Емтихан тапсырушыға ақпарат
Сіздің ЭКГ түсіру техникасы және қалыпты электрокардиограмманы талдау тәртібі бойынша тәжірибелік дағдыңызды көрсетіңіз
Бекет №1
ЭКГ түсіру техникасы және қалыпты электрокардиограмманы талдау тәртібі
Бағалау парағы
№ |
Қадамдарды бағалау көрсеткіштері |
Балмен бағалау |
||
1 |
Науқаспен сенімді қарым қатынас жасап алып, процедураның жолын түсіндіріп, процедураға келісім алды. Науқасты арқасына жатқызды. Электродтарды қоятын орындарды, изотоникалық ерітіндіде малыңған салфеткамен сулады. |
1 |
0,5 |
0 |
|
Білезік аймағы және сирақтардың төменгі үшінші бөлігінің ішкі беттеріне электродтарды дұрыс қойды. Электродтарды қосты: қызыл – оң қол, сары – сол қол, жасыл – сол аяқ, қара – оң аяқ. Кеуде электродтарын дұрыс қойды: V1 – төстің оң шегімен 4 қ/а, V2 - төстің сол шегімен 4 қ/а, V3 - 2 және 4 электродтар арасында, V4 – сол бұғана орта сызығымен 5 қ/а, V5 – сол қолтық асты алдыңғы сызығымен 5 қ/а, V6 - сол қолтық асты ортаңғы сызығымен 5 қ/а. Аппаратты қосты, лентаның жүру жылдамдығын 50 мм/с қойды, «Фильтр» тетігіне басты. «Пуск» тетігіне екі рет басты. |
1 |
0,5 |
0 |
2 |
Жүректің ырғағын дұрыс анықтады және жүректің соғу жиілігін дұрыс есептеді |
1
|
0,5
|
0 |
3 |
Автоматизм ошағын және ЖЭО дұрыс анықтады |
1 |
0,5 |
0 |
4 |
Тісшелер, сегменттер, интервалдарға дұрыс баға берді |
3 |
1,5 |
0 |
5 |
Дұрыс ЭКГ қорытындысын жасады |
3 |
1,5 |
0 |
|
Барлығы |
10 |
5 |
0 |
Этап бойынша ең жоғарғы балл – 10 балл
Тапсырмаға берілген уақыт – 10 минут
Бекет №2
Жүрек ырғағы бұзылуындағы электрокардиограмманы интерпретациялау
Емтихан тапсырушыға ақпарат
Сіздің жүрек ырғағы бұзылуындағы электрокардиограмманы интерпретациялау бойынша тәжірибелік дағдыңызды көрсетіңіз
Бекет №2
Жүрек ырғағы бұзылуындағы электрокардиограмманы интерпретациялау
Бағалау парағы
№ |
Қадамдарды бағалау көрсеткіштері |
Балмен бағалау |
||
1 |
Электрокардиограмманың барлық тіркемелерін қарап шықты. R-R өлшемдері мен интервалдарын есептеп жүрек ырғағын және жүректің жиырылу жиілігін дұрыс анықтады |
1,0 |
0,5 |
0 |
2 |
ЭКГ-да ІІ стандартты тіркемеде PQ, QRS интервалдарын дұрыс өлшеді. PQ интервалын Р тісшесінің басынан қарыншалық комплекс (Q) басына дейін өлшеді, жыбыр аритмиясында бұл интервал өлшенбейтінін айтып кетті. Алынған нәтижелерді бағалауда қалыпты деңгейге сүйенді (0,12-0,20 сек). PQ интервалы 0,20 секундтан жоғары болуы атриовентрикулярлы өткізгіштік бұзылуына байланысты болуы мүмкін. |
1,0 |
0,5 |
0 |
3 |
QRS интервалын QRS комплексі басынан соңына дейін өлшеді, алынған нәтижелерді бағалауда дені сау адамның өлшемдерімен салыстырды (0,06-0,10 сек). QRS комплексінің 0,10 секундтан кеңеюін қарыншаішілік өткізгіштік бұзылуымен байланыстырып дұрыс интерпретациялады. Себептерін атады: қарыншалар ұлғаюы, Гис шоғыры аяқшаларының блокадасы, эктопиялық қозу |
1,0
|
0,5
|
0 |
4 |
ЭКГ тісшелерін дұрыс сипаттады. Р тісшесін сипаттағанда оның қалыпты өлшемдеріне сүйенді: формасы дөңес, тегіс, изолиниядан жоғары бағытталған, биіктігі – 0,1-0,3 mV, ұзақтығы – 0,07-0,11 секунд. Емтихан тапсырушының ойлауы бойынша Р тісшесі кеңеюі, биіктеуі, қос өркештенуі немесе тісшеленуі мүмкін. |
1,0 |
0,5 |
0 |
5 |
QRS комплексі (қарыншалық комплекс) үш тісшеден тұратынын сипаттады: төмен бағытталған Q тісшесі, жоғары бағытталған R тісшесі, төмен бағытталған S тісшесі |
1,0 |
1,5 |
0 |
6 |
ST сегментін QRS комплексінің аяғынан T тісшесінің басына дейін өлшеді. ST сегментін дұрыс сипаттады: қалыпты жағдайда изолинияда орналасады. ST сегментінің төменге немесе жоғарыға ығысуы патологияға байланысты және миокард қоректенуінің ошақты немесе диффузды бұзылысына, немесе интоксикацияға байланысты болуы мүмкін. Дұрыс ЭКГ қорытындысын жасады |
1,0 |
1,5 |
0
|
|
|
|
|
|
7 |
ЭКГ-дағы Т тісшесіне дұрыс сипат берді: қалыпты жағдайда І тіркемеде барлық жағдайда оң мәнді, ІІ тіркемеде екіфазалы болуы да мүмкін. Теріс Т тісшесі патология белгісі. Симметриялы ұшы үшкірленген Т тісшесі – коронарлық жетіспеушілікті дәлелдейді. |
2,0 |
1,0 |
0 |
8 |
Талдаған электрокардиограммасына дұрыс қорытынды берді. |
2,0 |
1,0 |
0 |
|
Қорытынды |
10 |
5 |
0 |
Этап бойынша ең жоғарғы балл – 10 балл
Тапсырмаға берілген уақыт – 10 минут
Бекет №3
Жүректің өткізгіштігі бұзылуындағы ЭКГ нәтижелерін интерпретациялау
