Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
педагогикалық шеберлік.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
97.26 Кб
Скачать

9. Курс саясаты

Пәнді студент оқытушының көмегімен және дербес жүйелі түрде оқуы тиіс, қажет болғанда оқытушыдан кеңес алуға болады. Порталға үнемі кіріп, оқытушының пән бойынша жасалған жұмыс бағдарламасы мен немесе силлабуспен танысып, зертханалық сабақтарда берілген әдістемелік нұсқауларды орындау қажет. Тек дәрістік материалдармен шектелмей, курс ішінде көрсетілген электрондық қорларды, әдебиеттерді оқу қажет. Алдымен бір модульды оқып, игеріп, тапсырмасын орындап, сонан соң ғана келесі модульға көшу керек. Өздік жумыстардағы тапсырмаларды уақытында орындап, межелік тестілерді де мерзімінде өту керек. Бақылау мерзімдері: 1-ші 7-ші апталардағы тапсырмалар мен тестілерді тапсырғаннан кейін алғашқы аттестация өтеді, келесі бақылау мерзімі 8-ші аптадан 15-ші аптаға дейін. 15 аптада екінші аттестация қорытындысы жарияланады.

10. Баға қою саясаты

Әрбір студент пән бойынша жеткілікті рейтинг алуы үшін белгілі балл санын жинуы тиіс. Баллдардың максималды саны:

1-рейтинг нәтижесі бойынша 1-7 апталарда – 300 балл,

2-рейтинг нәтижесі бойынша 8-15 апталарда – 300 балл.

Пән бойынша семестрде максималды балл саны – 600.

Баллдар келесі жұмыс түрлері үшін қойылады:

1. Модульдар бойынша тапсырманы орындағаны үшін (1 және 3 модуль бойынша максимум 150 балл, 2-модуль бойынша – максимум 120 балл)

2. Межелік тестілерді орындағаны үшін (максимум 30 баллдан)

Курстық жұмыс жеке бағаланады.

Пән бойынша баллдардың бөлінуі төменде 5-кестеде берілген.

Бақылау мерзімдері 7-аптаның соңы және 15-аптаның соңы. Уақытында өткізілмеген тапсырма мен тестерді 15-аптада тапсыруға болады, бірақ егер студент себепсіз уақытында орындамаса, оларға айыппұл салынып, баллдың 60% ғана қойылады.

11. Студент білімін бақылау

Студенттің білімін бақылау келесі түрде жүргізіледі:

  • ағымдағы бақылау (әр модуль соңында жүргізіледі)

  • межелік бақылау тестілеу түрінде (7 және 15 апталарда)

  • қорытынды бақылау – семестр соңында бір рет жүргізіледі (емтихан).

Студент пән бойынша емтиханға жіберілуі үшін оның семестрдегі жиынтық рейтингілік бағасы 50% тең немесе артық болуы тиіс. Қорытынды баға 1 және 2 рейтинг пен емтихан нәтижесі бойынша есептеледі: 1-рейтинг нәтижесінің 30% + 2-рейтинг нәтижесінің 30% + емтихан нәтижесінің 40% қосындысына тең.

Пән бойынша қорытынды баға келесі шкала бойынша анықталады (кесте).

Әріптік, баллдық және пайыздық эквиваленттегі бағалар шкаласы

кесте

Әріптік жүйедегі баға

Баллдың цифрлық эквиваленті

Пайыздық мөлшері

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4,0

95 – 100

Өте жақсы

А–

3,67

90 – 94

В+

3,33

85 – 89

Жақсы

В

3,0

80 – 84

В–

2,67

75 – 79

С+

2,33

70 – 74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65 – 69

С–

1,67

60 – 64

D+

1.33

55 – 59

D

1,0

50 – 54

F

0

0 – 49

Қанағаттанарсыз

I

NA

-

Аяқталмаған

P

-

өтті

Пәнді өтті

Курстың негізгі қағидасы:

  1. Сабақты босатпау, кешікпей келу.

  2. Босатылған сабақты келесі сабаққа дейін өздігінен оқу, орындау

  3. Межелік бақылауға берілген тапсырмаларды уақытында орындау

  4. Емтиханға жақсы даярланып, уақытында тапсыру

12.Педагогикалық шеберлік пәні бойынша тест сұрақтары.

1-нұсқа

Тест сұрақтары

1.Педагогикалық шеберлік –

А. таңдалған педагогикалық қызмет әдістерін білікті,тиімді қолдануға қажет

білім,ептілік,дағдылар жиынтығы.

В. жоғары әрі үздіксіз жетілудегі оқу және тәрбие өнері.

С. оқу-тәрбие процесінің оқудан тыс уақыттағы қатысушылардың өзіндік

әрекеттері.

Д. оқу және тәрбие теориясын оқытатын педагогикалық тарауы.

Е. тәрбиенің ұжымдық бағыттылығы.

2.Мұғалімге тән қасиеттер тобын көрсетіңіз.

А.ұйымдастырушылық,дидактикалық,ықпалдылық,жантанушылық,көрегендік, қарым-қатынастың,зертеушілік,ғылыми-танымдық.

В. мақсат қою,нақтамалау,жобалау.

С. ниеттерді іске асыру,алдын –ала болжастыру.

Д. қажетті талаптар мен ережелерді түсіну,қабылдау.

Е.дұрыс жауабы жоқ.

3.Дидактогения-

А. ұйымдастырушылық

В. сезімталдық

С. балалар зейінін басқара білу.

Д. оқушыға деген қаталдық.

Е. әділдік.

4.Педагогикалық шеберліктің маңызды элементі –

А. педагогикалық ортақтасу.

В. жан сезімталдығы.

С. талап қоя білу.

Д. әдептілік сезімі.

Е. педагогикалық техника.

5.Педагогикалық ұсынақтылық (техника) –

А.таңдалған педагогикалық қызмет әдістерін білікті,тиімді қолдануға қажет

білім,ептілік,дағдылар жиынтығы.

В.жоғары әрі үздіксіз жетілудегі оқу және тәрбие өнері.

С.оқу-тәрбие процесінің оқудан тыс уақыттағы қатысушылардың өзіндік

әрекеттері.

Д.оқу және тәрбие теориясын оқытатын педагогикалық тарауы.

Е.тәрбиенің ұжымдық бағыттылығы.

6.Педагогтың шеберлікке жету кезеңдерін атаңыз.

А. тероияны білу,болжастыру,жобалау.

В. озат тәжірибелерін бақылау,үздіксіз біліктілігін көтеріп бару,арнайы дебиеттерді оқу,өз оқу істерінде оқытудың жаңа әдістерін ендіріп беруі.

С. дербестілігі мен зерделілігін көтере түсу.

Д. ауқымды мәдениеттілік қарым-қатынас жасай білу.

Е. барлық жауап дұрыс.

7. Педагогикалық үрдісте қарқынды немесе ауырлау жүктемеден бала шаршап-шалдығады,ой қызметі толықсиды,мұндайда оқушыны күйзелістен шығарудың бірден-бір жолы-

А. талап қою.

В. жан сезімділігі.

С. әзіл,қалжың.

Д. қаталдық көрсету.

Е. ұстамдылыққа шақыру.

8. Педагогты ең жоғары кәсіби сатысын танытушы сапа-

А. ауқымды мәдениеттілік.

В. қарым-қатынас жасай білу.

С. ділмарлық.

Д. жалпы ой-өріс.

Е. мұғалімдік еңбекке болған оның сүйіспеншілігі.

9. Мұғалімге қажет кәсіби сапалардың бір тобын көрсетіңіз.

А. әдептілік сезімі.

В. қаталдық.

С. ұстымдылық пен сабырлық.

Д. білімділік.

Е. талап қоя білу.

10.Педагогикалық қабілеттер –

А. талант, дарын, нышан.

В. мақсат қоя білу,тәртіптілік,талапшылдық.

С. еңбеккерлік,болашаққа сенушілік,ұстамдылық.

Д. жомартық,әділдік,инабаттылық.

Е. дұрыс жауабы жоқ.

11.Мұғалім бойындағы негізгі компоненттер

А.субъектілік,нысандық, пәндік.

В. мақсат қою,нақтамалау,жобалау.

С. ниеттерді іске асыру,алдын –ала болжастыру.

Д. жомартық,әділдік,инабаттылық.

Е. ұстымдылық пен сабырлық.

12.Педагогтың сөз іскерлігі көлемінде автоматтандырылған әрекеттер:

А.Сөзді дұрыс айту дағдысы

В.өзін-өзі сендіру

С.мимика,пантомимика

Д.педагогикалық қарым-қатынас

Е.өзіне-өзі есеп беруі

13. Мұғалімнің аса бағалы педагогтік қасиеті

А. Ұстаздық бедел

В. Жауапкершілік

С. Ұстаздық әдеп

Д. Педагогикалық әдеп

Е. Ұстаздық біліктілік.

14. Мұғалім мамандығы күн астындағы ең қадірлі мамандық деген кім?

А. Я. А. Коменский

В. А. С. Макаренко

С. В. А. Сухомлинский

Д. Г. Песталоцци

Е. М. Жумабаев

15. Пән саласына сәйкестік қабілеті

А. Академиялық

В. Коммуникативтік

С. Перцептивтік

Д. Дидактикалық

Е. Иллюстративтік

16. Мұғалімдік мамандықтың ең маңызды элементі:

А. Педагогикалық техника

В. Педагогикалық сана

С. Әдеп

Д. Кәсіптік білім

Е. Біліктілік

17.Педагогтің балалармен қарым-қатынас кезінде өзін-өзі меңгеру, өзіне-өзі әсер ету әдісі

А. талант, дарын, нышан.

В.өзін-өзі сендіру,көндіру,міндеттеу,жаттықтыру.

С. еңбеккерлік,болашаққа сенушілік,ұстамдылық.

Д. жомартық,әділдік,инабаттылық.

Е. дұрыс жауабы жоқ.

18.Педагогикалық қатынас икемділігі, сөйлеудің техникасы мен мәдениеті

А. ауқымды мәдениеттілік.

В. қарым-қатынас жасай білу.

С. дауыс,тыныс алу, дауыс мәнері,дауыс ырғағының мәнері,сауаттылық

Д. жалпы ой-өріс.

Е. мұғалімдік еңбекке болған оның сүйіспеншілігі.

19.Педагогтің сөйлеу қасиеттері

А.Сөзді дұрыс айту дағдысы

В.материалды жан-жақты әрі түсінікті баяндау

С.сөйлеу мәдениетінің тартымдылығы

Д.мәнерлі,әсерлі,түсінікті,мағыналы

Е.педагогтік әділеттілік

20.Қарым-қатынас құрылысындағы мінез бітістері

А.қобалжушылық

В.шамадан тыс қаталдық

С.талапқа бағынбау

Д.педагогикалық қарым-қатынас

Е.демократиялық, авторитарлық,либералды

21.Оқытушының мамндық шеберлігінің бітістері

А. материалды еркін жеткізуі

В. қаталдық.

С. ұстымдылық пен сабырлық.

Д. білімділік.

Е. талап қоя білу.

22.Оқытушының іскерлік сапасына қойылатын талап-міндеттер

А.сөйлеу мәдениетінің тартымдылығы,сөздерінің анық,қарқынының ұнасымдылығы

В. тұтастай ойлай білу

С. оқушының ішкі жан дүниесін тани білу

Д. жеке жұмыстарды ұйымдастыру

Е. оқытушының педагогикалық ұстанымы

23.Педагог шеберлігінің негізгі аспектілері

А. материалды еркін жеткізуі

В. қаталдық.

С. ұстымдылық пен сабырлық.

Д. жеке тұлғаның рухани дүниесі мен табиғатына қамқорлықпен қарау

Е. педагогтің талап қоюы

24.Педагогикалық техника компоненттері

А. жауапкершілік

В.жоғары саналылық

С.педагогикалық қарым-қатынас, талап қоюшылық

Д. әдептілік сезімі.

Е. кеңес беру

25.Педагогикалық қабілет

А. дидактикалық

В. жан сезімталдығы.

С. талап қоя білу.

Д. әдептілік сезімі.

Е.балаға деген сүйіспеншілік

2-нұсқа

1.Сенімнің сөздік формалары

А. ұйымдастырушылық

В. бұйрық,әзіл арқылы білдіру,мысқыл,жұмбақтап білдіру

С. балалар зейінін басқара білу.

Д. оқушыға деген қаталдық.

Е. әділдік.

2.Үгіттеудің сөздік формалары

А. бұйрық,әзіл арқылы білдіру,мысқыл,жұмбақтап білдіру

В. сезімталдық

С. балалар зейінін басқара білу.

Д.дәлелдеу,хабарлау,әңгімелесу,түсіндіру.

Е. әділдік.

3. .Вербальсыз қарым-қатынас

А.Сөзсіз, ым-ишара арқылы қарым-қатынас.

В.Сөз арқылы қарым-қатынас.

С.Интерактивті қарым-қатынас.

Д.Перцептивті қарым-қатынас.

Е.Адамның бір топ адаммен қарым-қатынасы.

4.Оқытушылар мен оқушылар арасындағы сөздік қатынас

А .Мимика, жест.

В. Пантомимика.

С. Оқушылар мен оқытушылар арасындағы арақашықтық.

Д. Вербальдық педагогикалық қарым - қатынас.

Е. Вербальдық емес қарым-қатынас.

5. Көзқарас, мимика, жест- қарым-қатынас құралының қай тобына жатады:

А. қарым-қатынас шарты

В. экспрессивті-мимикалық

С. заттық әрекеттік

Д. заттық өзара әрекеттік

Е. вербальды құралдар

6. Мұғалім мен оқушының негізгі іс - әрекеті:

А. Әңгіме.

В. Оқыту.

С. Тапсырма.

Д. Жаттығу.

Е. Қайталау.

7.Баланың қызығушылығын тудыру, материалды анық және түсінікті жеткізе білу қабілеті –бұл:

А. дидактикалық қабілет

В. академиялық қабілет

С. сөйлеу қабілет

Д. коммуникативті қабілет

Е. ұйымдастырушылық қабілет

8. Мұғалімнің кәсіби қызметінің қиындығы білмегендігіне байланысты:

А.Табиғаттың даму заңдылығын.

В.Қоғамның даму заңдылығын.

С.Білім беру туралы деректі құжаттарды.

Д.Оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін.

Е.Статистиканы.

9. Оқушы мен мұғалімнің кәсіби сауатты қарым-қатынас стилі

А. Либералдық.

В. Авторитарлық.

С. Демократиялық.

Д. Демографиялық.

Е. Либералдық.-демократиялық

10..Іс-әрекеттің құрылымдық компоненттері

А. Іскерлік, қабілеттілік, дағды.

В. Іс-әрекетке қызығушылық, ынта-ықылас, арман, мұрат.

С. Еңбек, өнер, Қарым-қатынас мәдениеті.

Д. Білім, білік, дағды.

Е. Мақсат, мотив.әрекет немесе іс-қимыл, құрал, нәтиже, бағалау.

11.«Менің педагогикалық тәжірибемнен алынған кейбір қорытындылар» еңбегінің авторы

А. Н.К.Крупская

В. М.Жұмабаев

С. Н.Д.Хмель

Д. А.Сластенин

Е. А.С.Макаренко

12. Сөз мәдениетін адамның рухани мәдениетінің айнасы деп атаған кім?

А. Ы.Алтынсарин

В. Ж.Аймауытов

С. А.С.Макаренко

Д. М.Жұмабаев,

Е. В.А. Сухомлиский

13. Мұғалімнің сыртқы бейне мәдениеті :

А. тұлға,киім,шаш үлгісі

В. қарым-қатынас жасай білу.

С. ділмарлық.

Д. жалпы ой-өріс.

Е. мұғалімдік еңбекке болған оның сүйіспеншілігі.

14. Адамның мінез-құлық, іс-әрекетінің тұрақты жетекшісі

А. қиял

В. іс-әрекет

С. ойлау

Д. үгіттеу

Е. сенім

15. Жалпы мұғалімнің мәдениеттілігі

А. сөз мәдениеті

В. сөйлеу және сөз мәдениеті

С. сыртқы келбет мәдениеттілігі және ішкі мәдениеттілігі

Д тұлға мәдениеттілігі

Е. сыртқы пішін мәдениеті

16. «Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану адамның күрделі де қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық әдеп, педагогикалық өнер ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады» деп ұстаздық өнерге ерекше баға берген педагогты атаңыз?

А. Ы. Алтынсарин

В. В.А. Сухомлинский

С. А. Құнанбаев

Д. А. Макаренко

Е. Станиславский

17.Өз білімін жетілдіру мақсатында қажеттіліктерін қанағаттандыратын, мұғалім бойындағы компонентті атаңыз?

А. пәндік компонент

В. нысандық компонент

С. шығармашылық компонент

Д. субъективтілік компонент

Е. кәсіби шеберлік

18. Ұстаз шеберлігінің маңызды құрамын атаңыз?

А. мәдениет

В. шеберлік

С. сөз

Д. сөйлеу шеберлігі және техникасы

Е. іс-әрекет

19.Мұғалімнің іс-әрекетіндегі қойылатын міндеттерді шешудегі стратегиялық іскерлік, қай компонентке жатады?

А. субъектілік

В. пәндік

С. шығармашылық шеберлік

Д. нысандық

Е. кәсіби шеберлік

20. Өзінің ойы, сезімі, коңіл-күй, бет тұлғасының қозғалысы

А. Пантомимика

В. Мимика

С. Дауыс

Д. Дикция

Е. Ритмика

21. Сөз сөйлеу техникалары

А. педагогикалық қарым-қатынас

В. өзінің-өзі тәрбиелеу

С. кәсіби шеберлік

Д. Дикция, ырғақ

Е. іс-әрекет