Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-d_1241_ris.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
529.92 Кб
Скачать

Синектика әдісі

Сонымен қатар ойлауды психологиялық жандандырудың әдістеріне американдық ғалым У. Гордон ұсынған синектика әдісі жатады. Синектика әдісінің негізі ретінде ақылмандар талқысы әдісі алынған, тек бұл әдістен айырмашылығы болып мәселелерді шешу тәжірибесін әрдайым жинақтайтын кәсіптік немесе жартылай кәсіптік топ табылады. Бұл әдіс сынау элементтерін қолдануға рұқсат береді. Бұл әдісте аналогияға негізделген арнайы амалдар пайдаланады, ал оларға тікелей аналогия (берілген мәселе сияқты мәселелер шешімдерін талдау), жеке аналогия (мәселеде қарастырылатын объекттің кейпіне кіруге талпыну және осы тұрғыда жағдайды бағалау), символикалық аналогия (мәселені анықтайтын екі бейнелейтін сөзден мәселенің мәнін түсіну), фантастикалық аналогия (ертегі кейіпкерлерінің көмегімен мәселені шешу).

Морфологиялық талдау әдісі

Жаңа идеялар ізденісінің белгілі жүйелі әдісі болып швейцар астрофизигі Цвики ұсынған морфологиялық талдау әдісі табылады (4-сурет). Морфологиялық талдау әдісі объекті құрастырушы барлық негізгі элементтер саналған және осы элементтердің іске асырылуының мүмкіндік көптеген варианттары көрсетілген кесте құрастырылуына негізделген. Объекті элементтерінің іске асырылуының варианттарын қиыстыра отыра, тіпті ойламаған жаңа шешімдер алуға болады.

4-сурет – Морфологиялық талдау әдісімен ізденіс

жасау схемасы

Сонда келесі әрекеттер жасау керек:

1) Мәселені дәл тұжырымдау;

2) Объектінің маңызды элементтерін анықтау;

3) Элементтердің орындалу варианттарын анықтау;

4) Оларды кестеге енгізу;

5) Кестеде көрсетілген барлық варианттарды бағалау;

6) Оңтайлы вариантты таңдап алу.

Морфологиялық талдаудың негізгі идеясы болып мәселе шешімінің әртүрлі варианттарын ұсыну және қарастыру процестерін бірыңғайлау табылады. Сонда адамның көзіне алдында қарастырылмаған варианттар ілінуі мүмкін. Морфологиялық талдау принципі компьютер құралдарының көмегімен оңай іске асырылады.

Дегенмен көптеген элементтерден тұратын күрделі объектілер үшін кесте өте қолайсыз болады. Көптеген варианттарды қарастыру керектігінен және де олардың кейбіреулерінің тіпті мәні болмайтынынан бұл әдісті қолдану өте еңбек көлемділікті болады. Сонымен бұл әдістің негізгі кемшіліктері ретінде объекті талдаудың оңайлатуын және қарастырылуға ұйғарылатын варианттардың өте көп болуын айтуға болады.

Функционалды талдау объектінің нақты орындалуына қарамай, оның жұмысына көңіл беруге мүмкіндік береді. Функцияның іске асырылуының альтернативті варианттарын іздестіру шығындарды азайту және функцияны орындау деңгейін жоғарылату мақсатымен жүргізіледі. Функционалды талдау техниканы, сонымен қатар басқа техникаға жатпайтын объектілер мен процестерді жетілдіргенде табысты пайдалануы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]