Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
основа права семинар каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
174.68 Кб
Скачать

Тақырып 7. Қазақстан Республикасының еңбек құқығы және әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы (1 сағ.)

1.  Еңбек құқығы пәні, әдісі, жүйесі және қайнар көздері.

2.  Жеке еңбек шарттары. Ұжымдық еңбек шарттары және келісімдер.

3.  Жұмыс уақыты. Демалыс уақыты. Жалақы. Кепілдік пен компенсация.

4.  Еңбек тәртібі. Материалдық жауапкершілік. Еңбек даулары.

5.  Әлеуметтік қамтамасыз ету құқығының түсінігі.

Семинардың мақсаты: «еңбек» және «жеке еңбек шарты» түсініктерінің мазмұнын ашу; еңбектік құқықтық қатынастардың өзіне тән белгілерін көрсету; жұмыс уақыты, демалыс уақыты, жалақы ұғымына сипаттама беру; еңбекке жарамсыз азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету саласындағы қатынастарды және осыларға қатысы бар заңды деректерді анықтау, олар жөнінде туындаған дауларды шешу. 

Тақырыптың бірінші сұрағы бойынша қызметкер, жұмыс беруші жөне басқа да тұлғалар арасында еңбек туралы заңнама, еңбек шарты, ұжымдық шарт, жұмыс берушінің актілері негізінде пайда болатын қоғамдық және жекелік қатынастарды түсіндіріңіз. Қазіргі кезендегі нарықтық қатынастар жағдайында еңбек құқығы саласында еңбектік қатынастарды реттейтін негізгі әдістерді атаңыз. Сондай –ақ, еңбек кодексінде белгіленген еңбек құқығының қағидаларын қарастырыңыз.

Тақырыптың екінші сұрағы «жеке еңбек шарты» мен «ұжымдық еңбек шарты»түсініктерінің мазмұнын ашу. Азаматтардың еңбек ету құқығын жүзеге асырудың ең негізгі нысанына еңбек шартын жасасу жатады, өйткені тек еңбек шартын жасасу арқылы ғана адам ұйымның еңбек ұжымына кіре алады. Сонымен еңбек шартының ұғымын, жасалу мерзімін, тоқтату және бұзу тәртібін қарастырыңыз.

Жұмыс уақыты – қызметкер жұмыс берушінің актілері мен жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт екенін білеміз. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс. Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығын  түсіндіруге тырысыңыз. Демалыс уақытықызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан босатылған және өз еркіне сай пайдалана алатын уақыты. Заңмен берілетін демалыс уақытының түрлеріне жеке тоқталыңыз. Жалақы – еңбек үшін күрделілігіне, саны мен сапасына сәйкес төленетін сыйақы (табыс). Заңмен қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу саласындағы мемлекеттік кепілдіктерді қарастырыңыз.

Еңбек тәртіптемесінің ережелерінде қызметкерлердің жұмыс уақыты мен тынығу уақыты еңбек тәртібін қамтамасыз етудің талаптары, еңбек қатынастарын реттеудің өзге де мәселелері белгіленеді. Еңбек тәртібін жұмыс берушіқандай жолдармен қамтамасыз ететінін анықтау қажет. Жұмыс берушінің алдындағы жұмысшының материалдық жауаптылығы мен жұмысшының алдындағы жұмыс берушінің материалдық жауаптылығының ерекшеліктеріне тоқталыңыз. Қызметкерлер мен жұмыс берушінің арасында туындаған келіспеушіліктерді шешу екі кезеңнен тұрады, біріншісі – келіссөздер жүргізу арқылы, екіншісі – заңмен бекітілген тәртіптен шешу арқылы. Жеке еңбек дауларын шешудің екі жолын сипаттап, жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі органдарға жүгіну мерзімдерін көрсетіңіз.

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы еңбекке жарамсыз азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету саласындағы қатынастарды және осыларға қатысы бар заңды деректерді анықтау, олар жөнінде туындаған дауларды шешу қатынастарын реттейді. Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидаларын түсіндіріңіз.

Пысықтау сауалдары

1.  Еңбектік құқықтық қатынастардың өзіне тән қандай белгілері бар?

2.  Қызметкерлердің негізгі құқықтары мен міндеттерін атаңыз?

3.  Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығын түсіндіріңіз.

4.  Еңбек тәртібін бұзғаны үшін тәртіптік жазалардың қандай түрлері қолданылады?

Баяндамалар тақырыптары

1.  Еңбектік құқықтық қатынастар және еңбекпен байланысты өзге де құқықтық қатынастар.

2.  Жәрдемақы түсінігі және түрлері, төлемдері және тағайындауды құқықтық қамтамасыз ету.

3.  Еңбекті қорғау – еңбек құқығының маңызды инсттуттарының бірі.

4.  Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету.

 

Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер

1.  Айымханова Н. Қазақстан Республикасының еңбек құқығы: Оқу құралы. – Алматы: Жеті жарғы, 2002. – 240 б.

2.     Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі: Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 Кодексі.

3.     А. Ахметов, Г. Ахметова. Еңбек құқығы: Оқулық. – Алматы: Заң әдебиеті, 2005. – 405 б.

4.     Абузярова Н.А. Трудовое право. – Алматы: Юрист, 2002. – 264 с.

5.     Нургалиева Е.Н. Трудовое право Республики Казахстан. – Астана, ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2010.

6.     Нургалиева Е.Н.Практикум по трудовому праву. – Астана, ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2010.

Қосымша әдебиеттер

1.                Чиканова Л.А. Трудовой договор //Трудовое право № 4-5, 2004.

2.  Кагазов А.К. Трудовое право в РК. – Алматы, 2000.

3.  Нургалиева Е.Н., Бухарбаева С.А. Принципы трудового права. – Алматы, 2004.

4.  Уваров В.Н. Қазақстан Республикасы еңбек құқығы: Оқулық. – Алматы: ҚазГЗУ, 2002. – 545 бет.

5.                Шайбеков К.А. Трудовое право Республики Казахстан. – Алматы, 1996.