Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛекцияИнформ. казАиЭС.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.7 Mб
Скачать

10.4. Windows xp операциялық жүйесін баптау

Windows операциялық жүйесі интерфейсінің жетістіктерінің бірі - оны өзгерту мен баптау мүмкіндіктерінің мол болуы. Баптау - жұмыс уақытында операциялық жүйенің ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында жүйе параметрлерін реттеу процесі.

Операциялық жүйені баптау арқылы тілдік параметрлерді, электрмен қоректенуін, экранды, қаріптерді, қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығын, пайдаланушының тіркелу жазбаларын өзгертуге болады. Ол бағдарламалар қосуға және жоюға, құрылғылар жұмысын қадағалауға мүмкіндік береді. Операциялық жүйені басқару тақтасы арқылы баптауға болады. Басқару тақтасы дегеніміз жұмыс ортасын ыңғайластыратын арнайы терезе.

Экранды баптау терезесін екі түрлі жолмен шақыруға болады:

    1. Жұмыс үстелінің бос жерінде тышқанның оң жағын басып, жанама мәзірден «қасиеті» командасын таңдау;

    2. Іске қосу (Пуск) – Басқару тақтасы – Экран командалар тізбегін орындау.

Сұқбат терезесі тақырыптар, жұмыс үстелі, экранның тұрақты көрінісі (screensaver), безендіру және параметрлерді қамтиды. Тақырып дегеніміз Windows операциялық жүйесінің әртүрлі графикалық элементтерін баптауға арналған параметрлердің ортақ жиынтығы. Жұмыс үстелінің көрінісі, орналасуы, түсі «жұмыс үстелі» терезесі арқылы өзгертіледі. Жұмыс үстелінің көрінісі ретінде кез-келген суретті таңдауға болады. Экранның тұрақты көрінісі пайдаланушы белгілі уақыт аралығында (1-5 минут) жұмысын уақытша тоқтатқанда іске қосылады. Ол экрандағы мәліметтерді қалқалап, сырт көзден уақытша жасырып, қозғалысты кескіндерді экран бетіне шығаратын программа. Басқа пайдаланушының мәліметтерді рұқсатсыз қолдануынан қорғау үшін, экранның тұрақты көрінісін өзгерту кезінде, пароль қою қажет. Осы мәзір арқылы монитордың электр энергиясын үнемдеу параметрлерін өзгертуге болады. Безендіру терезесі жұмыс үстелінің терезелері мен батырмаларын, сызба түсі және қаріп мөлшерін өзгертуге арналған. Параметрлер терезесі экранда толығымен бейнелене алатын кескіннің ең көп шамасын, яғни экранның шешуін анықтайды. Экранның шешуі бейнеадаптердің картасына және мониторға байланысты.

10.5. Сілтеуіш программасы

Сілтеуіш программасы - Windows ортасының жүйеге қызмет ету программасы немесе жүйелік бумасы. Ол дискілердегі файл жүйесінің бұтақ тәріздес құрылымын көріп, ондағы мәліметтермен жұмыс істеуді және компьютер құрылғыларын тағайындау, орнатуды жүзеге асырады. Сілтеуіш программасының «Менің компьютерім» программасы тәріздес өз терезесі бар. Ол арқылы дискілер мазмұнын көруге, ішкі бумаларды ашуға, файлдар мен бумалардың көшірмесін алуға, жоюға, атын өзгертуге және т.с.с. әрекеттер орындауға болады. Сілтеуіш программасын жүктеу үшін Іске қосу (Пуск) – Программалар - Стандарттық программалар – Сілтеуіш командалар тізбегі орындалады немесе Іске қосу (Пуск) батырмасында тышқанның оң жақ пернесін басу арқылы шыққан мәзірден Сілтеуіш таңдалады.

10.4-сурет. Сілтеуіш программасы терезесі

Сілтеуіш программасы терезесінің жұмыс аумағы екі бөлікке бөлінген. Сол жақ бөлікте дискілердегі файл жүйесінің бұтақ тәріздес құрылымы, оң жақ бөлікте таңдалған объектінің ішкі бумалары мен файлдары көрсетіледі. Мысалы, 10.4-суретке назар аударайық. Мұнда жұмыс үстелінде орналасқан «Айнұр» бумасындағы «Сабақ кестесі» ішкі бумасының құрамы оң жақ бөлікте көрсетілген.

Бума алдында тұрған «+» белгісі буманың экран бетінде көрсетілмеген ішкі бумалары бар екендігін, «-» белгісі ішкі бумалардың тізімі төменде көрсетілгендігін білдіреді. Сол жақ бөліктегі объект атаулары бойынша жылжи отырып, оң жақ бөлікте ондағы ішкі бумалар мен файлдарды көруге болады.

Сілтеуіш программасы терезесінің төменгі жағында орналасқан қалып-күй қатарында ерекшеленген объекті туралы мәліметтер (объектілер саны, мөлшері) беріледі. Терезенің жоғарғы жағында Файл, Түзету, Түр, Таңдаулы, Сервис, Анықтама мәзірлері орналасқан. Файл мәзірі арқылы жаңа объект құруға, өшіруге, атын өзгертуге, қасиеттерін көруге және терезені жабуға болады.

Жаңа бума құру үшін бума орналасатын объектіні таңдап, Файл – Құру – Бума командалар тізбегін орындайды. Нәтижесінде «Жаңа бума» деген атаумен пайда болған бумаға қалауымызша жаңа атау беруге болады. Көрсетілген объектіде жаңа бума құрудың екінші жолы: терезенің сол жақ бөлігіндегі бос жерде шақырылған (тышқанның оң жағын басу арқылы) жанама мәзірден Құру – Бума командаларын таңдау.

Бума немесе файлды жою үш түрлі жолмен жүзеге асады: жойылатын буманы немесе файлды таңдап,

  1. Файл Жою командасын таңдау;

  2. Жанама мәзірден Жою командасын таңдау;

  3. Delete батырмасын басу.

Бума немесе файлдың атын өзгерту Файл – Атын өзгерту немесе жанама мәзірдің Атын өзгерту командасы арқылы орындалады.

Файл мәзірінің Қасиеттері батырмасын таңдау арқылы көрсетілген объектінің типі, орналасу орны, өлшемі, құрамы, атрибуты және т.с.с мәліметтерді көруге болады.

Түзету мәзірінде Қиып алу, Көшірмесін алу, Кірістіру, Барлығын ерекшелеу сияқты командалар орналасқан.

Буманың немесе файлдың көшірмесін алу үшін қажетті буманы немесе файлды ерекшелеп, төмендегі командалардың кез-келгенін орындайды:

  1. Түзету Көшірмесін алу;

  2. Жанама мәзірден Көшірмесін алу командасын таңдау;

  3. Ctrl+C пернелер комбинациясын басу;

  4. Ctrl+Insert пернелер комбинациясын басу.

Көшірмесі алынған буманы немесе файлды көрсетілген жерге кірістіру жолдары:

  1. Түзету Кірістіру;

  2. Жанама мәзірден Кірістіру командасын таңдау;

  3. Ctrl+V пернелер комбинациясын басу;

  4. Shift+Insert пернелер комбинациясын басу.

Ерекшеленген буманы немесе файлды қиып алу тәсілдері:

  1. Түзету Қиып алу;

  2. Жанама мәзірден Қиып алу командасын таңдау;

  3. Ctrl+X пернелер комбинациясын басу.

Ағымдағы терезенің барлық объектілерін ерекшелеу Түзету – Барлығын ерекшелеу командасы немесе Ctrl+A пернелер комбинациясы арқылы орындалады.

Түзету –Болдырмау командасы немесе Ctrl+Z пернелер комбинациясы соңғы орындалған команданы болдырмай, қайтадан бастапқы түрге келтіреді.

Файлдар мен бумаларды ерекшелеу үшін, егер олар қатар орналасса Shift пернесі, әр жерде орналасса Ctrl пернесі қолданылады.

Файлдың (буманың) орнын ауыстыру үшін меңзерді қажетті файлға (бумаға) апарып, тышқан батырмасын басу керек. Сонда онымен әрекет жасалатынын көрсететін жылжымалы белгіше пайда болады. Тышқан батырмасын басулы күйінде ұстап тұрып, жылжымалы белгіні файл (бума) көшірілуге тиіс бума белгісіне жеткіземіз де, батырманы қоя береміз. Нәтижесінде файл (бума) орнын ауыстырады. Егер файл (бума) көлемі үлкен болса, экранда 10.5-суреттегідей көрініс пайда болады.

10.5-сурет. Көшірмесін алу әрекеті

Егер файл (бума) бір диск көлемінде бір орыннан екінші орынға тасымалданған болса, онда ол ескі орнынан алынып тасталады, яғни жылжытылады. Егер файл (бума) бір дискіден екінші дискіге тасымалданған болса, онда ол ескі орында сақталады, яғни оның тек көшірмесі алынады.