- •1 Дәріс. Мемлекет, құқық және мемлекетік құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар (2 сағ.)
- •1.1 Мемлекет пен құқықтың пайда болуы
- •1.2 Мемлекеттің ұғымы, белгілері және мәні. Мемлекеттің нысаны
- •1.3 Құқықтың ұғымы мен белгілері
- •1.4 Құқық нормалары
- •2 Дәріс. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының негіздері (2 сағ.)
- •2.1 Қазақстан Республикасында Конституциялық заңдардың қалыптасу кезеңдері
- •2.2 Конституциялық құқықтың түсінігі, жүйесі және ғылымы
- •2.3 Адам мен азамат жағдайының Қазақстан Республикасындағы Конституциялық негіздері
- •2.4 Сайлау құқығы және сайлау жүйелері
- •3 Дәріс. Қазақстан Республикасы әкімішілік құқығының негіздері (1 сағ.)
- •3.2 Әкімшілік құқықтың жүйесі және қайнар көздері
- •3.3 Атқарушы билік органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі
- •3.4 Әкімшілік құқық бұзушылық, әкімшілік жауапкершілік және әкімшілік жазалар
- •4 Дәріс. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының негіздері (2 сағ.)
- •1.1 Азаматтық құқық ұғымы және құқықтық қатынас
- •1.2 Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері мен объектілері
- •1.3 Азаматтық құқықтағы мәміле ұғымы және оның құқықтық
- •1.4 Міндеттеменің ұғымы және тараптары
- •5 Дәріс. Қазақстан Республикасының отбасы құқығының негіздері (1 сағ.)
- •5.1 Отбасы құқығы: ұғымы, мәні мен принциптері
- •5.2 Некеге тұрудың тәртібі мен шарттары. Некенің жарамсыздығы
- •5.3 Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
- •6 Дәріс. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы (1 сағ.)
- •6.1 Қаржы құқығының түсінігі, пәні, әдісі
- •6.2 Қаржылық-құқықтық нормалар және қаржылық-құқықтық қатынастар
- •6.3 Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
- •6.4 Қазақстан Республикасының қаржылық бақылаумен бюджеті
- •7 Дәріс. Қазақстан Республикасының еңбек құқығы және әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы (1 сағ.)
- •7.1 Еңбек құқығы пәні мен жүйесі. Еңбектік құқықтық қатынастардың түсінігі
- •7.2 Жеке еңбек шартының ұғымы, мерзімі, тоқтату және бұзу тәртібі
- •7.3 Жұмыс уақыты. Демалыс уақыты. Жалақы
- •7.4 Материалдық жауапкершілік. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының ұғымы
- •8 Дәріс. Экологиялық және жер құқығы негіздері (1 сағ.)
- •8.1 Қазақстан Республикасының Экология құқығының тарихы
- •8.2 Экология құқығының ұғымы, міндеттері және жүйесі
- •8.3 Экология құқығының объектілері мен принциптері
- •9 Дәріс. Қазақстан Республикасы қылмыстық құқық негіздері (2 сағ.)
- •9.1 Қылмыстық құқықтың пәні және түсінігі
- •9.2 Қылмыстық құқықтың принциптері. Қылмыстың санаттары
- •9.3 Қылмыс құрамның түсінігі және маңызы
- •9.4 Қылмыстық жаза: ұғымы, түрлері мен мақсаты
- •10 Дәріс. Қазақстан Республикасының іс жүргізу құқығы (2 сағ.)
- •10.1 Іс жүргізу құқығының конституциялық негізі
- •10.2 Әкімшілік іс жүргізу құқығының ұғымы, әдісі мен қағидаттары
- •10.3 Азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі, міндеттері мен сатылары
- •10.4 Қылмыстық іс жүргізу құқығының мәні, кезеңдері мен ерекшеліктері
3 Дәріс. Қазақстан Республикасы әкімішілік құқығының негіздері (1 сағ.)
Жоспар:
1) Әкімшілік құқықтың түсінігі мен пәні.
2) Әкімшілік құқықтың жүйесі және қайнар көздері.
3) Атқарушы билік органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі.
4) Әкімшілік құқық бұзушылық, әкімшілік жауаптылық және әкімшілік жазалар.
Дәрістің мақсаты: әкімшілік құқық мемлекеттік басқарудың негіздерімен байланысты мәселелерді қамтиды, атқарушы өкіметтің жүйесін ашады, сонымен қатар жеке адамдардың мемлекетті басқарудағы рөлін көрсетеді. Ол экономиканы мемлекеттік басқарудың құқықтық, әлеуметтік дамуы мен мәдениеттің, әкімшілік-саяси құрылымдардың, ҚР салааралық мемлекеттік басқарудың негіздерін, сонымен қатар басқармалық қызметте заңдылықты қамтамасыз ету нысандары мен әдістерін оқытуды қарастыру.
3.1 Әкімшілік құқықтың түсінігі мен пәні
Әкімшілік құқық атқарушы билік органдарының қызметін ұйымдастырумен байланысты қатынастарды реттейді. Олардың құрылымын, өкілеттіктері мен құзіретін, сонымен бірге олардың арасындағы өзара іс-қимылдарын анықтайды. Әкімшілік құқықпен, сондай-ақ мемлекеттік билік органдарының азаматтармен және өздерінің құзіреттеріне сәйкес мемлекеттік емес ұйымдармен өзара әрекеттесуі барысында туындаған қатынастары, сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылықтармен байланысты қатынастар реттеледі.
Әкімшілік құқықтың пәні - әкімшілік құқық нормаларымен реттелетін мемлекеттік басқару сферасындағы қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Мемлекеттің ең қымбат қазынасы деп танылатын азаматтардың мемлекеттік басқару саласындағы құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етіп, оларды құқықтық реттеп отыратын пән - әкімшілік құқық пәні болып табылады.
Әкімшілік (администрация) сөзі латын тілінен аударғанда –«басқару» деген мағына береді, сондықтан бұл саланы көбіне басқару құқығы деп те атайды.
Әкімшілік құқықтың басты мақсаты – мемлекеттік билік аппаратын заң мүддесіне қызмет етіп, оның талаптарын орындауға бағыттау.
Әкімшілік құқықтық әдістер - әкімшілік құқықтық қатынасқа ықпал ететін тәсілдердің, амалдардың, құралдардың жиынтығы. Құқықтық реттеу әдістеріне: рұқсат ету, тыйым салу, міндет жүктеу әдістері жатады. Рұқсат ету – адамдардың өздерінің белсенді әрекетін жасауға құқық береді. Тыйым салу – белгілі бір әрекеттерді жасаудан тартынуды талап етеді. Міндет жүктеу – адамдарға олардың тиісті мінез-құлық көрсету міндетін жүктейді.
Әкімшілік құқықтық әдістерге: императивті, диспозитивті, көтермелеу, ұсыныс жасау жатады. Императивті әдіс – құқықтық нұсқамалардан бұлтаруды болғызбайтын ықпал ету әдісі. Диспозитивті әдіс – субъектілерге өзара қатынастарын заңмен белгіленген шеңберде реттеуге мүмкіндік беретін әдіс. Көтермелеу әдісі – мінез-құлықтың белгілі бір түрі үшін көтермелеуге уәде беру жолымен белсенді мінез-құлықты ынталандыратын ықпал ету тәсілі. Ұсыныс жасау – басқару субъектілеріне қолданылып жүрген заң тұрғысынан мінез-құлықтың ең пайдалы түрін ұсынатын ықпал ету тәсілі.
3.2 Әкімшілік құқықтың жүйесі және қайнар көздері
Әкімшілік құқықтың жүйесі дегеніміз – мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін әкімшілік-құқықтық нормалардың реттелген жиынтығы.
Әкімшілік құқық жүйесі жалпы және ерекше бөлімнен тұрады. Жалпы бөлімге мемлекеттік басқару жүйесіне жалпы сипаттама беретін әкімшілік құқықтың негізгі институттарын құрайтын нормалар жатады. Бұлар: мемлекеттік басқарудың негізгі қағидалары, әкімшілік құқық субъектілерінің әкімшілік құқықтық мәртебесі, мемлекеттік басқару нысаны мен әдістері, әкімшілік құқықтық жауаптылық, әкімшілік іс жүргізу тәртібі, мемлекеттік басқарудағы заңдылықты сақтау тәртібі.
Ерекше бөлімде әр сала бойынша басқару органдары, олардың нақты атқаратын функциялары туралы айтылады. Бұлар: сыртқы істерді басқару, ішкі істерді басқару, әділетті басқару, қорғанысты басқару, денсаулық сақтауды басқару, білім беруді басқару, көлік және коммуникацияны басқару, т.б.
Әкімшілік құқықтың қайнар көздеріне мыналар жатады:
- нормативтік құқықтық акт;
- әкімшілік шарт;
- әкімшілік прецедент;
- құқықтық әдет-ғұрып;
- ғылыми-құқықтық доктрина.
Нормативтік құқықтық акт дегеніміз – референдум немесе мемлекеттің өкілетті органдары мен лауазымды адамдары қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, өзгертетін немесе тоқтатын, белгіленген нысандағы нормативті құжат.
Әкімшілік шарт дегеніміз – екі не одан да көп субъектілер арасындағы келісім, оның ережелері тек сол субъектілер үшін ғана міндетті болады.
Әкімшілік прецедент дегеніміз – әкімшілік нақты іс бойынша қабылданған шешімінің осыған ұқсас істерді қарауда, шешуде қолданылуы. Бұл англосаксондық құқықтық жүйедегі елдерде кең тараған, Қазақстанның құқықтық жүйесіне құқықтың бұл қайнар көзі тән емес.
Құқықтық әдет-ғұрып дегеніміз - қоғамда мемлекеттік биліктен тәуелсіз қалыптасқан және көп қайталануының нәтижесінде адамдардың санасына бекіп қалған ережелер.
Ғылыми құқықтық доктрина – құқықтың қандай да бір саласында немесе жалпы құқықта қалыптасқан арнайы пікірлердің, ережелердің және принциптердің көпшілік мойындаған жүйесі.
Сонымен ҚР-да әкімшілік құқықтың қайнар көздері ретінде нормативті құқықтық актілер мен шарттар алынады. ҚР әкімшілік құқықтың қайнар көзінің иерархиясы:
1) ҚР Конституциясы, 30.08.1995 ж.
2) Конституциялық заңдар.
3) Заңдар.
4) ҚР Президентінің Жарлықтары.
5) ҚР Үкіметінің қаулылары.
6) Министрліктер мен ведомстволардың нормативтік актілері.
7) Парламент палаталарының қаулылары.
8) Әкімшілік құқық нормалары қаралған мемлекетаралық келісім шарттар т.б.
