Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
основа права семинар каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
174.68 Кб
Скачать

Тақырып 3. Қазақстан Республикасы әкімшілік құқығының негіздері (1 сағ.)

1.  Әкімшілік құқықтың рөлі мен маңызы. Әкімшілік құқық ұғымы.

2.  Әкімшілік құқықтың  жүйесі және қайнар көздері.

3.  Атқарушы билік органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі.

4.  Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы мен түрлері.

5.  Әкімшілік – құқықтық жауапкершіліктің ұғымы және түрлері.

Семинардың мақсаты: әкімшілік құқық мемлекеттік басқарудың негіздерімен байланысты мәселелерді қамтиды, атқарушы өкіметтің жүйесін ашады, сонымен қатар жеке адамдардың мемлекетті басқарудағы рөлін көрсетеді. Ол экономиканы мемлекеттік басқарудың құқықтық, әлеуметтік дамуы мен мәдениеттің, әкімшілік-саяси құрылымдардың, ҚР салааралық мемлекеттік басқарудың негіздерін, сонымен қатар басқармалық қызметте заңдылықты қамтамасыз ету нысандары мен әдістерін оқытуды қарастыру.

Тақырыптың бірінші  сұрағын дайындауда әкімшілік құқық  атқарушы билік органдарының қызметін ұйымдастырумен  байланысты қатынастарды реттейтініне көңіл бөліңіз. Олардың құрылымын, өкілеттіктері мен құзіретін, сонымен бірге олардың арасындағы өзара іс-қимылдарын анықтаңыз. Әкімшілік құқықпен, сондай-ақ мемлекеттік билік органдарының азаматтарымен және өздерінің құзіреттеріне сәйкес мемлекеттік емес ұйымдармен өзара әрекеттесуі барысында  туындаған қатынастары туралы, сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылықтармен байланысты қатынастар реттелетіндігін түсіндіріңіз.

Екінші сұрақты дайындау кезінде мемлекеттік басқарудың негізгі қағидаларын, әкімшілік құқық субъектілерінің әкімшілік құқықтық мәртебесін, мемлекеттік басқару нысаны мен әдістерін, әкімшілік құқықтық жауаптылықты, мемлекеттік басқарудағы заңдылықты сақтау тәртібін анықтап, сыртқы және ішкі істерді басқару, әділетті басқару, қорғанысты басқару, денсаулық сақтауды басқару, білім беруді басқару, көлік және коммуникацияны басқару тәртібін білуіңіз қажет. ҚР-да әкімшілік құқықтың қайнар көздері ретінде нормативті құқықтық актілер мен шарттар алынады. Сондықтан ҚР әкімшілік құқықтың қайнар көзінің иерархиясын атаңыз.

Үшінші сұрақты дайындағанда атқарушы билік органдарыол тиісті құзірет берілген, белгілі бір аумақ шеңберінде атқарушы-өкім етуші қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік аппараттың бір бөлігі екендігіне көңіл бөліңіз. Атқарушы  билік органына – Үкімет, министрліктер, агенттіктер, комитеттер, комиссиялар, ведомстволар, инспекциялар, басқармалар, департаменттер, әкімияттар бөлімдері жатады. Олардың қызметтерінің бағыты мен ерекшеліктерін анықтаңыз.

Төртінші сұрақты қарастыруда әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы мен белгілеріне көңіл бөліңіз. Сонымен қатар, әкімшілік құқық  бұзушылық құрамын талдаңыз. Әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлері құқық  бұзушылықтың біртектес объектісіне және теріс қылықтың салалық бағытына байланысты топтастырылады. Сондықтан құқық  бұзушылықтың біртектес объектісі мен теріс қылықтың салалық бағытын салыстырыңыз.

Бесінші сұрақ бойынша уәкілетті органның немесе лауазымды тұлғаның әкімшілік заңға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолдануынан көрінетін заңды жауаптылықтың ерекше түрі болғандықтан, әкімшілік жауаптылық басқа да құқықтық жауаптылықтар сияқты негізгі  белгілерін анықтып, сонымен қатар, әкімшілік жазаның мақсаты мен түрлерін түсіндіріңіз.  

Пысықтау сауалдары

1.  Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесінің қалыптасуы және құрылуы қандай?

2.  Мемлекеттік басқару жүйесін реформалау кезеңі мен оның бағыттарын түсіндіріңіз.

3.  Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы қалай құрылады?

4.  Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті: органдары олардың ұйымдық құрылымы қандай?

Баяндамалар тақырыптары

1.  Әкімшілік – құқықтық нормалардың ұғымы мен ерекшеліктері.

2.  Әкімшілік – құқықтық қатынастардың ұғымы мен түрлері.

3.  Мемлекеттік қызметті өткеруді әкімшілік-құқықтық реттеу.

4.  Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін –өзі басқару.

Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер

1.  Баянов  Е.  Әкімшілік  құқық. – Алматы, 2007.

2.  Подопригоры Р.А. Әкімшілік құқық. – Алматы, 2010.

3.  Ибрагимов  Х. Ю.  ҚР әкімшілік құқығы. – Алматы, 2000.

4.  Ақымбеков О.Қ., Алпысбаева М.А. Әкімшілік құқық (оқу құралы). – Алматы, 2003.

5.  Құқық негіздері: Оқу құралы / Б.Ө. Алтынбасовтың редакциялығымен. – Астана, «Мастер По» ЖШС, 2012. – 336 бет. 

   

Қосымша әдебиеттер

1.  ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, 30.01.2001.

2.  Жетписбаев Б. Административная ответственность в РК. Учебник. – Алматы, Данекер, 2000.

3.  Таранов  А.А.  ҚР әкімшілік құқығы. – Алматы, 1996.

4.  Григорьев В., Тоқтабаева Қ. ҚР Әкімшілік құқығы. – Астана, 2008.

5.  Болатбекұлы С.Б.. Әкімшілік құқық пәні бойынша дәрістер. – Алматы, 2004.