Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛекцияИнформ. казАиЭС.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.7 Mб
Скачать

12. Microsoft Word мәтіндік процессоры

Мәтіндік процессор – мәтіндерді енгізу, сақтау, қарап шығу, түзету, пішімдеу және қағазға басып шығаруды қамтамасыз ететін программалық құралдар. Мұнда қатені тексеру, тезаурус (синоним сөздерді) табу, сөз тіркесін іздеп табу, оны басқаға өзгерту, қиып алу, бірнеше терезедегі мәтіндермен қатар жұмыс істеу сияқты көптеген қосымша әрекеттер орындалады.

Қазіргі кезде кең таралған, ең қуатты мәтіндік процессорлардың бірі - Microsoft Word. Ол құжаттарды даярлауға, түзетуге, қарап шығуға, баспаға шығаруға арналған Windows ортасының қолданбалы программасы. Онда құжаттар мен кестелерді безендіруге, дайын үлгілер мен стильдерді қолдануға, қарапайым суреттер салуға болады.

Мәтін – компьютердегі алфавит символдарының қандай да болсын тізбегі. Әріптерден, цифрлардан, тыныс белгілері, арнайы симвлдардан және графиктік объектілерден құрастырылған, мәтінді пішімдеу (форматтау) туралы басқарушы ақпараты бар файлды мәтіндік құжат деп атайды.

Информатикада мәтіннің үш түрі кеңінен қолданылады: кәдімгі, кестелік және программалық мәтін. Сонымен қатар, енгізілген объектілер деп аталатын сурет, график, электрондық кесте, фотосуреттер, гипермәтін болуы мүмкін.

Ең көп тараған мәтін - кәдімгі мәтін, оған кітап, мақала, техникалық құжат, хат, бұйрық және т.б. жатады. Негізгі объектілері: бет, абзац, жол, сөз, символ. Символ (таңба) дегеніміз әріптер, сандар және арнайы символдар. Символдардан сөз, сөздер тізбегінен жол құралады. Жолдар абзац құрайды. Абзац – мәтіннің жаңа жолынан басталып, келесі Enter пернесін басқан аралықпен шектелген бөлігі. Егер мәтіндік құжат өте үлкен болса, онда ол нөмірленген беттерге бөлінеді.

Кестелік мәтіннің негізгі объектілері – ұяшық, бағана, жол. Ұяшық дегеніміз жол мен бағананың қиылысқан жері. Программалық мәтін алгоритмдік тілде жазылған программалар. Программалық мәтіннің объектілері – символдар, жолдар.

Мәтiн пернетақта арқылы енгiзiледi. Бас әрiптер Shift пернесiмен әрiптi қатар басу немесе Caps Lock пернесiн қосу арқылы жазылады. Сөздер арасындағы аралық бос орын (пробел) пернесiн басу арқылы қойылады. Тыныс белгiлерi алдына бос орын қойылмайды, ал тыныс белгiсiнен кейiн мiндеттi түрде қойылады. Егер мәтiндi терген кезде қате жiберілсе, онда қате жiберген сөздiң алдына меңзерді қойып, Delete пернесiн басамыз. Егер меңзердің оң жағында орналасқан символды алып тастау қажет болса, онда Backspace (←) пернесiн басамыз.

Қазақша, орысша және латынша әрiптердi енгiзу Shift және Ctrl пернелерiн бiруақытта басу арқылы орындалады. Сандарды енгiзу сандар орналасқан пернелердi басу немесе пернетақтаның оң жағында орналасқан кiшкене цифрлық пернетақтадағы сандарды басу арқылы жүзеге асырылады. Пернетақтаның оң жағында орналасқан кiшкене цифрлық пернетақта NumLock пернесiн басу арқылы іске қосылады.

Microsoft Word мәтіндік процессорын іске қосу үшін Іске қосу (Пуск) – Программалар – Microsoft Office – Microsoft Word командалар тізбегі орындалады.

12.1-сурет. Microsoft Word программасының терезесі

Microsoft Word мәтіндік процессорының терезесі тақырып жолы, мәзір жолы, сызғыш, қалып-күй қатары, стандартты аспаптар тақтасы, пішімдеу тақтасы, сурет салу аспаптар тақтасынан тұрады (12.1-сурет).

Тақырып жолы - терезенің жоғарғы бөлігіндегі көк түсті белдеу, мұнда құжаттың атауы бейнеленеді және үлкейту, кішірейту, жабу батырмалары орналасады. Мәзір жолы – терезенің жоғарғы жағында, тақырып жолынан кейін орналасқан, мәзір бөлімдерінің атаулары көрсетілген командалар жолы. Олардың бірін таңдап алғанда, келесі орындалуға тиіс командалар тізбегі бар суырмалы (drop-down menu) мәзір жолдары шығады. Қажетті команданы тышқан арқылы таңдап алған соң, мәзір жабылады. Бұл мәзір экрандағы орынды үнемдеу үшін жасалған. Сызғыш жаңа жолдың шегініс мөлшерін, табуляция орнын, бағаналардың өрісі мен енін қарап шығуға және тағайындауға мүмкіндік береді.

Қалып-күй қатары экранның төменгі жағында орналасып, ағымдағы құжаттың қалыпты көрсеткіштерін (парақ нөмірі, парақ саны, меңзер тұрған орын және т.б.) көрсетіп тұрады.

Стандартты аспаптар тақтасы өте жиі орындалатын операцияларды жылдам атқаруға мүмкіндік береді. Мысалы: файлдарды ашу, сақтау, баспаға шығару және т.б. Стандартты аспаптар тақтасын экранға шығару үшін Түр(Вид) – Стандартты аспаптар тақтасы командасын таңдау керек.

Стандартты аспаптар тақтасының батырмалары: - жаңа құжат құру, - құжатты ашу, - сақтау, - баспаға шығару, - алдын-ала көру, - емле ережесі, - анықтама, - қиып алу, - көшірмесін алу, - кірістіру, - болдырмау, - қалпына келтіру, - кесте құру, - Excel кестесін қосу, - бағаналар, - формулалар редакторы, - құжат сызбасы.

Пішімдеу тақтасы мәтінді пішімдеу мақсатындағы стандартты операцияларды орындайтын параметрлер мен батырмаларды қамтиды. Пішімдеу тақтасын экранға шығару үшін Түр(Вид) – Пішімдеу тақтасы командасын таңдау керек. Сурет салу аспаптар тақтасы - терезенің төменгі жағында орналасқан, сурет салуға арналған қарапайым құралдардан (сызықтар, түзулер мен қисықтар, геометриялық фигуралар және т.с.с.) тұратын тақта.

Мәзір жолының барлық командалары Файл, Түзету(Правка), Түр(Вид), Кірістіру(Вставка), Пішімдеу(Формат), Сервис, Кесте(Таблица), Терезе(Окно) және Анықтама(Справка) мәзірлеріне топтастырылған.