Оңтүстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
Жедел шұғыл медициналық курсымен емхана кафедрасы
Бекітемін
ОӘЖ және ТЖ бойынша проректоры
___________М.Ұ. Анартаева
«___»______________2013 ж.
«Амбулаторлық – емханалық кардиология» элективті пәні бойынша ЖДП- интерндер үшін OSKE әдісі бойынша қорытынды бақылауға арналған әдістемелік нұсқау
Шымкент, 2013 ж.
Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралған және талқыланған
№____хаттама «____»_____________2013 ж.
Кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент Югай Н.В.
Әдістемелік нұсқау Факультет кеңесі мәжілісінде қаралған және талқыланған
№____хаттама «____»_____________2013 ж.
Факультет кеңесінің төрағасы м.ғ.к. Досыбаев Б.Қ.
Клиникалық пәндер циклдік әдістемелік комиссиясында келісілген
Хаттама № ____«____» ________2013 ж.
Төрайымы, м.ғ.к., доцент ______________________ Тұртаева А.Е.
Әдістемелік Кеңес мәжілісінде қаралған және талқыланған
№____хаттама «____»_____________2013 ж.
Кіріспе
Әлемдік деңгейде дәрігерлердің кәсіби біліктілігі объективті құрылымдық клиникалық емтиханмен бағаланады - бұл сенімді және жоғары дәрежеде өзін ақтаған инновациялық әдіс.
Қорытынды бақылау кезінде жалпы дәрігерлік практика – интерндерінің тәжірибелік дағдыларының деңгейін объективті құрылымдық клиникалық емтиханның нәтижелерімен бағалайды. Қорытынды бақылау ОҚКЕ технологиясы бойынша 5 бекетте өткізіледі:
- бірінші бекет – ЭКГ түсіру техникасы және қалыпты электрокардиограмманы интерпретациялау тәртібі;
- екінші бекет – Жүрек ырғағы бұзылуындағы ЭКГ нәтижелерін интерпретациялау;
- үшінші бекет – Жүректің өткізгіштігі бұзылуындағы ЭКГ нәтижелерін интерпретациялау;
- төртінші бекет – Жүрекшелер және қарыншалар гипертрофиялары кезіндегі ЭКГ нәтижелерін интерпретациялау;
- бесінші бекет – Ишемия мен инфаркт кезіндегі ЭКГ нәтижелерін интерпретациялау;
Жалпы дәрігерлік практика – интерндері келесі құралдар мен муляждарды қолданып тәжірибелік дағдыларын көрсетуі қажет: ЭКГ аппарат (Аксион) және қалыпты электрокардиограммалар, жүрек ырғағы бұзылуы тіркелген электрокардиограммалар, жүректің өткізгіштігі бұзылуы тіркелген электрокардиограммалар, жүрекшелер мен қарыншалар гипертрофиясы тіркелген электрокардиограммалар, ишемия және миокард инфаркті тіркелген электрокардиограммалар.
ОҚКЕ кезінде әр бекетте орындалатын қызмет түрі нақты және кезекті қадамдық әрекеттер арқылы көрсетіледі.
Әр бекетте орындалуы қажет тапсырмаға 10 минут беріліп, максималді 10 балмен бағаланады. Емтихан тапсырушының манипуляцияны жүргізе білу біліктілігіне қарай әр қадамдық әрекет 0-ден 3-ке дейінгі балл аралығында бағаланады.
Мақсаты – ОҚКЕ технологиясы бойынша тәжірибелік дағдыларды бағалау және жетекшілік ету.
Бекет №1
ЭКГ түсіру техникасы және қалыпты электрокардиограмманы талдау тәртібі
