Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OSKE амб кард каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
42.47 Кб
Скачать

Емтихан тапсырушыға ақпарат

Сіздің жүректің өткізгіштігі бұзылуындағы электрокардиограмманы интерпретациялау бойынша тәжірибелік дағдыңызды көрсетіңіз

Бекет №3

Жүректің өткізгіштігі бұзылуындағы ЭКГ нәтижелерін интерпретациялау

Бағалау парағы

Қадамдарды бағалау көрсеткіштері

Балмен бағалау

1

Электрокардиограмманың барлық тіркемелерін қарап шықты. R-R өлшемдері мен интервалдарын есептеп жүрек ырғағын және жүректің жиырылу жиілігін дұрыс анықтады

1,0

0,5

0

2

ЭКГ-да ІІ стандартты тіркемеде PQ, QRS интервалдарын дұрыс өлшеді. PQ интервалын Р тісшесінің басынан қарыншалық комплекс (Q) басына дейін өлшеді, жыбыр аритмиясында бұл интервал өлшенбейтінін айтып кетті. Алынған нәтижелерді бағалауда қалыпты деңгейге сүйенді (0,12-0,20 сек). PQ интервалы 0,20 секундтан жоғары болуы атриовентрикулярлы өткізгіштік бұзылуына байланысты болуы мүмкін.

1,0

0,5

0

3

QRS интервалын QRS комплексі басынан соңына дейін өлшеді, алынған нәтижелерді бағалауда дені сау адамның өлшемдерімен салыстырды (0,06-0,10 сек). QRS комплексінің 0,10 секундтан кеңеюін қарыншаішілік өткізгіштік бұзылуымен байланыстырып дұрыс интерпретациялады. Себептерін атады: қарыншалар ұлғаюы, Гис шоғыры аяқшаларының блокадасы, эктопиялық қозу

1,0

0,5

0

4

ЭКГ тісшелерін дұрыс сипаттады. Р тісшесін сипаттағанда оның қалыпты өлшемдеріне сүйенді: формасы дөңес, тегіс, изолиниядан жоғары бағытталған, биіктігі – 0,1-0,3 mV, ұзақтығы – 0,07-0,11 секунд. Емтихан тапсырушының ойлауы бойынша Р тісшесі кеңеюі, биіктеуі, қос өркештенуі немесе тісшеленуі мүмкін.

1,0

0,5

0

5

QRS комплексі (қарыншалық комплекс) үш тісшеден тұратынын сипаттады: төмен бағытталған Q тісшесі, жоғары бағытталған R тісшесі, төмен бағытталған S тісшесі

1,0

1,5

0

6

ST сегментін QRS комплексінің аяғынан T тісшесінің басына дейін өлшеді. ST сегментін дұрыс сипаттады: қалыпты жағдайда изолинияда орналасады. ST сегментінің төменге немесе жоғарыға ығысуы патологияға байланысты және миокард қоректенуінің ошақты немесе диффузды бұзылысына, немесе интоксикацияға байланысты болуы мүмкін. Дұрыс ЭКГ қорытындысын жасады

1,0

1,5

0

7

ЭКГ-дағы Т тісшесіне дұрыс сипат берді: қалыпты жағдайда І тіркемеде барлық жағдайда оң мәнді, ІІ тіркемеде екіфазалы болуы да мүмкін. Теріс Т тісшесі патология белгісі. Симметриялы ұшы үшкірленген Т тісшесі – коронарлық жетіспеушілікті дәлелдейді.

2,0

1,0

0

8

Талдаған электрокардиограммасына дұрыс қорытынды берді.

2,0

1,0

0

Қорытынды

10

5

0

Этап бойынша ең жоғарғы балл – 10 балл

Тапсырмаға берілген уақыт – 10 минут

Бекет №4

Жүрекшелер және қарыншалар гипертрофиялары кезіндегі ЭКГ нәтижелерін интерпретациялау

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]