- •1 Дәріс. Мемлекет, құқық және мемлекетік құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар (2 сағ.)
- •1.1 Мемлекет пен құқықтың пайда болуы
- •1.2 Мемлекеттің ұғымы, белгілері және мәні. Мемлекеттің нысаны
- •1.3 Құқықтың ұғымы мен белгілері
- •1.4 Құқық нормалары
- •2 Дәріс. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының негіздері (2 сағ.)
- •2.1 Қазақстан Республикасында Конституциялық заңдардың қалыптасу кезеңдері
- •2.2 Конституциялық құқықтың түсінігі, жүйесі және ғылымы
- •2.3 Адам мен азамат жағдайының Қазақстан Республикасындағы Конституциялық негіздері
- •2.4 Сайлау құқығы және сайлау жүйелері
- •3 Дәріс. Қазақстан Республикасы әкімішілік құқығының негіздері (1 сағ.)
- •3.2 Әкімшілік құқықтың жүйесі және қайнар көздері
- •3.3 Атқарушы билік органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі
- •3.4 Әкімшілік құқық бұзушылық, әкімшілік жауапкершілік және әкімшілік жазалар
- •4 Дәріс. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының негіздері (2 сағ.)
- •1.1 Азаматтық құқық ұғымы және құқықтық қатынас
- •1.2 Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері мен объектілері
- •1.3 Азаматтық құқықтағы мәміле ұғымы және оның құқықтық
- •1.4 Міндеттеменің ұғымы және тараптары
- •5 Дәріс. Қазақстан Республикасының отбасы құқығының негіздері (1 сағ.)
- •5.1 Отбасы құқығы: ұғымы, мәні мен принциптері
- •5.2 Некеге тұрудың тәртібі мен шарттары. Некенің жарамсыздығы
- •5.3 Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
- •6 Дәріс. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы (1 сағ.)
- •6.1 Қаржы құқығының түсінігі, пәні, әдісі
- •6.2 Қаржылық-құқықтық нормалар және қаржылық-құқықтық қатынастар
- •6.3 Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
- •6.4 Қазақстан Республикасының қаржылық бақылаумен бюджеті
- •7 Дәріс. Қазақстан Республикасының еңбек құқығы және әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы (1 сағ.)
- •7.1 Еңбек құқығы пәні мен жүйесі. Еңбектік құқықтық қатынастардың түсінігі
- •7.2 Жеке еңбек шартының ұғымы, мерзімі, тоқтату және бұзу тәртібі
- •7.3 Жұмыс уақыты. Демалыс уақыты. Жалақы
- •7.4 Материалдық жауапкершілік. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының ұғымы
- •8 Дәріс. Экологиялық және жер құқығы негіздері (1 сағ.)
- •8.1 Қазақстан Республикасының Экология құқығының тарихы
- •8.2 Экология құқығының ұғымы, міндеттері және жүйесі
- •8.3 Экология құқығының объектілері мен принциптері
- •9 Дәріс. Қазақстан Республикасы қылмыстық құқық негіздері (2 сағ.)
- •9.1 Қылмыстық құқықтың пәні және түсінігі
- •9.2 Қылмыстық құқықтың принциптері. Қылмыстың санаттары
- •9.3 Қылмыс құрамның түсінігі және маңызы
- •9.4 Қылмыстық жаза: ұғымы, түрлері мен мақсаты
- •10 Дәріс. Қазақстан Республикасының іс жүргізу құқығы (2 сағ.)
- •10.1 Іс жүргізу құқығының конституциялық негізі
- •10.2 Әкімшілік іс жүргізу құқығының ұғымы, әдісі мен қағидаттары
- •10.3 Азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі, міндеттері мен сатылары
- •10.4 Қылмыстық іс жүргізу құқығының мәні, кезеңдері мен ерекшеліктері
9 Дәріс. Қазақстан Республикасы қылмыстық құқық негіздері (2 сағ.)
Жоспар:
1) Қылмыстық құқықтың пәні және түсінігі.
2) Қылмыстық құқықтың принциптері. Қылмыстың санаттары.
3) Қылмыс құрамның түсінігі және маңызы.
4) Қылмыстық жаза: ұғымы, түрлері мен мақсаты.
Дәрістің мақсаты: «қылмыс» және «жаза» түсініктерінің мазмұнын ашу; қылмыстық құқықтың принциптерін, қылмыстың санаттары мен қылмыстың құрамын; қылмыстық жазаның мақсаты мен түрлерін қарастыру.
9.1 Қылмыстық құқықтың пәні және түсінігі
Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады. Оның біріншісі, қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы болып табылады. Ол қылмыс істеуге байланысты қылмыс жасаған адам мен ( субьекті мен) мемлекет арасында пайда болады. Мұндай құқықтық қатынасқа қатысушылардың әрқайсысының өзіне тән құқықтарды, міндеттері пайда болады. Субъект қылмыс істеуге байланысты қылмыстық жауапқа және жазаға тартылуға міндетті болса, екінші субъект әділ сот органдары ( сот, тергеу, прокуратура ) қылмыс істеген адамды сол міндетті орындауға күшпен міндеттейді. Сонымен, қылмыстық құқықтың қатынастарды реттейтін бұл функция орын алған қылмыс оқиғасына байланысты қылмыстық жауаптылықты және жазаны қолдану немесе қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату сияқты мәселелерді жүзеге асырады. Екіншіден, қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тыйым салынған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі. Яғни, қылмыстық заңның болуы және оны бұзған адамдарға қолданатын жазаның қылмыстық құқықтық нормаларда көрініс алуы осы көрсетілген құқықтық функцияның толық жүзеге асырылуына мүмкіндік туғызады. Үшіншіден, қылмыстық құқық қылмыстық құқықтың нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат келтірілгенде олардың одан қорғануға байланысты қатынастарды ретке келтіреді. Мысалы, қажетті қорғану, мәжбүрлі қажеттілік немесе қылмыскерді ұстауда әрбір азамат заңда белгіленген тәртіппен қорғануға құқылы. Бұл мәселе тек қылмыстық құқықтық норма арқылы реттеледі. Қылмыстық құқылы туралы сөз болғанда оның үш түрлі мағынасын ескеруіміз қажет. Қылмыстық құқық – бұл жалпы құқық жүйесінің негізгі бір саласы және пән болып табылады. Осы ұғымдардардың бәрінің жиынтығы қосылып қылмыстық құқық курсы деген түсінікті білдіреді.
Қылмыстық құқық Жалпы және Ерекше бөлімнен тұрады. Қылмыс пен жаза туралы ұғым, қылмыстық заңның түсінігі, міндеттері, қылмыстық жауаптылықтың негізі және одан босату, қылмыс құрамының түсінігі, қылмыстық заңның кеңістіктегі және мезгілдегі күші, іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін жоятын мән-жайлар туралы түсініктер, сондай-ақ қылмыс істеу сатылары туралы ұғыммен, қылмысқа бірге қатысу, жазаның мақсаты және жүйелері, жаза тағайындаудың немесе қылмыстық жауаптылықтан және жазада босатудың мәселелері осы Жалпы бөлімде зерттеледі.
Ерекше бөлімде нақты қылмыс құрамдары және оларды істегені үшін белгіленген жаза түрлері көрсетіледі. Жалпы және Ерекше бөлім өзара тығыз байланысты, осы екі бөлімнің жиынтығы қылмыстық құқықты құрайды.
