Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Техникалық және кәсіптік білім беруге дуальді оқыту жүйесін ендіру.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
86.53 Кб
Скачать
  1. ТжКбб-ң қазіргі таңдағы жағдайы.

Соңғы 2 жыл ішінде техникалық және кәсіптік білімі бар кадрлар даярлау мәселесіне деген көзқарас түбегейлі өзгерді. Қазір білім саласының қызметкерлері мен жұмыс беруші бизнесмендердің ойы бір жерден шығуда. Өндіріске нақты қажет және елдің дамуына үлес қосатын мамандарды оқытуға зор көңіл бөлінуде. Оң өзгеріске екі түрлі жағдай себеп болды. Біріншіден, Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Мемлекеттік индустриалды – инновациялық даму бағдарламасы қабылданып, іске аса бастады. Екіншіден, Елбасы бизнес өкілдерін қатыстырып, кадрлар даярлау жөнінде Ұлттық кеңес құру туралы бастама жасады. Бірінші фактор – экономикаға кәсіби деңгейі жоғары мамандардың қажеттілігін арттырды. Екінші фактор – еңбек нарығында кәсіби мамандарға деген ұсыныстың көбеюіне әсер етті. Техникалық және кәсіптік білім жүйесі бизнестің сұранысына бағытталды. Нәтижесінде қазіргі кезде Қазақстанда техникалық және кәсіптік білімді басқарудың бұрын-соңды болмаған жаңа жүйесі пайда болды.Премьер-Министр К.Қ. Мәсімов төрағалық ететін кадрларды даярлау жөніндегі Ұлттық кеңес құрылды. Оның құрамында мемлекеттік басқару органдарының, еліміздегі ірі компаниялар мен бизнес-қауымдастық-тардың бірінші басшылары бар. Сонымен қатар, тиісті Салалық және Аймақтық кеңестер құрылды. Лексиконға алғаш рет «кәсіптік стандарттар» деген термин енді. Бұл термин жұмыс берушінің талабына сай, бітірушіні қайта оқытып жүрмейтін және әрбір бітіруші білуі тиіс талап ретінде қалыптасып отыр.Өйткені бұл стандарттар жұмыс берушілердің сұранысы бойынша жасалады. «Кәсіпқор» холдингі құрылды. Онда әлемдік деңгейдегі халықаралық орталықтар мен колледждер желісін, әлемдік озық тәжірибені талдау және меңгеру жүйесін құрылады.

  1. Білім берудің дуальді жүйесін пайдаланудың артықшылықтары.

Оқытудың дуальді жүйесін пайдалану тәжірибесі дәстүрлі жүйемен салыстырғандағы осы жүйенің келесі артықшылықтарын көрсетті: - мамандарды дайындаудың дуальді жүйесі дәстүрлі оқыту формалары мен

әдістеріндегі кемшіліктерді – теория мен практика арасындағы алшақтықтарды

жояды; - мамандарды дайындаудың дуальді жүйесі механизміне маман тұлғасына әсер ету,

болашақ қызметкердің жаңа психологиясын қалыптастыру енгізілген; - қызметкерлерді оқытудың дуальді жүйесі жұмысының барысында білім алу мен

дағдыларды қалыптастырудың жоғары мотивациясы құрылады, себебі олардың

білімінің сапасы жұмыс орындарында қызметтік міндеттерін атқаруға тікелей

қатысты; - сәйкес мекеме басшыларының өз қызметкерін практикалық оқытуға қатысты

қызығушылығы; - тапсырыс берушімен өзара тығыз байланыста жұмыс істейтін оқу орны оқыту

барысында болашақ мамандарға қойылатын талаптарды ескереді.

  1. Кәсіби-техникалық білімге дуальді оқыту жүйесін енгізу.

Мамандар даярлауда оқытудың дуальді жүйесі маңызды орын алады. Бұл жүйе дамыған елдерде өз нәтижесін беріп отыр. ГФР Канцлері Ангела Меркель бұл жүйені Германияны дамытудың ең басты негізгілерінің қатарында атап өтті. Оған 600 мыңнан астам кәсіпорын қатысады. Бұл жүйе бойынша оқушылар оқу уақытының 70-80%-ын өндірісте, қалған 20-30%-ын колледжде өткізеді. Оның мынадай жақсы жақтары бар. Біріншіден, оқыту өндірістің нақты сұранысына сай жүргізіледі және жұмыс берушілер өздеріне қажетті мамандарды алады. Екіншіден, болашақ мамандар өз кәсібін қызығушылықпен оқиды және бітірген соң сол кәсіпорында қалуға ұмтылады. Үшіншіден, бітірушілерге деген сұраныс пен оларды жұмысқа орналастырудың деңгейі жоғарылайды. Бұл – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына барынша әсер етеді.Осылайша, бизнес, адам мен мемлекет мүддесін біріктіріп, үш жақты әріптестік орнатылады. Дуальді жүйені енгізуге арналған шаралар 90-шы жылдардың соңында Алматы, Павлодар мен Ақмола облыстарында үш білім беру ұйымында басталды. Олар GIZ Герман қоғамымен бірлесіп іске асты. Тау-кен саласындағы дуальді оқыту бойынша «Қазақмыс» корпорациясының екі колледжі мен Павлодар электролиз заводындағы (№7 колледж) тәжірибені ерекше атап өтуге болады. Кадрларды дуальді даярлаудың элементтері 96 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында ауыл шаруашылығы, көлік, металлургия, машина жасау, мұнай-газ және химиялық өндіріс сияқты салаларда пайдаланылады. Олар «ҚазАгро», «Қазақстан Темір Жолы», «АрселорМиттал Теміртау», «Дон тау-кен байыту комбинаты», «Қазақстан Инжиниринг», «ҚазМұнайГаз» және басқа ірі компаниялар арқылы іске асуда. «Білім туралы» Заңға «кооперативтік оқыту» деген жаңа ұғым және «Кәсіптік білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік» деген жаңа бап енгізілді.Мамандарды даярлау, кәсіптік практиканы ұйымдастыру, жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс берушілер мен білім ұйымдары арасындағы өзара байланыстың бағыттары анықталды. Бүгінде білім мен бизнес қандай маман қажет деген сұрақты емес, оны қалай бірлесіп даярлау керек деген мәселеге көп көңіл бөліп отыр. Дуальді жүйені толық пайдалану үшін заңнаманы одан әрі жетілдіру қажет. Ең алдымен, бизнесті мотивациялау қажетті. Білім және ғылым министрлігі басқа министрліктермен бірлесіп осындай ұсыныстарды қолдайтын болады. Алдағы міндеттер: Біріншіден, Әр аймақ, әр сала бойынша дуальді жүйені қолдануға мүмкін болатын мамандықтарды анықтау қажет. Екіншіден, салалық және өңірлік кеңестер дуальді жүйені енгізуге әріптес болуға дайын базалық кәсіпорындарды анықтап, оларға қойылатын талапты пысықтауы керек. Үшіншіден, «Атамекен» Одағымен», салалық кеңестермен, жұмыс берушілермен бірлесіп, дуальді модельді енгізу бойынша ұсынымдар әзірлеу қажет. амтамасыз ету керек. Бесіншіден, білім басқармасы оқу уақытының 60-70%-ын практикада өткізуді қамтамасыз ету бойынша кәсіпорындармен шарт жасауы қажет. Алтыншыдан, оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерін кәсіпорындарда міндетті түрде стажировкадан өткізуді (жылына бір рет) енгізу қажет. Қазіргі кезде Техникалық және кәсіптік оқу орындары дуальді жүйе бойынша жұмыс істеуге дайын екендігін білдіріп отыр.Төртіншіден, кәсіпорындарда оқушы орындар, шеберханалар ашуды немесе бөлуді қамтамасыз етеді.