Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
основа права семинар каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
174.68 Кб
Скачать

Коммерциялық емес акционерлік қоғамы АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ Әлеуметтік пәндер кафедрасы ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ Барлық мамандық студенттері үшін семинар сабақтарын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар

Алматы 2014

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Танирбергенова Р.К. Құқық негіздері. Барлық мамандық студенттері үшін семинар сабақтарын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар. – Алматы: АЭжБУ, 2014. – 27 б.   

Бұл әдістемелік нұсқау құқық негіздері пәніне арналған семинар  сабақтарының жоспарлары, баяндамалар тақырыптары,  әр тақырыпқа арналған негізгі әдебиеттер мен қосымша әдебиеттер тізімі және осы семинарға тереңдетілген әдістемелік кеңестермен қамтыған.

Пікір беруші: тар. ғыл. канд., доцент Аккасов Б.Қ.

«Алматы энергетика және байланыс университетінің» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2014 ж. баспа жоспары бойынша басылады.

© «Алматы энергетика және байланыс университетінің» КЕАҚ, 2014ж.

Кіріспе

«Құқық негіздері» пәнін оқыту мақсаты: Қазақстан Республикасындағы құқықтық мемлекеттілікті жетілдірудің қажетті шарты ретіндегі қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, оқушылардың әлемдік танымын қалыптастыру, қоғамдық және құқықтық мәдениет және жеке құқықтық танымын жоғарылату.

Оқу пәнін оқыту мақсаты қазіргі қоғамның қажеттілігі мен мүддесінен туындап отыр. Оқытудың негізгі мақсаты заң мамандығын алмайтын студенттерге мемлекет және құқық теориясының негіздерін меңгеру, ұлттық құқықтың жетекші салаларының шеңберінде қажетті білім беру. Бұдан басқа міндет ретінде: қоғам өміріндегі мемлекет пен құқықтың орны мен рөлін анықтау, Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің дамуының алғышартымен және мәселелерімен таныстыру, қазақстандық мемлекеттік-құқықтық механизмнің жетілдірілуінің саяси-құқықтық жолдарын анықтау, субъективтік құқықтар мен субъективтік юридикалық міндеттерді жүзеге асыруға қажетті тәжірибені жинақтауға үйрету.

Оқу пәнінің мамандарды дайындаудағы маңызы мен рөлі. Құқық негіздері болашақта өздерінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін іске асыру үшін, еңбек құқығын жүзеге асыру, қоғамның және еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласуға, оқушыларға заң білімдерін кешенді нысанда меңгеруге мүмкіндік береді.

Студенттердің теориялық және тәжірибелік білімді меңгеруге қатысты бірлескен және жеке танымдық қызметі кезінде мақсатқа жету үшін оқу жұмыстарының келесі формалары қолданылады: дәрістер; семинар формасындағы тәжірибелік сабақтар; рефераттар мен есеп шығару формасындағы жұмыстар; өзекті құқықтық мәселелер бойынша баяндамалар; білімді тексеру үшін тестер және бақылау жұмыстары.

Ұсынылған әдістемелік нұсқау студенттерге «Құқық негіздері» курсы бойынша семинар сабақтарына дайындалуда көмек көрсетуге бағытталған. Ол семинар жоспарынан, әрбір тақырып бойынша ұсынылатын негізгі және қосымша әдебиттерден тұрады. Әрбір тақырыпқа әдістемелік нұсқаулар берілген, олардың мақсаты студенттің назарын анағұрлым күрделі мәселелерге аудару, оларға зерттелетін сұрақты қарастыруда көмектесетін әдебиеттердің көзін көрсету. Сабаққа дайындалу процесінде әдебиеттерді зерттеу кезінде  студентке, сабақ үстінде жұмыс істеуге және емтихан тапсыруда көмек болатын, қысқаша конспект жазу ұсынылады.

Тақырып 1. Мемлекет, құқық және мемлекетік құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар (2 сағ.)

1.  «Құқық негіздері» оқу курсының жүйесі. Құқық негіздерінің теориялық- құқықтық ғылымдармен өзара қатынасы.

2.  Мемлекеттің түсінігі және негізгі белгілері. Мемлекеттің сыртқы және ішкі функциялары.

3.  Құқықтың пайда болуы. Қоғам өміріндегі құқықтың рөлі.

4.  Құқықтық нормалардың түсінігі және құрылымы. Құқықтық қатынастардың түсінігі мен түрлері.

Семинардың мақсаты: студенттерді қазіргі кездегі мемлекеттік-құқықтық құбылыстар жайлы білімдерге жетелеу, оның типтері нысандары және функциялары туралы, мемлекеттің механизмі және құқықтық реттеудің сатылары туралы, адамның құқықтары мен бостандықтары және оны қамтамасыз ету мен қорғаудағы заңның орны жайлы үйрету болып табылады.

Бірінші сұрақта «Құқық негіздері» оқу курсының құрылымы мен қайнар көздерінің жүйесін, сондай – ақ, құқық негіздерінің басқа қоғамдық ғылымдармен өзара әрекет етуі мен өзара қатынасының ерекшеліктерін қарастырады. Студенттерді қазіргі кездегі мемлекеттік құқықтық құбылыстар жайлы білімдерге жетелеу, оның типтері, нысандары және функциялары туралы, мемлекеттің механизмі және құқықтық реттеудің сатылары туралы, адамның құқықтары мен бостандықтары және оны қамтамасыз ету мен қорғаудағы заңның орны жайлы үйрету болып табылады. Сондықтан екінші сұраққа дайындалу барысында мемлекеттің түсінігін және негізгі белгілерін, қоғам мен мемлекеттің өзара байланысын, азаматтық қоғамның рөлі мен маңызын, сонымен бірге мемлекеттің пайда болу теориялары және Қазақстан Республикасы құқықтық, әлеуметтік мемлекет ретінде қарастыру қажет. Үшінші сұрақ бойынша құқықтың түсініктері өте көп, бірақта олардың мазмұны біреу-ақ: қоғам мен адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, қоғамдық қарым-қатынастарды реттеп, басқару; қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени т. б. бағыттарын  дамыту;  мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілеттігін, арақатынасын реттеп, басқарып отыру;  халықаралық қатынастарды реттеп басқару болып табылады. Сондықтан  құқықты түсінудің қазіргі кездегі негізгі бағыттарына жеке жеке тоқталып, құқықтың қағидаларын анықтаңыз.     

Құқық нормасынан қоғамдық қатынастар қатысушыларының құқықтары мен міндеттері туындайды және осы ереже аталған субъектілердің әрекеттерін реттеуге бағытталғанына көңіл бөліңіз. Заң нормасы – құқықтың алғашқы буыны, оның жүйесінің элементі. Сол себепті, бұл нормаға ерекше әлеуметтік құбылыс ретіндегі құқықтың негізгі белгілерінің тән болуы заңды да. Алайда, бұл «құқық» және «құқық нормасы» түсініктерінің бір екенін білдірмейді. Олар бір-бірімен бүтін мен оның бөлігі ретінде байланысқа түседі. Сондықтан құқық нормасының белгілері мен түрлерін, құрылымын және құқықтық қатынастардың түсінігі мен түрлерін қарастырыңыз.

Пысықтау сауалдары

1.  «Құқық негіздері» оқу курсының құрылымы қандай?

2.  Мемлекеттің тарихи типтері (үлгілері) қалай қалыптасқан?

3.  Нормативтік құқықтық актілердің түсінігі мен құрылымын анықтаңыз.

Баяндамалар тақырыптары

1.  Мемлекет пен құқықтың дамуының негізгі кезеңдері.

2.  Қоғам мен мемлекеттің өзара байланысы, азаматтық қоғамның рөлі мен маңызы.

3.  Мемлекеттің тарихи типтері (үлгілері). Мемлекеттің типологиясы.

4.  Қазақстан Республикасы құқықтық, әлеуметтік мемлекет ретінде.

5.  Құқық бұзушылықтың түсінігі мен түрлері.

Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер

1.  Құқық негіздері: Оқу құралы / Б.Ө. Алтынбасовтың редакциялығымен. – Астана, «Мастер По» ЖШС, 2012. – 336 бет. 

2.  Қазақстан  Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері.  Оқулық    2 кітаптан тұрады  / Құрастырған  Е.Баянов. 1- ші кітап.   – Алматы,    2009. – 384 бет .

3.  Сапарғалиев Ғ., Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы:  оқулық   2- басылым, өңдегең, толықтырған  – Астана:  Фолиант, 2011. – 360 бет.

4.  Алимов  С. В. Құқықтық және саяси ілімдер тарихы. Оқу құралы.– Алматы: « Бастау» баспасы, 2011.  – 288 бет.

5.  Булгакова Д. А. « Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы.  –Алматы: «NURPRESS» баспасы,  2013. – 130 бет .

Қосымша әдебиеттер

1.  Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамызда 1995 ж. (2 ақпан 2011 өзгертулер мен толықтырулар).

2.  Қопабаев Ө.Қ., Өзбекұлы С. Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы, 2007.

3.  Баққұлов  С.Д.  Құқық  негіздері. – Алматы, 2004.

4.  Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық; Авторлар алқасы: Жоламанов Ж., Тәуекелов А.Н., Мұқтарова А.К. – А., 2008.