- •Қазақстан республикасы білім және ғылыми министрілігі
- •Ақпараттану
- •1.2. Ақпарат қасиеттері
- •1.3. Ақпараттың өлшем бірліктері
- •1.4. Ақпараттық процесстер
- •1.5. Информатика пәні
- •Дискретті математика негіздері
- •2.1. Графтар және ағаштар
- •2.2. Бір санақ жүйесінен басқа санақ жүйесіне келтіру ережелері
- •Компьютердің даму тарихы
- •Лекция №3 (2 сагат)
- •Компьютердің құрылғылары
- •4.1. Дербес компьютердің негізгі құрылғылары
- •Жүйелік блок
- •Монитор
- •Пернетақта және тышқан
- •4.2. Дербес компьютердің қосымша құрылғылары
- •А) бірдеңгейлі, б) иерархиялық
- •5.2. Файлдық жүйе
- •5.3. Файлдық менеджерлер
- •6. Компьютердің программалық қамтамасыз етілуі
- •7. Операциялық жүйелер
- •Лекция№5 (2 сагат)
- •8. Компьютерлік вирустар
- •9. Архиваторлар
- •10.2. Іске қосу (Пуск) мәзірі
- •10.3. Windows операциялық жүйесін пернетақта көмегімен басқару
- •10.4. Windows xp операциялық жүйесін баптау
- •10.5. Сілтеуіш программасы
- •10.6. Windows операциялық жүйесінің жұмыс істеу жылдамдығын арттыру
- •Лекция №7 (2 сагат)
- •11. Стандартты программалар
- •11.1. Paint графикалық редакторы
- •11.2. WordPad мәтіндік редакторы және блокнот
- •11.3. Калькулятор
- •12. Microsoft Word мәтіндік процессоры
- •12.1. Құжаттарды дайындау, сақтау және баспаға шығару
- •12.2. Мәтінді пішімдеу
- •12.3. Кестелерді даярлау және түзету
- •12.4. Формуламен жұмыс
- •12.5. Word программасында сурет салу
- •13.2. Электрондық кестенің негізгі ұғымдары
- •13.3. Жолдармен, бағаналармен және блоктармен орындалатын операциялар
- •13.4. Excel функциялары
- •13.5. Диаграмма құру
- •Лекуия № 9 (2сагат)
- •14.1. Мәліметтер қорын басқару жүйесі
- •14.2. Өріс типтері және қасиеттері
- •14.3. Ms Access программасының негізгі объектілері
- •Лекция №10 (2 сагат)
- •15. Компьютерлік желі
- •15.1. Компьютерлік желілердің түрлері
- •15.2. Желілік топологиялар
- •15.3. Желілік техникалық құралдар
- •15.4. Желілік программалық кұралдар
- •15.5. Клиент-сервер технологиясы
- •15.6. Тсp/ip жүйелік хаттамасы. Web-беттер
- •15.7. Файлды тасымалдау хаттамасы (ftp) және ftp-mail серверлері
- •16. Электрондық почта
Лекция №7 (2 сагат)
11. Стандартты программалар
Windows операциялық жүйесінің стандартты программаларына Paint графикалық редакторы, WordPad мәтіндік редакторы, блокнот, калькулятор және т.б. программалар жиыны кіреді. Стандартты программаларды жүктеу үшін Іске қосу (Пуск) – Программалар - Стандарттық программалар командалар тізбегі орындалады (11.1-сурет).
11.1-сурет. Стандартты программаларды жүктеу
11.1. Paint графикалық редакторы
Paint графикалық редакторы – Windows жүйесінің стандартты программалар құрамына кіретін нүктелік (растрлық) графикалық редактор. Графикалық редактор – графикалық кескіндермен жұмыс істеуге, оларды түзетуге, толықтыруға мүмкіндік беретін және графикалық ақпаратты редакциялайтын программа. Графикалық редактор дисплей экранына әртүрлі түспен қалам мен тышқан көмегімен сурет салады. Графикалық редактордың екі түрі кеңінен қолданылады: нүктелік (растрлық) және векторлық.
Растр – қағазда, мониторда, теледидар экранында кескінді құрайтын нүктелердің екі өлшемді жиымы. Пиксель – дисплей бетінде көрсетілетін ең кіші бейнесызбалық бірлік. Нүктелік (растрлық) графикалық редакторда кез-келген сурет пиксельдерден тұратын кішкене бейнелер арқылы салынады. Ол нүктелердің әрқайсысын түрлі түске бояуға болады. Нүктелік (растрлық) графикалық редакторда әр нүктенің түсі басқалардан тәуелсіз жеке беріледі.
Векторлық графикада кескіндер түзу векторлар жиымы түрінде бейнеленеді.
«Paint» сөзі ағылшыннан аударғанда «сурет салу» деген мағынаны береді. Paint графикалық редакторын жүктеу үшін Іске қосу (Пуск) – Программалар - Стандарттық программалар – Paint командалар тізбегі орындалады.
11.2-сурет. Paint редакторының экраны
Paint
графикалық редакторында бір уақытта
екі түспен сурет салуға болады: негізгі
және фондық. Негізгі түс деп қарындаш
түсін, ал фондық түс деп фонның түсін
айтады. Терезенің жоғары сол жағында
сурет салу аспаптары орналасқан. Қажетті
аспапты таңдау үшін аспаптың белгісіне
тышқан меңзерін апарып, оны шерту қажет.
Нәтижесінде қажетті аспаптың белгісі
айқын түспен ерекшеленеді. Мысалы,
11.2-суретте қарындаш
аспабы таңдалған. Қарындашпен қалыңдығы
бір нүктеге тең кез-келген сызық сызуға
болады, қарындаш қалыңдығы өзгермейді.
Paint
графикалық редакторының интерфейсі
өте қарапайым, мұндағы аспаптар тақтасы
суретші аспаптарының жиынына ұқсас.
Қылқалам (Кисть)
аспабы әдеттегі қарындаш тәрізді қызмет
атқарады, оның қалыңдығын өзгертуге
және формасын таңдауға болады.
- сызықтар қалыңдығын таңдауға, өшіргіш
аспабы қажетсіз сызбаларды өшіруге
арналған.
Paint
графикалық редакторында тіктөртбұрыш,
эллипс, тұйық көпбұрыш сызатын арнайы
аспаптар бар. Әдетте фигуралардың іші
бос болады. Бірақ, оларды белгілі бір
түспен бояуға болады. Тұйық аймақтың
ішін бояу үшін
қолданылады. Суретке мәлімет жазу үшін
құралы қолданылады.
Жұмыс жасау барысында Paint графикалық редакторын меңгеру жеңіл. Сондықтан, бұл программамен қазіргі уақытта төменгі сынып оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілері жұмыс жасайды.
