Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силлабус раб программа УПРК.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
154.25 Кб
Скачать

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қорқыт ата атындағы қызылорда мемлекеттік университеті

«БЕКІТЕМІН»

Жұмыс оқу жоспарлары және оқу бағдарламалары комитетінің төрағасы ________________________________

«_______ » 2015 ж.

«ҚР Қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)» пәні бойынша

білім алушыға арналған жұмыс оқу бағдарламасы

(Sуllabus)

Мамандығы «5В030100-Құқықтану» 2 курс, оқу тобы Ю-14-1,3

Қызылорда, 2015 жыл

Жұмыс оқу бағдарламаны дайындаған: Құқықтану кафедрасының доценті, з.ғ.к. Ж.А.Исаева, меңгеруші, з.ғ.к Е.А.Алтаев

Білім алушыға арналған жұмыс оқу бағдарламасы (Sуllabus) «Құқықтану» кафедрасының мәжілісінде талқыланды.

хаттама № ___ ''____'' ___________ 20 ж.

Кафедра меңгерушісі:____________________________з.ғ.к. Алтаев Е.А.

Жұмыс оқу бағдарламасы «Тарих, құқық және экономика» факультетінің жұмыс оқу жоспарлары және оқу бағдарламалары комитеті мәжілісінде қаралып, бекітілді.

хаттама № ___ ''____'' ___________ 20___ж.

Комитет төрағасы: «Тарих, құқық және экономика»

факультетінің деканы, т.ғ.к.

Оразбақов А.Ж.

1. Негізгі мәліметтер

Институт

Тарих, құқық және экономика

Мамандық (шифры, аты)

5В030100-Құқықтану

Курс, семестр

2 курс, 3 семестр

Пән статусы (міндетті, таңдау)

міндетті

Кредит саны

3

Сабақ өтетін дәрісхана

1 оқу ғимараты, 302, 310 дәрісханалар

Оқытушы

Исаева Жаннат Амандыққызы

Заң ғылымдарының кандидаты, Құқықтану кафедрасының доценті

практика, семинар, зертханадан сабақ беретін оқытушы

Алтаев Ерлан Амангельдиевич

Заң ғылымдарының кандидаты, Құқықтану кафедрасының меңгерушісі

altaeverlan@mail.ru

2. Пререквизиттер және постреквизиттер

Пререквизиттер

Философия, социология, мемлекет және құқық теориясы

постреквизиттер

Қылмыстық іс жүргізу құқығы, қылмыстық атқару құқығы, криминология, қылмыстық құқықтық статистика

3. Пәннің мақсаты мен міндеттері

Мақсаты: Студенттерге қылмыстық заң жағынан тиянақты білім беру, қылмыстық құқықтың жалпы ережелері принціптерін, оның негізгі ұғымдары мен институттарын түсіндіру, сондай-ақ нақты қылмыс түрлерінің белгілерімен, олардың жазаланушылық шектерімен таныстыру. Курс қылмыстық заңдар мен қылмыстық ілімнің белгілі проблемаларын, қылмыстық құқықтық көзқарастар эволюциясы процесінің сипаттамасын және даулы мәселелерді қоса есептегенде, барынша байыпты зерттеу, талдауларды ұсынады.

Міндеттері: Студенттердің заң жөнінен ойлау қабілетін дамыту, қылмысты саралау мәселелерінде оны дұрыс қолдануға машықтандырып үйрету, жинақталған білімді басшылыққа ала отырып және өзінің қоғамға пайдалы қызметінің тиісті салдарында оны дұрыс пайдаланып, заңдылықтың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету болып табылады.

4. Пәннің мазмұны