Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Стандартизация-Аяжан.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
39.98 Кб
Скачать

Алматы Технологиялық Университеті

«Тағам өндірістері» факультеті

« Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі және сапасы» кафедрасы

Р Е Ф Е Р А Т

Тақырыбы: «Стандарттау. Даму тарихы»

Орындаған: МІжәнеМБ 13-11 тобының

студенті Бакытжанова А.Б.

Қабылдаған: Нұрмұханбетова Д.Е.

2015 жыл

Жоспар

Кіріспе бөлім.

  1. Стандарт, стандарттау ұғымы туралы түсінік.

1.1. Стандарт дегеніміз не?

1.2. Стандарттау ұғымына жалпы түсінік.

2. Стандарттаудың қалыптасуы және даму кезеңдері.

2.1. Стандарттаудың даму тарихы.

2.2. Қазақстандағы стандарттаудың даму тарихы.

Қорытынды бөлім.

Пайдалынылған әдебиеттер.

Кіріспе.

Қазіргі таңда Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кіру алдында және халықаралық қатынастарда өнім сапасын жеткілікті деңгейде бәсекеге қабілетті етіп шығару үшін стандарттау, метрология және сертификаттау салаларының қызметтерінің маңызы өте зор.

Стандарт қолданылмайтын бірде бір экономикалық және көпшілік қызмет сферасы жоқ. Стандарттар қауіпсіздік және сақтандыру қызметтерінде, өнімді шығарғанда, эксплуатациялағанда, медицинада, білімде, жылжымалы нарықта, есеп және аудит жүйесінде, банктік жүйеде, қауіпсіздік қызметінде, өнімді идентификациялауда және кодтауда, ақпараттық қызмет құпия объектіге және тағы басқа қызметтік органдарда қолданылады.

Халықаралық стандартты қолданбай және білмей дүниежүзілік нарыққа шығу мүмкін емес. Өнім сапасын растайтын және стандарттың барлық талабын орындау үшін, тәуелсіз объектіде сапаны бағалау жүргізу қажет. Бұл мәселені сертификаттау шешеді.

Қазіргі халық шаруашылығы саласында өзара байланысты құрылыс материалдары, өлшеу құралдарының көптеген түрлі заттардың және материалдардың қолданылуына, оларға қойылатын талаптардың қолданылуына байланысты стандарттау саласында мамандар дайындаудың маңызы күннен – күнге арта бастады. Сонымен қатар еліміздің алға қойған мақсаты жақын келешекте әлемдік сауда ұйымына (ӘСҰ) мүше болып кіру. Ол үшін бірінші кезекте, шығаратын өнім сапасын халықаралық дәрежеде бәсекеге түсуге сай болуы керек. Сондықтан стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келешек мамандарға қазіргі өндіріс өнімдерінің сапасын халықаралық деңгейге жеткізуді қамтамасыз ететін талаптар қойып отыр.

Стандарттау өндірісті өнім шығаруға әзірлеу, технологиялық әрекеттер, біркелкі сараптау, өнімдердің дәлдігін, өнім қауіпсіздігін бағалау және оның сапасын басқару бағыттарын қамтиды.

Ең алғаш бұл ұғымдарға анықтама берілуі қажет. Сондықтан стандарт, стандарттау, сертификаттау сияқты ұғымдарға тоқталсақ.

1. Стандарт, стандарттау ұғымы туралы түсінік.

1.1. Стандарт дегеніміз не?

Стандарт — бұл қағида бойынша көптеген мүдделі жақтардың елеулі мәселелерге қарсылық білдіруді сипаттайтын, келісушілік негізінде әзірленетін және танылған органдардың бекітетін нормативтік құжаты. Бұл жалпыға бірдей және қайта пайдалану ережесі үшін стандарттаудың белгілі бір объектілердің жалпы принциптері, мінездемесі, талаптары және әдістері белгіленуі мүмкін. Сол сияқты белгілі салаларды тәртіпке келтіруді оңтайлы деңгейге жетуге бағытталады.

Республикада қолданылып жүрген стандарттық жүйе құқықтық және әлеуметтік экономикалық мақсаттарды көздейді:

Біріншіден, заңдылық тәртіпке сәйкес тұтынушылардың және үкіметтің мүдделерін және өнімнің сапасы, қоршаған табиғи ортаны, өмір қауіпсіздігін, халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.

Екіншіден, өндірісті әзірлеуде, өнімді пайдалануда техникалық бірлікке кепілдік береді.

Үшіншіден, стандарттық жүйе әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың, жобалаудың нормативтік-техникалық базасы ретінде қызмет етеді.

Мемлекеттік стандарттар, сонымен қатар барлық жұмыс түрлерін оңтайландыруды, жүргізілетін сапа жүйесінің бірін-бірін алмастыратын өнімдер мен процестер есебінен ресурстарды ұқыпты пайдалануды қамтамасыз етеді.

Ғылыми-зерттеу институттарының тәжірибе-конструкторлық, технологиялық және жобалау жұмыстарының нәтижесіне, ұлттық және шетелдік ғылым мен техникалық алғы жетістіктеріне сүйеніп, халықаралық, аумақтық, жетілген ұлттық стандарт талаптарын ескеріп, мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік тиімді өркендеуін ескеріп стандарт категориялары мен түрлері анықталды.

Стандарт категорияларына Қазақстан Республикасы ұлттық стандарты (Мемстандарт, ҚР СТ), сала стандарттары (С.СТ-ОСТ), кәіпорын стандарттары (КоСТ-СТП), техникалық шарттар (ТШ-ТУ), ғылыми-техникалық, инженерлік қоғам, бірлестіктер және қоғамдық ұйымдар стандарттары (ҚСт-СТО), мемлекетаралық стандарт (Мар. СТ-ГОСТ), халықаралық стандарт (Хал.ар.СТ-ИСО) және ұлттық стандарттар жатады.

Стандарттар түбегейлі стандарттар өнім стандарттары, әрекеттер (процесстер) стандарттары және бақылау, сынау, өлшеу, сараптау тәсілдерінің стандарттары болып бөлінеді.

Стандарт категориялары олардың әсер ететін сфераларымен немесе сол орындалатын жергілікті аймақтармен анықталады. Стандарттар категориялары келесідей түрлерге бөлінеді:

  • Мемлекеттік стандарт.

  • Салалық стандарт.

  • Республикалық стандарт.

  • Өндіріс стандарты.

1.2. Стандарттау ұғымына жалпы түсінік.

Стандарттау – бұл әрекеттегі және ықтимал мәселеге қатысты жалпы, көп реттік және ерікті қолдану үшін ережелерді орнату арқылы өнім, қызмет және процесс талаптарын оңтайлы дәрежеде ретке келтіруге бағытталған қызмет. Ал мақсаты – әрекеттегі жоспарлы немесе ықтимал мәселелерді шешу үшін орнатылған ережелерді, талаптарды, нормаларды, кең және көп рет қолдану арқылы кез-келген әрекет саласында оңтайлы реттілік дәрежеге қол жеткізу болып табылады.

Cтандарттау бойынша бағыттағы жұмыстардың негізгі нәтижелері –функционалдық тағайындалуы бойынша өнімнің, қызметтің, үрдістің сәйкестілік деңгейін жоғарылату, халықаралық сауда айырбасында техникалық кедергілерді жою, ғылыми техникалық прогрестерге әсер етіп және әртүрлі салаларда бірлесе жұмыс істеу.

«Стандарттау» сөзі латынша стандарт-эталон, яғни «үлгі» деген мағына береді.

Стандарттау ұғымы метрологиямен, экологиямен, сапамен, денсаулықты қорғаумен және еңбек қауіпсіздігімен тікелей байланысты. Олай дейтін себебіміз, жаңа заман шарттарында метрологиялық қамтамасыздандыру – бұл стандарттардың талаптарына сәйкес өлшеулердің талап етілген дәлдігі мен бірыңғайлығына қол жеткізу үшін қажетті нормалар мен ережелердің жиынтығы болып табылады. Стандарттау экологиямен де тығыз байланысты, өйткені стандарттау ең бірінші қоршаған орта, өсімдік және жануарлар әлемдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Стандарттау мен сапаның байланыстылығын мынадан көруге болады. Сапа мен бәсекеге қабілеттілік бір-бірімен өте тығыз байланысты. Ал бәсекеге қабілеттілік пен сапаның оңтайлы дәрежедегі нәтижесін көру үшін стандарттаудың атқаратын рөлі зор. Стандарттау мәселесі адамдардың денсаулығы мен еңбек қауіпсіздігін қорғауда да әрқашан актуалды. Стандарттардың жеткілікті көлемдегі бөлігі ток күшінің, шудың, шаңның, сәулеленудің, жарықтандырудың және т.б. көрсеткіштердің қажетті деңгейлерін анықтады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]