- •Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi
- •Кафедра «Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» Нурмаганбетова ж.А., Мадияров н.К.
- •«Алгебра және сандар теориясы» пәнінен
- •Шымкент-2013
- •Теориялық сұрақтар
- •Жеке жұмыс тапсырмалары
- •«Алгебра және сандар теориясы» пәні бойынша рефераттар тақырыптарының тізімі
- •Баллды-рейтингті жүйе бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарын бағалау өлшемі
- •Әдебиеттер
- •Әдiстемелiк нұсқау
Ф.7.11-19
Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК УНИВЕРСИТЕТI
Кафедра «Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» Нурмаганбетова ж.А., Мадияров н.К.
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
өзіндік жұмыстарды орындауға арналған
«Алгебра және сандар теориясы» пәнінен
5В010900-«Математика» мамандығының студенттері үшін
Оқу формасы: күндізгі
Шымкент-2013
Қүрастырған: Нурмаганбетова Ж.А., Мадияров Н.К. Әдістемелік нұсқау. «Алгебра және cандар теориясы» пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нүсқаулығы.-Шымкент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2013ж. 34–бет.
Әдістемелік нұсқау «Алгебра және сандар теориясы» пәнінің оқу жоспары мен бағдарламасы талаптарына сәйкес қүрастырылған және курстың бірінші бөлімінің тақырыптарына сәйкес өзіндік жұмыстарды орындауға қажетті барлық мәліметтерін қамтиды.
Әдістемелік нұсқау 5В010900-«Математика» мамандығы студенттері үшін арналған.
Әдістемелік нұсқауда студенттердің өзіндік жұмыстарын орындауға қойылатын талаптар, теориялық сұрақтар, әрқайсысы 25 варианттан тұратын 11 тапсырма құрастырылып және осы тапсырмаларды орындауға қажеттi теориялық мәселелер мен оларды шығару жолдары көрсетiлген мысалдар келтiрiлген
Рецензенттер:
Т.С.Султанбек –М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының доценті, ф.м.ғ.к
А.Ниязымбетов–Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының «Жоғары математика» кафедрасының доценты, ф.м.ғ.к.,
.
«Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы (хаттама №_1_. _______2103ж.) және «Жаратылыстану-педагогикалық» факультеті әдістемелік комиссиясы отырысында қаралған және басылуға ұсынылған. (хаттама №__. _______2103ж.)
Басуға М.Әуезов атындағы ОҚМУ Оқу-әдістемелік кеңесі үсынған, хаттама №___ «___»_______201__ж.
Ó М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2013ж.
Шығаруға жауапты: Нурмаганбетова Ж.А.
КІРІСПЕ
«Алгебра және сандар теориясы» курсы болашақ математика пәнінің мұғалімінің жалпы математик маман ретінде қалыптасуы үшін қажет. Бұл курсты оқу нәтижесінде басқа пәндерді, мәселен, математикалық талдау, математикалық логика, математиканы оқыту әдістемесі, дискретті математика және т.б. пәндерді саналы түрде меңгеруге болады.
Әдістемелік нұсқауда анықтауыш, оның қасиеттері, матрица және оларға амлдар қолдану, кері матрица, алмастырулар, ауыстырулар, инверсия, орын ауыстырулар, бітректі және бітректі емес сызықты теңдеулер жүйесін шешу әдістері, векторлық кеңістік, базис, Евклид кеністігі, меншікті мән, меншікті вектор, сызықты түрлендіру, түрлендіру мен матрица арасындағы байланыс, базистен базике көшу матрицасы, меншікті оператор тақырыптарына студенттердің өзіндік жұмыстарын орындауға қойылатын талаптар, теориялық сұрақтар, әрқайсысы 25 варианттан тұратын 11 тапсырма құрастырылып және осы тапсырмаларды орындауға қажеттi теориялық мәселелер мен оларды шығару жолдары көрсетiлген мысалдар келтiрiлген.
Өзіндік жұмысты орындау нәтижесінде студенттер мыналарды біліп шығады:
алгебралық құрылымдар, топтар, сақиналар теориясын меңгеру;
анықтауыштар, алгебралық толықтауыштар мен минорларды есептеу әдістерін білу;
сызықты теңдеулер жүйесін шешу әдістерін білу;
матрицалар мен оларға амалдар қолдану, кері матрицалар, кері матрица жәрдемімен теңдеулер жүйесін шешу біліктіліктері мен дағдыларының қалыптасуы;
Евклидтік кеңістіктің ортонормальданған базисін құру;
Базистен базиске көшу матрицасын құру тәсілін білу;
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН ОРЫНДАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Өзіндік жұмыс – бүкiл семестр бойы өтiлетiн тараулар бойынша алынған тапсырмалар жинағы болып табылады. Ол мынадай үш бөлiктен тұрады:
Теориялық сұрақтар;
Теориялық жаттығулар;
Есептеу тапсырмалары.
Теориялық сұрақтар мен теориялық жаттығулар барлық студенттерге бiрдей берiледi‚ ал есептер әр студентке вариант бойынша жеке берiледi. Әр студенттiң жеке вариантын осы пәннен практикалық сабақ жүргiзетiн оқытушы бередi.
Теориялық жаттығулар мен есептер жазбаша түрде орындалады. Өзіндік жұмыстың орындалуын бақылау екi кезеңнен тұрады:
Теориялық жаттығулар мен есептердiң жазбаша орындалуының дұрыстығын алдын-ала тексеру;
Өзіндік жұмысты қорғау.
Өзіндік жұмысты орындау және толтыру (безендiру) барысында мынадай ережелер сақталуы керек:
Өзіндік жұмыстытың сыртқы бетi көрсетiлген формадағыдай етiп толтырылуы керек (форма үлгiсi қосымшада келтiрiлген).
Әрбiр жаттығу мен есептiң орындалуы дәптердiң жеке парақтарында көк немесе қара түстi (қызыл емес) қаламсаппен толтырылып‚ дәптер жиегiнен оқытушының ескертулерi үшiн орын (поля) қалдырылуы керек.
Теориялық жаттығулар мен есептердiң шарттары мен шешулерi бақылау жұмысында көрсетiлген реттiк номерi бойынша жазылуы керек.
Есеп шешiмi жазбаша түрде толық‚ ұқыпты сөздердi қысқартпай баяндалуы керек. Есептеулер ретiмен орналасып және әрбiр шешу кезеңi теориялық негiзделiп отырылуы керек.
Әрбiр есептiң шешуi есеп шартында талап етiлген жауабына дейiн шығарылуы керек.
Өзіндік жұмысты студент өз бетiнше орындауы керек‚ керi жағдайда студент қажеттi бiлiмдердi меңгере алмай‚ оны қорғауға дайын болмайды.
Өзіндік жұмысты қорғау кезiнде студент теориялық сұрақтарға дұрыс жауап берiп‚ теориялық жаттығулар мен есептердiң шешулерiн түсiндiрiп‚ ұқсас есептердi шығарып бере алуы керек.
