», - деп жазушы Қойшығара Салғараұлы айтқандай тілдік орта қалыптастыру және оның лингвоэкологиялық жағынан сақтап қалу - бүгінгі күннің келелі мәселелері. Әдетте тілдік тұлғаның санасында «Ана тілім – қазақ тілі», «Қазақ тілі – ата-бабамның тілі», «Мен қазақпын» деген мақтаныш сезім де болады. Туған халқын, туған елін, туған тілін «үш бақытым» деп санайтын, ұлттық сана-сезімі жоғары тілдік тұлғалар бар да, туған тіліне (ана тіліне) бейтарап қарайтын типтер бар. Ана тілін мақтаныш тұтатын табиғи сезімнің болмауы – тілдік тұлғаның ұлттық санасындағы кемшілік. Қазақ тілінің лингвоэкологиясы тілдік тұлғаның санасында ана тіліне деген табиғи сүйіспеншілік сезімін ояту үшін де күреседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]