Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
основа права семинар каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
174.68 Кб
Скачать

Тақырып 2. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының негіздері (2 сағ.)

1.  Мемлекеттің және қоғамның Негізгі Заңы ретіндегі Қазақстан Республикасының Конституциясының түсінігі жене мәні.

2.  Қазакстан Республикасының конституциялық құқығының қалыптасу кезеңдері, жетілдірілу және даму тенденциясы.

3.  Қазақстан Республикасындағы адамдардың және азаматтардың жағдайының конституциялық негіздері.

4.  Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымының түсінігі. Басқарудың республикалық нысаны.

5.  Қазақстан Республикасының сайлау құқығы: түсінігі, қағидалары және ерекшеліктері.

Семинардың мақсаты: Қазақстан Республикасының Конституциясы барлық заң салаларының заңдық базасы болып табылады, ал оның нормалары басқалар үшін нормалық принцип болып есептелінеді. Сондықтан еліміздің Ата Заңының мәні мен оның алатын орнының, заңдылық қасиеттерінің, құрылысының, қағидаларының ерекшеліктерін айқындау.

Қазақстан Республикасының Конституциясы барлық заң салаларының заңдық базасы болып табылады, ал оның нормалары басқалар үшін нормалық принцип болып есептелінеді. Бірінші сұрақ бойынша еліміздің Ата Заңының мәні мен оның алатын орнын, заңдылық қасиеттерін, құрылысын, қағидаларын ашып көрсетіңіз.

Қазақстан Республикасының Конституциясы – демократиялық, өркениетті даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізгі, басты нормативтік актісі. Конституцияның қолданылуы конституциялық құқықтағы өте маңызды проблема болса да, ол мәселе жөнінде жекелеген ой түйіндері ғана кездеседі. Өркениетті, демократиялық қоғамда Конституцияға, оның қолданылуына, тиімділігіне айрықша мән беріледі. Осыған орай Конституция , оның мазмұны туралы оны қабылдағанға дейін-ақ мұқият ойластырылады. Тиісінше, Конституцияның мәселесі екі кезеңнен:

1) оның жобасын әзірлеу және

2) қолдану кезеңінен тұрады.

Екінші сұрақ бойынша осы кезеңдерді жан - жақты қарастырыңыз.

«Азаматтық» ұғымы заң бойынша үш элементтен тұрады:

1) адамның мемлекетпен байланысы уақытша емес, тұрақты болуы тиіс. Адам өз қалауы бойынша азаматтықты біресе қабылдап, біресе одан бас тарта алмайды;

2) адамның мемлекетпен байланысы саяси – құқықтық сипатта болады. Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын кез келген адаммен құқықтық байланысқа түсе алады. Бірақ саяси қатынас тек мемлекетпен оның азаматы арасында ғана орындай алады;

3) мемлекет пен азаматтың арасында өзара құқық пен міндеттемелер белгілінеді.

Үшінші сұрақ бойыша қандай адамдардың Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатынын, олардың құқықтық жағдайларын азаматтықты алу және тоқтату тәртібін, ата– аналардың азаматтығы өзгерген және бала етіп асырап алған кездегі олардың балаларының азаматтығын, азаматтық мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өкілеттігін, азаматтық мәселелері бойынша арыздар мен ұсыныстарды қарау, шешімдерді орындау тәртібін,  сондай–ақ азаматтық мәселелері жөніндегі шешімдерге шағымдану тәртібін анықтаңыз.

Конституциялық құрылыс деп мемлекеттiң құқыққа бағынуын қамтамасыз ететiн және оны конституциялық мемлекет ретiнде сипаттайтын мемлекеттi ұйымдастыру әдiсi ұғынылады. Конституцияға Қазақстан Республикасы конституциялық құрылысына негiз қалаған қағидаттар бекiтiлген: бұқаралық билiк, мемлекеттiк өмiрдiң барынша маңызды  мәселелерiн демократиялық жолмен шешу, бiртұтастық, мемлекеттiк егемендiк, билiктердi бөлу қағидаты, құқықтың үстемдiгi. Қазақстанның конституциялық құрылысының нық тұруының қазіргі өзіндік ерекше жағдайында билік бөлу принципін бекітіп, жүзеге асырудың маңызы айрықша. Ол биліктің бір тармағының екінші тармағынан жоғары тұруын, қоғамда бедел үстемдігін болдырмауға арналған. Тепе – теңдік жүйесі мүмкін қателіктерден, тіпті билік тармақтары арасындағы қарама-қарсылықтан барынша арылуды көздейді. Бұл принципті жүзеге асыру үшін мемлекеттің барлық құрылымдарының қызметін тиімді және қолайлы ету, мемлекеттік басқару тетігі жұмысының тиімділігін күшейту қажет. Төртінші сұрақ бойынша «Жалпы ережелер», «Адам және азамат», «Президент», «Парламент», «Үкімет», «Конституциялық Кеңес», «Соттар және сот төрелігі», «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару», «Қорытынды және өтпелі ережелер» деп аталатын Конституцияның тоғыз бөліміне тоқталыңыз.

Бесінші сұрақ бойынша сайлау жүйесінің түсінігі және түрлері қарастырылады. Сондай -ақ Қазақстан Республикасындағы сайлау процесін ұйымдастырудың құқықтық негіздері (сайлауды тағайындау; сайлаушылыр тізімін құру; сайлау округтері; сайлау учаскелері; сайлау органдары; депутаттыққа кандидаттарды ұсыну және тіркеу; сайлау алдындағы үгіт; сайлауды қаржыландыру; дауыс беру тәртібі; дауысты есептеу; сайлау нәтижесі және оны жариялау) қарастырылуы қажет.

Пысықтау сауалдары

1.  Конституциялық-құқықтық нормалар және олардың түрлері қандай?

2.  Қазақстан Республикасында президенттік басқару нысанының қалыптасу мен даму кезендерін түсіндіріңіз.

3.  Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі қандай?

4.  Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі конституциялық бақылау органы ретінде алатын орны қандай?

Баяндамалар тақырыптары

1.  Конституциялық – құқықтық нормалар, институттар мен принциптер.

2.  Қоғамдық – саяси институттардың конституциялық – құқықтық мәртебесі.

3.  Қазақстан Республикасының Президенті.

4.  Қазақстан Республикасының Парламенті.

5.  Үкіметтің ұйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық негіздері.

Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер

1.  Конституционное право Республики Казахстан: Учебник / Сост. А.Т. Ащеулов. - Алматы: КазГЮА, 2001.

2.  Сапаргалиев Г.С. Конституционное право Республики Казахстан: Академический курс. Изд. 3-е, с доп. – Алматы: Жеті Жарғы, 2007. – 544с.

3.  Қопабаев Ө.Қ. Шет елдердің конституциялық құқығы. – Алматы: «Жеті Жарғы», 1998.

4.  Божқараұлы А. Шетел конституциялық құқығы. – Қарағанды, 2005.

5.     Дулатбеков Н.О. ж.б. Мемлекет және құқық негіздері / Дулатбеков Н.О., Амандықова С.Қ., Турлаев А.В. – Астана: Фолиант, 2001. - 252 б.

Қосымша әдебиеттер

1.     Қазақстан Республикасының 1995 ж. 30 тамызда қабылданған Конституциясы. (2011 жылы 2 ақпан енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен).

2.     «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Консититуциялық Заңы, 1991 ж. 16 желтоқсан.

3.     Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқарутуралы». – Заң, 2001. 23 қаңтар.

4.     Сапаргалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы, 1997.