Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силлабус раб программа УПРК.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
154.25 Кб
Скачать

5. Баөж-на қойылатын талаптар және курстық жұмыстарын/жобаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар

Зерттеу жұмысы: Зерттеу жұмысы жасалынған жеке жоспар бойынша зерттеудің өзіндік мақсатына сай жеке дара орындалады. Жеке жұмыстың мазмұны мен көркемділігіне төмендегідей талаптар қойылады: Зерттеу жұмысын орындаудың міндетті шарты тәжірибелік материалдарды пайдалану; Зерттеу жұмысының мазмұны оның жоспарына сай болып, тақырыптың мәнін ашуы қажет; Бірінші тарау зерттеудің негіздемесін айқындауға арналған теоретикалық мазмұнды болуы қажет. Онда проблема, мақсаты мен міндеті және зерттеудің әдістемесі айқындалуы қажет. Теоретикалық сұрақтарды баяндау әдебиеттерге шолу сипатында болады. Мәні және көлемі жөнінен негізгі болып табылатын екінші тәжірибелік бөлімде зерттеуге талдау жасалынып, баға беріледі. Үшінші бөлімге ұсыныстарға, қорытынды пікірлер жазылады; Зерттеу жұмысында кесте, сызба диаграммалар қолданылады; Алғашқы бетіне оқу орнының аты, тақырыбы, студенттің аты-жөні, мерзімі жазылады; Зерттеу жұмысында келтірілген дәйек сөздер мен сандық мәліметтерге пайдаланылған әдебиеттер тізімі жазылады; Зерттеу жұмысы сауатты, таза, анық жазылуы қажет; Зерттеу жұмысының соңында әдебиеттер тізімі жасалады; Зерттеу жұмысы белгіленген мерзімде орындалып, өткізілуі қажет; Кешіктірілген зерттеу жұмысының бағасы төмендетіледі.

Курс талаптары

  1. Курс келесі жұмыстарды қамтиды:

  • Бақылау жұмысы

  • Кейстер, ынталандыру материалдарын өз бетінше талдау

  • Білім алушының сабақтағы белсенділігі

  • Аралық бақылау

  • Қорытынды емтихан

  1. Жазбаша жұмысты бағалау белгілері:

  • Таңдалған тақырыпқа сәйкестігі

  • Зерттеулерге және кітап басылымдарға сілтемелер

  • Талдаудың кең ауқымдылығы

3.Білім алушының дәрісханалық сабақтардағы белсенділігі:

  • Сабаққа белсенді араласуы

  • Реферат және өзіндік жұмыстарды уақытылы жазып тапсыру

  • Ақпараттық хабарлама жасау

  • Пән бойынша тақырыптарға сәйкес материалдар жинақтау

  • Қорытынды бақылау түрінде емтихан тап

Курстың саясаты

1. Дәрісханалық уақыт лекция, оқылған материалды талдаудан және әртүрлі жазба жұмыстарын орындаудан құралады. Негізгі ұғымдарға әр лекция барысында түсініктер беріліп отырады. Лекция барысында берілген түсінікті ұғымын меңгеру әрбір студенттің міндеті.

2. Әрбір сабақтың барысында өтілген лекция мазмұнының негізгі түсініктері бойынша бақылау сұрақтары беріледі. Студенттер уақытылы зерттеу жұмыстарын орындап отыруы тиіс.

3. Студенттер әрбір сабақта болатын материалдық талдауларға белсенді қатысуға тиіс. Белсенділік сабақтастығы сапалы жауап берумен тығыз байланысты. Жеке шығып жауап беруге және топтық пікірлер жасауға болады.

4. Студенттер әрбір сабақта негізгі және қосымша әдебиеттер, сондай-ақ нормативтік-құқықтық актілер тізімі бойынша дайындалады. Ол үшін студент кітапханадағы оқу залында немесе оқулықты жаздырып үйге дайындалуына болады.

5. Берілген тапсырма реферат тақырыптары бойынша студенттер 10 минут жауап береді. Жауап беру барысында кесте, сызба, нормативтік-құқықтық актілер, әдебиеттер және көрнекі құралдар пайдалануға болады.

6. Тыңдаушылар, яғни студенттер түсінбеген мәселелер бойынша оқытушыдан қосымша кеңес алуға болады.

Лекцияда алған білімдерін бекіту, жетілдіру, материалдың ойлау қабілетін дамыту мақсатында сабақтарды әр түрде өткізуге болады:

  • сұрақ-жауап; проблемалық; баяндау; пікір-алмасу; дебат түрінде

  • Консультациялық жұмыс: оқытушының студенттерімен өзіндік консультация уақыты кесте бойынша өткізіледі. Бұл уақыттарды пайдалана отырып оқытушы лекциялық және практикалық сабақтарда өтілген тапсырмаларды тереңдетіп түсіндіруге және консультация уақытында әрбір студенттерден берілген тапсырмаларды сұрауға құқығы бар.

  • Сабақ үстіндегі белсенділік: білім алушының жұмыстың әрбір түріне қатысу белсенділігі, берілген тапсырманы сапалы орындауы ескеріледі.

  • Топтық презентация ережелері: Семестр бойынша оқу топтары шағын топтарға бөлінеді. Әрбір шағын топ оқулықтардың тарауындағы заң баптары бойынша таңдаған бір материалға сызба, кесте, сурет, немесе т.б. өзіндік жұмыс тапсырмалары бойынша реферат түрінде конспектілеп, ауызша баяндау түрінде жүргізіледі. Белсенділік көрсеткен студенттерге баға қойылады.

  • БАҚ-на сүйеніп, жеке дара ақпараттық хабарлама жасау: Әрбір студент мерзімді басылымдар беттерінде жарияланаған қысқа мақала бойынша 5 минуттық хабарлама жасауы қажет. (Егемен Қазақстан, Құқықтық Қазақстан, Заң газеттері, Заң және Заман, Правовая реформа в Казахстане, Фемида, Тура би, Мысль, Юрист, Заңгер журналдары және т.б.) Баспасөз бетінде жарияланаған мақалаларға талдау жасалынып, баға берілуі тиіс, ақпараттық хабарламаға балл қойылады. Бұл үй тапсырмасы ретінде қосымша беріледі.

  • Курс бойынша кешенді материалдар жинағы: Барлық курс барысында өткізілген материалдар жинағаның көлемі бағаланады. Сонымен қатар материалдардың сыртқы көрінісі мен безендірілуі ескерілді.

  • Сабаққа қатысу үлгірімі: әрбір сабаққа қатысқанына балл қосылады, сабақтан қағаны үшін «0» балл қойылады.

  • Аралық модуль және қорытынды емтихан: белгіленген аралық және қорытынды бағалау жүйесіне сай жүргізіледі.

  • Айыппұлдық санкциялар: әрбір білім алушының этикасы мен өзін өзі ұстау ережесін бұзғаны үшін және сонымен қатар берілген тапсырманың көрсетілген мерзімде орындалмауына байланысты кешіккен әр күніне 2 балл көлемінде айыппұлдық санкциялар қоладанады.

  • Коллоквиум өткізу тәртібі: коллоквиум мақсаты-сабақ барысында игерген білімдерін жинақтау, курстың әр тарауы қосымша сұрақтар бойынша теориялық білімдерін жинақтау, студент оқытушы тарапынан берілген қосымша әдебиеттерді қолдана отырып, берілген сұрақтар бойынша жазбаша нысанда оқытушыға жеткізуі тиіс.

Жоғарыдағы тапсырмаларды орындаған жағдайда оқытушы әр аптаның соңында студенттерге берілген тапсырмалар бойынша өорытынды баллдарын айтады. Студенттер алынған бағасы бойынша дауласуға құқығы бар. Студенттердің пікірін есепке алып, оқытушы соңғы шешімді өзі қабылдайды.

6. 1-ші аралық бақылау бойынша бақылау сұрақтары

  1. Қылмыстық құқық ұғымы, пәні және міндеттері. Қылмыстық құқық жүйесі.

  2. Қылмыстық құқық және құқықтың аралас салалары.

  3. Қылмыстық құқық ғылымы, оның мазмұны мен міндеттері.

  4. Қылмыстық құқық қағидаларының ұғымы мен жүйесі.

  5. Қылмыстық құқық міндеттерін жүзеге асырудағы құқықтық қағидаларының рөлі.

  6. Қылмыстық заң ұғымы, оның негізгі және айрықша белгілері мен маңызы.

  7. Қылмыстық заңның құрылымы және жүйесі. Жалпы және Ерекше бөлімдер ережелерінің біртұтастығы.

  8. Диспозиция және санкция. Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші.

  9. Шетелдіктердің қылмыстық жауаптылықтары туралы мәселе.

  10. Қылмыстық заңның мезгілдегі күші. Қылмыстық заңды түсіндіру, оның түрлері.

  11. Қылмыстық құқық бұзушылық ұғымы және белгілері. Қылмыстық құқық бұзушылықтың басқа да ұқсас құқық бұзушылықтан және қоғамға жат теріс қылықтардан айырмашылығы.

  12. Қылмыстық құқық бұзушылықтың қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесі бойынша жіктеу.

  13. Қылмыстылық ұғымы мен белгілері. Қылмыстылық себептері ұғымы. Қылмыстық жауаптылық ұғымы.

  14. Қылмыстық жауаптылықтың құқықтық жауаптылықтың басқа түрлерінен айырмашылығы.

  15. Қылмыстық құқық бұзушылық құрамы ұғымы. Қылмыстық құқық бұзушылық пен Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының арақатынасы.

  16. Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының элементтері, оның белгілері. Қылмыстық құқық бұзушылық құрамдарының түрлері.

  17. Қылмыстық құқық бұзушылық объектісінің ұғымы және маңызы. Қылмыстық құқық бұзушылық объектісінің түрлері. Қылмыстық құқық бұзушылық заты.

  18. Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының ұғымы мен мазмұны.

  19. Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағын сипаттайтын факультативтік белгілер.

  20. Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъективтік жағының ұғымы мен маңызы.

  21. Қылмыстық құқықтағы кінә проблемалары. Кінәнің нысандары.

  22. Қасақаналықтың ұғымы және түрлері. Абайсыздық және оның түрлері.

  23. Кінәнің қос нысанымен жасалған Қылмыстық құқық бұзушылық. Қате және оның қылмыстық құқықтық маңызы.

  24. Қылмыстық құқық бұзушылық субъектісі: ұғымы, міндеті және факультативті белгілері.

  25. Қылмыстық құқық бұзушылықтың арнаулы субъектісі ұғымы және түрлері.

  26. Қылмыстық құқық бұзушылық істеу сатыларының ұғымы және түрлері, маңызы.

  27. Қылмыстық құқық бойынша көп Қылмыстық құқық бұзушылық.

  28. Қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысудың ұғымы мен маңызы. Қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысудың обьективтік және субъективтік белгілері.

  29. Қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысушылардың түрлері. Қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысудың нысандары.

7. 2-ші аралық бақылау бойынша бақылау сұрақтары

  1. Іс-әрекеттің Қылмыстық құқық бұзушылықтылығын жоққа шығаратын жағдайлардың ұғымы мен түрлері.

  2. Қажетті қорғану ұғымы.

  3. Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру.

  4. Аса қажеттілік.

  5. Жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру. Орынды тәуекел ету.

  6. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу, бұйрықты немесе үкімді орындау.

  7. Қылмыстық құқық бойынша жаза ұғымы және белгілері.

  8. Жазаның мақсаттары. Жазаның тиімділігі ұғымы. Жазаның тиімділігін арттыру шарттары.

  9. Жаза жүйесі ұғымы және маңызы. Қылмыстық құқық бойынша жаза түрлері.

  10. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері.

  11. Заңда белгіленген жазадан гөрі жеңілірек жаза тағайындау.

  12. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша және Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау.

  13. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау.

  14. Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түсінігі және оның негіздері.

  15. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.

  16. Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату.

  17. Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.

  18. Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.

  19. Рақымшылық жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босату.

  20. Қылмыстық жазадан босату ұғымы және маңызы. Адамды жазадан босатудың негіздері және түрлері.

  21. Жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің жазаны өтеуін кейінге қалдыру;

  22. Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату; төтенше мән-жайлардың салдарынан жазадан босату мен жазаны өтеуді кейінге қалдыру;

  23. Айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату; рақымшылық және кешірім жасау актісі негізінде жазадан босату;

  24. Кәмелетке толмағандарды жазадан босату.

  25. Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату.

  26. Соттылықты жою және оны алып тастаудың шарттары мен тіртібі.

  27. Бұрынғы істелген қылмыс үшін соттылықтан арылу мерзімі өткенге дейін жаңадан қылмыс жасаған адамның соттылығын жою тәртібі.

  28. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазаның түрлері мен шектері.

  29. Тәрбиелік сипаттағы мәжбүрлеу шаралары. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары ұғымы мен түрлері.