2.2. Қазақстандағы стандарттаудың даму тарихы.
Стандарттаудың Қазақстандағы даму кезеңі Кеңес Одағы дәуіріне тікелей байланысты. Қазақстанда метрологиялық даму кезеңі ең алғаш 1923 жылдан басталады. Сол жылы Томск салыстырып тексеру палатасының Семейлік бөлімшесі құрылды. 1925 жылдың 1-ші қазанынан бұл бөлімше жеке ұйым ретінде салыстырып тексеру палатасы болып өзгертілді. 1931 жылы Қазақ өлкелік салыстырып тексеру палатасы Қазақ өлкелік стандарттау бюросы болып өзгертіліп Алматы қаласына көшірілді. Қазақ аймақтық бюросы 1933 жылы Қазақ ССР-нiң ХКII жанындағы өлшем және таразылар орталық басқармасының өкiлеттi Басқармасы болып қайта аталды. Содан соң Қазақ ССР-нiң ХКII жанындағы Өлшем және таразы Бөлiмi болды, ал 1938 жылы – Қазақ ССР-нiң Халық комиссарлар Кеңесiнiң жанындағы өлшем және өлшеу приборлары жөнiндегi өкiлеттi комитеттiң Басқармасы болды.
Басқарма құрылымы орталық аппараттан және 14 облыстық басқармалардан тұрды. Қызметкерлер құрамы, облыстарды қосқанда, 124 адам болатын.
1992 жылы бұрынғы КСРО аумағында тәуелсіз мемлекеттердің құрылуына байланысты осы елдердің арасында стандарттау, метрология және сертификаттау салаларындағы байланысты орнатудың жаңа түрлері қарастырылды. 1992 жылы 13 наурызда Тәуелсіз мемлекеттер достастығына (ТМД) енген елдер «Келісілген саясатты жүргізу туралы» келісімге қол қойды. Келісімге қол қойылуы, одан кейін мемлекеттік стандарттардың әзірленуі Қазақстан Республикасында стандарттау жүйесінің қалыптасуының алғашқы кезеңі болып табылады.
1995 жылы Қазақ Республикасының стандарттар мен өлшеу техникаларын мемлекеттiк қадағалау зертханасы Қазақ Республикасының метрология және стандарттау орталығы болып қайта құрылды.
1999 жылы Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» және «Сертификаттау туралы» Заңдары қабылданды. Заңдар стандарттау саласында нормативтік құжаттарды әзірлеп шығару негізінде тұтынушылардың мүддесін мемлекет тарапынан қорғауға бағытталған шараларды айқындап берді.
Елiмiздiң тәуелсiз мемлекет мәртебесiне ие болуына байланысты бұрынғы орталықтан оқшаулау процесi жүрдi. Республиканың экономикасында және Мемлекеттiк стандарт жүйесiнде елеулi өзгерiстер жасалынды.
Ауыр өнеркәсіптің дамуы стандарттауды жаһандандыруды қажет етті және кез келген мемлекеттің экономикасын дамытудың негізгі элементі болып саналды. Мысал ретінде ТМД, Еуроодақ пен Қытайдың теміржол стандарттарының сәйкессіздігін көрсетуге болады. ТМД теміржол бөлшегінің ені - 1520 мм, ал Еуропа мен Қытайда - 1435 мм. Осы стандарттың сәйкессіздігі қазіргі халықаралық сауданың дамыған уақытында көптеген киыншылықтар тудырып, артық шығындарға әкеліп жатыр, сонымен қатар тасымалдаудағы түрлі кедергілер мен поездің шекаралық бекеттерде көп уақыт тұруының себепкері. Қытаймен шекаралас Достық бекетінде жылына 13 млн. тоннадан астам жүк өтеді және жыл сайын олардың көлемі арта бермек. Бөтен рельстермен жүре алмағандықтан жүктерді басқа вагондарға көшіру немесе вагон жүретін рельстерді ауыстыру керек болады. Жақын уақытта Трансқазақстандық теміржол салу жоспарлануда, ол еуропалық бөлшек 1435 мм-ге сәйкес келеді, теміржол Қазақстанды Шығыстан Батысқа қарай кесіп өтеді және Еуразиялық Қытай Батыс Еуропа теміржол магистралінің бөлігі болмақ.
Әртүрлі физикалық өлшем бірліктерін қолдану елдердің экономикасына көп көлемде шығын әкелуде. Мысалы: АҚШ-та әлі күнге дейін ескірген британдық өлшем бірліктер жүйесін қолданады, ал Ұлыбританияның өзінде ол өте аз қолданылатын жүйе. 1965 жылдан бастап Ұлыбритания бүкіләлемдік СИ өлшем бірліктер жүйесіне өтуді бастады. АҚШ-та ішкі қолданысқа шығарылған құрылымдық құжаттар, өндірістік бұйымдар алдын ала бейімдеусіз СИ жүйесін қолданатын елдерде жарамайды.
Қорытынды бөлім.
Қорытындылай келе, стандарттау дегеніміз - бұл әрекеттегі және ықтимал мәселеге қатысты жалпы, көп реттік және ерікті қолдану үшін ережелерді орнату арқылы өнім, қызмет және процесс талаптарын оңтайлы дәрежеде ретке келтіруге бағытталған қызмет болып табылады. Бүгінгі күні стандарттау болмаса, қауіпсіздік те, сапа да, бәсекеге қабілеттілік те болмас еді. Сондықтан стандарттаудың бұл қоғамдағы алатын орны ерекше.
«Өткенді білмей, болашақты бағдарлау мүмкін емес» демекші, стандарттың тарихын білмесек, оның болашағына жоспар жасай алмас едік. Сондықтан тарихын, қалыптасу кезеңдерін білу арқылы біз стандарттау жүйесінің дамуын жарқын болашақпен байланыстыра аламыз. Айта кетерлік тағы бір жайт: «1946 жылы Лондонда стандарттау бойынша ұлттық ұйымдардың конференциясы өтті. Оған 25 мемлекеттен 65 делегат қатысады. Конференция жұмысының нәтижесінде стандарттау бойынша жаңа халықаралық стандарттау ұйымы — ИСО (ISO) құрылады. Бұл — гректің сөзі, тең деген мағынаны білдіреді. Яғни бір мөлшерге теңестіру өлшемі. Ал 1970 жылы ИСО президенті Фарук Сунтер (Түркия) бүкіл әлем экономикасындағы стандарттаудың маңыздылығын көрсету үшін 14 қазанды «Халықаралық стандарт күні» ретінде тойлауды ұсынады».
Стандарттау жұмысының нәтижесі - ол өнімнің, қызметтің, үрдістің функционалдық қызметіне сәйкестігі, халықаралық саудадағы техникалық кедергілерді жою, ғылыми-техникалық прогресске үлес қосу және түрлі салаларда әріптес болуы.
