- •Химиялық технологияның жалпы мәселелері і тарау. Химиялық технологияның мазмұны
- •Химия өндірістерінің ғылыми негіздері
- •Химия өндірістерін ұйымдастыру
- •Химия өндірістерінің маңызы және дамуы
- •Қазақстанда химия өндірістерінің дамуы
- •1.5 Химия өндірістерін технологиялық негізге байланысты жіктеу
- •1.6 Техникалық-экономикалық көрсеткіштер
- •1.7 Химиялық технология процестерін қарқындандыру
- •7.1.1 Процестердің технологиялық сұлбасы
- •1.8 Реагенттердің және энергетика ағындарының бағыты
- •1.9 Технологиялық сұлбаны болжағандағы жалпы пікір
- •1.10 Химиялық техниканың негізгі даму жолдары.
- •Технологиялық процестегі материалдық және энергетикалық баланс
- •2.2 Шикізатты байыту принциптері
- •Қайталауға және өздік бақылауға арналған сұрақтар (1-2)
- •3.1 Табиғи және өнеркәсіп суларына сипаттама
- •3.2 Өндіріс әдістерімен суды тазарту
- •3.3 Су қағының түрлері, оны болдырмау және одан тазарту әдістері
- •3.3.1 Су қағының химиялық құрамына байлаынсты түрлері
- •3.3.2 Су қағының түзілуіне қарсы шаралар
- •3.3.3 Су қағын тазарту әдстері
- •3.3.4 Қоршаған ортаны қорғау
- •3.4 Өндірістің ағынды суларын тазарту
- •5.3 Химиялық-технологиялық процестердің термодинамикасы
- •5.4 Тепе-теңдіктегі технологиялық процестер
- •5.5 Химиялық реакцияның жылдамдығы
- •5.5 Катализ
- •6.1 Отынды шикізат ретінде термиялық өңдеу.
- •6.2 Көмірді кокстеу
- •6.3 Қатты отынды газға айналдыру
- •Көмірді гидрогендеу
- •Сұйық отынды химиялық әдіспен өңдеу
- •6.5.1 Мұнай және мұнай өнімдерінің қасиеттері және құрамы
- •6.5.3 Мұнайды және мұнай өнімдерін өңдеу әдістері
- •6.6 Мұнайды және мұнай өнімдерін жоғары температурада химиялық әдістермен өңдеу
- •6.7 Мұнай өнімдерін тазарту
- •Басты химиялық өнімдерді өндіру технологиясы
- •7.1 Табиғи газдардан конверсиялау
- •7.2 Метанды су буымен катализдік конверсиялау
- •8.3 Синтетикалық аммиак өндірудің сұлбасы
- •9.1 Азот қышқылын өндіру әдістері
- •9.2 Азот қышқылын аммиакты тотықтырып алу әдәсәнәң физикалық-химиялық негізі
- •9.2.1. Азот (іі) оксидінің азот (іv) диоксидіне тотығуы
- •Тепе-теңдік константасының температураға тәуелділігі
- •9.2.2 Азот диоксидін және оның димерінің абсорбциялану сұлбасы
- •9.3 Сұйылтылған азот қышқылын өндіру
- •9.4 Азот қышқылын концентрлеу
- •Қайталауға және өздік бақылауға арналған сұрақтар (3-4):
- •10.2 Күкірт қышқылын өндіру әдістері
- •Қайталауға және өздік бағылауға арналған сұрақтар мен есептер (1-2)
- •4. Күкірт қышқылын концентрлеу
- •10.4 Күкірт қышқыл өндірістерінің дамуының негізгі бағыттары
- •Хі тарау. Минералдық тыңайтқыштарды өндіру
- •11.1. Тыңайтқыштарды жіктеу
- •Қайталауға және өзіндік бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •11.2 Фосфор тыңайтқыштары
- •11.2.1Фосфор тыңайтқыштарын өндіріу технологиясының негізгі мақсаттары
- •11.2.2. Фосфор қышқылдарын жіктеу.
- •11.2.3 Табиғи тыңайтқыштардан фосфор қышқылын өнідіру әдісі
- •11.2.4 Суперфосфатты өндіру
- •11.2.5 Суперфосфатты өндірудің физикалық-химиялық негізі.
- •11.2.6 Концентрлі тыңайтқыштарды өндіру
- •Қайталауға және өздік бақылауға арналған сұрақтар(2);
- •Фосфор қышқылын өндіру
- •Фосфаттарды азот қышқылымен өңдеу
- •11.5 Карбамидті (несеп нәрін) ((nн2)2со) өндіру
- •12.1 Күйдіргіш натр өндіру
- •12.2 Электрхимиялық әдіспен күйдіргіш натр және хлорды өндіру
- •12.3 Хлор және күйдіргіш натр өндірудін физикалық-химиялық негізі
- •12.4 Ас тұзының ерітіндісін сұйық катодты электролиздік астауда электролиздеу
- •12.5 Электролиз өнімін өңдеу
- •Қайталауға және өздік бақылауға арналған сұрақтар (3-5):
- •Хііі – тарау. Органикалық синтез
- •13.1 Органикалық синтездеу өнеркәсіптеріндегі негізгі процесстер және шикізаттар
- •13.2 Көміртек (іі) оксидіне негізделген синтездер. Метил спиртін өңдеу
- •Қысымға байланысты метанолдың тепе-теңдік концентрациясы
- •13.3 Олефиндерге негізделген синтездер
- •13.3.1 Синтетикалық этил спиртін өндіру
- •13.3.2 Этиленді тікелей гидраттандыру әдісімен этанолды синтездеу
- •Қайталауға және өздік бақылауға арналған сұрақтар (1-3):
- •13.4 Ацетиленге негізделген синтездер
- •13.4.1 Ацетиленді өндіру және өңдеу
- •13.4.2 Ацетальдегидті өндіру.
- •13.4.3 Сірке альдегидінен сірке қышқылын өндіру
- •14.1 Целлюлозаны өндіру
- •14.1.1 Целлюлоза өндірісінің технологиялық процестерінің негізгі салалары
- •14.1.2 Сульфит әдісімен ағаш целлюлозасын өндіру
- •14.2.1 Вискоза талшығын өндіру
- •14.2.2 Капрон талшығын өндіру
- •14.2.3 Лавсан полэфир талшығын өндіру
- •14.3 Пластикалық массаларды өндіру
- •14.3.1 Пластикалық массалар құрамы
- •14.4 Поликонденсациялық пластмассалар.
- •14.5 Каучуктарды және резинаны өндіру.
- •14.5.1 Синтетикалық каучуктар
- •14.5.2 Бутадиен – стирол каучуктері (скс, скмс)
- •3. Стехиометрлік баланс теңдеуі
- •3.1 Реакцияның тәуелсіз сатыларын анықтауға стехиометрлік коэфициенттерінің матрицасы
- •4. Экспериментмүмкіндік береді.
- •4.1 Экспериментті жоспарлау
- •Регрессия теңдеуі, регрессия теңдеуінің коэфициенттері
- •Экспериментті жоспарлағандағы гипотезаларды тексеру
- •Регрессия теңдеуін интерпретациялау
- •5 Идеалдық ығыстыру және араластыру реакторының математикалық моделі
- •5.1 Идеалдық ығыстыру және идеалдық араластыру реакторларының модельдерін реакция жылдамдықтары бойынша салыстыру
- •5.2 Идеалдық араластыру реакторларының каскадасының математикалық моделі.
- •6 Құрылымдық талдау әдістері
- •6.1 Бөлінетін ағымдардың оңтайлы жиынтығын анықтауға
- •6.2 Ақпараттық блок сұлба және процесс матрицасы
- •6.3 Ағымдар, инциденциялар және аралас матрицаларды анықтау
- •6.4 Тұйықтылығы үзілген тұйық сұлбалар,рецикуляциялық тізбектіліктер
- •6.5 Параметрлік сезімталдық және процестердің тұрақтылығы
- •8 Ректификациялық колоннаны математикалық түрде сипаттау (жазу)
- •8.2 Колонна диаметрін және тәрелкеаралық қашықтықты есептеу
- •8.3 Тәрелкелердің жұмыс істеу қабілеттілігін есептеу
- •8.4 Қайнатқыштарды математикалық түрде жазу(сипаттау)
- •8.5 Конденсаторлар
- •9.Ректификациялық колонналардың тәрелкелеріндегі масса тасымалдаудың тиімділігін бағалау
- •10.Ректификация процесін есептеу әдістері
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Қосымша
6.7 Мұнай өнімдерін тазарту
Мұнай өнімдерінің құрамында оңай шайырланатын қанықпаған көмірсутектер және құрамында оттек, азот және күкірт элементтері бар қосылыстар өндірілген өнімнің сапасын төмендетеді,осылардан тазартудың әдістері:қышқыл және негіздермен тазарту мақсатпен аз мөлшерде күкірт қышқылдарымен өңдейді. Соңында нафтен қышқылынан және күкірт қышқылының қалдығынан тазарту үшін сілтімен өңдейді. Ең соңында сумен жуылады. Қышқылмен өңдегенде қалған қалдық –қышқыл гудрон деп аталады,сілтімен өңдеогендегі қалдық- сабын-нафт (нафтен қышқылының натр тұзы ).
Гидротазарту – катализдік тазарту әдісі,алюмо-кобальт-молибден катализаторының қатысуымен 380-420°С температурада 3,5-4МПа қысымда сутекпен гидрлеуге негізделген.Мұндай жағдайда қанықпаған көмірсутектер қанығады (өнімнің тұрақтылығы артады),күкірт, азот және оттек бөлінетін күкіртті сутек ,аммиак және су түзіледі:
RSH+H2=RH+H2S;
RNH2+H2=RH+NH2;
ROH+H2=RH+H2O
Мұнай өнімдерін адсорбциялау және абсорбциялау тазарту әдістерінің мәні – мұнай өнімдерінің құрамындаға зиянды қоспаларды адсорбенттерге (силикагель – ағартқыш саз,т.б.)талғамды адсорбциялау.
Мұнай өнімдерін адсорбентті жанастырғанда күкіртті, азотты, оттекті қосылыстармен бірге асфальттар және т.б қоспалар адсорбенттерге адсорбцияланып бөлінеді. Немесе талғамды қабілетті бар еріткіштермен адсорбциялу.
Мұнай өнімдерінің тұрақтылығын арттыру мақсатымен, яғни сапасын көтеру үшін, оларға аз мөлшерде антитотықтырғыштар қосады. Ингибитор ретінде фенолдар,ароматты аминдер,аминофенолдар және т.б. қолданылады.
Қайталауға және өзіндік бақылауға арналған сұрақтар(6-7):
Крекинг процесінің ұсақталу механизміне байланысты қалай жіктеледі?
Крекинг пен реформингнің айырмашылығы неде?
Термокрекинг дегеніміз не?
Катализдік крекингінің артықшылықтары қандай?
Реформингінің түрлері және олардың айырмашылықтары қандай?
Мұнай өнімдерінің қандай тазарту әдістері бар?
Бірінші бөлім бойынша студенттердің өздік жұмыстарының (СӨЖ) тақырыптары:
Өндірістегі суларды және оларды тазарту жолдары.
Химия өндірісінде энергияны ұтымды пайдалану.
Сұйық аағынды (мұнай және мұнай өнімдерін) өңдеу әдістері.
Газ тектес ағынды өңдеудің екіншілікті әдістері.
Мұнай өңдеудегі қоршаған ортаны қорғау мәселелері.
ІІ БӨЛІМ
Басты химиялық өнімдерді өндіру технологиясы
VII- тарау. Сутекті өндірудің технологиялық әдістері
Сутектің технологиялық процестерде және жалпы тіршіліктегі маңызы,алатын орны ерекше. Ғалымдардың болжауы бойынша сутек – болашақтағы отын және энергия көзі, ондай ойдың туууына себептер – сутектің бассқа отындармен салыстырғанда көптеген басым ерекшеліктері бар: 1. Сутекті өндіруге шикі зат ретінде сарқылмас суды қолданады, сутек жанғанда су қайтадан түзіледі; 2.Сутек химия өндіріс орындарында,металургияда, мұнай өнімдерін өңдеуде ерекше орын алатыны белгілі, пл аммиак және метанол синтездеуде негізгі шикізат. 3. Сутектің жану жылуы өте жоғары – 125510кДж/кг немесе көміртектің жану жылуынан төрт есе жоғары. 4. Сутекті сұйық күйінде немесе гидридтер түрінде сақтауға болады.
Сутекті алудың әдістерін ғылыми негізгі физикалық,химиялық және электрхимиялық деп үшке бөлуге болады.
Технкада ,әсіресе аммиак синтездеуде сутек алу үшін, көп қолданылатын химиялық әдістердің бірі – конверсия әдісі. Өте қызған (1000°С шамасы) көмір бетімен су буын өткізсе,мынадай реакция жүреді:
C+H2O→CO+H2↑
Бұл реакция кезінде көміртек (ІІ)оксиді де, сутек те жанғыш газдар. Бұлардың қоспасын су газы деп атап,техникада отын ретіінде,иә болмаса органикалық синтездерде шикізат ретінде қолданылады. Су газындағы сутек бөліп алу үшін су газына су буын араластырып,қоспасын қыздырған темір оксиді(катализатор) арқылы өткізеді.
Шыққан көміртек (VI) оксидін сутекпен оңай ажыратады,ол үшін осы шыққан газдар қоспасын өте қысып (2мПа),сумен жуады.Соңғы реакцияны су газының конверсиясыдеп атайды.Темір (ІІІ) оксиді тек қана катализатор қызметін атқарады.
Төменгі температурада тепе теңдік кері ығысады,сондықтан температурада дейін көтереді және су теңдік бойынша керегінен анағұрлым артық алады.Сутекті консервия арқылы алу арзан жолдың бірі,кейде су газының орнына,құрамында көміртек (ІІ) оксиді мол басқа газдар қоспасын қолданады.
Конверсия процесінде мынадай қосалқы реакциялар:болуы мүмкін ,бұл жағдайда метан мен күйе қосымша түзіледі.
Осы кезде көміртек оксидін конверсиялауға темір хром және мырыш хром мыс катализаторларын қоланады.Темір хром катализаторы алюминий ,калий және кальций оксидтерімен активтелінеді (промоторланады).Осы активтелген катализаторды қолданып көмір(ІІ) оксидін конверсияланғанның өзінде көмір (ІІ)оксидынің 2-4-ы сол қалпында қалады.Қалған көмір (ІІ) оксидін ары қарай конверсиялау үшін төменгі температуралы мырыш-хром-мыс катализаторын қолданып конверсия соңын 200-300 температурада жүргізіледі.Конверсия процесінің бірінші сатысында бөлінген жылу су буын дайындауға пайдаланады.
Конверсияланған газ катализаторды уландыратын газдардан тазартады.
