- •Химиялық технологияның жалпы мәселелері і тарау. Химиялық технологияның мазмұны
- •Химия өндірістерінің ғылыми негіздері
- •Химия өндірістерін ұйымдастыру
- •Химия өндірістерінің маңызы және дамуы
- •Қазақстанда химия өндірістерінің дамуы
- •1.5 Химия өндірістерін технологиялық негізге байланысты жіктеу
- •1.6 Техникалық-экономикалық көрсеткіштер
- •1.7 Химиялық технология процестерін қарқындандыру
- •7.1.1 Процестердің технологиялық сұлбасы
- •1.8 Реагенттердің және энергетика ағындарының бағыты
- •1.9 Технологиялық сұлбаны болжағандағы жалпы пікір
- •1.10 Химиялық техниканың негізгі даму жолдары.
- •Технологиялық процестегі материалдық және энергетикалық баланс
- •2.2 Шикізатты байыту принциптері
- •Қайталауға және өздік бақылауға арналған сұрақтар (1-2)
- •3.1 Табиғи және өнеркәсіп суларына сипаттама
- •3.2 Өндіріс әдістерімен суды тазарту
- •3.3 Су қағының түрлері, оны болдырмау және одан тазарту әдістері
- •3.3.1 Су қағының химиялық құрамына байлаынсты түрлері
- •3.3.2 Су қағының түзілуіне қарсы шаралар
- •3.3.3 Су қағын тазарту әдстері
- •3.3.4 Қоршаған ортаны қорғау
- •3.4 Өндірістің ағынды суларын тазарту
- •5.3 Химиялық-технологиялық процестердің термодинамикасы
- •5.4 Тепе-теңдіктегі технологиялық процестер
- •5.5 Химиялық реакцияның жылдамдығы
- •5.5 Катализ
- •6.1 Отынды шикізат ретінде термиялық өңдеу.
- •6.2 Көмірді кокстеу
- •6.3 Қатты отынды газға айналдыру
- •Көмірді гидрогендеу
- •Сұйық отынды химиялық әдіспен өңдеу
- •6.5.1 Мұнай және мұнай өнімдерінің қасиеттері және құрамы
- •6.5.3 Мұнайды және мұнай өнімдерін өңдеу әдістері
- •6.6 Мұнайды және мұнай өнімдерін жоғары температурада химиялық әдістермен өңдеу
- •6.7 Мұнай өнімдерін тазарту
- •Басты химиялық өнімдерді өндіру технологиясы
- •7.1 Табиғи газдардан конверсиялау
- •7.2 Метанды су буымен катализдік конверсиялау
- •8.3 Синтетикалық аммиак өндірудің сұлбасы
- •9.1 Азот қышқылын өндіру әдістері
- •9.2 Азот қышқылын аммиакты тотықтырып алу әдәсәнәң физикалық-химиялық негізі
- •9.2.1. Азот (іі) оксидінің азот (іv) диоксидіне тотығуы
- •Тепе-теңдік константасының температураға тәуелділігі
- •9.2.2 Азот диоксидін және оның димерінің абсорбциялану сұлбасы
- •9.3 Сұйылтылған азот қышқылын өндіру
- •9.4 Азот қышқылын концентрлеу
- •Қайталауға және өздік бақылауға арналған сұрақтар (3-4):
- •10.2 Күкірт қышқылын өндіру әдістері
- •Қайталауға және өздік бағылауға арналған сұрақтар мен есептер (1-2)
- •4. Күкірт қышқылын концентрлеу
- •10.4 Күкірт қышқыл өндірістерінің дамуының негізгі бағыттары
- •Хі тарау. Минералдық тыңайтқыштарды өндіру
- •11.1. Тыңайтқыштарды жіктеу
- •Қайталауға және өзіндік бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •11.2 Фосфор тыңайтқыштары
- •11.2.1Фосфор тыңайтқыштарын өндіріу технологиясының негізгі мақсаттары
- •11.2.2. Фосфор қышқылдарын жіктеу.
- •11.2.3 Табиғи тыңайтқыштардан фосфор қышқылын өнідіру әдісі
- •11.2.4 Суперфосфатты өндіру
- •11.2.5 Суперфосфатты өндірудің физикалық-химиялық негізі.
- •11.2.6 Концентрлі тыңайтқыштарды өндіру
- •Қайталауға және өздік бақылауға арналған сұрақтар(2);
- •Фосфор қышқылын өндіру
- •Фосфаттарды азот қышқылымен өңдеу
- •11.5 Карбамидті (несеп нәрін) ((nн2)2со) өндіру
- •12.1 Күйдіргіш натр өндіру
- •12.2 Электрхимиялық әдіспен күйдіргіш натр және хлорды өндіру
- •12.3 Хлор және күйдіргіш натр өндірудін физикалық-химиялық негізі
- •12.4 Ас тұзының ерітіндісін сұйық катодты электролиздік астауда электролиздеу
- •12.5 Электролиз өнімін өңдеу
- •Қайталауға және өздік бақылауға арналған сұрақтар (3-5):
- •Хііі – тарау. Органикалық синтез
- •13.1 Органикалық синтездеу өнеркәсіптеріндегі негізгі процесстер және шикізаттар
- •13.2 Көміртек (іі) оксидіне негізделген синтездер. Метил спиртін өңдеу
- •Қысымға байланысты метанолдың тепе-теңдік концентрациясы
- •13.3 Олефиндерге негізделген синтездер
- •13.3.1 Синтетикалық этил спиртін өндіру
- •13.3.2 Этиленді тікелей гидраттандыру әдісімен этанолды синтездеу
- •Қайталауға және өздік бақылауға арналған сұрақтар (1-3):
- •13.4 Ацетиленге негізделген синтездер
- •13.4.1 Ацетиленді өндіру және өңдеу
- •13.4.2 Ацетальдегидті өндіру.
- •13.4.3 Сірке альдегидінен сірке қышқылын өндіру
- •14.1 Целлюлозаны өндіру
- •14.1.1 Целлюлоза өндірісінің технологиялық процестерінің негізгі салалары
- •14.1.2 Сульфит әдісімен ағаш целлюлозасын өндіру
- •14.2.1 Вискоза талшығын өндіру
- •14.2.2 Капрон талшығын өндіру
- •14.2.3 Лавсан полэфир талшығын өндіру
- •14.3 Пластикалық массаларды өндіру
- •14.3.1 Пластикалық массалар құрамы
- •14.4 Поликонденсациялық пластмассалар.
- •14.5 Каучуктарды және резинаны өндіру.
- •14.5.1 Синтетикалық каучуктар
- •14.5.2 Бутадиен – стирол каучуктері (скс, скмс)
- •3. Стехиометрлік баланс теңдеуі
- •3.1 Реакцияның тәуелсіз сатыларын анықтауға стехиометрлік коэфициенттерінің матрицасы
- •4. Экспериментмүмкіндік береді.
- •4.1 Экспериментті жоспарлау
- •Регрессия теңдеуі, регрессия теңдеуінің коэфициенттері
- •Экспериментті жоспарлағандағы гипотезаларды тексеру
- •Регрессия теңдеуін интерпретациялау
- •5 Идеалдық ығыстыру және араластыру реакторының математикалық моделі
- •5.1 Идеалдық ығыстыру және идеалдық араластыру реакторларының модельдерін реакция жылдамдықтары бойынша салыстыру
- •5.2 Идеалдық араластыру реакторларының каскадасының математикалық моделі.
- •6 Құрылымдық талдау әдістері
- •6.1 Бөлінетін ағымдардың оңтайлы жиынтығын анықтауға
- •6.2 Ақпараттық блок сұлба және процесс матрицасы
- •6.3 Ағымдар, инциденциялар және аралас матрицаларды анықтау
- •6.4 Тұйықтылығы үзілген тұйық сұлбалар,рецикуляциялық тізбектіліктер
- •6.5 Параметрлік сезімталдық және процестердің тұрақтылығы
- •8 Ректификациялық колоннаны математикалық түрде сипаттау (жазу)
- •8.2 Колонна диаметрін және тәрелкеаралық қашықтықты есептеу
- •8.3 Тәрелкелердің жұмыс істеу қабілеттілігін есептеу
- •8.4 Қайнатқыштарды математикалық түрде жазу(сипаттау)
- •8.5 Конденсаторлар
- •9.Ректификациялық колонналардың тәрелкелеріндегі масса тасымалдаудың тиімділігін бағалау
- •10.Ректификация процесін есептеу әдістері
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Қосымша
1.5 Химия өндірістерін технологиялық негізге байланысты жіктеу
Бейорганикалық заттар өндірістері:
а) Негізгі химиялық өндірістер (қышқыл, сілтілер, тұздар, минералдық тыңайтқыштар);
б) Нәзік (тонкий) бейорганикалық өнімдер өндірістері (реактивтер, сирек элементтер, жартылай өткізгіштер, фармацевтік препараттар және т.б,);
в) Электрхимиялық өндірістер (хлор, сілтілер, оттек, сутек және т.б.).
г) Металлургия (қара, түсті, асыл металдар металлургиясы және сирек металдар және т.б.).
д) Силикаттар өндірісі (шыны, цемент, керамика (қыш) және т.б.);
е) Минерал бояулардың және пигменттер өндірістері.
Органикалық заттар өндірістері:
а) Негізгі органикалық өнімдер (спирттер, қышқылдар, эфирлер, СН4, СО, Н2, С2Н4 өңдеу және т.б.).
б) Жартылай өнім және бояу өндірістері.
в) Нәзік органикалық синтез (фармацевтік препараттар, кинофотореактивтері және т.б.).
г) Үлкен молекулалық заттар өндірістері (пластмасса, жасанды және синтетикалық талшықтар, каучук және т.б.).
д) Жанатын заттарды өндеу (мұнай, көмір, ағаш, сланец (тақтатас), шымтезек және т.б.).
е) Азық-түлік өндірістері (қант, май, көмірсулар, ақуыздар және т.б.).
Жіктеудің басқада технологиялық түрлері бар. Олар:
1) Шикізаттың тегіне байланысты (минерал, өсімдік, мал-хайуан шикізаттары, көмір технологиясы, мұнай, газ және т.б.).
2) Тұтыну немесе өнімдердің түрлеріне байланысты (тыңайтқыштар, бояулар, фармацевтік препараттар, азық-түлік өнімдері).
3) Реагенттердің агрегаттық немесе фазалық күйіне байланысты (газдар, сұйықтар, қатты заттар жэне көп фазалы жүйелер технологиясы).
Қайталауға және өздік бақылауға арналған сұрақтар(4-5):
1. Қазақстандағы химия өндірісінің дамуы.
2. Химия өндірісінің дамуына үлес қосқан қандай қазақстандық ғалымдарды білесіңдер?
3. Бейорганикалық заттар өндірісінің жіктелімі қалай болады?
4. Органикалық заттар өндірісінің жіктелімі қандай?
5. Химиялық заттар өндірісін жіктеудің қандай басты технологиялық түрлерін білесіндер?
1.6 Техникалық-экономикалық көрсеткіштер
Өндірістердің, ондағы өнім процестерінің рентабельдігі (ұтымдылығы) және мақсатқа сәйкестілігі, қанағаттандыру мөлшері - техникалық-экономикалық көрсеткіштермен анықталады. Техникалық-экономикалық көрсеткіштерге (ТЭК) мыналар жатады:
І. Шыгын коэффициенті - белгілі мөлшерде өндірілген өнімге жұмсалған шикізаттың жеке-жеке әрқайсысының энергия мөлшері: r=m1 : m2, мұндағы, r - шығын коэффициенті, m1- жұмсалған шикізат, су және тағы да басқа көмекші заттардың масса мөлшері, m2- мақсатты өнім мөлшері.
ІІ. Өнім шығымы - шын өндірілген өнім мөлшерінің теорияға сәйкес өндірілетін өнімнің мөлшеріне қатынасы:
η=
мұндағы, η – өнім шығымы, mш – шын өндірілетін өнім мөлшері, mт - теория бойынша өндірілетін өнім мөлшері.
Өнім мөлшері бірлік жұмсалатын шикізатқа арналып есептелінеді, кейде “фаза” шығымы - қатты, сұйық немесе газ күйіндегі өнімдер шығымы түрінде де анықталады.
Электрхимиялық, электртермиялық және кейбір жылу процестерінде шығым жұмсалған энергияның бірлік мөлшерінің қатынасына есептелінеді. Мысалы, электролиз процесінде жұмсалынған электр тогына есептелінген өнім шығымы, өндірілген өнім мөлшерінің теориялық шығым мөлшерінің қатынасына тең.
η=
мұндағы, Е - берілген заттың химиялық эквиваленті;
I - ток күші, ампер;
- токтың жұмсалу уақыты, сағат:
m - шын бөлінген заттың мөлшері, г.
Өнім шығымы пайызбен көрсетіледі.
III.Өнімділік – белгілі бір уақыт өлшемі ішінде тиісті мөлшерлі өнімді істеп шығару қабілеттілігі.
V
=
кг/сағ
, немесе кг/сағ
тәулік
мұндағы: V - өнімділік кг/сағ немесе т/тәулік;
m - өнім массасы, кг немесе тонна;
- уақыт, сағат немесе тәулік.
ІV. Өндіріс қуаты - өндіріс құрал-жабдықтарын аса тиімді пайдаланып, еңбек пен өндірісті дұрыс ұйымдастыруға белгілі бір саланың, кәсіпорынның, цехтың агрегаттық тиісті уақыт ішінде өнімнің белгілі түрін шығарудағы жоғарғы қабілеттілігі, мүмкіндігі. Немесе, басқаша айтқанда, аппараттың немесе жабдықтардың оптимал жағдайдағы ең жоғары өнімділік мүмкіншілігі:
W=Vmax
V. процестің қарқындылығы – өнім шығымының аппаратта реагенттердің болған уақытына қатынасы, яғни процестің қарқындылығы реакция жылдамдығына пропорционал болады.
VІ. Аппарат қарқындылығы – бірлік уақыттағы аппарат өнімділігінің аппараттық көлеміне немесе өнім өндіретін ауданына қатынасы:
і
=
кг/м3*сағ
і
=
кг/м3*сағ
VІІ. Еңбек өнімділігі – өндіріс процесінде қоғамдық еңбектің жемісі, тиімді болуы. Бұл қызметкерлердің жұмыс уақытының бір өлшемі ішінде істеп шығаратын өнімнің саны, мөлшері арқылы сипатталады.
VІІІ. Өзіндік құн – өндірілген өнімнің өзіндік құнына: тұтынылған өндіріс құрал-жабдықтарының, еңбек ақыға жұмсалынған (4%), шикізат (60-70%), отын және энергия (10%), цех және жалпы зауыт шығындарының құны кіреді. Өзіндік құн – бірлік өнім өндіруге тұтынылған өндіріс құрал-жабдықтары мен еңбек ақыға жұмсалынған ақша түріндегі шығындар.
Қайталауға және өзіндік бақылауға арналған сұрақтар және есептер(6):
1. Техникалық-экономикалық көрсеткіштерге нелер жатады?
2. Шығын коэффициенті дегеніміз не?
3. Өнім шығымы дегеніміз не?
4. Өнімділік дегеніміз не?
5. Өндіріс қуаты дегеніміз не?
6. Процесс және ақпарат қарқындылықтары нені білдіреді?
7. Еңбек өнімділігі мен құн нелерді сипаттайды?
8. Қышқылдың шығымы техникалық ацетальдегид бойынша 94,5%-ға тең болған жағдайда, 1000 кг сірке қышқылын алу үшін техникалық ацетальдегидтің (тазалығы 99%-ға тең) жұмсалу коэффициентін анықтаңыз.
Есеп шығару:
Берілгені:
ω (СН3СНО)=99%
η(CH3COOH)=94,5%
m(CH3COOH)=1000 кг
r=?
х 1069,5 кг
СН3СНО
+ 1/2О2
CH3COOH
44 кг 60 кг
1.
η=
*100
%
94,5%=
*100%; х=1058,5кг
2.
Ат=
=776,01
кг;
3.
Аш=
=783,85
кг;
4.
r=
=
=0,78385
(т*т-1)
9. 2500 м3 96%-дық спирттен (ρ=79,9 кг/м3) қанша кг дивинил алуға болатындығын есептеңіз? С.В. Лебедевтің әдісі бойынша дивинилді алудың жалпы реакциясы мына теңдеу бойынша сипатталады: 2С2Н5ОН→СН2 + 2Н2О + Н2 дивинилдің шығымы 80 –ға тең.
10. Бір тонна етил спиртін алу үшін 13000м3 синтез-газ жұмсалынған (СО:Н2=1:2). Бір өтуі бойынша бастапқы газ қоспасының айналуы дәрежесі 25%-ға тең болған жағдайдағы, етил спиртінің конверсиядағы шығыын анықтаңыз.
11. массасы 1 тонна крахмалды өңдеу арқылы 240 кг этил спиртін алуға болады. Осы крахмалдың мөлшерін қанша этиленнің көлемімен алмастыруға болады?
12. Сірке қышқылын өндіру қоңдырғысының жылдық өнімділігі 20 мың т/жыл. тең. Цех жылына 365 күн жүмыс істейтін болса, оның ішінде 30 күн ремонтқа бөлінсе, өндірістік шығындары 3%-ға тең болады. Цехтың бір сағаттағы өнімділігін есептеңіз.
13. Күкірт қышқылы өндірісіндегі нитроздық әдісте өнімділік денитратор-мұнараның биіктігі 16 м және диаметрі 5,3 м. Мұнараның пайдалы көлемі 87%-ға тең. Бір күнде мұнара 95 т күкірт қышқылын өткізеді. Процестің қарқындылығын анықтаңыз.
14. Синтетикалық аммиакты қысым астында алу өндірістік қондырғысының құндылығы 1900 мын. теңге (Р=32 106 Па, қуаттылық - 420 т/күніне). Меншікті капитал шығындарын анық- таңыз.
15. Метанолды алу өндірістік қондырғысының қуаттылық бірлігін 2-ге дейін жоғарлатқанда капиталдың шығындары неше есе төмендейтіндігін анықтаңыз?
