Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
основа права семинар каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
174.68 Кб
Скачать

Тақырып 9. Қазақстан Республикасы қылмыстық құқық негіздері (2 сағ.)

1.  Қылмыстық құқықтың ұғымы мен қағидалары.

2.  Қылмыстық заң, оның шеңбері, жүйесі мен құрылымы.

3.  Қылмыстың құрамы: қылмыстың объектісі; қылмыстың субъектісі; қылмыстың объективтік жағы; қылмыстың субъективтік жағы.

4.  Қылмыс жасау сатылары.

5.  Қылмыстық жаза: түсінігі, белгілері мен мақсаты.

Семинардың мақсаты: «қылмыс» және «жаза» түсініктерінің мазмұнын ашу; қылмыстық құқықтың принциптерін, қылмыстың санаттары мен қылмыстың құрамын; қылмыстық жазаның мақсаты мен түрлерін қарастыру.

Бірінші сұрақты дайындау барысында «қылмыс» және «жаза» түсініктерінің мазмұнын ашу. Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Бұндай қоғамдық қатынастарды реттеуді жүзеге асыру жолдарын түсіндіріңіз. Қылмыстық құқық пәнін құқық саласы ретінде қарастырылғанда жалпы құқық теориясына тән белгілердің, негізгі принциптердің осы құқық саласына да тән екендігін ескеру қажет. Сондықтан қылмыстық құқықтың өзінің ерекшеліктерін белгілейтін және өзін жеке құқықсаласы ретінде қарастыруға негіз болатын өзіндік мазмұнын, өзгешелік белгілері мен принциптерінқарастырыңыз.

Қылмыстық заң – Қазақстан Республикасының Конститутциясына сәйкес Республика Парламенті қабылдаған құқылық акті болып табылады. Қылмыстық заңның міндеттерін жүзеге асыру жолдарын түсіндіріңіз. Қылмыстық – құқықтық  норманың құрылымы мен түрлеріне сипаттама беріңіз. Қылмысты санаттауға іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің сипаты мен дәрежесі немесе қылмыс құрамының жекелеген элементтері негіз болады. Қылмыстық заңдағы қылмысты санаттаудың түрлі көрінісіне тоқталыңыз. Қылмыстық заңның уақыт және кеңістік бойынша қолданылу тіртібін түсіндіріңіз.

Қылмыстық заң қылмыс құрамы деген түсінікті ашпайды. Бұл түсінікті қылмыстық құқық теориясы ғана береді. Барлық жүйелер секілді қылмыстың құрамы да белгілі бір элементтерден тұрады. Осы белгілердің қосымша жүйелерінің ең болмағанда біреуінің жоқ болуы жүйенің болмауына, яғни қылмыс құрамының тұтастай жоқ болуына әкеп соғады. Қылмыс құрамының элементтеріне сипаттама беріп, элеметтердің қажетті белгілері мен элементтердің факультативті (қосалқы) белгілерін анықтаңыз.

Кез келген қылмыс белгілі кезеңдерден (сатылардан) өтеді. Тек төрт құбыласы тең аяқталған қылмыс қана емес, сонымен қатар шегіне жетпеген аяқталмаған қылмыстық әрекеттер де қоғамға қауіпті. Қылмыстық құқық теориясында бір бірінен әрекет сипаты мен аяқталу дәрежесіне қарай ажыратылатын қасақана қылмыстың сатысын көрсетіңіз.

Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады.

Жаза жүйелеріне кіретін барлық жаза түрлері негізінен үш топқа бөлінеді:  негізгі жазалар; қосымша жазалар; үшінші топқа негізгі де, қосымша да жаза ретінде қолданылатын жазалар жатады. Осылардың мазмұнын түсіндіріңіз.

Пысықтау сауалдары

1.  Қылмыстық құқықтың жалпы сипаттамасы мен анықтамасы.

2.  Диспозицияның түсінігін және олардың түрлерін түсіндіріңіз?

3.  Қылмыс санаттары нақты белгілері бойынша қандай топқа бөлінеді?

4.  Қылмыс жасады деп танылған адамдарға қандай негізгі жазалар қолданылады?

Баяндамалар тақырыптары

1.  Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысудың түсінігі мен нысандары.

2.  Жаза тағайындаудың жалпы негіздері.

3.  Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың түсінігі мен түрлері.

4.  Кәмлетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.

5.  Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түсінігі мен түрлері.

Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер

1. А.Н. Ағыбаев.  Қазақстан  Республикасының   Қылмыстық  құқығы  (Жалпы бөлім). – Алматы, 2007. 

2.  Алауханов. Е. Қылмыстық құқық. Оқу құралы. – Алматы, 2001.

3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi N 167 Кодексi.

4. Уголовное право Республики Казахстан. Особенная часть: Учебник / Под ред. проф. А.Н.Агыбаева, Г.И.   Баймурзина. – Алматы, 2003.

Қосымша әдебиеттер

1.     Кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық, құқық бұзушылық  мәселелері  бойынша  әдістемелік  құрал / Құрастырған Әбішев  А.Қ. – Астана: «Тау - самал»  ЖК, 2011.  – 328 бет.

2.     Дулатбеков Н.О. ж.б. Мемлекет және құқық негіздері / Дулатбеков Н.О., Амандықова С.Қ., Турлаев А.В. – Астана: Фолиант, 2001. - 252 б.

3.     Құқық негіздері: Оқу құралы / Б.Ө. Алтынбасовтың редакциялығымен. – Астана, «Мастер По» ЖШС, 2012. – 336 бет. 

4.     Қазақстан  Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері.  Оқулық    2 кітаптан тұрады  / Құрастырған  Е.Баянов. 1- ші кітап.   – Алматы,    2009. – 384 бет .