- •Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында атап көрсетілген ТжКбб мақсаты мен міндеттері.
- •ТжКбб-ң қазіргі таңдағы жағдайы.
- •Білім берудің дуальді жүйесін пайдаланудың артықшылықтары.
- •Кәсіби-техникалық білімге дуальді оқыту жүйесін енгізу.
- •Лекция материалдары:
- •ТжКбб-ң қазіргі таңдағы жағдайы.
- •Білім берудің дуальді жүйесін пайдаланудың артықшылықтары.
- •Кәсіби-техникалық білімге дуальді оқыту жүйесін енгізу.
Лекция тақырыбы: Техникалық және кәсіптік білімберуге дуальді оқыту жүйесін ендіру Лекция жоспары:
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында атап көрсетілген ТжКББ мақсаты мен міндеттері.
ТжКББ-ң қазіргі таңдағы жағдайы.
Білім берудің дуальді жүйесін пайдаланудың артықшылықтары.
ҚР кәсіби-техникалық білімге дуальді оқыту жүйесін енгізу туралы.
Лекция тезистері:
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында атап көрсетілген ТжКбб мақсаты мен міндеттері.
Мақсаты: қоғамның және экономиканың индустриялық-инновациялық даму
сұраныстарына сәйкес ТжКББ жүйесін жаңғырту, дүниежүзілік білім беру
кеңістігіне кірігу.
Міндеттері:
Экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарын ескере отырып ТжКБ мазмұнының құрылымын жаңарту;
Экономика салалары үшін кадрлар даярлау инфрақұрылымын дамыту;
ТжКББ мекемелерінде білім алудың беделін арттыру;
Өмір бойы білім алу, баршаға арналған білім үшін жағдай жасау.
ТжКбб-ң қазіргі таңдағы жағдайы.
Соңғы 2 жыл ішінде техникалық және кәсіптік білімі бар кадрлар даярлау мәселесіне деген көзқарас түбегейлі өзгерді. Қазір білім саласының қызметкерлері мен жұмыс беруші бизнесмендердің ойы бір жерден шығуда. Өндіріске нақты қажет және елдің дамуына үлес қосатын мамандарды оқытуға зор көңіл бөлінуде.
Нәтижесінде қазіргі кезде Қазақстанда техникалық және кәсіптік білімді басқарудың бұрын-соңды болмаған жаңа жүйесі пайда болды.Премьер-Министр К.Қ. Мәсімов төрағалық ететін кадрларды даярлау жөніндегі Ұлттық кеңес құрылды. Оның құрамында мемлекеттік басқару органдарының, еліміздегі ірі компаниялар мен бизнес-қауымдастық-тардың бірінші басшылары бар. Сонымен қатар, тиісті Салалық және Аймақтық кеңестер құрылды. «Кәсіпқор» холдингі құрылды. Онда әлемдік деңгейдегі халықаралық орталықтар мен колледждер желісін, әлемдік озық тәжірибені талдау және меңгеру жүйесін құрылады.
Білім берудің дуальді жүйесін пайдаланудың артықшылықтары.
Оқытудың дуальді жүйесін пайдалану тәжірибесі дәстүрлі жүйемен салыстырғандағы осы жүйенің келесі артықшылықтарын көрсетті: - мамандарды дайындаудың дуальді жүйесі дәстүрлі оқыту формалары мен
әдістеріндегі кемшіліктерді – теория мен практика арасындағы алшақтықтарды
жояды; - мамандарды дайындаудың дуальді жүйесі механизміне маман тұлғасына әсер ету,
болашақ қызметкердің жаңа психологиясын қалыптастыру енгізілген; - қызметкерлерді оқытудың дуальді жүйесі жұмысының барысында білім алу мен
дағдыларды қалыптастырудың жоғары мотивациясы құрылады, себебі олардың
білімінің сапасы жұмыс орындарында қызметтік міндеттерін атқаруға тікелей
қатысты; - сәйкес мекеме басшыларының өз қызметкерін практикалық оқытуға қатысты
қызығушылығы; - тапсырыс берушімен өзара тығыз байланыста жұмыс істейтін оқу орны оқыту
барысында болашақ мамандарға қойылатын талаптарды ескереді.
Кәсіби-техникалық білімге дуальді оқыту жүйесін енгізу.
Мамандар даярлауда оқытудың дуальді жүйесі маңызды орын алады. Бұл жүйе дамыған елдерде өз нәтижесін беріп отыр. ГФР Канцлері Ангела Меркель бұл жүйені Германияны дамытудың ең басты негізгілерінің қатарында атап өтті. Оған 600 мыңнан астам кәсіпорын қатысады. Бұл жүйе бойынша оқушылар оқу уақытының 70-80%-ын өндірісте, қалған 20-30%-ын колледжде өткізеді. Дуальді жүйені енгізуге арналған шаралар 90-шы жылдардың соңында Алматы, Павлодар мен Ақмола облыстарында үш білім беру ұйымында басталды. Олар GIZ Герман қоғамымен бірлесіп іске асты. Тау-кен саласындағы дуальді оқыту бойынша «Қазақмыс» корпорациясының екі колледжі мен Павлодар электролиз заводындағы (№7 колледж) тәжірибені ерекше атап өтуге болады. Кадрларды дуальді даярлаудың элементтері 96 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында ауыл шаруашылығы, көлік, металлургия, машина жасау, мұнай-газ және химиялық өндіріс сияқты салаларда пайдаланылады. Олар «ҚазАгро», «Қазақстан Темір Жолы», «АрселорМиттал Теміртау», «Дон тау-кен байыту комбинаты», «Қазақстан Инжиниринг», «ҚазМұнайГаз» және басқа ірі компаниялар арқылы іске асуда. Дуальді жүйені толық пайдалану үшін заңнаманы одан әрі жетілдіру қажет. Ең алдымен, бизнесті мотивациялау қажетті. Білім және ғылым министрлігі басқа министрліктермен бірлесіп осындай ұсыныстарды қолдайтын болады. Алдағы міндеттер: Біріншіден, Әр аймақ, әр сала бойынша дуальді жүйені қолдануға мүмкін болатын мамандықтарды анықтау қажет. Екіншіден, салалық және өңірлік кеңестер дуальді жүйені енгізуге әріптес болуға дайын базалық кәсіпорындарды анықтап, оларға қойылатын талапты пысықтауы керек. Үшіншіден, «Атамекен» Одағымен», салалық кеңестермен, жұмыс берушілермен бірлесіп, дуальді модельді енгізу бойынша ұсынымдар әзірлеу қажет. Төртіншіден, кәсіпорындарда оқушы орындар, шеберханалар ашуды немесе бөлуді қамтамасыз ету керек. Бесіншіден, білім басқармасы оқу уақытының 60-70%-ын практикада өткізуді қамтамасыз ету бойынша кәсіпорындармен шарт жасауы қажет. Алтыншыдан, оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерін кәсіпорындарда міндетті түрде стажировкадан өткізуді (жылына бір рет) енгізу қажет. Қазіргі кезде Техникалық және кәсіптік оқу орындары дуальді жүйе бойынша жұмыс істеуге дайын екендігін білдіріп отыр.
Өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар:
Дуальді оқыту жүйесі дегеніміз не?
Білім берудің дуальді жүйесін пайдаланудың артықшылықтары қандай?
ҚР кәсіби-техникалық білімге дуальді оқыту жүйесін енгізу туралы не білдіңіз?
Ұсынылған әдебиет:
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
Б.Жұмағұлов. ТжКБ-ге оқытудың дуальді жүйесін енгізу бойынша жұмыс тәжірибесін зерделеу. – Теміртау, 2012.
